- •5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий
- •Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.
- •Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
- •Несиелендірүді ұйымдастыру
- •Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
- •Форфейтинг
- •Банктің трастық операциялары
- •Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Модуль2. Банктік ресурстарды басқару.
- •Модуль 3. Банк активтерін басқару
- •Модуль4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару.
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •1.Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін өҢдеу ережелері.
- •Мұндағы: к – несие сомасы, теңге
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •5.Оқушылардың өздік жұмыстары
- •5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5.2.Коллоквиумның сұрақтары
- •5.3 «Банк ісі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
несиелік қызметті ұйымдастыру;
лимиттер белгілеу;
несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті белу — несиелерді авторизациялау;
несиелік мониторинг;
несиелік портфельді басқару;
проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;
маржа деңгейіне;
несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару — бұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;
нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;
жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалқ, несиелерге:
несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
қарыз алушының қызметін қайта құру;
несиені қайтару кестесін өзгерту;
—- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Несие үшін төлейтін сыйаңы (мүдделендіру) мелшерлемесі — несиенің багасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосын-дысынан құралады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік саясат дегеніміз не?
2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
17-тақырып. Тұтыну несиесі және ипотекалық несие
1. Дәрісті ұсыну.
2.Тутынушылық несие түрлері және оларды беру ерекшеліктері,тутынушылық несие және оның экономикасындағы мәні мен танысу.
3.Ипотеканың маңызы, турлері, шетелдегі ипотекалық несие,ипотеканың несиелендіру принциптері мен танысу.
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің даму мүмкіндіктерін қарастыратын болсақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы үшін ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру тұрғындар саясатына тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Ол нарықта өзінің тиімді пәтері үшін шартты туғызады және тұрғындардың неғұрлым экономикалық активті бөлігіне бағытталады. Мұнда ипотекалық несиелендіру тұрғын үй проблемаларын шешудің басқа да құрылымдарымен тұрғындардың табыс есебімен де дамуы қажет.
Ипотекалық несиелеу жүйесі өзімен бірге ипотекалық несие институтының өзіндік құнының және ифрақұрылым элементтерін көрсетеді. Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесінің мәнінде тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту негізінде 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қол жетімді тұрғын үй алуға арнай ереже дайындап үкіметтің қарауына жібереді.Соңғы жылдары республикада өнеркәсіп миграциясының өзгеруі мен халықтың еңбекке жарамды топтарының көшіп-қонуы тұрғын үйге несие алу қажеттілігін тудыруда.
Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін Қазақстанда да ипотеканың негіздері қаланып, біздің елімізге қолайлы деген малайзиялық модель қалыптаса бастады. Қазақстанда ипотеканың дамуы Республика Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заң күші бар Жарлығынан бастау алады. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысының бірінші кезеңі 2000 жылғы 21 тамызындағы қаулысымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй қаулысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту тұжырымдамасын бекіту болды. Ұсынылған тұжырымдаманың негізгі жаңадан салынған тұрғын үйді, сондай – ақ қайталама нарықтағы тұрғын үйді қоса алғанда еркін нарықта дайын тұрған үй сатып алу үшін азаматтарға ұзақ мерзімді ипотекалық несие берудің нарықтық жүйесін құруға келіп саяды.
Қазіргі уақытта бірқатар Қазақстандық банктер жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық несиелер беруде. Бірақ солардың қызметінде жұртты қаймықтыратын бір нәрсе несие мерзімінің қалағандай ұзақ болдыру және жоғары пайыздық ставкаға байланысты болып отыр. Мұның себебі түсінікті де: халық әзірге ақшасын қысқа мерзімді депозитке салады, соған сәйкес банктер де несиені ұзақ мерзімге бере алмайды. Қаржыгерлер тілімен айтқанда, елімізді «ұзын ақша » жетіспейді. Мұндай қиындықтан шығудың бір амалы жоғарыда аталған Үкімет тұжырымдамасында қарастырылған болатын. Онда халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық несие беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын ипотекалық несиелердің қайталама нарығының операторы пайда болуы көзделген еді. Осындай алға қойылған міндетті іске асыру үшін Ұлттық банктің шешімімен 2000 жылғы 20 желтоқсанда ЖАҚ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» құрылды. Бүгінгі таңда оның бірден бір акционері Ұлттық банктің өзі болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының негізгі мақсаты ұзақ мерзімді тұрғын үй ипотекалық несиелерін халыққа көптеп ұсынумен қатар, қаржы айналымын жеделдетуді де мақсат етеді.
