Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gennaya_inzheneria_KBT101k.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408 Кб
Скачать
☆

39.Жылжымалы генетикалық элементтер және олардың гендік инженерияда қолданылуы.

Жылжымалы генетикалық элементтер ( транспозондар, “секіргіш”, “көшпелі ” гендер )- ДНҚ құрамында болатын және өзіндік құрылымы мен генетикалық қасиеттері жағынан ерекшеліктері бар нуклеотид тізбектерінде орналасқан гендер тобы, олардың клетка геномында орын ауыстыруға қабілеті өте мол. Жүгері дәндерінің түрлі түсті болуының генетикалық негіздерін зерттеп тәжірибелер жүргізу нәтижесінде транспазондарды 1951 жылы алғашқы ашқан Барбара Мак-Клинток. 1983 жылы Нобель сыйлығын алды. Ол бұларды реттеуші элементтер деп атады.

Бұл жылжымалы генетикалық элементтер қасындағы көршілес гендердің экспрессиясын реттейді. Олардың хромасомада белгілі тиянақты орны болмайды. Геномның әр жерінен ажырап шығып, басқа қандай болса сондай, кездейсоқ жерінде тіркесе береді. Жылжымалы элементтер өз орындарын бір хромасома бойында ғана емес, кейде басқа хромасомаға да көшіп ауыстырады. Олар ажыраған соң жанындағы бұрын жұмыс істемей тұрған гендер активтенеді. Ал реттеуші элементтермен қосылған гендер тұрақсыз, мутацияға жиі ұшырайтын болады. Қазіргі уақытта жылжымалы генетикалық элементтердің көптеген прокариоттық және эукариоттық организмдерде болатындығы анықталған. Шамасы, олар барлық тіршілік иелеріне тән шығар.

Жылжымалы гендер геном ішінде бір жерден екінші жерге оңай көше алатын болғандықтан, оларды рекомбинанттық ДНҚ-ны тасымалдайтын тиімді вектор ретінді пайдалануға болады. Транспозондар негізінде құрастырылған векторды қолданып, трансформация процесін ең бірінші рет дрозофила шыбынында өткізген. Р-жылжымалы элементтің көмегімен дрозофилаға қоңыр бояуын кодтайтын ген тасымалданды. Транспозондар көмегімен гендерді тасымалдаудың көп артықшылығы бар. Бөтен ген тіркестірілген соң ДНҚ құрылысы онша өзгермейді. Сонан соң бұл әдіспен ДНҚ-ның едәуір үлкен бөліктерін тасымалдауға болады. Қазір өсімдіктер транспозондары жақсы зерттеліп жатыр, сондықтан болашақта олар бөтен гендерді клеткаға тасымалдау үшін генетикалық инженерияда кең қолданылуы сөзсіз.

Транспозондардың  геномда жылжуының  механизмдері. Транспозаза және оның репрессорлары.

IS-элементтер (ағылшын тілінде insertion sequences – ендіру-тізбектері) – бір орныққан локализацияланған орнынан басқа бір екінші участокке толық орын ауыстыра алатын ДНК сегменті.

IS-элементтерінің құрамында өзінің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына транспозициясына жауапты гендер ғана болады. Сонымен қатар IS-элементтерінің екі ұшында ерекше қайталамдардан тұратын инвертирленген тізбектері болады. IS-элементтері қожайын клеткасының геномына бекінген кезде кішігірім дупликацияны шақырады, өзінің бекінген жерінің екі шетінен дупликациялайды.

Транспозондар (Tn-элементтер) IS-элементтерге ұқсас ДНК сегменттері, бірақ бұлардың құрамында өзінің транспозициясына жауапты тізбектермен қатар, клетка метаболизміне жауапты немесе антибиотиктерге төзімділікті кодтаушы тізбектері болады. Қысқасы, транспозондарда плазмидаларға тән қасиет болады. Жақын орналасқан екі IS-элементтері бір орыннан екінші орынға бірге орын ауыстырып жүре алады. Кейбір кездерде екі IS-элементтерінің ортасында бір мезгілде ДНК фрагментін қоса алып жүруі мүмкін, сөйтіп екі IS-элементтері транспозондар түзуі мүмкін.

Транспозондар мен IS-элементтері бактерия клеткасындағы бірқатар генетикалық құбылыстарға жауапты. Қандай да бір генге мобильді элементтерді енгізу сол геннің инактивациясына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ IS-элементтері мен транспозондар өздері орналасқан аймаққа жақын гендердің тұрақтылығын өзгертуі мүмкін. IS-элементтері мен транспозондар орналасқан жақын аймақтардағы гендерде делеция немесе инверсия жиі болатындығы анықталған. Мобильді элементтер сонымен қатар транслокацияны шақыруы мүмкін.

Бактериальды мобильді элементтердің орын ауыстыру механизмдері. Бір геномнан екінші геномға орын ауыстырудың транспозицияның екі типі бар.

Коинтеграционды деп аталатын бірінші типті транспозиция барысында IS-элементтері немесе транспозондары бар донорлық геном рецепиен ДНК молекуласымен құйылысуы жүзеге асады. Клетканың репликативті жүйесінің репликациялануы нәтижесінде мобильді элемент екі еселенеді. Мобильді элементтің дупликациялануымен аралық коинтегрант түзіледі. Коинтегрантты репликондарға ажырату үшін (біреуі мобильді элементтің көшірмесі болу үшін) резолваза (ағылшын тілінде resolution – кесу, шешу) деп аталатын tnpR генінің өнімі қажет. Резолваза коинтегрантты репликаторларға кеседі.

Екінші типті транспозиция қарапайым бекіну деп аталады. Мобильді элемент жаңа геномдық локусқа барып орын ауыстырады, бұл кезде нысана-сайттың дупликациялануынан (екі еселенуінен) басқа ешқандай өзгерістер жүрмейді. Транспозицияның бұл тәсілін кей жағдайда консервативтік (репликативті емес) механизмі деп атайды. Процесті аяқтау үшін ДНК-ның аз ғана репаративті синтезі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]