- •5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий
- •Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.
- •Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
- •Несиелендірүді ұйымдастыру
- •Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
- •Форфейтинг
- •Банктің трастық операциялары
- •Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Модуль2. Банктік ресурстарды басқару.
- •Модуль 3. Банк активтерін басқару
- •Модуль4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару.
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •1.Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін өҢдеу ережелері.
- •Мұндағы: к – несие сомасы, теңге
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •5.Оқушылардың өздік жұмыстары
- •5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5.2.Коллоквиумның сұрақтары
- •5.3 «Банк ісі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Форфейтинг
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы — форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердың форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.
«Форфейтинг» сөзі француз тілінде «a forfait», аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг — тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг қызметі халықаралық, сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг — бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктін, немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны — импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
/. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші.
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы.
3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг мәмілесі 15-суретте келесі бетте беріледі.
Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде эспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:
1. Қаржы мәмілесінде — орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәміле бойынша — шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл.
Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:
• векселін форфейтор-банк сатып алғаннан кейін, экспортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;
уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма- қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;
пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды,себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады; құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы; форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда ете жоғары табыс табады.
Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш Еуропа елдерінде пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қой-ылмауымен байланысты және т.с.с.
Форфейтингтеуге әдетте сауда тратталары (аударма вексель) немесе жай вексельдер қабылданады.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементеріне мыңалар жатады:
еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР —Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);
импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5-тен 6 -га дейін жылдық мелшерде ауытқиды;
несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0,5%-ға дейін жылдық);
міндеттеме үшін алынатын комиссия (1—1,5 /о жылдық).
