Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 биолгия ЖБ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау, бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру.

Табиғи және агробірлестіктерге сипаттама

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері .

Мақсаты:

Білімділік: Адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сөздермен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сөздермен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Адамзат биологиялық түр және әлеуметтік қоғам ретінде қоршаған ортада өтіп жатқан процестермен тікелей байланысты болады да, оны үнемі өсіп жатқан масштабтарда оның қорларын алып тұрады, қалдықтармен, тіршілік әрекетінің өнімдермен ластандырады. Мұның бәрі “тіршілік кеңістігінің” өте жұқа қабаты биосферада өтеді. Бұл тіршілік қабатында органикалық заттардың тізбегіндегі: топырақ - өсімдіктер- жануарлар – адам – топырақ (ақаба) айналымы бойынша заттардың, сондай – ақ табиғи айналымының басқа тізбектерінің шегіндегі бейорганикалық заттардың үнемі қозғалып жатқан күйінде болады, себебі табиғат қоршаған ортаның тірі және өлі компоненттерінің арасында өтетін негізгі химиялық элементтің тұрақты айналымының механизмдерін жасап шығарды.

Қазіргі уақытта жер халқының саны алты миллиардтан асып отыр. Белгілі бір жақсы күйге (комфортқа) жетуді мақсат ететін адамзаттың тіршілік әрекеті (тұрғын үй, жолдарды салу, жер игеру, табиғи минерал қорларды алу, өнеркәсіптік өндіріс) табиғи ландшафтарды өзгертеді, адам оған биологиялық ағза ретінде бөгде болып келетін тіршілік етудің жаңа жасанды ортасын жасайды. Бірнеше ұрпақ бойы жүз миллиондаған адамдардың көпшілігі бейімделуге тырыса отырып, трансформацияланған табиғи ортада (мегаполистерде қала агломерацияларында, игерілген территорияларда) өмір сүруде. Бірақ эволюция процесінде қалыптасқан адам ағзасы олардың әсер ету механизмдері ағзасы танымсыз болып қалатын тірі ағзаларға әсер етуін көптеген механизмдері қоршаған ортаның параметрлерінің өзгеруіне өте сезімтал болады. Ертеде, планетадағы халық саны үлкен болмаған кезде және антропогенді ауыртпалық денгейі мардымсыз болды, бұл әсер тірі ағзалардың адаптациялану қабілетімен алмастыратын.XXI ғасырда жағдай өзгерді қоршаған орта параметрінің мәндерінің қайтымсыз өзгерістері дәлелденді, ол жиірек экологиялық күйзелістерге және локальді деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды жауын – шашындар, судың биогендермен ластануы және глобальді масштабта парниктік эффектілерінің түзілуі, стротосферадағы озон қабатының бұзылуына) катастрофаларға әкеп соғады. Мұның бәрі, сондай – ақ, адамның генетикалық бағдарламаларының ыдырауының білінуі, экологиялық кризистің басқа білінулері әлемнің көптеген елдерінде экологиялық тұрғыдан жақсы болуын қамтамасыз ету сұрақтары нақты инженерлік – техникалық бағдарламалар мен шешімдерді қабылдаудың шектерінің сыртына әкеп соғады да одан сайын әлеументтік- экологиялық тұрғыдан шығады, іс әрекеттің жаңа стериотиптерін жасақтайды.

Экологиялық дүниетанымның эволюциясы байқалады – антропоцентризімнен (адам – ғаламшардың орталығы, яғни «табиғат патшасы») бастап қоршаған ортаның табиғи биотикалық реттелу теориясына (адам белгілі бір экологиялық тіршілік ету орнын (ниша) алып жатты және оның іс- әрекеті биота тұрақтылығының бұзылуына әкеп соқпауы тиіс және қоршаған ортаның биосфералық шаруашылық сыйымдылығы шектерінде қалып адам өмірін қалпына келтіру үшін табиғат негізі бұзылмайтын, тұрақты дамуы бар қоғамға қарай бағытталу.

Мұндай қоғамда көліктік жүйе қандай талаптарға жауап беру керек? Оларды шешу жолында қандай проблемалар туындайды? Осы және т.б. сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет.