- •Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша
- •Астана 2013
- •Физикалық және коллоидтық химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулары
- •Глоссарий
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •2. ПӘн туралы мӘлімет
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша сөж орындау жӘне тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпараты
- •11. Бағалау саясаты Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Заттың агрегаттың күйлері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Химиялық термодинамика және термохимия
- •Фазалық тепе-теңдік
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Химиялық кинетика және катализ. Фотохимиялық реакциялар
- •Катализ
- •Фотохимиялық реакциялар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Ерітінділердің қасиеттері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Буферлік жүйелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Электрохимия негіздері. Электролит ерітінділерінің электрөткізгішітігі
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Электродтық процестер. Гальваникалық элементтер. Электролиз
- •Салыстырмалы электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Электролиз
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Беттік құбылыстар. Сорбция процестері
- •Сорбция процестері
- •Адсорбция құбылысы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Хроматографиялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Дисперстік және коллоидтық жүйелердің сипаттамалары
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Коллоидтық жүйелердің қасиеттері мен тұрақтылығы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Жоғары молекулалық қосылыстар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері
- •Полиэлектролиттер. Ақуыздар
- •Гельдер және сірнемелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Микрогетеродгенді жүйелердің сипаттамалары
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Химиялық зертханада жұмыс істегенде қолданатын сақтық шаралары
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •1 Тәжірибе. Криоскопиялық әдіс (Раульдің 3-ші заңы)
- •2 Тәжірибе. Эбулиоскопиялық әдіс (Раульдің 2-ші заңы)
- •1 Тәжірибе. Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі өлшеу
- •2 Тәжірибе. Әлсіз электролиттің электрөткізгіштігін өлшеу арқылы оның диссоциациялану константасын анықтау
- •1 Тәжірибе. Даниэль-Якобидің электрохимиялық элементі
- •2 Тәжірибе. Концентрлі гальваникалық элементтер
- •Өзара араласпайтын екі сұйықтың арасында таралу коэффициентін анықтау
- •Активтендірілген көмірмен сірке қышқылының адсорбциясы
- •Зертханалық жұмыс № 10
- •1 Тәжірибе. Топырақтың адсорбциялық қасиеттері
- •2 Тәжірибе. Топырақтың ионалмастырғыш қасиеттері
- •3 Тәжірибе. Темір, мыс және кобальт иондарын хроматография арқылы ажырату
- •4 Тәжірибе. Қағаздағы хроматография арқылы темір және мыс катиондарын ажырату
- •5 Тәжірибе. Қағазда жапырақ пигменттерін ажырату
- •7 Тәжірибе. Ав-17 анионитпен суды Сl- -ионынан тазарту
- •Зертханалық жұмыс № 11
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу
- •2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау
- •Зертханалық жұмыс № 12
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы
- •2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы
- •Зертханалық жұмыс № 13
- •Зертханалық жұмыс № 14
- •1 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу
- •2 Тәжірибе. Тұзсыздану процесі
- •Зертханалық жұмыс № 15
- •1. Тәжірибе. Гельдерде диффузия құбылысын байқау. Лизеганга сақиналарын алу
- •2. Тәжірибе. Қан гельінің синерезисі
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар
- •1 Газ заңдары
- •2 Химиялық термодинамика және термохимия
- •3 Химиялық кинетика және тепе-теңдік
- •4 Ерітінділердің коллигативті қасиеттері
- •4 Электролит ерітінділерінің қасиеттері
- •5 Электролит ерітінділерінің электроөткізгіштігі
- •6 Буферлік жүйелер
- •Вариант – 1
- •7 Электродтық процестер. Гальваникалық элемент
- •Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы
- •Реферат тақырыптары
- •Қорытынды тест сұрақтары
- •Қолданған әдебиеттер тізімі
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
&
1. Суспензия дегеніміз не? Оның алу жолдары қандай? Қандай белгілер бойынша суспензиялар ажырата алынады?
2. Эмульсиялардың жіктелуі. Қандай тәсілдермен эмульсиялардың түрлері анықталады?
3. Аэрозольдердің негізгі физикалық қасиеттері қандай? Пропеллент, фреон дегеніміз не? Аэрозоль қорабының түзілуінде олардың рөлдері қандай?
4. Ұнтақтардың негізгі физикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Ұнтақтардың түйіршіктенуі дегеніміз не? Тағам өндіріснде ұнтақтардан қандай жолдармен түйіршіктерді алады?
