- •Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша
- •Астана 2013
- •Физикалық және коллоидтық химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулары
- •Глоссарий
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •2. ПӘн туралы мӘлімет
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша сөж орындау жӘне тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпараты
- •11. Бағалау саясаты Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Заттың агрегаттың күйлері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Химиялық термодинамика және термохимия
- •Фазалық тепе-теңдік
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Химиялық кинетика және катализ. Фотохимиялық реакциялар
- •Катализ
- •Фотохимиялық реакциялар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Ерітінділердің қасиеттері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Буферлік жүйелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Электрохимия негіздері. Электролит ерітінділерінің электрөткізгішітігі
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Электродтық процестер. Гальваникалық элементтер. Электролиз
- •Салыстырмалы электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Электролиз
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Беттік құбылыстар. Сорбция процестері
- •Сорбция процестері
- •Адсорбция құбылысы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Хроматографиялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Дисперстік және коллоидтық жүйелердің сипаттамалары
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Коллоидтық жүйелердің қасиеттері мен тұрақтылығы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Жоғары молекулалық қосылыстар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері
- •Полиэлектролиттер. Ақуыздар
- •Гельдер және сірнемелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Микрогетеродгенді жүйелердің сипаттамалары
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Химиялық зертханада жұмыс істегенде қолданатын сақтық шаралары
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •1 Тәжірибе. Криоскопиялық әдіс (Раульдің 3-ші заңы)
- •2 Тәжірибе. Эбулиоскопиялық әдіс (Раульдің 2-ші заңы)
- •1 Тәжірибе. Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі өлшеу
- •2 Тәжірибе. Әлсіз электролиттің электрөткізгіштігін өлшеу арқылы оның диссоциациялану константасын анықтау
- •1 Тәжірибе. Даниэль-Якобидің электрохимиялық элементі
- •2 Тәжірибе. Концентрлі гальваникалық элементтер
- •Өзара араласпайтын екі сұйықтың арасында таралу коэффициентін анықтау
- •Активтендірілген көмірмен сірке қышқылының адсорбциясы
- •Зертханалық жұмыс № 10
- •1 Тәжірибе. Топырақтың адсорбциялық қасиеттері
- •2 Тәжірибе. Топырақтың ионалмастырғыш қасиеттері
- •3 Тәжірибе. Темір, мыс және кобальт иондарын хроматография арқылы ажырату
- •4 Тәжірибе. Қағаздағы хроматография арқылы темір және мыс катиондарын ажырату
- •5 Тәжірибе. Қағазда жапырақ пигменттерін ажырату
- •7 Тәжірибе. Ав-17 анионитпен суды Сl- -ионынан тазарту
- •Зертханалық жұмыс № 11
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу
- •2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау
- •Зертханалық жұмыс № 12
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы
- •2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы
- •Зертханалық жұмыс № 13
- •Зертханалық жұмыс № 14
- •1 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу
- •2 Тәжірибе. Тұзсыздану процесі
- •Зертханалық жұмыс № 15
- •1. Тәжірибе. Гельдерде диффузия құбылысын байқау. Лизеганга сақиналарын алу
- •2. Тәжірибе. Қан гельінің синерезисі
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар
- •1 Газ заңдары
- •2 Химиялық термодинамика және термохимия
- •3 Химиялық кинетика және тепе-теңдік
- •4 Ерітінділердің коллигативті қасиеттері
- •4 Электролит ерітінділерінің қасиеттері
- •5 Электролит ерітінділерінің электроөткізгіштігі
- •6 Буферлік жүйелер
- •Вариант – 1
- •7 Электродтық процестер. Гальваникалық элемент
- •Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы
- •Реферат тақырыптары
- •Қорытынды тест сұрақтары
- •Қолданған әдебиеттер тізімі
Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы
Реферат (латынша “reffer” – баяндау, хабарлау) біршама әдебиет көзіне шолу жасау түрінде ғылыми мәселе немесе сұрақтың мән-мағынасын жазбаша түрде жеткізу.
Рефератты құрастыру оның тақырыбына байланысты ең соңғы шыққан әдебиетпен танысуға тырысудан басталады. Барлық көздерден мұқабасы, мазмұны, иллюстрациялар, соңында берілетін әдебиеттер тізімі қарастырылып, шығарылады. Нәтижесінде таңдап алынған тақырып бойынша мағлұматтары бар кітаптар мен жинақтар алынып, солармен жұмыс істеуге кірісуге болады.
Реферативтік зеттеудің жалпы жүргізу схемасы:
тақырыптың көкейкестілігін негіздеу;
мақсатын қою;
зерттеу объектісін анықтау;
әдіс таңдау;
қорытынды тұжырымдау;
зерттеу нәтижесін талдау.
