- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 ж. ҮІІІ ғ. Басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауереннахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түргеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испижджабқа (Сайрам) жоғарғы түргештердің Орта Азиядағы шекара маңына шоғырлануға бастау болды. Түргеніштердің қолдасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспенциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. Қарай түргеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түргеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады. /3/ Б. Ғафуров: „714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол шашты өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды” /4/,- деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлерде қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәртүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады.Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды./5/Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет - ғұрып заң нормалары қоғамның бірден - бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға - тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет – ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс - туыстарымен ру - ру болып көшіп - қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.Арабтар Мауараннаһрді Әбдімәлік ибн Маруан (685 - 705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутайб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде - ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутайба ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.
VI – Х ғғ. Қазақстанның мәдениеті
М
ал
шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі
ортағасырлық мемлекеттер шаруашылығы
отырықшы егін шарушылығымен тығыз
байланыста болған көшпелі және жартылый
көшпелі мал шаруашылығына негізделген
еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің
басты шаруашылығы мал өсіру болған.
Ортағасырлық қоғамда малға жекеменшік
қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар
тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік
теңсіздіктің негізі болған. Бай
ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы
мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы
тіршілік еткен.Ортағасырлардағы жазба
деректердің мәліметтеріне қарағанда,
феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой,
сиыр, өгіз және түйе өсіргенін білеміз.
Көшпенділердің малының құрамында қыста
жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен
қой басым болды. Олардың шаруашылығында
ет пен май қорын тез толтыратын қой
шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ,
қойдың жүні мен терісінен жылы киім
дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс
жағдайында алыс жайылымдарды игеруге
мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы
мен төзімділігі, соғыста және аң аулауда
пайдалатындығы арқасында аса бағалы
жануар деп есептелді. Сондықтан,
көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын
жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. "Бұл
даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі
малға арпаның орнына жүреді, басқа
елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда
малдың көптігі де сондықтан", - деп
атап өткен араб саяхатшысы Ибн
Баттута.Жылқы санының көп болуы әрқашанда
байлықтың өлшемі, малшы билігінің
экономикалық негізі болған. Кейбір
жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде
он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны
жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің
жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи
жағдайларға жақсы бейімделген еді,
сонымен қатар сүтінің мол және еті мен
майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді.
Түріктер сиыр және қой етінен жылқы
етін артық көретін, ал бие сүтінен
тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын.Жазба
деректердің мәліметтеріне қарағанда,
асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор
көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы
шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен
де айналысты, бірақ саны жағынан ол
әлдеқайда аз болды. Әл Джахиз "көшпелі
түріктер аң аулағанда, әсіресе
қарақұйрықтар мен құландарды қуған
кезінде ғажап төзімді," - деп көрсетеді.
Аң аулаған кезде садақ пен жебеден
басқа олар аңға құс салған, қоянды,
түлкіні, тіпті қасқырды да итпен ұстаған.
Аң аулаумен қатар өзен жағасында
тұратындар балық аулаумен де айналысқан.
Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала
болмай, шаруашылықтың негізгі түрі -
мал шарушылығына көмекші ғана
болған.Егіншілік. Қалалардың өсіп
өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы
өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның
өзі егіншілік пен мал шаруашылығының
дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның
аз болуына байланысты Қазақстанда
егіншілік көбінесе суармалы негізде
дамыды. Егін шаруашылығы елдің
оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам
өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені
бойында біршама жақсы дамыды. Орталық
Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына
байланысты тек өзен алқаптары мен тау
баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды.
Елдің барлық жерлерінде егіншілік
кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып
жатты.IX-XII ғасырларда Отырар өңірі
суармалы егіншіліктің орталығы болды.
Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы
жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс
өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,
оның бір саласы Отырар қаласына келді,
екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе,
Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына
барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі
рабадтарды сумен қамтамасыз етіп,
сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі
алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы
су жолы Сауран мен Сығанақты және сол
жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған
және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен.
Талас жотасының тау бауырларындағы
жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу,
Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.Жер
кетпен тәрізді темір шоттар және темір,
не шойын ұштары бар, жер жыртатын
құралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір
орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін
тас диірмендер қолданылған. Қолдан
суару негізінде Жетісу тұрғындары астық
өсіріп, жүзім шарушылығымен және шарап
жасаумен айналысты, бақша және бау
дақылдарын екті. Таудың төменгі
етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен,
Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу,
Лепсі өзендерінің орта және төменгі
ағыстарының бойында да суландыру
құрылыстары болған. Талас өзенінен
Тараз қаласына тартылған су каналы
арқылы қаланың айналысындағы бау-бақшалар
суғарылған.Қолөнер кәсібі. Қазақстан
жерінде халықтар өздерінің даму
дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де
шұғылданды. Құмыра жасаушылардың,
ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек
салушылардың істеген заттарына халықтың
сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар
өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында
және Қаратаудың баурайларындағы
қалаларда керамиканы өркендетудің
қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның
төменгі бойындағы қалалардан табылған
саз балшықтан жасалған заттарда әсем
өрнектер басым болды. Керамикадан кесе,
тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа
ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше
түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті
бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар
бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта
қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде
арыстан бейнелеген тамаша табақша
шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен
әшекейленген құмыра табылды.Орта
ғасырдағы қалалық мәдениет. Қазақстан
жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени
ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында
қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді.
Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам),
Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар
және Сауран тәрізді ірі қалалар бой
көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін
орталық болды, мұнда көптеген тауарлар
өндірілді, бұл жерден маталар,
қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды.
"Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық
авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы
Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының
бірі Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында
соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар
мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған.
Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет,
Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы
Барысхан қалашықтары. Іле алқабының
ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар),
Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы),
Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды
жатқызуға болады.VII-XIII ғғ. қала мәдениеті
тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста
ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде
де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында
Асанас, Янгикент,Сығанақ, Жент, Барлышкент
және т.б. қалалар орналасқан. Орталық
және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде
Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді,
Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз
қаланың орны табылды. Нұра алқабында
Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала
болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен
Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында
– Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары
болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында
он алты қимақ қаласы кездессе, оның
ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары
қағанаттың астанасы болған.
