Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УММ БД каз материалы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Банктің шығысы мен кірісін талдау.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері, банктің табысы мен шығысы, маржа туралы түсінік, операциялық шығындар, проценттік шығындар, операциялық табыс, процентік табыс, банктің таза табысы, пайдасы, банктің рентабельділігі және оның көрсеткіштерін есептеу.

Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдауда орталық орынды кірістер алып отыр. Кірістердің төмендеуі банктің қаржылық қиындықтарына әкеледі. Осыған байланысты банктің қаржылық нәтижелерін және оның кірістерін талдау ең басты міндет

Банктердің кірістерін талдаудағы негізгі міндеттер келесілер:

  • кірістердің құрылымын және баға көлемін анықтау;

  • кірістердің құрастырушыларының динамикасын оқыту;

  • үлкен кіріс әкелетін операциялар түрлері мен қызметін бағыттау;

  • актив бірлігіне әкелетін кірістер деңгейінін бағасы;

  • кірістерге әсер ететін факторларды қою;

  • бөлек операциялар бойынша кірістер;

  • кірістерді өсірудегі резервтерді табу.

Кірістердің құрылымын талдау пайыздық және пайызсыз болып бөлінеді.

Банктің пайыздық кірістерін талдау професінде пайыздық кіріс әкелетін активтердің құрылымы мен көлемінің өзгеру темпін қою керек, оларды банктің активті операцияларымен жүргізілген өсу-кему темпімен салыстырып пайыздық ставкалардың деңгейінің өзгеруін шығарып, нарықтағы ссудалық капиталмен байланысты.

Сонымен қатар ссудаларға өтімділік, көлем бағасын қарастыру керек, ссудалар бойынша қарыздар көлемін және динамикалық құрылымын қарастыру керек, өтелмеген қарыздар бойынша пайыздық кірістердің көлемін анықтау, өсірілген кірістердің көлемін бағалау және анықтау керек.

Өсірілген пайыздарға банктің пайыздақ операциялармен жүргізілетін кірістер және шығыстар жатады. Олардың мөлшерін келесі формула арқылы есептеуге болады:

h=несиенің барлық сомасы*жылдық пайыздық ставка*р/365 (366)

h-өсірілген кірістер (шығындар)

р-күндер бойынша өсіру периоды

Өсірілген пайыздардың көлемі – бұл нақты кіріс пен шығыс емес, ол кірісті алудағы құқық. Өсірілген пайыздық кірістерді талдау кезінде несиелер бойынша пайыздар қосылатынын анықтау керек.

Банктің пайыздық кірістерін талдау бізге олардың қандай факторлар негізінде алынатының білуге мүмкіндік береді. Осы факторлар келесілер: берілген несиелердің бағаларының өзгерісі, құралдардың қолданылуы.Осы көрсеткіштердің өмуі банк кірістерінің өсуіне оң әсер етеді.

Кірістерді талдаудағы негізгі ерекшелік ол уақыты өткен несиелерден пайыз алатынын атап өту керек.

Коммерциялық банктегі пайызсыз кірістерге келесілер жатады:

  • комиссиондық кірістер;

  • шетел валютасымен, бағамдық айырма, валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялардың кірістері;

  • бағалы металдерды сату-сатып алу, бағалы қағаздарды және басқа да мүліктерді, бағалы металдарды есептеу нәтижелері, бағалы қағаздар және басқа да мүлік бойынша жүргізілетін операциялардың кірістері;

  • дивидендт түріндегі кірістер;

  • басқа да ағымдағы кірістер.

Пайызсыз кірістерді талдауда кірістердің негізгі көлемі мен ара салмағын анықтау керек, табысты қызметтерді анықтау керек, әр бір көрсетілген қызмет топтарының банктік комиссиясын құрудың әдістерін бағалау керек, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын анықтау керек және т.б. қарастыру керек.

Коммерциялық банктердің негізгі кіріс көзі пайыздар, яғни берілген несиелердің пайыздары және инвестициялық операциялар бойынша пайыздар. Несиелік операциялардын кісіртерді талдаудың негізгі көздері ол банктердегі несиелік мәліметтер мен бөлімшелердің болуы. Қазіргі кездегі коммерциялық банктер Бағалы қағаздар нарығының негізгі активті қатысушылары болғанымен олардың кірістері мемлекеттік қарыздық міндеттемелерді сатудан тұрады. Басқа да кірістерге : бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан кірістер оларға: дисконттық кіріс (вексель), акцияға салынған дивидендтер, бағалы қағаздармен операциялар комис-сиялары бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар банк кірістеріне жатады. Сонымен қатар пай және акция арқылы алынған банк кірістерін сыртқы жағдайы бойынша ғана қарастырмай , оларды басқа жақтардан да қарастыру қажет.