Қазіргі жағдайда ипотекалық несие алуға қалың жұртшылықтың қол жеткізуі мемлекеттің қолдауынсыз қиын. Бұл алдымен азаматтардың орташа табысының жоғары еместігіне байланысты. Мемлекеттің қолдауы әртүрлі ыңғайда болуы мүмкін.Тұрғын үйді қаржыландыру процесінің ең маңызды қатысушыларының бірі мемлекет болып табылады.
Ипотекалық несиелеу – жылжымалы мүлікті залогқа беру арқылы сатып алушыға ұзақ мерзімге несие беретін банктік қызмет.
Ипотекалық несиені беру техникасы мен жағдайлары көптеген факторларға байланысты, бірақ басымырақ келетін фактор несиелеу объектісі – жылжымайтын мүлік түрі болып келеді.
Ипотекалық несиелеу түсінігі үш жағдайдан тұрады:
Несиелер көбінесе көп уақыт мерзіміне беріледі: 10-30 жыл;
Несиелеу тұрғын үй сатып алуға не салуға беріледі;
Алынған тұрғын үй кепілақы болып есептеледі, несиені төлемеген жағдайда меншік тәркіленіп, несиені қайтару үшін сатылады.
Ипотеканың объектісі болып табылатындар:
- айналымдағы тауар залогы;
- қайта өңдеу процессіндегі тауар залогы;
- жылжымайтын мүлік.
Айналымдағы тауар залогы – бұл қарыз алушының тек қарыздың белгілі бір бөлігін өтеген немесе шығатын (шығып отыратын) тауарларды басқа да бірдей не одан артық сомадағы құндылықтармен ауыстырған жағдайда ғана салынған құндылықтарды өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді.
Қайта өңдеудегі тауар залогы – қарыз алушы өзінің өндірісінде салынған шикізат, материал, жартылай дайын өнімдерді қайта өңдеуге құқығы бар, бірақ бұнымен қоса залогтық құқық өндірілген жартылай дайын өнімге, дайын өнім және тиелген тауарларға таратылады дегенді білдіреді. Алайда залогтың кең тараған түрі жылжымайтын мүлік болып табылады. Бұлар жер учаскелеріне залог, сонымен қоса мекеме, құрылыс және басқа да жермен байланысты мүліктер.
Жер учаскелерінің кепілақы затына және жерді пайдалану құқығы болып кепілақы берушінің жеке меншігіндегі жер учаскелері, сонымен қатар жалпы жерді пайдалану мен жалпы жеке меншіктегі жер үлесі табылады.
Кәсіпорын немесе жалпылама ретінде басқа да мүлік кешенінің ипотекасы оған кіретін мүліктің (жылжитын, жылжымайтын) құрамына кепілақы құқығын береді: талап ету құқы мен басқа да құқықтар. Егер заңмен немесе келісім-шартпен басқасы қарастырылмаса ипотека кезінде сатылып алынғанға да құқы бар.
Банкрот болуына байланысты, іс қозғалған немесе тарату туралы шешім қабылданған кәсіпорын үшін ипотека берілмейді.
Кәсіпорын ипотекасы ақшалай міндеттемелермен қамтамасыз етілуі мүмкін, егер оның сомасы кәсіпорын активтерінің құнының жартысынан кем болмаған жағдайда.
Ғимарат, құрылыс сияқты жылжымайтын мүліктің бөлек объектісінің ипотекасы сол ғимарат орналасқан жер учаскесінің және сол келісім-шартының ипотекасымен бір уақытта қарастырылған.
