Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по Физ и коллоид химии для ТПП каз каф ФиХ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы

Жұмыстың мақсаты: ақуыздың электролит ерітінділерімен коагуляциясын қарастыру

Реактивтер және құрал-жабдықтар: екі тауық жұмыртқасы, ерітінділер – 6н СН3СООН, 1% Cu(NO3)2, 1% K4[Fe(CN)6], пробиркалар, көлемі 5мл градуирленген пипеткалар, шыны воронкалар, фильтр қағаздары, проекциялық шамы.

Жұмыс барысы:

Тәжірибені бастамас бұрын альбуминнің ерітіндісін дайындайды. Ол үшін екі жұмыртқаның ақуызын бөлек бөліп алып, оны сегіз есе дистелденген сумен сұйылтады да қатты шайқайды. Глобулиннің түскен тұнбасын фильтрлеу арқылы бөліп алады. Альбуминнің алынған мөлдір ерітіндісін 5 мл-ден төрт пробиркаға бөледі. Содан соң 1-ші және 4-ші пробиркаларға 0,2 мл-ден 6н сірке қышқылынан қосады да, пробиркаларды қатты сілкейді. Енді 1-ші және 2-ші пробиркаларға 5 тамшыдан 1% мыс нитратын, ал 3-ші және 4-ші пробиркаларға 5 тамшыдан 1% калий гексацианоферратын қосады да барлық пробиркаларды қайтадан қатты сілкейді.

Тәжірибенің нәтижелері. 2-ші және 4-ші пробиркаларда ақуыздың айқын коагуляциясы басталғаны көрінеді. Ал бірініші және үшінші пробиркаларда альбумин ерітінділері мөлдір болып қалады да өзгермейді.

Түсініктеме. Алынған ерітіндіде альбумин теріс зарядталған, сондықтан ол қосылған мыс (II) иондарының әсерінен коагуляцияланады. Екі зарядталған гексацианоферраттың иондары ақуыздың коагуляциясын тұғызбайды, себебі олардың зарядтары біраттас. Ал ерітіндіні қышқылдандырғанда ақуыз макромолекулалары оң зарядталады, сондықтан олар қосылған гексацианоферраттың төрт зарядталған аниондарынан коагуляцияға ұшырайды. Бірақ бұл жағдайда оң зарядталған мыс (II) иондары коагуляцияны тұғызбайды. Нитрат және калий иондары бір валентті иондар болғандықтан, олар барлық жағдайларда ақуыз макромолекулаларының коагуляциясын тұғыза алмайды.

Зертханалық жұмыс № 13

Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ісінуі

Жұмыстың мақсаты: жоғары молекулалық қосылыстардың ісіну кинетикасын зерттеу

Құрал-жабдықтар: U-тәріздес түтікшесі, цилиндр, стакандар, таразы, темір немесе мыс сымы

Реактивтер: жоғары молекулалық қосылыстар (резина, агар-агар, желатин, казеин т.б.), еріткіштер – метанол, бензол және т.б.

Жұмыс барысы:

Полимердің ісінуі ісіну дәрежесімен сипатталанады. Ісіну дәрежесі – дегеніміз 1 грамм затпен сіңірілген сұйықтың мөлшері.

Q – ісіну дәрежесі, %

Q1 және Q2 – ісінуге дейінгі және кейінгі заттың салмағы немесе көлемі

Ісіну константасын келесі формула бойынша есептейді:

мұндағы   ісіну уақыты, мин., i  1гр ісінетін заттына сәйкес келетін сіңірілген еріткіштің шекті мөлшері.

U-тәріздес түтікшеге еріткішті (метанол, бензол және т.б.) құйып, бір тізесіне, таразыда өлшенген, сымға кигізілген резеңкені салады. 5, 10, 30 және 50 минут өткен сайын ісінген резеңкені еріткіштен алып, оның массасын өлшейді және төмендегі кестені толтырады. Әртүрлі уақыттар (5, 10, 30, 50 минут) аралығында ісіну дәрежесін анықтау барысында ісіну кинетикасын сипаттайтын қисықтарды алуға болады. Ісінудің жылдамдығын келесі теңдеумен өрнектейді:

мұндағы Qmax – шекті ісінудің дәрежесі, Q – уақытындағы ісіну дәрежесі, K – ісіну жылдамдығының константасы, ол ЖМҚ мен еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді болады.

№

Ісіну уақыты

t, мин

Құрғақ резина мен сымның салмағы, г

Ісінген резина мен сымның салмағы, г

Сіңірілген еріткіштің салмағы, г

1г құрғақ резинамен сіңірілген еріткіштің мөлшері, i

1

0

2

5

3

10

4

30

5

50

Ісіну дәрежесінің уақытқа тәуелділік графигін сызып, жұмыстың қорытындысын жасайды.