Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатова Ж.А. - дипломдық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Экономикалық бөлім

    1. Автоматтандыру жүйесіндегі шығындарды анықтау

Дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінде сепарациялау үрдісін автоматтандырудың 2 нұсқасын салыстыру мақсаты қойылды. Қолайлы нұсқаны таңдау және оны дипломдық жұмыста жүзеге асыру.

Қолайлы автоматтандыру нұсқасын есептеу үшін әр нұсқаның жалпы шығыны есептелді

, (3.1)

мұнда – бағдарламалық өнімді жасауға кеткен шығын;

– автоматтандыру жүйесінің жабдықтарына кеткен шығын;

– іске қосу-реттеу жұмыстарына кеткен шығын.

– амортизациялық норма көлемі;

– автоматтандыру жүйесі қызметкерлерінің еңбекақысы;

– электр энергиясына кеткен шығын;

– басқадай шығын;

– жөндеуге кеткен шығын;

- банктік пайыз.

    1. Автоматтандыру жүйесінің бірінші нұсқасының құнын есптеу

Негізгі өндірістік қор есептеледі. Негізгі қор өндірістік процесте ұзақ уақыт қолданылатындықтан оның бағасы біртіндеп, амортизациялық аударымдар ретінде, шығарылатын өнімнің өзіндік құнына айналады.

Жұмыста негізгі өндірістік қор бағдарламалық өнімді жасауға кеткен шығын , автоматтандыру жүйесінің жабдықтарына кеткен шығын , іске қосу-реттеу жұмыстарына кеткен шығын болып табылады.

Бағдарламалық өнімді жасауға кететін шығын келесі формуламен есептеледі

, (3.2)

мұнда – кеңсе жабдықтарына кеткен шығын;

– бағдарламалық өнім жасауға берілетін еңбекақы.

Бағдарламалық өнімді жасауға бөлінетін еңбекақы көлемін есептеу

, (3.3)

мұнда А – бағдарламалық өнімді жасауға қатысқан адам саны;

М – бағдарламалық өнімді жасауға қажетті ай саны;

– бағдарлаймалаушының еңбекақысы;

1,21 – зейнетақы қоры және әлеуметтік салыққа аударымдар.

мың тг.

Кеңсе жабдығына кеткен шығынды есептеу, кеңсе жабдығының түрі, саны және бағасы 3.1 кестеде келтірілген.

3.1 кесте – Кеңсе жабдығы

№

Атауы

Үлгісі/маркасы

Бір дананың бағасы, мың тг

Мөлшері, дана

Жалпы бағасы, мың тг

1

Жүйелік блок

iCore i3-2120 Bus 5GT/sec 4GB DDR3 500GB (7200rpm) SATA III HDD, DVD±RW, VGA, LAN, iHD Graphics 2000, Win 7

54,925

1

54,925

2

Монитор

Philips 18,5" (47cм)

16,79

1

16,79

3

Пернетақ-та

Sven Keyboard Standard 303 USB black

0,825

1

0,825

4

Мышка

Flex MS-134W

0,69

1

0,69

5

Принтер

НР 1100

20

1

20

Барлығы

93,23

3.1 кестеге сәйкес кеңсе жабдықтарына кететін шығын 93,23 мың тг құрайды.

Бағдарламалық өнімді жасауға кеткен шығын

мың тг.

Автоматтандыру жабдықтарының бағасын есептеу. Автоматтандыру жабдықтарының түрлері, саны және бағасы 3.2 кестеде келтірілген.

3.2 кесте – Автоматтандыру жабдықтары

№

Жабдықтың атауы

Типі

Саны, дана

Құны, мың тг

Жалпы бағасы, мың тг

1

Гравитациялы сепаратор

ГС 1- 2.5 -600-1

1

9836,7

9836,7

2

Деңгей датчигі

Rosemount 5400

1

170,5

170,5

3

Қысым датчигі

Метран 100

ДИ-1160

1

84,565

84,565

4

Температура датчигі

ТКП-100-М1

1

70,244

70,244

5

Орындаушы механизм

ВЭО

4

63,945

255,78

6

Контроллер

X20CP1483

B&R

1

985,374

985,374

7

Аналогті кіріс модулі

X20AI4632B&R

3

83,75

251,25

Барлығы

11654,413

3.2 кестеге сәйкес автоматтандыру жабдықтарына кететін шығын мың тг құрайды.