5. Тағам өндірісінде суспензия, эмульсия, ұнтақтар, пасталар, көбіктер және аэрозольдер түрінде өндірілп шығатын ас тағамдарды сипаттаңыз.
Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
Химия зертханасында жұмыс істегенде мынадай ережелерді орындалуы тиіс:
Алдын ала оқулықтың жұмысқа сәйкес тарауларын, дәріс конспектісін оқып шығу және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысу қажет.
Тәжірибеге қажетті ыдыстар, приборлар, реактивтердің барлығын тексермей тәжірибені бастауға болмайды.
Нұсқауда көрсетілген жұмыс ретін мұқият орындап отыру қажет.
Газ тартатын шкафтарды, жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс істегенде қажетті сақтық шараларын бұлжытпай орындау керек.
Тәжірибенің барысына зер салып, бақылап, оның барлық құбылыстарын байқап отыру керек.
Тәжірибелерді аяқтаған соң жұмыс орнын тәртіпке келтіру қажет.
Барлық байқалған өзгерістерді, реакция теңдеулерін тәжірибе біткеннен кейін арнайы жұмыс дәптеріне жазу керек.
Дәптерге күні, айы, жылы, тақырып аты, жұмыстың мазмұны, аспаптың суреті, бақылау нәтижелері, реакция теңдеулері жазылады, есеп шығару жолдары көрсетіледі және қорытынды жасалады. Жұмыс дәптерінің шетінен оқытушы пікірін жазу үшін бос орын қалдырылады.
Химиялық зертханада жұмыс істегенде қолданатын сақтық шаралары
Химиялық зертханада жұмыс істеу барысында студент келесі ережелерді оқып оларды мұқият орындау қажет:
1. Жұмыс орнында артық заттар болмау қажет.
2. Жұмыс столдың үстінен атауы көрсетілмеген реактивтерді алып тастау керек.
3. Оңай от алғыш, улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер оттан аулақ және тартпа шкафта жүргізіледі.
4. Оңай жанатын және жанғыш сұйықтары бар ыдыстарды қыздыратын қондырғылардың жанында ұстауға болмайды.
5. Пробиркада сұйықты қыздыру барысында оның ауызын бұрып өзінен және көршіден сәл арақашықтықта ұстау қажет, себебі сұйық қайнаған кезде шашырап күйдіру мүмкін.
6. Газ өткізгіш түтікшесімен жұмыс істеу барысында түтікшенің ұшын сұйықтан алып тастаған соң ғана реакциялық қоспасы бар пробирканың астынан спирт шамын алуға болады.
7. Жанғыш газдармен тәжірибе өткізу барысында жанында қопарғыш қоспалар болса оларды жандыруға болмайды.
8. Суда еритін органикалық заттар (мысалы спирттер) жанған жағдайда сумен сөндіруге болады.
Суда ерімейтін сұйықтар (бензол, толуол және басқа көмірсутектер) жанғанда суды қолдануға болмайды. Бұл жағдайларда өрттің орталығын асбесті сүлгімен не көрпемен жауып, құм сеуіп немесе өрт сөндіргіш құралдарды қолданып сөндіруге болады.
9. Адам жарақат немесе күйік алған жағдайда көмек көрсете білу керек. Термиялық күйік алған жағдайда күйген жерді 40%-ті этил спиртінде ерітілген 5%-ті таннин ерітіндісімен жылдам шайып, осы ерітіндіге батырылған мақта немесе марлімен таңып қойған жөн.
Қышқылмен күйген жағдайда күйген жерді бірден сумен шайып, 1%-ті сода ерітіндісіне батырылған мақта немесе марлі компрессін басылады.
Сілтімен күйген жағдайда күйген жерді бірден сумен шайып, 1%-ті сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта немесе марлі компрессін салады.
Қолды шынымен кесіп жарақат алған жағдайда, кесілген жерге 3%-ті йодтың спирт ерітіндісін жағу керек. Қан тоқтамаған жағдайда кесілген жерді 10%-ті темір хлориді (FeCl3) ерітіндісімен тампон қойған жөн.
10. Зертханадан кетерде газ жаңарғылары шүмектерінің жабықтығын, электрлік қыздыру құрал-жабдықтардың сөндірілгенін тексеру қажет.
