Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 биолгия ЖБ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208 Кб
Скачать
☆

1. Б.Ү.Ү. Кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру.

Ауа алабының экологиялық жағдайы

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Су ресурстарының экологиясы .

Мақсаты:

Білімділік: Су ресурстарының экологиясына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Су ресурстарының экологиясымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сөздермен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сөздермен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.

Суды қорғау аймақтары мен белдеулері

Суды қорғау аймақтары мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер.

Суды қорғау жөніндегі міндеттер

Суды қорғау жөніндегі міндеттер—Қазакстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

Суды қорғаудың міндеттері

Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

"Судың ластануы"

Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау

Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау — су көлігі құралдарын, құбыр желілерін, сутоғандарындағы жүзбелі және басқа құрылыстарды иеленушілер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнімдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеу міндеттері

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр