- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
1
905
– 1907 жж. бірінші орыс революциясының
Қазақстанға әсері. Қазақстан еңбекшілерінің
1905–1907 жылдардағы ереуілдері орыс
халқының революциялық күресімен
тығыз байланысты еді. 1905 жылы
ақпанда Орал, Перовск, Түркістан,
Шалқар теміржолшылары өздерінің
экономикалық жағдайларын
жақсарту талабын қойған ереуіл
жасады. 1904 жылы пайда болған
Сібір социал-демократиялық
одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов
комитеттері Қазақстан жерінде
революциялық жұмысты күшейте
түсті. 1905 жыл Қазан айындағы
Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен
Қазақстанның барлық қалаларында
шерулер, митингілер мен жиналыстар
болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы,
Қарқаралыдағы, Павлодардағы
манифестациялар неғұрлым
ірі болды. Оларды орыстар
арасынан және қазақтардан шыққан
жергілікті зиялылар ұйымдастырды.
Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы
үлкен саяси митингке қазақтардан,
татарлардан, орыстардан және
басқаларынан тұратын 400-дей адам
қатысты. Олар патша өкіметіне
қарсы бірқатар талаптар қойды,
отаршылық әкімшілікке қарсы
күресуге шақырды. Кейіннен
Қарқаралы оқиғасының басшылары
қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов
Орынборға, Ж. Ақбаев Якутияға
жер аударылды. Патша өкіметі
1905 жылы 17 қазанда елдегі
революциялық қозғалысты
басу мақсатында арнайы
манифест қабылдады. Бірақ бұл
жоғары мәртебелі манифест жұмысшы
қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта
кейбір жерлерде күшейте түсті.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары
патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен
және қоныстанған шаруалармен
қол ұстаса отырып қарсы шықты.
Қазақ шаруалары ең алдымен
жер, су үшін, теңдік, бостандық пен
тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы
жазда Семей, Торғай және Орал
облыстарында жер үшін толқулар
болды. Мәскеудегі желтоқсан
қарулы көтерілісінің әсерімен
1905 жыл 11 желтоқсанда Успен
руднигіндегі жұмысшылардың
ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында
орыс жұмыскері Петр Топорнин
мен қазақ жұмысшысы Әлімжан
Байшағыров басқарған «Орыс-қырғыз
одағы» құрылды. Жұмысшылар
өздерінің жалпы жиналысында
қабылдаған талаптарын
«Петиция» ретінде рудник басшысы
Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір
пункті қабылданбағандықтан
«Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен
рудникте ереуіл басталды. Рудник
кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді.
Успен руднигі жұмысшыларының
ереуілі 1905–1907 жылдары Қазақстанда
болған революциялық қозғалыс
тарихында көрнекті орын алады.
Яғни, ол өлкеде революциялық
қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған
кезі деп саналады. 1906 жылы
6 қаңтарда патшаның арнаулы
жарлығымен Ақмола және Семей
облыстарының бүкіл аумағына соғыс
жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға
Меллер-Закомельскийдің жазалау
экспедициясы әкелінді.
1905–1907 жж. болған революциялық
қозғалыстармен байланысты
Қазақстан жұмысшыларының
кәсіподақ ұйымдары бой көтерді.
Алғашқылардың бірі болып Оралдағы
теміржолшылардың кәсіподағы
(1905 ж. қараша) құрылды, оған Н.
Смуров, Н. А. Покатилов және Н.
И. Ульянов басшылық жасады.
1905–1906 жж. Орынбор-Ташкент
теміржолшыларының кәсіподағы
ең ірі ұйым болып саналды. Оның
6 мың мүшесі болған. 1905 жылы
желтоқсан айында I Мемлекеттік
Думаны шақыру туралы патша
үкіметінің жарлығы шығып, оған
Қазақстаннан 9 депутат, оның
ішінде 4 қазақ сайланды. Олар:
Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А.
Қалменов, Б. Құлманов. 1906 жылы
тамыз айында II Мемлекеттік
Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан
14 депутат сайланды, оның
алтауы қазақ халық өкілдері
болды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмола
облысынан, Х. Нұрекенов – Семей
облысынан, Б. Қаратаев – Орал
облысынан, А. Бірімжанов –
Торғай облысынан, Т. Аллабергенов
– Сырдария облысынан, М.
Тынышбаев – Жетісу облысынан.
Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері
халықтың азаттық қозғалысын
конституциялық монархия,
либерал –демократиялық
реформалар жүргізу үшін күреске
бағыттағысы келді. 1905 жылы
қазанда ұлттық интеллигенция
өкілдері Оралда бес облыстағы
қазақтардың делегаттарының
съезін өткізіп, онда олардың ұлттық
мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің
конституциялық-демократиялық
партиясының филиалын
құрмақшы болды. 1906 жылы
сәуір-мамыр айларында
Семейде қазақтардың екінші
съезі болып өтті. Қазақ еңбекші
бұқарасының 1905–1907 жылдардағы
ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда
ұйымдаспаған түрде өтті.
