- •5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий
- •Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.
- •Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
- •Несиелендірүді ұйымдастыру
- •Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
- •Форфейтинг
- •Банктің трастық операциялары
- •Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Модуль2. Банктік ресурстарды басқару.
- •Модуль 3. Банк активтерін басқару
- •Модуль4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару.
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •1.Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін өҢдеу ережелері.
- •Мұндағы: к – несие сомасы, теңге
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •5.Оқушылардың өздік жұмыстары
- •5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5.2.Коллоквиумның сұрақтары
- •5.3 «Банк ісі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
25-тақырып. Банктік менеджмент және банктік маркетинг
1. Дәрісті ұсыну.
2. Банктің менеджменттің принциптері, мақсаты, негізгі бағыттары, банк саясатының мазмұны мен танысу.
Банктік менеджмент туралы түсінік – оның жалпы мағынада және жеке мағынада алып қарағандағы мазмұны
Банктік бизнестің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің және оларды іске асыру құралдарының ғылыми дәлелденген жүйесі;
Белгілі бір басқару шешімдерін пайдалана отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін атқарылатын ұйымдастыру қызметтері.
Банктік менеджменттің ерекшеліктері, негізгі бағыттары, мақсаты, сандық және сапалы көрсеткіштері. Банктің экономикалық саясаты. Басшылық типтері: жеке басшылық – автократиялық, диктаторлық, монархиялық стильдер, демократиялық басшылықтың либералдық типі, материалдық ынталандыру және тәртіпті талап ету әдістері. Корпоративтік рух және жүддегерлік сезім: қарама-қарсы қайшылығы және банк секторындағы зияны.
Банкті басқару сапасына байланысты банктік менджменттің негізгі типтері: техникалық менеджмент, косметикалық менджмент (банкті басқару ісіндегі көз бояушылық), жанталас басқару. Банкті дұрыс басқара алмаудың негізгі факторлары және оларды топтау. Техникалық менеджменттің банкті басқару ісінде орын алу себептері:
Банк жаңадан құрылып, мамандар тағайындау ісінде қойылатын талаптар төмендесе;
Банктегі бақылау жауапкершілігі басқа біреудің қолына өткенде;
Банк қызметінде оның нәтижелі жұмыс жүргізуіне кері ықпал ететін төтенше, объективтік жағдайлар пайда болғанда;
Тәуекелді болжай алмау және несиелеу кезіндегі сыбайластық.
Косметикалық басқарудың белгілері: жалған мәліметтермен банктің теріс нәтижелерін жасыру.
Жанталас басқару ісіндегі авантюрим. Жылпостық.
Банктің кадрлар (мамандар) саясаты және оның құрамдас бөліктері:
Маман қызметтерін тиімді ұйымдастыру – банк бөлімшелерінің қызметтері нәтижелерінің идентификациясы (нақты сынға төтеп бере алатын тиімді нәтижелер үлгісі);
Банкте атқарылатын қызметтердің маманның кәсіпкерлік деңгейіне сәйкес келуі;
Еңбек мәдениеті;
Мотивация.
Банк мамандарының кәсіпкерлік деңгейін және мәдениетін жетілдіру. Штат кестесі, квалификациялық мінездеме, лауазымдық нұсқаулар, атестация. Банктік операцияларды жүргізуге қажетті мамандардың санын анықтау әдістері. Банк мамандарының мінез-құлқы, мәдениеті, сауаттылығы, тәрбиелілігі: сауатты сөйлей және жаза білу; кәсіпкерлік сұхбаттасу деңгейі; жан-жақтылығы, тіл қату мәнері; банк басшыларының ұжым мүшелерімен кәсіпкерлік қарым-қатынастарының түрлері. Еңбек мотивациясы.
Банктік маркетингтің мазмұны және мәні, банктік менджменттің функциясы. Банктік маркетингтің принциптері және мақсаты, банктегі маркетингалық қызметтің негізгі бағыттары, жалпы мазмұны, банктік маркетингтің бес концепциясы: бағаны тұтынушылардың сұранысына бейімдеп белгілеу, қызметтер түрлерінің сапасы жоғары болу, коммерциялық қимыл іс-әректтерді қарқынды жүргізу, сұранысты тиімді тәсілдермен қанағаттандыру, әлеуметтік-этикалық концепция. Банктік қызметтердің ерекшелігі. Банктің іштей мүмкіндіктерін талдау. Маркетингалық ақпараттар жүйесі, банк қызметтерінің көтерме және блшек сауда нарығы. Маркетингалық жоспарлау жүйесі. Банк қызметтері нарығын сегменттеу.
Өтімділік — банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Банктік менеджмент дегеніміз не?
2. Банктік менеджменттің принциптері, мақсаты, негізгі бағыттары?
3.Банк саясатының мазмұны?
4.Банктік маркетинг дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.232
26-тақырып. Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілетін басқару
1. Дәрісті ұсыну.
2.Банктің өтімділігі туралы түсінік және оны анықтаудың көрсеткіштері.
Банк өтімділігі — бұл салымшылар мен к,арыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалаи қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық. банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
активтерді зиянсыз сату;
тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:
банк капиталының, базасы;
банк активгперінің сапасы;
депозиттердің сапасы;
сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің, өзара сәйкестігі;
сауатты менеджмент;
банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы — бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттай-ды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі — бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларга айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.
Активтер тэуекелі критерий, олардың акшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.
Банк активтердің тәуекелі негүрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерий ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерий банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдың құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор — банктің депозиттік базасының, сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерий олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты белігінің кебеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың темен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктік клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.
Менеджмент, яғни жалпы банктік қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:
банк саясатының болуы және оның мазмұны;
стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
білікті мамандардың болуы;
қажетті ақпарат базасының болуы;
• банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы. Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:
елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдаи;
бағалы қағаздар нарығының дамуы;
банкаралық несие нарығының дамуы;
қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі. Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұракты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қара-жаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық, нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін керсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондыктан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:
1. «К,аражаттардың, ортақ к,оры» әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге болады (17-сурет келесі бетте).
Осы әдісте қаражат өтімділігінің барабар деңгейінің, яғни «табыстылық-өтімділік» арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер келемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі тиеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі үзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.
2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне — «банктегі банктер» әдісі жатады (18-сурет). Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.
Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық—өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі капитал банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондыктан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзак. мерзімді несиелерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.
«Банктегі банктер» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.
3. Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен ете күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.
Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай варианттары бар? Варианттардың ең жақсысы қандай?
Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.
Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі — олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі модельдерді есептеуге қуатты-лығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Банк өтімділігі дегеніміз не?
2. Банк міндеттемелері нешеге бөлінеді?
3.Банктің өтімді акливтеріне не жатады?
4.Банк өтімділігіне қандай факторлар ықпал етеді?
5.Банк өтімділігін бағалау көрсеткіштері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.233-244.
27-тақырып. Банктің қаржылық нәтижелерін талдау.