Активтерден басқа кірістерге келесілер жатады:

  • клиенттермен жүргізілген операциялардан кірістер ( халықпен, несиелік мекемелермен, кәсіпорындармен және т.б.);

  • басқа банктер мен қаржылық компаниялардың филиалдағы капиталға қатысушыларбың бірегей қызметінен түскен кірістер;

  • Үшінші тұлға және мемлекетке бағалы қағаздарды инвестициялаудан түскен кірістер;

  • Қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерге кірістер мен шығыстар, олар лизинг, банк бөлімшелерінің сатылуы, транспорттық құралдарды қолданы;

  • Опциондардан, фьючерстік және форфардтық мәмілелер, кепілдерден кірістер (шығыстар);

  • Негізгі құралдарды есептеуден кірістен;

  • Жаңа банктік өнімдерді еңгізуден, жаңа технологияларды қолданудан түскен кірістер.

Көрсетілген кірістерді талдауда олардың әр қайсысының абсолютті динамикасын анықтау керек, кіріс деңгейін анықтау керек, актив пен кіріс темпін салыстыру керек.

Кез келген жүргізілген қаржылық операциялар бойынша кіріс көлемін келесі формула арқылы анықтауға болады:

D=F*h

D- жүргізілген қаржылық операциялар бойынша кіріс

F- операциға салынған құралдардың сомасы

h- капиталға салынған кіріс нормасы

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі өзіне активті және пассивті операцияларды біріктіреді. Кірістерді талдауда бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар келесі бағытта жүргізіледі:акция, облигация, вексель есебінен, ақшалай міндеттемелерді сату-сатып алудан, опцион келісімінен және басқа да операциялардан кірістерге ие болу. Акция әкелетін кірістердің бір түрі – ол дивиденд. Сонымен қорытындылай келгенде қазіргі кездегі банктер талдауды жүргізуде үлкен ақпараттық базаны қолданып кірістерді талдай алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банктің табыстары дегеніміз не?

2. Банк табыстары қандай көздерден құралады?

3.Пайыздық табыстарға не жатады?

4.Пайызсыз табыстарға не жатады?

5.Банк шығыстарын не құрайды?

6.Пайыздық шығыстарға не жатады?

7.Пайызссыз шығыстар түрлері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.245-250.

28-тақырып. Банктік қадағалау

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері және банктік қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық, нормативтік негіздері.

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан астам белігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдың құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

Екіңші деңгейлі банктер қызметің реттеу үшің пруденциялық нормативтер

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы — пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

  1. жарғылык, қордың ең төменгі мөлшері;

  2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффии,иенті;

  1. бір к,арыз алушыға келетін тэуекелдің ең жоғары мөлшері;

  2. өтімділік коэффищиенті;

  3. ашык, валюталык, позиция лимиті;

  4. негізгі қорларға жэне басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

1. Банктіқ жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері.

Банктік жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-аң ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзба-ған жағдайда ғана сатып ала алады.

2.Менишікті қаражаттардің жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К) — бұл I деңгейлі капитал мен II деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктік инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Банк инвестициясы — акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.

Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралың стандартңа сәйкес жасалуы және аудиторлык. корытындымен расталуы тиіс;

-жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің «А» категориясына енуге тиіс:

-жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтинг! Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингінен төмен болмауға тиіс.

Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:

-төленген жарғылық капитал;

-қосымша капитал;

-өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған кррлар, резервтер);

шегерілген (-) :

- материалдың емес активтер (Халыкаралың ңаржы есебіне Халыңаралың стандартына сәйкес банктің негізгі ңызметінің маңсатына алынған лицензияланган бағдарламалың ңамсыздандыру);

-өткен жылдардағы зиян;

-ағымдың жылдағы шығыстардың ағымдык. жылғы табыстардан артың сомасы.

Екінші децгейлі капитал мыналардан к,үралады:

-ағымдың жылдағы табыстардан ағымдың жылғы шығыстардың артың сомасы;

-бағалы ңағаздар мен негізгі ңүралдарды ңайта бағалау мөлшері;

-тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;

-бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлың қарызы;

Банктің субординарлық қарызы — бүл мынадай талап-тарға сәйкес келетін, банктің ңамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1. депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;

2. банктің немесе онымен байланысты аффилирленген түлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде ңамтамасыз етілмеуге тиіс;

3.алдын ала (толың немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;

4.банктің таратылуы барысында соңгы кезекте ңанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында ңалған мүлікті бөлу алдында).

Банктің субординарлың ңарызы — бастапңы кайтару мерзімі 5 жылдан жогары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлык. ңарыз.

Егер облигация К,Р-ның заңдылыктарына сәйкес шығарылса, субординарлың ңарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін.

Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:

1-ші жылы — субординарлық қарыздық 80% сомасы;

2-ші жылы — субординарлық карыздық 60% сомасы;

3-ші жылы — субординарлық қарыздық 40% сомасы;

4-ші жылы — субординарлық қарыздық 20% сомасы;

5-ші жылы — субординарлық қарыздың 0% сомасы.

Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктілігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі:

Банктің бірінші деңгейлі капиталының, оның барлық активтерінің сомасына қатынасы 0,06-дан кем болмауға тиіс.

к1=КI-ИК/А

мұнда КІ — бірінші деңгейлі меншікті капитал;

ИК — банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы;

А ~ банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.

