- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
А
қ
Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес
ұлыс, сосын тәуелсіз ел14-15 ғасырларда
Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы
зардабынан арыла бастады.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен
елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай
тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің
бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық
өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан
Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ
Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан
осында қоныс аударған наймандар,
қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар
Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ,
Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак,
Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ.Ақ
Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы.
1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс
хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді
Алтын Орда тағын иемденуге күш салды.
Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа
шыққан ол Сарайды өзіне қаратып,
Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға
алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды.
Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа
созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан
кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға
беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс
болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы
Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде
Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы
әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс
Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп,
Темір Мәліктің әскерін талқандайды.
Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды.
Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған
ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды,
Қырымды және Мамай Ордасын басып алды.
Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне
басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың
1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен
жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс
мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда,
Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан
босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж.
Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған
аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда
тас-талқан болып қирайды. Темірдің
басқыншылық соғыстарының нәтижесінде
және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен
15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп
қалады.1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі
Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып,
Ақ Орда да хандықты өз қолына алды.
Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ,
Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір
әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары
Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке
қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және
Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты.
Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан
кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі
Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң
олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап
алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның
ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған
Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың
отырықшы аудандарында жерді шартты
түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері
қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды.
Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал
сияқты түрлері және тархандық сый тарту
болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар
мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет,
тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ
Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес,
экономикалық жағынан тәуелсіз болған,
сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары,
билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы
бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі
ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан
жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар
мен халықтардың бастарын қосып,
біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін
Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының
құрылуына негіз болды.
