- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.
- •3. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.
- •3. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
- •3. Тірек-сызбамен жұмыс.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
- •2. Тірек-сөздермен жұмыс.
- •4. Тірек-сызбамен жұмыс.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •2. Тірек-сөздермен жұмыс.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
- •1. Б.Ү.Ү. Кестесі.
- •V. Қорытындылау, бағалау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру.
Популяциялар санының ауытқуы
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Табиғи және агробірлестіктерге сипаттама .
Мақсаты:
Білімділік: Табиғи және агробірлестіктерге жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Табиғи және агробірлестіктермен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сөздермен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Б.Ү.Ү. кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сөздермен жұмыс.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Құрлықтарда миллиондаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарларға әсер еткен жағдайлардың нәтижееінде Жер шарында бірнеше биогеографиялық аймақтар қалыптасты. Көрнекті ағылшын ғалымы Альфред Уоллес ғылыми деректерді сараптап, 6 биогеографиялық аймақты ажыратты. Олар — неоарктикалық, палеоарктикалық, үнді-малай (Шығыс), неотропиктік, эфиопиялық және аустралиялық аймақтар.
Жер шарының құрлықтарында бірнеше биологиялық бірлестіктер бар. Ондай табиғи бірлестіктер көбіне сол аймақта өсетін басты өсімдіктер тобының атымен аталады. Мысалы, қылқан немесе жалпақ жапырақты ормандар, тропиктік ормандар, т.б. Әрбір биогеографиялық аймақтардағы табиғи бірлестіктер үшін температуралық жағдай, жауын-шашын мөлшері шешуші фактор болып саналады.
Тарихи кезеңдерде әрбір биогеографиялық аймақтардың өзіне тән өсімдіктер мен жануарларының табиғи бірлестігі қалыптасқан.
Неоарктикалық аймақ
Неоарктикалық аймаққа — Солтүстік Америка тұтасымен және Ньюфауленд, Гренландия аралдары жатады. бұл аймақ солтүстіктен оңтүстікке қарай географиялық ендіктер бойынша бірнеше белдемдерге бөлінеді. Мысалы, солтүстіктегі мұзды әрі қарлы өңір тундраға, ол қылқан жапырақты орманға жалғасады. Одан оңтүстікке жылжыған сайын аралас жапырақты орман, ол жалпақ жапырақты орманға ауысып отырады. Одан оңтүстікке қарай орманды-дала, дала, шөлейтті және шөлді белдемдерге ауысады. Жоғарыда айтылған әрбір географиялық белдемдердің өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары бар. Мысалы, бұл аймақтың шөлді белдемінде кактус, ағаштекті юкка, жусан және бұталар өседі. Жануарлардан жабайы қоян, саршұнақ, кактус тышқаны, кенгуру егеуқұйрығы, т.б. кездеседі.
Палеоарктикалық аймақ
Палеоарктикалық аймаққа — Еуразияның солтүстігі тұтасымен, Үндістан, Үндіқытай түбегіне дейінгі алқаптар және Африканың солтүстігі жатады. Бұл аймақта да Неоарктикалық аймаққа ұқсас солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, қылқан жапырақты жалпақ жапырақты орманды-дала, орманды-шөлейт, шөл белдемдері бір-біріне ауысады. Қазақстан жері тұтасымен осы аймаққа жатады. Қазақстандағы орманды дала, дала, шөлейтті, шөлді және биік таулы алқаптардағы табиғи бірлестіктер палеоарктикалық аймақтың әрбір географиялық белдеміндегі табиғи бірлестіктермен ұқсас. Мысал ретінде далалық белдемнің табиғи бірлестігін алуға болады. Далалық белдемде әр түрлі бұталы, шөптесін өсімдіктер өседі. Бұл белдемге тән жануарлардан ақбөкен, қарақұйрық, саршұнақ, қосаяқ, шиебөріні, т.б. алуға болады.
