- •5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий
- •Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.
- •Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
- •Несиелендірүді ұйымдастыру
- •Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
- •Форфейтинг
- •Банктің трастық операциялары
- •Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Модуль2. Банктік ресурстарды басқару.
- •Модуль 3. Банк активтерін басқару
- •Модуль4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару.
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •1.Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін өҢдеу ережелері.
- •Мұндағы: к – несие сомасы, теңге
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •5.Оқушылардың өздік жұмыстары
- •5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5.2.Коллоквиумның сұрақтары
- •5.3 «Банк ісі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Несиелендірүді ұйымдастыру
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық. заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
/ топқа — жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
несиенің мақсаттылығы;
несиенің дифференциалдығы.
II топқа — несиенің, мәнін бейнелеитін принциптер:
несиенің мерзімділігі;
несиенің қайтарымдылығы;
несиенің төлемділігі;
несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылык органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіште негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сон дай -ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі варианты мен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принцип туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде баска да тауарлы-акшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатта-лады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтық нарықтық, қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қара-жаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі — бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылыкң несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуга тиіс, себебі, инфляция жағ- дайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:
1 =
І X Р X П
360 х 100
мұндағы:
І — сыйаңы мөлшері;
Р — қарыз қалдығы;
п — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I — несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйаңыны есептеу формуласы мынадай:
мұндағы:
і ~ сыйақы мөлшерлемесі;
Р ~ несиенің бастапқы сомасы;
I — несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;
п — аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егер де несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен несиелер шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен несиелік қарызға сыйақыны есептеу мынадай формулаға байланысты жүргізіледі:
мұндағы:
Ig — мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
G — мерзімі өткен қарыз сомасы;
ig — мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл);
tl — несие бергеннен бастап мерзімі еткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі
t2 — несие бергеннен бастап мерзімі еткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.
Несиелеудің келесі бір принцип — берілетін несиелердің материалдык, жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге керінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Ал бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік саясат дегеніміз не?
2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
15-тақырып. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың формасы. Кепіл болушылық кепілдік.
1. Дәрісті ұсыну.
2.Несие қайтымдығын қамтамасыз етудің тусінігі және формалары,кепіл турлері,кепелдеме және кепілгерлік мен танысу.
Кепілге берілетін несие — бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса ал-ғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақта-рын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің етімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсаң, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілхат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе к,амтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бұл нақты бір қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жөн.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір қорпорациялардың алған несиелерін қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы — несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиені қамтамасыз ету формалары?
2. Кепіл дегеніміз не?
3.Цессия дегеніміз не?
4.Кепілхатты қалай түсінесіндер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
16-тақырып. Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері
1. Дәрісті ұсыну.
2. Нарықты экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субъектілердің өндірістік бизнесті несиелеу әдісінің және тәртібінің несиелік операциялардың контрагентерінің өз ара келісімі бойынша қалыптасуы.
Нарықты экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субъектілердің өндірістік бизнесті несиелеу әдісінің және тәртібінің несиелік операциялардың контрагентерінің өз ара келісімі бойынша қалыптасуы. Коммерциялық банктер үшін қарыз алушы клиенттердің өндірістік және сауда-саттық қызметтерінің ерекшеліктерін, экономиканың қай саласына жататынын, шығаратын өнімдерінің еңбек және материалдық сыйымдылығын, оларға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын және өндірістік процесстің сипатын (маусымды немесе маусымды емес) үнемі талдап, зерттеп отырудың маңыздылығы. Коммерциялық банктер мен клиенттердің арасында қалыптасатын несиелік қатынастардың және оларды құқықтық реттеу нормаларының жоғарыда көрсетілген факторлармен тығыз байланыстылығы. Коммерциялық банктердің әр түрлі несиелеу әдістерінің тәжірибеде орын алуы. Орта және шағын кәсіпкерлерді несиелеуді объектілері мен субъектілері, несие беруді өтіну арызы және несиелік шарттың мазмұны. Кәсіпкердің бизнесжоспары сауда-саттық кәсіпорындарын несиелеудің ерекшеліктерін, несиелеу объектілері, несие мөлшерін есептеу тәртібі. Несиелік жобаларға талдау. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу объектілері: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы шығындарын несиелеу, яғни жем-шөп дайындау, тыңайтқыштар сатып алу, жанар-жағар майлар сатып алу, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер сатып алу, негізгі табынды жасақтауға жұмсалынатын шығындарды несиелеу. Несиелік бюро және оның Қазақстанда құрылып қызмет етуі. Ауыл шаруашылық фермелерін несиелеудің шет елдік тәжірибелері және несиені қамтамасыз ету формалары, тікелей және жанама несиелеу, вексельдерді есептеу.
