- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
1
917
ж екінші жалпықазақ съезінің негізгі
шешімдерінің мазмұны және оның маңызы.
Алашорда үкіметінің құрылуы. Екінші
жалпықазақ съезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан
аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр
басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда
үкіметін жариялаған съез. Бұл съез
Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер
билікке келгеннен кейінгі тарихи
алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез
шақыру жөніндегі комиссия мүшелері
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов,
С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда
айрықша белсенділік танытты. Ұйымдастыру
кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық
қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден
бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру
қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран»,
«Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен
әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден
шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола,
Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан
облыстарынан және Бөкей Ордасынан
барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының
ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы.
Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б.
белгілі тұлғалар арнайы шақырылды.
Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға),
Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин,
Ғ.Қараш сайланды. Съездің күн тәртібіне
Сібір, Түркістан автономиясы һәм
оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ
автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу
мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі,
халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік,
т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор
шешімдер қабылданды.. Съез Қазақ
автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов
жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе
бойынша «Алашорда бүгіннен бастап
қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады»
деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу
мәселесі туралы арнайы баяндама жасап,
комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең
басты мәселе автономия мәселесі жөнінде
Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы
жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі
мәселеге байланысты съез аса маңызды
тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз
автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш
автономиясының жері, үстіндегі түгі,
суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі
болсын», «Алаш облыстарын қазіргі
бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша
Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда»
болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он
орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа
халықтарға қалдырылды. Алашордасының
уақытша тұратын орны - Семей қаласы.
Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз
халқының билігін өз қолына алды» деген
тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш
автономиясын жариялау мәселесі көтерілді.
Ол бойынша делегаттардың пікірінде
келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды
жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы,
Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев,
Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы -
33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық
деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов,
А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов,
Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам,
қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай,
Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми
жариялауды сиез атынан сайланған
қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге
тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз
(Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді.
Съез Сырдария облысы қазақтарының
сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз
араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев,
М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу
туралы шешім қабылдады. Қазақ зиялылары
Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу
үшін және большевиктермен күресу
мақсатында ұлттық әскер құру және
кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен
одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез
бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ
милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы
саны, оларға әскер ғылымын үйрету және
қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы,
көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін
анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық
милиция құрылуы қажет» деген қаулы
қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің
мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне
қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары
есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі
Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң ,
Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі
өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов,
А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы
бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған
Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып
сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының
құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев,
Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды.
Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық
қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол
өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың
сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды
оқиғалардың қатарынан орын алады. 1918
жылы ұлан-байтақ қазақ даласын бір
орталықтан басқарудың қиындықтарына
байланысты Алашорданың Батыс бөлімшесі
құрылып, оны белгілі заңгер және ағартушы
Жанша Досмұхаммедов басқарды. 1918-1920
жылдардағы азамат соғыскынан кейін
жеңіске жеткен Кеңес өкіметі «Алаш»
үкіметін таратып, оның жетекшілерін
қуғынға ұшыратты.
