- •Мазмұны
- •1 Негізгі бөлім. Газды сепарациялау технологиясына қысқаша шолу
- •Газды кешенді дайындау қондырғысын сипаттау
- •1.1 Сурет – Газды кешенді дайындау қондырғысының құрылымдық сұлбасы
- •Төмен температуралы сепарациялау қондырғысын сипаттау
- •Газ өнеркәсібіндегі табиғи газды сепарациялау процесі
- •Газды сепараторлардың негізгі конструкциясы
- •Сурет – Ағынды тангенциалды енгізуі бар гравитациялық сепаратор
- •1.3 Сурет – Басатын пластиналары бар көлденең сепаратор
- •1.4 Сурет – Тік сепаратордағы газды ағын бағытының сұлбасы
- •1.5 Сурет – Тік (а) және көлденең (ә) сепараторлардың сұлбасы
- •1.6 Сурет – Сепаратордың сұйықтықты тамшылық және қабықшалы дренаждау элементтері
- •1.7 Сурет – Газды циклонды сепаратордың сұлбасы
- •Дипломдық жоба есептерінің қойылымы
- •Арнайы бөлім. Газды сепаратордағы газдың қысымын автоматты реттеу жүйесін құру
- •Газды төмен температуралы сепарациялаудың технологиялық жүйесі
- •2.1 Сурет – Газды төмен температуралы сепарациялау жүйесінің технологиялық сұлбасы
- •2.2 Сурет – Газды гравитациялы сепаратордың жалпы сұлбасы
- •2.3 Сурет – Газды гравитациялы сепаратордың жұмыс принципі
- •Газды сепарациялау процесінің тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •Газды сепарациялау процесі автоматты реттеудің нысаны ретінде
- •2.4 Сурет – Автоматты реттеу нысаны ретіндегі газды сепарациялау процесінің құрылымдық сұлбасы
- •Газды сепаратордың беріліс функциясы
- •2.5 Сурет – Газ қысымын реттеу жүйесі үшін сепаратордың өтпелі сипаттамасының графигі
- •Өндірістегі қысымды автоматты реттеу жүйесінің контурын зерттеу
- •2.6 Сурет – Статикалық режимдегі газ қысымын автоматты реттеу жүйесінің бастапқы құрылымдық сұлбасы
- •2.7 Сурет – Түрлендірудің бірінші кезеңінен кейінгі арж құрылымдық сұлбасы
- •2.8 Сурет – Түрлендірудің екінші кезеңінен кейінгі арж құрылымдық сұлбасы
- •2.9 Сурет – Өндірістік реттеуіші бар арж модельдеу сұлбасы
- •2.10 Сурет – Өндірістік реттеуіші бар арж өтпелі сипаттамасы
- •Автоматты реттеу жүйесінің құрылымдық сұлбасы
- •2.11 Сурет – Автоматты реттеу жүйесінің функционалды сұлбасы
- •2.12 Сурет – Тұйықталған жүйенің құрылымдық сұлбасы
- •Реттеуіштің оптималды параметрлерін анықтау
- •2.13 Сурет - функциясының графигі
- •2.14 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің бастапқы мәніндегі
- •2.14 Сурет – Виртуалды нысан үшін функциясының графигі
- •2.15 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі тұйықталған жүйенің аплитудалық жиіліктік сипаттамасы
- •2.16 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі тұйықталған жүйенің фазалық жиіліктік сипаттамасы
- •Тұйықталған жүйені орнықтылыққа зерттеу
- •2.17 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі
- •Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы
- •2.18 Сурет – VisSim программасындағы тұйықталған жүйенің моделі
- •2.13 Сурет – Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы
- •Газды сепарациялау процесі кезіндегі қысымды реттеу сапасының көрсеткіштері
- •Автоматты реттеу жүйесінің техникалық құрылғылар кешенін таңдау
- •2.14 Сурет – Siemens simatic s7-300 контроллері
- •2.15 Сурет - abb ас800м контроллері
- •2.15 Сурет - Allen-Bradley 1785 plc-5 контроллері
- •2.12.1.4 Бағдарламаланатын контроллерлердің салыстыру анализі
- •Экономикалық бөлім
- •Автоматтандыру жүйесіндегі шығындарды анықтау
- •Автоматтандыру жүйесінің бірінші нұсқасының құнын есптеу
- •Автоматтандыру жүйесінің екінші нұсқасының құнын есептеу
- •Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері
- •4.1 Сурет – Бөлме сұлбасы
- •4.2 Жұмыс орнының жарықтандыру жүйесін таңдау, бөлменің жасанды және табиғи жарықтандыруын есептеу.