Банктің меншік капиталының, оның тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтеріне қатынасы, 0,12-ден кем болмауы тиіс:

к2 = К/Ар – Пс

мұнда К — банктік меншік капиталы;

Ар — тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді есепке алу барысында кастадиандық келісімшарт негізінде банкке қабылданған ақшалар есепке алынбайды;

Пс — арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша ұқрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1,25% асатын со­масы).

3. Бір қарыз алушда келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері

Бір карыз алушы — ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісімшартта кезделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдіқ мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

1) банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банктік қадағалау дегеніміз не?

2. Банктік қадағалаудың түрлерін ата?

3.Банк қызметін реттеу әдістері?

4.Пруденциялық реттеуге не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.14-15.

3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.

Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.

Тақырып 1 Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі тандағы экономикалық жағдайы

Сабақтың мақсаты: коммерциялық банктер туралы түсінік, олардың ұйымдастырушылық қүрылымы,функциялары, принциптерін оқыту

Сабақтың жоспары:

1.Коммерциялық банктер туралы түсінік, олардың ұйымдастырушылық қүрылымы.

2.Коммерциялық банктер қызметінің функциялары, принциптері.

3.Банктер типтері.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын.

2.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің әр түрлі ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуы.

3.Коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасында қызмет ету ерекшеліктері, оларды рекапитализациялау саясаты.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

2-тақырып. Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы.

Сабақтың мақсаты: банктің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі, еншілес (шет ел капиталының қатысумен) банктерді құру тәртібін түсіндіру

Сабақтың жоспары:

1.Банктің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі, еншілес (шет ел капиталының қатысумен) банктерді құру.

2.Коммерциялық банктердің қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы. 3.Коммерциялық банктер құрылымының екі түрлі ұйымдастыру формасы

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Акционерлік қоғам түрінде құрылған коммерциялық банктердің заңға сәйкес қайта құрылу тәртібі

2.Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру тәртібі мен бағалы қағаздарды иеленуші акционерлік «қоғамды» басқару ісіне қатысу дәрежесі.

3.Коммерциялық банктердің қызметтерін шектеу

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

3-тақырып. Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату.

Сабақтың мақсаты: қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібін қарастыру.

Сабақтың жоспары:

1.Қазақстан Республикасында банкті ашуға рұқсат және лизенция беруші ресми орган – Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі (Қаржылық қадағалау агенттігі).

2. Банкті ашуға рұқсат алу үшін ҚҚА-ға міндетті түрде табыс етілетін құжаттарды көрсету.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Қазақстан территориясында резидент емес тұлғалардың қатысуымен банктерді құруға рұқсат беру үшін ҚҚА-ге тарабынан қосымша қойылатын талаптар.

2.Мемлекеттік тексеру және банктің заңды тұлаға ретіндегі мәртебесінің ресімделіну тәртібі. 3.ҚҚА банктің операциялары мен айналысуға лицензия беретін өкілетті мемлекеттік орган. 4.Банктің операцияларымен айналасуға лицензия беру үшін ҚҚА талап ететін құжаттар.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 4. Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерінің құқықтық негіздері

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік тексеру және банктің заңды тұлаға ретіндегі мәртебесінің ресімделіну тәртібін оқыту

Сабақтың жоспары:

1.Мемлекеттік тексеру және банктің заңды тұлаға ретіндегі мәртебесінің ресімделіну тәртібі.

2.ҚҚА банктің операциялары мен айналысуға лицензия беретін өкілетті мемлекеттік орган.

3.ҚҚА банктті ашуға рұқсат беруден және банктің операциялары мен айналысуға лицензия беруден бас тартуының, сонымен бірге берген лицензиясын қайтарып алуының негізгі себептері

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Мемлекеттік тексеру және банктің заңды тұлаға ретіндегі мәртебесінің ресімделіну тәртібі.

2. ҚҚА банктің операциялары мен айналысуға лицензия беретін өкілетті мемлекеттік орган.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 5. Коммерциялық банктер қызметін макроэкономикалы деңгейде реттеудің мазмұны

Сабақтың мақсаты: ақша-несиенің саясатын, сипатын, инструменттерін оқыту

Сабақтың жоспары:

1.Банк қызметін реттеу себептері.

2.Ақша-несие саясаты, сипаты мен әдістеі.

3.Ақша-несие саясатының инструменттері.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1. Кәзіргі жағдайда ҚР ҰБ ақша - несие саясаты

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 6. Коммерциялық банктер қызметтерін реттеу үшін қолданылатын пруденциалдық нормативтер.

Сабақтың мақсаты: ҚР пруденциалдық нормативтер жүйесін түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

1.Базельдік келісім, банктердің пруденциалдық нормативтерін ұйымдастыру принциптерін реттеу қажеттілігі мен мәні.

2.Пруденциалдық реттеу принциптері.

3.ҚР пруденциалдық нормативтер жүйесі.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Банктің жарғылық қорының минималды мөлшері.

2.Банктің меншікті қаржыларының коэффициенті. Оның валюталық позиция лимиті.

3.Негізгі қаржыларға және басқа да қаржылық емес инвестицияларының максималды мөлшері.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.