Заңды тұлғаларға
Несиелендіру. «Халық Банкі» АҚ рынокта ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес уәкілдерін несиелендіру бойынша өз қызметін ұсынады. Айналым капиталын толықтыру мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша бір қатар несиелендіру бағдарламалары бар.
Банк экономиканың нақтылы секторларының салаларын (сауда, өндіріс,
ауыл шаруашылығы, т.б.) несиелендіреді; инвестиялық жобаны қаржылан-дырады, сауда қаржыландыру және экспортты-импортты шарттарды қаржылан-дыруды ұсынады, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін мол таңдаудағы бағдарлама және өнімдерді ұсынады.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру
Жаңа бағдарлама шеңберінде несиелер беріледі:
-Негізгі қаражаттарды сатып алуға
-Айналым қаражатын толықтыруға
-Тұрғын үйдің құрылысына/жөндеуге
-Жылжымайтын мүлік сатып алуға
-Өткен инвестицияны қайта қаржыландыруға
-Несие қарызын қайта қаржыландыруға
-Тұтынушылық мақсатқа
Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары, евро
Сыйақы мөлшерлемесі: пайыздық мөлшерлеменің икемді түрі
Қамтамасыз ету: Жылжымайтын мүлік, Автокөлік, Депозит, ТМҚ үшінші тұлғаның кепілдігі және кепілге алуы
Несиелер тек қана қолданыстағы бизнесі бар кәсіпкерлерге ғана беріл-мейді, сонымен қатар өз бизнесін ЖК/ЖШС ретінде және жеке тұлға да ретінде ресімдеу мүмкіндіктерімен ұйымдастырушыларға да ұсынылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасы шеңберінде несиелендіру ұсынылады:
Несие валютасы: Теңге
Несие сомасы – 140 000 000 теңге
Қаржыландыру мерзімі: 7 жылға дейін
Несиелендірудің мерзімі – 60 айға дейін
30% мөлшерінде кепілдікте қолма–қол ақша болған жағдайда 84 айға дейін
Жеке тұлғаға несие беруді ресімдеу және басқа банктердегі қарызды қайта қаржыландыру, сондай–ақ 3–ші тұлғаға несие беруді ресімдеу мүмкіндігі.
Несие берудің мерзімі – 60 айға дейін
Несие желісін мерзімі 180 айға ресімдеу мүмкіндігі
Нақты табысын анықтамай–ақ қарызды ресімдеу мүмкіндігі.
Несие бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесі туралы толық мәлімет алу үшін дербес қызмет көрсету орталығына және «Халық Банкі» АҚ филиалдарының ШОБ бөлімдеріне хабарласуларыңызға болады.
«Халық Банкі» АҚ корпоративтік клиенттерді несиелендірудің тиімді қызметін ұсынады:
• Несие өтінімдерін жедел қарастыру;
• Әр клиентке жеке көзқарас;
• Несиелендіру жаңғыртылмалы несие желісі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Несие берудің мақсаты - негізгі қаражатты, инвестицияны сатып алу, айналым-дағы капиталды толықтыру, экспорт–импорт операцияларын қаржыландыру және т.б.
Несие валютасы - Теңге, АҚШ доллары, евро
Сыйақы мөлшерлемесі - Пайыздық мөлшерлеменің икемді жүйесі
Несиелеудің мерзімі - Айналымдағы қаражатты толықтыру – 36 айға дейін
Негізгі қаражатты сатып алуға – 120 айға дейін.