- •4.2 Сурет – Оператор бөлмесіндегі шамдардың орналасу схемасы
- •Жұмыс орнындағы микроклимат
- •Қорытынды
- •Қысқартулар тізімі
- •Қолданылған әдебиет
1 Негізгі бөлім. Газды сепарациялау технологиясына қысқаша шолу
Газды кешенді дайындау қондырғысын сипаттау
Магистральды газ құбыры арқылы таза газды жіберу оны іске қосудың тиімділігін арттырады, газды тасымалдау шығынын төмендетеді, құбырдың және технологиялық қондырғылардың жұмыс қорын ұзартады. Сондықтан газды тасымалдауға дайындау тікелей кен орнында жүзеге асырылады.
Газды кешенді дайындау қондырғысы газдыкоденсатты қоспаны табиғи ғаз бен газ конденсатын жинақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін технологиялық қондырғылар мен қосалқы жүйелер кешенінен тұрады. Газды кешенді дайындау қондырғысының технологиялық сұлбасы 1.1 суретте келтірілген.
1.1 Сурет – Газды кешенді дайындау қондырғысының құрылымдық сұлбасы
Газдыконденсатты ұңғымадан өндірілген өңделмеген газ шлейфтер бойымен ауыстырып қосу арматурасы пунктіне жинақталады. Кейін ауыстырып қосу арматурасының жинақтауыш коллекторынан технологиялық корпусқа жіберіледі. Технологиялық корпуста төрт технологиялық желі қатар жұмыс жасайды. Технологиялық корпус шығысында газ шығынын есептеу үшін газ өлшеуіш станциядан өтіп магистальді газ құбырларына тасымалданады.
Газды кешенді дайындау қондырғыларның тауарлық өнімі: газ кен орындарының құрғақ газы, газдыконденсатты кен орнындарының құрғақ бензинделген газы, газды конденсат болып келеді.
Газды кешенді дайындау қондырғысының технологиялық корпусында газды келесі кезеңдерден тұратын өңдеуден өтеді:
абсорбциялы немесе адсорбциялы құрғату;
төмен температуралы сепарация немесе абсорбция;
майлы абсорбция.
Газды кен орындарында газды дайындау оны құрғатуға негізделеді, сондықтан абсорбция немесе адсорбция процестері қолданылады. Ал газдыконденсатты кен орындарында құрғату және жеңіл конденсацияланатын көмірсуларды бөлу төмен температуралы сепарация, төмен температуралы абсорбция және төмен температуралы майлы абсорбция арқылы жүзеге асады.
Газды кешенді дайындау қондырғысының технологиялық корпусының құрамына келесі қондырғылар кіреді:
алдын ала тазалау блогі (төмен температуралы сепарация);
газды тазалау, құрғату және салқындату технологиялық қондырғылары;
сығу компрессорлық станциясы.
Алдын ала тазарту блогі газды тамшы ылғалдан, сұйық көмірсулардан және механикалық қоспалардан тазартуды қамтамасыз етеді. Сығу компрессорлық станциясы газды өндірістік өңдеу технологиясының жұмыстық параметрлерін қамтамасыз етеді, магистралды газқұбырына жіберілетін газдың қысымын сақтайды. Газды технологиялық дайындау қондырғысының алдында немесе одан кейін орналасады. Сығылған газдың температурасын азайту үшін станциядан кейін ауамен салқындату аппараттары орнатылады.
Газды кешенді дайындау қондырғысы құрамына кіретін қосалқы жүйелер:
газды өлшеуіш станция;
метанолды жіберуді басқару жүйесі;
гликольді регенерациялау цехі;
технологиялық сорғы
электр энергиясымен қамтамасыз ету;
жылумен қамтамасыз ету;
сумен қамтамасыз ету;
электрохимиялық қорғаныс;
өрт сөндіру;
байланыс құралдары орнатылған алаңдар;
оператор бөлмесі;
диэтиленгликоль және метанол сақтайтын резервуарлар.
