- •Блок №1
- •Блок №2
- •2.Прокариот гендерінің құрылымы. Реттегіш және структуралық бөлімдер, олардың ген экспрессиясындағы рөлі.
- •4.Гендік инженерияның пайда болуының алғы шарттары. Рекомбинантты днқ-ны клондаудың жалпы бейнесі.
- •5. Гендік инженерияда кеңінен қолданылатын ферменттер және олардың сипаттамасы.
- •6. Рестрикциялық эндонуклеазалар. Олардың классификациясы.
- •Классификация
- •7.Днқ полимераза. Оның құрылыс ерекшеліктері және негізгі қасиеттері.
- •11. Траспозондардың геномды жылжу механизмдері. Транспазаза және репрессорлары.
- •8. Днқ тізбегін анықтаудың химиялық әдісі (Максам-Гильберт).
- •12.Андинелердің структуралық ерекшеліктері. Антиденелердің V- және c- сегменттерінің генетикалық бақылануы. Антиденелер
- •14. Космидті векторлардың конструкциясы.
- •15.Ұзын днқ кесінділерін клондауға арналған жасанды хромосомалар (yac-вектор).
- •17. Рекомбинантты днқ-ны прокариот жуйелеріне трансформациялау әдістері.
- •18. КДнқ синтезі және оны клондау. Кері транскриптаза ферментіне сипаттама және олардың қолданылуы.
- •19. Селективті және репортерлі гендер негізінде трансформацияланған клеткаларды сұрыптау
- •20. Трансформацияланған клеткаларды айқындау. Саузерн және Нозерн блотинг әдістері.
- •1. Шоғырларды гибридизациялау
- •21. Трансгендердің экспрессиялануын айқындау. Иммуноблоттинг. Бірінші және екінші реттік антиденелер.
- •1. Шоғырларды гибридизациялау
- •22. Прокариот жүйесінде клондалған гендердің экспрессиясын оптимизациялау.
- •5. Т4 бактериофагының 10-шы генінің промоторы
- •23.Эукариот жүйесіндегі гендер экспрессиясын оптимизациялау
- •24. Трансгенді жануарлар алу әдісіне жалпы сипаттама.
- •25. Ашытқы жүйесіндегі жасанды хромосомалар.Үас векторы. Ашытқы жүйесіндегі эписомалық вектолар.
- •26. Ашытқы жүйесі. 2мкм плазмидасы негізіндегі экспрессиялаушы векторлар.
- •27. Өсімдіктерді агробактериялар арқылы трансформациялау. Трансгенді өсімдіктер.
- •3. Реттелгіш промоторлар: tac, lac, lp, t7. Олардың сипаттамасы.
- •28. Ті плазмидасы. Ті плазмидасының мутанттары.
- •30. Рекомбинантты днқ технологиясының практикада қолданылуы. Гендерді өндірістік деңгейде клондау.
- •Инсулин молекуласының химиялық синтезі 170 реакция арқылы жүзеге асырылады, сондықтан бұл өте күрделі, қымбат өндіріс, өнеркәсіпте пайдаланылмайды.
- •31.Соматотропин гормонының генін клондау және оның экспрессиясын оптимизациялау.
- •Генді-инженериялық әдіспен құрастырылған бактериялардың жасушаларында түзілген адамның соматотропты препараты химиялық таза, вирустармен ластанбаған, көп мөлшерде алуға мүмкін.
- •Инсулин молекуласының химиялық синтезі 170 реакция арқылы жүзеге асырылады, сондықтан бұл өте күрделі, қымбат өндіріс, өнеркәсіпте пайдаланылмайды.
- •33.Бактериялық мобильді іs-элементтер және транспозондар.
- •34. Sv40 вирусы негізіндегі векторлар.
- •35. Клондалуға арналған гендерді промоторға қатысты бір бағытта орналастыру.
- •36. Тізбекті полимеразалық реакция, оның гендік инженериядағы қолданылуы
- •37. Рекомбинантты белоктарды эукариот жүйесінде алу артықшылықтары.
- •38. Өсімдіктер гендік инженериясы. Ті –плазмида және оның сипаттамасы.
- •39.Жылжымалы генетикалық элементтер және олардың гендік инженерияда қолданылуы.
- •40. Өсімдік клеткаларын және протопластарды трансформациялау әдістері.
25. Ашытқы жүйесіндегі жасанды хромосомалар.Үас векторы. Ашытқы жүйесіндегі эписомалық вектолар.