Тұрғын үй мен пәтерлердің ипотекасының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Тұрғын үй мен пәтерлердің ипотекасы оларға құрылыс, күрделі жөндеу жүргізу үшін берілетін қарыздар.
Тұрғын үй мен пәтерлердің ипотекасының объектісі болып табылуы үшін меншік иесі мен оның отбасы басқа жерде тұрып, сол ғимаратта бекітілген нормалар бойынша тиісті тұрғын аудандары болуы шарт.
Жылжымайтын мүлік несиені қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, сонымен бірге бір уақытта қаржыландыру объектісі болып табылады. Ипотекалық несиенің қызмет ету мерзімі 20-35 жыл. Кепілге жылжымайтын мүлікті несиелеу процесі басқаша ипотекалық жүйе деп те аталады. Ипотекалық жүйе өзіне ипотека бойынша шарт жасауды, жылжымайтын мүлікті иемденгендегі жағдайын анықтаудағы тәртіпті және ол бойынша әрбір кезеңге қарыздарды біріктіретін экономикалық және заңдылық жүйесі.
Ипотекалық несиелеу жүйесі екі бағыттан тұрады: шаруашылық субъектілері мен халыққа ипотекалық несиелерді беру.
Бірінші бағытпен көбінесе ипотекалық банктер жұмыс істейді. Екінші бағытпен мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық банктердің активтерін сатып алатын және ипотекалық банктің базасының негізінде өз атына құнды қағаздар (облигация) шығаратын қаржы компаниялары мен қорлары жұмыс істейді. Ипотекалық жүйе өзіне ипотека бойынша шарт жасауды, жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген және инвестицияға ұзақ мерзімді және тұрақты табыс алуға мүмкнідік береді.
Ипотекалық нарық – банк және басқа да мекемелермен тұрғын үй мақсатында берілетін және ресурстарды тарту үшін қаржылық активтерді нарықта орналастыру бойынша ипотекалық несие нарығы.
Ипотекалық нарық – қор нарығының ипотекалық сегментімен банктік қызмет көрсету нарығының сегменті негізінде қалыптасады. Ипотекалық несиелеу нарығы бірінші және екінші деңгейлі деп бөлінеді.
Бірінші деңгейлі нарықта несие беруші мен қарыз алушы бір-бірімен сөзсіз келісім-шарт қатынастары негізінде ипотекалық несие беріледі және сатылуы мүмкін.
Екінші деңгейлі ипотекалық нарықтың негізгі субъектілеріне жататындар:
Ипотекалық несие берумен айналысатын ипотекалық банктер мен басқа да қаржы-несиелік мекемелер;
Ірі эмиссионды – қаржылық корпорациялар. Олар банктерден бірінші деңгейлі закладнойларды сатып алып, олардың әр түрлі құнды қағаздарының орнына эмиссияны қолданады;
Нақты ақшаға эмиссионды – қаржылық корпорациялардан құнды қағаздарды сатып алатын банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, азаматтар кейпіндегі инвесторлар;
Ипотекалық несиені сақтандырумен айналысатын делдалдар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тұтыну несие дегеніміз не?
2. Тұтыну несиенің мақсаты?
3.Ипотекалық несиенің мағынасын қалай түсінесіздер?
4. Ипотекалық несиенің түрлері?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
18-тақырып. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру
1. Дәрісті ұсыну.
2. Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, экспортердің импортерді несиелеуі және импортердың экспортерді несиелеуі.
Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, экспортердің импортерді несиелеуі және импортердың экспортерді несиелеуі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиені қамтамасыз ету формалары: коносмент, варрант, тратта, банк депозиттері, тауарларды сақтау жөніндегі қоймалардың қолхаты. Сыртқы экономикалық қатынастарда пайдаланылатын несиелерді қамсыздандыратын және кепілдендіретін Халықаралық экспорттық-импорттық қаржы агенттері. Импотерді және экспотерді несиелеу. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеу тәртібі. Несие валютасы, валюталық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, ұлттық ақша бірлігімен несие беру, валюталық депозиттермен қамтамасыз етілген несиені беру және өтеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеумен байланысты проценттік ставканың қалыптасуы. Соңғы кездерде коммерциялық банктердің экспотерлар мен импотерлерді несиелеу процесінің күрделі халықаралық деңгейде есеп айырысу формаларымен, банкаралық инмтрументтеріне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен тығыз байланыстылығы.