2. Жұмыс құрылымы:
мұқаба (бірінші беті)
мазмұны (жоспар)
кіріспе
негізгі бөлім
қорытынды
әдебиет тізімі
қосымша
3. Мұқабасын рәсімдеу: реферат тақырыбын көрсету, студенттің аты-жөні, факультеті, курсы, оқу тобы көрсетіледі.
4. Мазмұнының болуы – яғни рефераттың жоспары құрастырылады (екінші бет).
5. Реферат көлемі: баспа бет 9-10 бет (14 шифр, 1,5 аралықта).
6. Соңғы бетте әріп қатары бойынша жалпылай түрде қолданылған әдебиеттер тізімі, автордың аты-жөні, кітаптың аты, шығарылу орны, баспасы, жылы көрсетіледі.
7. Аяқталған рефератты танысу үшін өздік жұмыс бойынша сабаққа 7 күндей қалғанда оқытушыға тексеруге беріледі және баяндаманың тезисі тапсырылады.
8. Баяндау тезисі – баяндама мағлұматын қысқаша түрде ауызша хабарлау (көлемі 1-2 бет).
9. Сабақта реферат мазмұны қысқа және нұсқа түрде, басынан аяғына дейін оқылмай, тезисті қолдану арқылы баяндалуы тиіс.
10. Әр бір реферат тақырыбында сонымен қатар презентациясы дайындалады. Оны қорғап болған соң, реферат жазбаша және электрондық түрде оқытушыға тапсырылады.
Реферат тақырыптары
Беттік құбылыстар. Жұғу құбылысы.
Сорбция құбылыстары.
Хроматография әдісі.
Ионалмасу адсорбциясы.
Ерітінділердің түзілу теориялары.
Қышқылдар мен негіздердің қазіргі заманғы теориялары.
Ерітінділердің коллигативті қасиеттері.
Осмос құбылысы. Осмос қысымының түрлері. Биологиялық маңызы.
Гидролиз процесі және оның биологиялық маңызы.
Табиғи және биологиялық коллоидтық жүйелер.
Буферлік ерітінділер. Биологиялық маңызы.
Азық-түліктердің физика-химиялық қасиеттері (рН, буферлік сыйымдылық, қышқылдық, тығыздық, қату және қайнау/балқу температуралары, осмос қысымы, ылғалдылығы және т.б.).
Жоғарғы молекулалық қосылыстары, қасиеттері. Табиғи және биополимерлер.
Жоғарғы молекулалық қосылыстардың ерітінділері.
Даниэль-Якобидің гальваникалық элементі. Аккумуляторлар мен батареялардың жұмысы.
Салыстыру және индикаторлық электродтардың түрлері.
Фотохимиялық реакциялар.
Термодинамиканың негізгі заңдары.
Катализ және каталитикалық процестер.
Беттік актвиті заттар, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Гельдер. Сірнемелер. Жартылай коллоидтар, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Суспензиялар, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Эмульсиялар, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Көбіктер, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Ұнтақтар, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Аэрозольдер. Қоршаған ортаны ластауында аэрозольдердің ролі, тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Қабықшалар (жабынды), тағам және тағам өндеу өндірісінде қолдану.
Ультрадисперстік жүйелер. Наножүйелер.
Коллоидтық жүйелердің қасиеттері. Коагуляция процесі.
Лиофобтық зольдердің тұрақтылық теориялары.
1-ші аралық бақылауға дайындық сұрақтары
1. Химиялық термодинамика негіздері. Термодинамикалық жүйелер түрлері, олардың параметрлері және қасиеттері. Интенсивті және экстенсивті қасиеттер. Күй функциялары және олардың физикалық мағыналары. Термодинамика заңдары. Гесс заңы және оның салдары.
2. Химиялық кинетика негіздері. Химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар. Әрекеттесуші массалар заңы. Вант-Гофф ережесі. Активтендіру энергиясы және Аррениус теңдеуі. Жылдамдық константасының физикалық мағынасы. Химиялық тепе-теңідік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье ережесі.
3. Катализ және каталитикалық процестер. Катализ теориялары. Катализаторлар тұрлері. Автокатализ.
4. Д.И.Менделелев ұсынған ерітінділердің гидраттық теория негіздері. Еру процесі. Заттардың ерігіштігі. Шынайы ерітінділердің ерекшеліктері. Аса қаныққан, қаныққан және қанықпаған, сұйытылған және концентрлі ерітінділер. Ерітіндінің концентрацияларын өрнектеу тәсілдері: проценттік, мольдік, моляльдік, нормальдік концентрациялар, титр, мольдік үлес.
5. Бейэлектролит заттары, олардың ерітінділері және коллигативті қасиеттері: Рауль және Вант-Гофф заңдары. Криоскопия және эбулиоскопия әдістері. Осмос құбылысы және осмос қысымы. Осмостық ерітінділер.