Ашытқы жүйесіндегі жасанды хромосомалар ҮАС ДНҚның үлкен фрагменттерін клондауға арналған. Мысалы 100м.ж.н.астам ДНҚ кесіндісін клондауға арналған. Кейін олар ашытқы клеткасында жеке хромосома ретінде орналасады. ҮАС векторының жүйесі өте тұрақты болып келеді. Оның көмегімен адамның ДНҚ геномының физикалық картасын және транскриптондардың үлкен анализін жүргізген, адамның индивидуалдық ДНҚ хромосомасы бар геномдық библиотекаларды құрастырған. ҮАС векторы хромосомаға өте ұқсас болып келеді, өйткені алу құралы ДНҚ репликациясының инициациясының бастаушы тізбек сайты, ашытқы хомосомасының центромерліауданының сегменті және теломерлер қызметін атқарушы тізбектер болады. Теломерлер хромосоманың тұрақтылығына жауапты.
Бөтен ДНҚны ҮАС векторға енгізген кезде маркерлік гендерінің оқылу аясында ауытқулар болады. Соның нәтижесінде арнайы қоректік ортада клеткалар өсіргенде сол геннің белоктық өнімі түзілмейді. Ортада түрлі-түсті реакцияларды байқаймыз.
Кейбір ҮАС векторлардың құрамында клондау сайттарынан тәуелсіз селективті маркерлер болады. Айтарлықтай айырмашылықтарына қарамастан өндірістік деңгейде белоктардың синтезі үшін пайдаланбаған, қолданбаған
26. Ашытқы жүйесі. 2мкм плазмидасы негізіндегі экспрессиялаушы векторлар.
1967 жылы Дж.Синклэйер авторлармен жариялаған мақаласында ашытқы ДНҚсы қос тізбекті, сақиналы конторлы ұзындығы шамамен 2 мкм болатыны жазылды. Көптеген зерттеулер S.cerevisiae осындай ДНҚ молекуласына ие екені көрсетті. Бұл ДНҚ молекуласы 2мкм плазмида кейіннен Scp1 деп аталды. Бір гаплоидты клеткаға штамға байланысты 30-200 Sep1көшірмесінен келеді. Қоймалжың тығыздық Sep1 цезий хлоридінің концентрациясы хромосомалық ДНҚ секілді. Ашытқы клеткасындағы Sep1 функциясы қазірге анықталмаған. Себебі фенотипі жағынан қалыпты ашытқы штамдарының кейбіреулерінде Sep1 болмайды. Соған байланысты, берілген плазмида, клетка тіршілігіне маңызды бөліктерін кодтамайды. S.cerevisiae штамында Sep1 плазмидасы болса cir+ деп атауды, ал болмаған жағдайда cir0 деп атау ұсынылған. Scp1 молекуласының ашытқы ядросында орналасқандығын әртүрлі әдістермен анықтаған, бірақ ашытқы хромосомасындағы ДНҚда Scp1 молекуласының интегрелденген көшірмесін алу сәтті болмаған.
Қазіргі кезде ашытқы сахаромициттер негізінде көптеген экспрессияланушы векторлар құрастырылған. Көбінесе олар YЕp- типті плазмидалар болып табылады. Оларда күшті промотор, осы промотор бақылауында ген эквивалентті енгізуге арналған уникальды рестрикционды сайт, сонымен қатар синтезделетін гибридті мРНҚ дұрыс 3̀ соңы қалыптасу үшін қандай да бір ашытқы генінің қалыптасу үшін қандай да бір ашытқы генінің 3 соңының бөлімі бар. Көбінесе S.cerevisiae нің гликолитикалық ферменттері генінің промоторын қолданады.
27. Өсімдіктерді агробактериялар арқылы трансформациялау. Трансгенді өсімдіктер.
Өсімдіктерді агробактериялар арқылы трансформациялау.Трансгенді өсімдіктер.
Агробактерия деген топырақта мекендейтін бактериялар тобы. Гендік инженерия әдісі көмегімен бактериялардың геномына жаңа гендерді плазмида арқылы яғни сақина тәрізді біртізбекті ДНк арқылы енгізуге болады.Будандық плазмидаларды , яғни .құрамында бізге қажетті генмен болатын плазмидаларды, E.coli дақылдарына қосады. Бактерияларда плазмида сіңіп ген ретінде қызмет етеді, бактериялық жасушаларда көбейіп, жаңа аққуыздың синтезін қамтамасыз етеді. Одан кейін рекомбинанттық ДНҚ өсімдіктердің тірі жасушасына енгізіледі. Жаңа генннің экспрессиясы өтеді де, жасуша бөтен ген белгілейтін аққуызды синтездей бастайды. Вектор ретінде агробактерия плазмидалар, хлоропластық және митохондриялық ДНҚ, жылжымалы генетикалық элементтер, вирустар қолданылады.