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, «валюта — мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы күнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралык, ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары»/15/.
Осы заңда «валюталық операиияларға» мынадай түсінік берілген:
меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құңдылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел ва- лютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
шетел валютасы;
номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
тазартылған құйма алтын.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
-ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
-ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
- ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.
Ал бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құңдылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.
1.Ағымдық операщияларға жататындар:
-тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу- ларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзгеде табыстарды алу және аудару;
-гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және баска сомаларды аудару:
- осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
-интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
-мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік ңүңығына төлеуге аударымдар;
- тауарлар, жүмыстар және кызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
-180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;
-өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құңығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
-зейнетақы активтерін жинактауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
-жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Со-нымен қатар, ҚР Ұлттың банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталык, реттеу — нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкция-ларды қолдану шараларын білдіреді.
Валюталық операциялар бойынша төлемдерді жүргізу мен қаражаттарды аудару үшін резидент (резидент емес) банкке бірқатар құжаттарды тапсырады.
Валюталық операциялар мемлекеттік және банктік зерттеу және бақылау обьектісі болып табылады. Жартылай ауыстырылатын валюталармен немесе қаржылық операцияларға шектеу қойылған міндеттеме мемлекеттерде өзінің ұлттық валютасына қарағанда банктердің валюталық позициясы. Валюталық тұрақсыздық жағдайында бұл шектеулер азаяды: жедел операцияларға шектеулер қойылады, уақыт немесе сома бойынша лимиттер қойылады.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасыныңі Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталы реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.
Банктегі валютаның курсы Ұлттық банкпен тағайындалған курсқа негізделеді. Ұлттық банк күнделікті ұлттық валютаның курсын белгілейді. Валюта курсының күнделікті өзгеруі елдегі экономикалық ауытқуларға байланысты: инфляция, саясат жағдайы және т.б. Осы барлық жағдайларды қарастырып Ұлттық банк валюта курсын тіркейді. Техниканың дамуымен Ұлттық банк интернет арқылы барлық коммерциялық банктерге сол күнгі валюта бағамын жібереді. Ал, коммерциялық банктер пайда табу мақсатында валюта бағамын өзіне лайықты өзгертеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Сыртқы-экономикалық қатынастарға берілетін несие дегеніміз не?
2. Сыртқы-экономикалық қатынастарға берілетін несиенің мақсаты?
3. Сыртқы-экономикалық қатынастарға берілетін несиенің түрлері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
19-тақырып. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару
1. Дәрісті ұсыну.
2.Банктің активтік операцияларының нәтижесінде «активтер портфелінің» және оның құрамдас бөлігі «несиелік портфелдің» қалыптасуы. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару проблемаларының біртұтастығы.
Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
-несиелік қызметті ұйымдастыру;
-лимиттер белгілеу;
-несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
-несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
-несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
-несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті белу — несиелерді авторизациялау;
-несиелік мониторинг;
-несиелік портфельді басқару;
-проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
-қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
-несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;
-маржа деңгейіне;
-несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
-банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару — бұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;
- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
-несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
-әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
-төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;
-жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
-несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалқ несиелерге:
- несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
-сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік портфель дегеніміз не?
2. Несиелік тәекелді қалай түсінесіздер?
3.Несиелеу лимиттерді белгілеу қалай түсінесіздер?
4.Проблемалық несиелер дегеніміз не?
5. Несиелік мониторинг не үшін қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.162-173.
20-тақырып. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары.
1. Дәрісті ұсыну.
