- •Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметті реформалаудың мақсаттары және міндеттері.
- •Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметті басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері.
- •Тақырып 3. Сыртқы сауданы реттеу.
- •Тақырып 4. Шетел инвестициялары бар кәсіпорындар қызметін реттеу.
- •Тақырып 5. Әлем және тмд елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
- •1996 Жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі шартына сәйкес
- •Тақырып 6. Негізгі коммерциялық операциялар.
- •Тақырып 8. Мәміле- сыртқы саудадағы негізгі құжат.
- •Тақырып 9. Сыртқы сауда субъектілері.
- •Тақырып 10. Тасымалдау және сақтандырудың негізгі мәселелері.
- •Тақырып 11. Шикізат,өндірістік және өндірістік емес тауарлардың, машина,құрал-жабдықтардың экспорты, импорты бойынша сыртқы сауда операциялары.
- •Тақырып 12. Халықаралық лизинг.Факторинг. Сауда- айырбас операцияларын ұйымдастыру.
- •Тақырып 13. Сауда-делдалдық операциялар.
- •Тақырып 14 Сыртқы сауда жарнамасын ұйымдастыру және оның техникасы.
- •Реферат тақырыптары
- •Мазмұны:
Тақырып 10. Тасымалдау және сақтандырудың негізгі мәселелері.
Негізгі транспорттық операциялардың экономикалық мәні. Инкотермс-
жүктерді тасымалдаудың негізгі шарттарының халықаралық тізімі, оның мәні, ролі. Инкотермс шенберінде Е,Ф,С,Д топтарын бөлу. Теңіз тасымалдарын топтастыру: трамптық көлік тасымалы, сызықтық көлік тасымалы, теңіз арқылы контейнерлік тасымалдар. Кемелер фрахтінің халықаралық тәжірибесі.ФОБ шарттарында жүктеу тәртібі. Автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі Конвенция. Халықаралық тасымал кітабын қолдану арқылы жүктерді халықаралық тасымалдаудың Кедендік конвенциясы. Халықаралық темір жол тасымалы туралы Конвенция. Әуе тасымалының дәстүрлі әдістері. Транспорттық-экспедиторлық кәсіпорындардың коммерциялық қызметі. Кедендік тазалау. Жүктеу келісімі және келу келісімі.
Негізгі түсініктер және анықтамалар
Сыртқы нарыққа өткізуге жарамды тауарлар болуы қажетті, бірақ ол
экспорттың тиімділігін жоғарылатуға жеткіліксіз. Ол үшін сыртқы сауда
қызметінің арнайы ұйымы қажет. Ондай ұйым сатылған өнімнің бірлігіне шаққанда ең аз шығын, уақыт, қаржы жұмсап, шығаратын тауарды ең жоғары мөлшерге жеткізуге тиісті. Сондықтан өткізудің жарасымды ұйымын таңдау, оның құрылымын анықтау маңызды стратегиялық мақсат екені анық. Мұндай таңдау критерийлері әр түрлі. Олардың қатарына мына параметрлерді атауға болады:
1. Фирмалардың мөлшері
2. олардың өндірістік мамандандыру ерекшеліктері
3. ұйымдастыру құрылымының принциптік нұсқасы
4. бекітілген басқару нысаны
5. жұмыс жүргізудегі сыртқы жағдайладың көрсеткіштері
6. экспорттық қызметің даму деңгейі
Соңғы екі параметр шетел нарығындағы өткізу операцияларын, олардың ауқымын, ерекшеліктерін, географиялық, өнімдік диверсификациясын сипаттайды. Фирманың экспорттық қызметінің даму деңгейін, сыртқы сауда ұйымының нақты мақсатын, міндеттерін, құрылымын анықтайды. Тікелей экспорттық қызмет атқаратын фирмалар мынадай мақсат қояды:
- тұтынушылармен тікелей байланыс жасау негізінде өз өнімдерін ірі ауқымды көлемде және тұрақты өткізу;
- делдалдардан тәуелсіз болу, оларды кірістіру шығынын азайту;
- өз беделін нығайту, ол үшін жарнаманы күшейту, теңдесі жоқ сенімді сервис ұйымдастыру.
Мұндай фирмалардың күш қуаты, мақсаты, міндеттері, әдетте, техникалық
жағынан күрделі, ғылымды қажет ететін жоғары технологиялы өнімдер өндірісіне шоғырланады. Бұл өндірістер өте жоғары білікті қызмет көрсетуді талап етеді. Аталған фирмаларға өзінің ССА қажет. Ондай аппарат тауар өткізу, сатып алу процесін басқару, ұйымдастыру міндеттерін біріктірген органдар мен қызметтер жүйесі болуы керек. Мақсаттары мен міндеттеріне және экспорттаушының мүмкіндіктеріне сәйкес ССА фирманың ішкі құрылым бөлігі немесе оның дербес қызмет атқаратын бөлімі ретінде құрылады.
Экспорттық бөлімді ұйымдастырудың қарапайым түрі ыңғайлы. Оларға шағын тауармен сырт нарығына кейде ғана шығатын компаниялар сәйкес келеді. Оларды бірге құрылған экспорт бөлімі түрінде түсінуге болады. Олар ұйымдастырылуы жағынан фирманың сату бөліміне бүтіндей тәуелді, құрамында
2-3 қызметкер ғана жұмыс істейді. Мұндай бөлімнің міндеттері мен қызмет ерекшеліктері мыналар:
- экспорттық келісімдер дайындайды, оның орындалуын бақылайды;
- кедендік, сақтандыру, несиелік сияқты құжаттар дайындайды;
- тауар экспортына қажетті құжаттық – техникалық жәрдем жасаумен шектеледі.
Тауарды нақты өткізу операцияларын фирманың халықаралық сауда
делдалдары жүзеге асырады.
Арнайы экспорт бөлімдері экспортқа байланысты барлық операцияларды дербес жүзеге асырады. Ондай тұрақты экспорттық операцияларға өту үшін: жоспарлы-талдау; жарнама-ақпараттық, несие - есеп айырысу; транспорт- коммуникациялық міндеттерін орындауды қанағаттандыру қажет. Бұл міндеттерді сыртқы сауда аппаратының мамандандырылған органдарында ұйымдастырады. Арнайы экспорт бөлімдері өзінің және сауда делдалдарының тауар өткізетін арналарын белсенді пайдаланады. Олар нарық, тапсырыстар, транспорт, жарнама, өткізу салаларын зерттеу сияқты көмекші міндет, қызметтерін күшейте түседі. Ондай зертеулер белгілі тауарлық немесе аймақтық нарықтарға бағытталады. Мұндай тауар өткізу стратегиясын фирманың жоғары басқармасы атқарады
Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:
1 Халықаралық темір жол тасымалы туралы Конвенция. Әуе тасымалының
дәстүрлі әдістері.
2 Транспорттық-экспедиторлық кәсіпорындардың коммерциялық қызметі.
3 Кедендік тазалау. Жүктеу келісімі және келу келісімі.
Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Фирма анықтамалары қандай ақпараттарды қамтиды?
A) фирма реквизиттері
B) қызмет ету сферасы, қызмет көрсету түрлері
C) фирма иелері туралы ақпарат
D) фирма көрсеткіштері
E) барлық жауап дұрыс
2. Аз шығындармен жоғары денгейде тауарлармен қамтамасыз ету, тауар нарығын басқару, өндіру,өткізу, сатудан кейін қызмет көрсету, яғни тауар ағымдарын тиімді басқару әдістерінің жиынтығы- бұл:
A) логистика
B) аренда
C) лизинг
D) франчайзинг
E) барлық жауап дұрыс емес
3. Логистика концепциясының негізін салушы: A) Адам Смит
B) Пьер Казабан
C) Карл Маркс
D) Давид Рикардо
E) барлық жауап дұрыс емес
4. Логистика түрлерін атаңыз: A) өткізу логистикасы
B) өндірістік логистика
C) транспорттық логистика D) ақпараттық логистика E) барлық жауап дұрыс
5. Фирманың экономикалық потенциалын бейнелейтін көрсеткіштерге қандай көрсеткіштер жатады?
A) Фирма активтері жөнінде мәліметтер
B) Фирманың сату көлемі жөнінде мәліметтер C) жалпы және таза пайда жөнінде мәліметтер D) негізгі капитал жөнінде мәліметтер
E) барлық жауап дұрыс