6. Электролиттер және олардың ерекшеліктері. С.Аррениустың электролиттік диссоциация теориясының негіздері. Оствальдтың сұйылту заңы. Электролит ерітінділерінің қасиеттеріндегі ерекшеліктері. Изотондық коэффициент.
7. Судың иондық көбейтіндісі және сутектік көрсеткіші. Буферлік ерітінділер, түрлері, биологиялық маңызы. Буферлік жүйелердің рН мәндерін анықтау әдістері.
9. Колориметрия әдісі. Ионометрия. Потенциометрия. рН-метрия.
8. Күшті электролиттер (Дебай-Гюккель) теориясының негіздері. Электролит ерітіндісінің иондық күші, иондардың активтілігі, электроөткізгіштік түрлері, иондардың жылжу жылдамдықтары мен тасымалдау саны. Кольрауш заңы.
9. Электрохимия негіздері. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар, олардың эквиваленттерінің мольдік массалары. Электрохимиялық процестер. Электродтық потенциал шамасы. Нернст теңдеуі. Электрқозғауыш күш. Гальваникалық элементтер.
10. Электрод түрлері. Салыстырмалы – сутектік, каломельді, хлор-күмісті электродтар. Индикаторлық – хингидронды және шыны электродтары.
1-ші аралық бақылаудың нұсқасы
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Физика және химия кафедрасы
Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша 5В072700, 5В072800 мамандықтары үшін 1-ші Аралық бақылау Нұсқа – 1 1. Егер реакцияға түсетін алғашқы заттар бір, екі және одан да көп бағытта бірден әрекеттесетін болса, мұндай реакциялар ............... деп аталады: A) күрделі B) параллель C) кезекті D) тізбекті E) қосарлану 2. Химиялық реакцияның энтропия өзгерісін есептеңіз (Дж/моль*град):
A) +35,63 B) – 35,63 C) +180,4 D) – 180,4 E) +1065,36 3. Үшінші ретті реакцияның теңдеуін таңдаңыз:
4.
0,01М
ерітіндіде негіздің
5. 6.
Ыдыстың сыйымдылығы
7. 0,05M
бейэлектролит ерітіндісінің
A) 20,785 B) 134,27 C) 1342,71 D) 1256,35 E) 150,41 8. 79,5г
белгісіз бейэлектролитті 200г құмырсқа
қышқылында ерітті, алынған ерітіндіні
9. 2M
A) 40 B) 15 C) 35 D) 70 E) 25 10. Дененің
температурасын
A) жылу эффектісі B) еру жылуы C) қайнау жылуы D) жылусыйымдылық E) жылу тепе-теңдігі |
2-ші аралық бақылауға дайындық сұрақтары
1. Беттік құбылыстар. Сорбция процестері. Физикалық және химиялықсорбция. Абсорбция және адсорбция. Адсорбция түрлері және теориялары: Ленгмюр, Фрейндлих және Гиббс теңдеулері. Беттік активті және активті емес заттар.
2. Коллоидтық химия негіздері. Дисперстік фаза және орта. Жүйелердің дисперстені дәрежесі. Дисперстік жүйелердің жіктелуі және олардың ерекшеліктері.
3. Микрогетерогенді дисперстік жүйелердің түзілуі және қасиеттері: эмульсиялар, суспензиялар, көбіктер, аэрозольдер, пенопласттар, ұнтақтар.
4. Коллоидтық жүйелер. Олардың алу әдістері. Оларды тазалау әдістері.
5. Коллоидтық бөлшектердің құрылысы. Олардың зарядын анықтау тәсілдері.
6. Коллоидтық жүйелердің оптикалық, электрлік қаситтері. Фарадей-Тиндаль эффектісі. Электроосмос, электрофарез.
7. Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы және оны арттыру жолдары. Кинетикалық және агрегаттық тұрақтылықтары. Коагуляция және седиментация құбылыстары. Шульце-Гарди ережесі.
8. Жоғары молекулалық қосылыстар және олардың ерекше қасиеттері. Олигомерлер. ЖМҚ құрылысы, мономер, полимерлену саны. Алу әдістері – полимеризация және поликонденсация. Табиғи және жасанды полимерлер. Полимердің еріткіштерде еруі және ісінуі.
9. ЖМҚ ерітінділері және олардың ерекше қасиеттері. ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы мен тұрақтылығы. Тұзсыздандыру процесі. Полиэлектролиттер. Ақуыздың денатурациясы.
10. Гельдер және сірнемелер. Синерезис және тиксотропия, коацервация құбылыстары. Жартылай коллоидтар.
2-ші аралық бақылау 2 бөліктен тұрады: бірінші бөлік теориялық сұрақтарды қамтиды, сондықтан студенттер оны компьютермен «My Test» бағдарлама арқылы тапсырады, екінші бөлік «Электрохимия» және «Мицелла құрылысы» тақырыптары бойынша есептерді қамтиды, оны студенттер жазбаша тапсырады.