2.Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік.
Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсімқорлық несиелермен тығыз байланысты. Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты.
Инвестициялық портфель банктің активтеріне жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге қосымша ретінде бөлу.
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада банктік инвестиция деп пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың барлығыны бірдей түсінеді.
Ал, тар мағынада банктік инвестиция- табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауды білдіреді.
Сонымен қатар, банктьік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсалған қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңінде инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығын білдіреді.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін анықтау;
инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
портфелдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
пайдалар мен зияндардың есе бі;
компьютерлік қамтамасыз ету бағдарламалары.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды.
«Цеснабанк» АҚ бағалы қағаздарды келесідей үш категория бойынша жіктейді:
-қайта бағалау нәтижелерін табыстар және шығыстар жөніндегі есеп берулер арқылы сипаттай отырып, нақты құн бойынша есептелетін бағалы қағаздар;
- өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар;
- сатуға арналған бағалы қағаздар.
Банкте бағалы қағаздар категориясына тәуелсіз нақты құндары бойынша бағаланады. Мәмілені жүзеге асыру кезіндегі шығындар алғашқы бағалы қағаздардың құнына енгізіледі.
Өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында Банк РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүзеге асырады. РЕПО операциясы – бағалы қағаздарды болашақта жоғары бағамен сатып алумен байланысты бағалы қағаздарды сату операциясы. Ал, кере РЕПО операция бағалы қағаздарды болашақта жоғары бағамен сатумен байланысты бағалы қағаздарды сатып алу операциясы.
Инвестицияларды капиталға жұмсау мақсатынада алынатын тұрақты және өзгермелі бағадағы бағалы қағаздар үлестік қатысу жолымен есептеледі.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша атуарымен ерекшеленеді. Ол өзгеше тауар бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады.
Коммерциялық банктер акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсаттарға жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздарыекі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі топқа бөледі:
мемлекеттік бағалы қағаздар;
мемлекеттік емес бағалы қағаздар.
Мемлекеттің бағалы қағаздарының ішінде ең көп тарағаны мыналар:
қазыналық вексельдер, орталық билік органдарының қысқа мерзімді міндеттемелерін білдіреді;
қазыналық бондар – белгіленген пайыз әкелетін бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдегі қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелердің ерекше түрі;
қазыналық міндеттемелер (қысқа, орта және ұзақ мерзімді)
әртүрлі мемлекеттік билік органдарының облигациялық займдары;
Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға жататындар:
акциялар;
кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің борыштық міндеттемелері (облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар және т.б.)
Бағалы қағаздар ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыздық міндеттемесі.
Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Банк эмитенттердің әрбір бағалы қағаздарды эмиссиялауы оларды орналастыру әдісіне тәуелсіз оларды шығару проспектісін толтырумен құжатталады және эмиссия проспектісі экспертизадан өтуі қажет. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал, екінші тарауында инвестициялық мәліметтер жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Ал, қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Банк инвестиция дегеніміз не?
2. Банктердің инвестициялық саясатын қалай түсінесіздер?
3.Андеррайтингті қалай түсінесіздер?
4.Бағалы қағаздар дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.100-106.
21-тақырып. Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары
1. Дәрісті ұсыну.
2.Коммерциялық банктердің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг туралы түсінік.
Коммерциялық банктердің ең кең таралған делдалдық қызметінің бір түрі — факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АКШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25—-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.
Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа — 56 %, Америка — 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер — 13 %, Африка —%
Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бүл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 /о-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдыктаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
«Фактор» сөзі агылшын тілінен «factor», аударғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалың жағынан алғанда бұл — делдалдық операция.
Факторинг — жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлем
талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлык. шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2—3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5— 2,5%) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 жоғары болып келеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы келісімшарт жатады. Онда факторинг операциясының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері,.факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Оңдай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бүл — бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент -сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті еңгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.
Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операция түрлері 14-суретте келесі бетте берілген.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.
Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факторингте берешекке факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.