Іске қосу – реттеу жұмыстарына кеткен шығынды есептейміз. Іске қосу – реттеу жұмыстары бұл – құрылыс нысандарында монтаждалған жабдық-тарды эксплуатацияға енгізу іс – шарасы. Іске қосу – реттеу жұмыстарына кеткен шығын автоматтандыру жабдықтарының шығынының 5% құрайды.

мың тг.

Амортизациялық аударымдар шығынын есептейміз. Жыл сайын өндірістік қор құнының бөлігі есептен шығарылып амортизациялық қорға аударылады. Амортизациялық аударымдар өзіндік құн құрамына кіреді. Амортизация – негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі.

, (3.4)

мұнда – амортизациялық аударымдар нормасы.

Бағдарламалық өнімді жасауға , автоматтандыру жүйесінің жабдықтарына , іске қосу-реттеу жұмыстарына кеткен шығын сомасының 15% тең деп қабылданады.

мың тг.

Қызмет көрсетуші жұмысшылардың еңбекақысын анықтаймыз. Қондырғының толық автоматты жұмысын ескере отырып үш ауысымда жұмыс жасайтын үш инженер және екі дәнекерлеушімен шектелеміз. Адамның қондырғы жұмысына қатысуы минималды болғандықтан еңбекақы мөлшерлемесі толық мөлшерлеменің жартысынан аспауы мүмкін.

    1. кесте – Орташа айлық еңбекақыны анықтау

Лауазым

Жұмысшылар саны

Мөлшерлеме саны

1мөлшерлеменің айлық бағасы, мың тг

Айлық еңбекақы, мың тг

Инженер

3

0,5

120,0

60,0

Дәнекерлеуші

2

0,5

120,0

60,0

Орташа айлық жалпы еңбекақы

20

, (3.5)

мұнда А – қондырғыға қызмет көрсетуге қажетті адам саны;

М – ай саны. 12 тең деп қабылданады (жылдағы айлар саны);

– қызмет көрсетуші жұмысшы еңбекақысы;

1,21 – зейнетақы қоры және әлеуметтік салыққа аударымдар.

мың тг.

Электр энергиясы шығындарын есептейміз.

, (3.6)

мұнда – қондырғының орнатылған қуаты;

– орнатылған қуат пайдаланылатын сағат саны;

– бір кВт*сағ бағасы.

Орнатылған қуат – электр қондырғысының құрамына кіретін бір типті электр машиналарының номиналды қуаттарының қосындысы.

Қондырғының төлқұжатына сәйкес орнатылған қуат мөлшері 2,3 кВт құрайды.

Орнатылған қуат пайдаланылатын сағат санын анықтаймыз

сағ.

Электр энергиясына кеткен шығын келесідей

мың тг.

Қондырғыға қызмет көрсетуге қажетті жұмысшылар еңбекақысының 30% құрайтын өзге шығындарды есептейміз

мың тг.

Кез-келген жабдық секілді қондырғы жабдығы тозады. Жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін жөндеу жүргізіледі.

Жөндеу шығыны амортизациялық аударым ұсталымының 15% құрайды

, (3.7)

мың тг.

Жобаны жүзеге асыру үшін банктен сомасы негізгі өндірістік қор шығынының сомасына тең алғашқы инвестиция алынады.

Қайтарылуы тиіс несие 5 жылға алынады.

, (3.8)

мұнда – инвестиция шығынының сомасы;

10% - банктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі.

мың тг.

Алынған барлық мәндерді қойып автоматтандырудың бірінші нұсқасына кеткен шығынды аламыз

мың тг.