Ti- плазмида – бұл Agrobacteria tumefaciens топырақты бактерияның плазмидасы және өсімдіктердің ісік ауруын қоздыратын агент болып табылады. Бұл бактерия өсімдіктің жарақаттанған ұлпасы арқылы жасушаға кіргенде өзінің гендерін бірге ала келіп, өсімдік геномына енгізеді. Өсімдіктің жарақаттанған бөлігі арқылы ену себебі жарақаттанған өсімдіктен ацетосирингон және гидроксиацетосирингонды бөліп шығарады.Олар біздегі вирулентті генді активтендіреді. Бактерияның ісік тудырушы гені өсімдік геномына енгеннен соң өсімдікте жаңа ақуыздар синтезделе бастайды. Нәтижесінде бактерия гендерін қабылдаған өсімдік жасушалары өте тез көбейіп, тамыр мойынында ісік, бұлтық пайда болады. Бұл инфекция үдерісі шын мәнісінде табиғи гендік инженерия. Ті-плазмида бактерия клеткаларында өздігінен репликациялана алады. Америка генетиктары 1977 жылы анықтады, тәж тәрізді ісіктер өсімдік хромосомасының құрамына Ті-плазмиданың белгілі бір бөлігінің енуі арқасында пайда болатындығын. Ісік жасушаларында сау жасушаларда болмайтын опиндер деген жаңа классқа жататын химиялық заттар табылды. Опиндер-ол аргинин амин қышқылының туындылары. Жақсы зерттелгендер: октопин- аргинин мен пирожүзім органикалық қышқылының туындысы, нопалин- аргинин мен a кетоглутараттың туындысы, агропин – қант пен глутамин қынқылының туындысы. Ауру туғызған бактерияның штамына байланысты ісік жасушалары октопинді немесе нопалинді ситездейді. Бұл заттарды өсімдік клеткалары пайдалабайды, ал бактериялар көміртегі мен азоттың көзі ретінде пайдаланады. Бактериялар ісіктерді туғызумен бірге өсімдіктің метаболизмін біраз өзгертеді. Өсімдік клеткалары тек бактерияларға қажетті амин қышқылдарын синтездеуге кіріседі. Бұл паразиттік өзара қатынас генетикалық отарлау деп аталады.
Агробактериялардың модификацияланған Т-ДНҚ-сы көмегімен өсімдіктер клеткаларын трансформациялау әдісі қазіргі уақытта ең тиімді болып табылады.
Вектор ретінде пайдалануға жарамды Т-ДНҚ мына талаптарға сай болу керек:
1. ДНҚ-ны өсімдік клеткасының ядросына ендіру үшін және оны хромосомаға тұрақты орнықтыру үшін барлық сигналдары бар, ол вир-гені және оң жақтағы Т-ДНҚ-ның ұшындағы нуклеотидтер тізбегі.
2. Генді Т-ДНҚ-ның ішіне енгізу үшін полилинкер (көптік клондау сайты) болуы керек;
3. Өсімдік геномына енгізілген бөтен гендердің экспрессиясын жүзеге асыру үшін арнайы жүйесі бар (белсенді промотор);
4. Трансформацияланған клеткаларды сұрыптау үшін маркерлік гендері бар болуы;
5. E.coli-нің репликациясы басталатын сайты болу керек;
6. Клеткадан регенерант өсімдік шығаруға кдергі жасамау, яғни гормондар (ауксин мен цитокининді кодтайтын гендердің болмауы, себебі олар болмаса Т-ДНҚ өзінің ісік туғызатын онкогендік қабілетінен айырылады, бірақ өсімдік клеткасы хромосомасымен тіркесе алады) болмауы керек;
7. Бөтен ДНҚ бөлшегін осы вектор ретінде қолданылатын Т-ДНҚ-ға енгізу жұмысы оңай орындалуы керек.
Трансгенді өсімдіктер:
1. Инсектицидтерді синтездеу қабілеті бар;
2. Вирустық инфекциялар мен гербицидтерге төзімді;
3. Жемістің пісіп жетілу мерзімі өзгертілген;
4. Сыртқы түсі (гүлі) өзгертілген сәндік өсімдіктер;
5. Тұқымдарының тағамдық құндылығы жоғарылаған;
Трансгенді өсімдіктерді
1. Бөтен генді енгізу өсімдіктің ауылшаруашылық және сәндік сапасын жоғарылатады;
2. Экономиялық тұрғыдан бағалы белоктар мен метоболиттерді өндіретін биореактор;
3. Өсімдіктердің генетикалық трансформациясы өсімдіктердің тіршілік процесінде дамудың әртүрлі кезеңдерінде гендердің жұмысын зерттеу үшін қолданады.
