- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
С
ақтардан
соңғы Қазақстан аумағында және көрші
аймақтарда үлкен мемлекет құрып
дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV
ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды
өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті
бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл
күндері түркі тілінде сөйлегендігі
дәлелденіп отырған ғұндар басында
тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет
құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы
жөнінде жазба деректер жеткілікті.
Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі
деректер, негізінен, қытай жылнамаларында
мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің
негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады.
Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып,
оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси
тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері
Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың
саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің
басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын
көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы
ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек,
бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар.
"Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің
бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін
тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның
үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ
болған) ру ақсүйектері басқарып отырған.
Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға
дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің
ішіндегі аймақтардың белгілі бір
дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан
бастап мемлекет толығымен бір орталыққа
бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау
кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы
алғашында ағадан ініге, кейін әкеден
балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек
тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди
тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі
ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана
қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік
ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа
өкілдері тағайындалды. Ғұндардың
мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен
және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі
мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне
Батыс бөліктерін басқаратын хандар
болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын
кіші ханның мәртебесі артығырақ болды.
Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта
мирас етуші ханның үлкен баласы отырды.
Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында
азық-түлікке жауап беретін уәзірлер,
қолбасшылар, әскербасылары, малжанның
есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары
болды. Мемлекет әбден күшейген кезде
ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды.
Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің
ортасында орналасқан тәңірқұтының өз
ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ
24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына
мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар,
билер, кіші бектер, т.б. лауазымды
қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары
лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары
тағайындалатын болса, ал орта, төменгі
басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан
шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.
Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар
патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан
адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің
алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі
мемлекеттің негізгі белгілері осы
ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай
жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің
әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері
болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше
мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай
деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн
әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс
қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі
қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III
ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына
дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі
империялар сияқты олар бірде күшейіп,
бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан
бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден
асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты.
Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар
Еуропаның жартысын жаулап алып, өз
билігін орнатты. Б.з.д. 1-мыңжылдыктың
басында Орталық Азияны мекендеген
тайпалар жартылай көшпелі мал
шаруашылығымен айналысып, скифтік
мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп,
арбалы көлікпен кәшіп-қонып жүрді.
Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың
солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер
(цяндар) туралы айтылады. ытай тарихнамашысы
Сыма Цянь (Б.з.д.145—86жылдары) Орталық
Азияны б.з.д. VII—ғасырларда мекендеген
Солтүстіктегі көршілерін жундер деп
атайды.Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы
жундердің орнына Орталық Азияда
көшпенділердің күшті бірлестігі —
ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер
пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ)
тайпаларына жатады. Олардың құрамында
үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан
бастап, Орталық және Батыс Монғолия,
Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды
қамтыды. Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару"
Орталық Азияның саяси картасына,
этникалық құрамына өзгерістер әкелді.
Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай,
Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға
жылжыды. Олар жолшыбай көптеген
тайпалардың орын ауыстыруына әсер
етті.Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан
батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан
басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған.
Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән
құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға
да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи
кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс
аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға
үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ,
юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың
шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына
әкелді.Ғүндар Еділден өтіп, алдарына
сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға
енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық
жазбаларда "гундер" деп атала
бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі
ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына
ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары),
остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен
одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь
бұғазы арұылы өтіп, Босфор патшалығын
талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан
Днестрге дейін аралық ғұндардың қол
астына көшті.376 жылы ғұндар Рим империясы
шекарасына тақап келді. V ғасырдың
30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және
Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен
бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі
болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада
Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту
мақсатында Рим империясына қарсы
күресті.Аттила Рим империясы әскерлері
мен 250 мың Аттила әскерлері арасында
Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол
Рим империясының кейбір аудандарын
басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила
бейнесі кескінделген алтын, күміс
ақшалар шығарылған.Батыс готтар ғұндармен
бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен
қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың
антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне
әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына
ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті
диалектісі қалыптасты.
