Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатова Ж.А. - дипломдық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.2 Сурет – Оператор бөлмесіндегі шамдардың орналасу схемасы

Шамдар арасындағы қашықтық

,

мұнда =0,6 2.

Ұзындық бойынша қашықтық

LA=λ =1,9*2,1=4 м.

Ені бойынша қашықтық

LB= λ =1,66*2,1=3,5 м.

Шамның қабырғадан арақашықтығын есептеу.

Ұзындық бойынша қашықтық

lA=0.5*4=2 м.

Ені бойынша қашықтық

lB=0.5*3,5=1,75 м.

А нүктесін белгіленеді. Осы нүкте үшін барлық шамдардың шартты қосынды жарықтылығы есептеледі.

А нүктесі және шамның арақашықтығының төбеге проекциясы анықталады. d түзуімен төбе арсындағы бұрыш есептеледі. Табылған бұрыш бойынша шартты жарықтылықты келесі формуламен анықталады

, (4.12)

мұнда Ф – лампаның жарық ағыны, лк;

µ=1,2 – «алыстатылған» шамдардың әрекетін ескеретін коэффициент;

- шамның суммарлы көлденең жарықтылығы.

А нүктесіндегі бір шамның көлденең жарықтылығы

, (4.13)

мұнда αi – d түзуімен төбе арсындағы бұрыш.

. (4.14)

А нүктесі мен шам арасындағы арақашықтық d1

d1= ,

46,07о.

Бұл мән бойынша ПВЛМ 2х40 шамы үшін 3-10 кестесінен [29] Ia1 алынады. =46,07° 3-10 кестесінде [29] жоқ болғандықтан интерполяция жасалды.

55-45 46,07-45

70-110 Ia1-110

10(Ia1-110)=1,07*(-40)

Ia1 = 105,72кд.

Алынған мәндерді қойғанда А нүктесіндегі бір шамның көлденең жарықтылығы

лк.

Барлық шамдар А нүктесінен бірдей қашықтықта орналасқандықтан есептелген мәндер ортақ болады, сондықтан суммарлы шартты жарықтылық

.

Қуаты 40Вт және жарық ағыны Ф=3000 лм ЛБР 40-4 люминисцентті лампа 2-12 кестеден [29] таңдалды.

Сәйкесінше:

А нүктесі үшін барлық шамдардың жарықтылығы ЕГ Ен шарты бойынша тексеріледі IV дәрежесі көру жұмысы үшін жарықтылық нормасы Ен=200 лк, ал есептеулер бойынша ЕГ=192лк. ЕГ Ен шарты орындалады, сондықтан реконстукция қажет.

    1. Жұмыс орнындағы микроклимат

Микроклимат көрсеткіштерін өлшеу ауысымда кемінде 3 реттен аз емес (басында, ортасы мен соңында) жүргізіледі. Технологиялық және басқа да себептермен микроклимат көрсеткіштері ауытқыған жағдайда қосымша өлшеулер жүргізіледі. Отырып жұмыс істейтін жұмыстарда температура мен ауа жылдамдығы еденнен немесе жұмыс алаңынан 0,1 ÷ 1,0 м, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 1,0 м биіктікте өлшенеді.

Микроклиматтың ұтымды жағдайлары адамның ұтымы жылу және функционалдық жағдайының критерийлері бойынша белгіленеді. Олар 8 сағаттық ауысым ішіндегі термореттеу механизмдерінің ең төменгі қарқынындағы жылу жайлылығын жалпы және жергілікті сезінуді қамтамасыз етеді, денсаулықтағы ауытқуларды болғызбайды, еңбек қабілетінің жоғарылығына алғышарттар жасайды және жұмыс орнындағы жайлылық болып табылады. Микроклимат көрсеткіштері ұтымды өлшемдерін жүйелік – эмоционалдық қуатпен байланысты операторлық типтегі жұмыстар орындалатын, өндірістік ғимараттағы жұмыс орнында (кабинеттер, пульттар мен технологиялық процестерді басқару постыларында, т.б.) сақтау керек. Объекттегі жұмыс категориясы 1а сәйкес келетін жылдың суық және жылы мезгіліндегі микроклимат көрсеткіштерінің ұтымды өлшемдері 4.1 кестеде келтірілген.

4.1 кесте – Өндірістік ғимараттағы жұмыс орнындағы микроклимат көрсеткіштерінің ұтымды өлшемдері

Жыл мезгілі

Суық

Жылы

Ауа температурасы, оС

22-24

23-25

Бет температурасы, оС

21-25

22-26

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

60-40

60-40

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

0,1

0,1

Жұмыс орнындағы ауа температурасының горизонталь бойынша төмендеуі, сондай-ақ ауа температурасының ауысым ішіндегі өзгеруі 2оС аспауы тиіс.

Микроклиматтың рұқсат етілетін жағайлары 8 сағаттық ауысымдағы адамның жылу жылу және функционалдық жағдайының рұқсат етілетін критерийлері бойынша белгіленеді. Олар адам денсаулығына зиян немесе ақау тигізбейді, бірақ жылу жағымсыздығының жалпы немесе жергілікті сезілуі, термореттеу механизмінің қарқыны, өзіндік сезіну мен жұмыс қабілетінің төмендеуі байқалуы мүмкін.

Микроклимат көрсеткіштері көлемінің рұқсат етілген көлемі технологиялық талаптар, техникалық және экономикалық негізделген себептермен ұтымды көлем қамтамасыз етілмеген жағдайларда белгіленеді. Объекттегі жұмыс категориясы 1а сәйкес келетін жылдың суық және жылы мезгіліндегі микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілетін көлемі 4.2 кестеде келтірілген.

4.2 кесте – Өндірістік ғимараттағы жұмыс орнындағы микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілетін көлемдері

Жыл мезгілі

Суық

Жылы

Ауа температурасы, оС

Ұтымды көлемнен төмен диапазон

Ұтымды көлемнен жоғары диапазон

20,0-21,9

24,1-25,0

21,0-22,9

25,1-28,0

Беттің температурасы, оС

19,0-26,0

20,0-29,0

Ауаның салыстырмалы ылғалдығы, %

15-75

15-75

Ауа қозғалысының жылдамдылығы, м/с

Ауа температурасының төменгі диапазоны үшін

Ауа температурасының жоғары диапазоны үшін

0,1

0,1

0,1

0,2

Жұмыс орнындағы рұқсат етілетін микроклимат өлшемдерін қамтамасыз ету үшін: ауа температурасының төмендеуі 3оС аз болмау; горизонталь бойынша ауа температурасының төмендеуі, оның ауысым ішіндегі өзгеруі (1а категориясы үшін) 4оС жоғары болмауы керек.

Микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілетін нормативтік көлемін технологиялық талаптарға байланысты немесе экономикалық себептерден мүмкін болмайтын өндірістік ғимараттарда микроклимат жағдайы зиянды немесе қауіпті деп қарастырылады. Микроклиматтың жайсыз ықпалының алдын алу үшін қорғаныш шаралары (мысалы, жергілікті ауа тазарту жүйесі, ауамен сілбіреу бір ауа климатын басқасымен ауыстырып отыру, арнаулы киім немесе басқа да жеке қорғаныс құралдары, демалыс бөлмесі мен жылыту, жұмыс уақытын реттеу, соның ішінде жұмыстағы үзілістер, еңбек демалысын ұзарту, еңбек өтілін азайту, т.б.) қарастырылады.