Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тақырып 11. Шикізат,өндірістік және өндірістік емес тауарлардың, машина,құрал-жабдықтардың экспорты, импорты бойынша сыртқы сауда операциялары.

Халықаралық саудада шикізат тауарларының орны.Шикізаттық бағыттағы

тауар топтарының ерекшеліктері және сипаттамалары.Әлемдік нарықта шикізат және отын саудасының негізгі тенденциялары.Экспорттық-импорттық операциялардың ерекшеліктері.

Бір реткі операциялар және ұзақ мерзімді мәмілелердің дамуы. Фирмаішілік сауда. Шикізат тауарларымен сыртқы сауда операцияларын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары: ұлттық және халықаралық тәжірибе.Өндірістік тауарлыр.Сауда ерекшеліктері, тауар келісімдері. Өндірістік тауарларды сатып алу схемасы. Тұтыну тауарлары, бағаларды тағайындау әдістері. Қазіргі жағдайларда ҒТП әсерінен машина, құрал жабдықтар нарығында болған ірі өзгерістер.

Негізгі түсініктер және анықтамалар

Сыртқы сауда қызметін жүргізу барысында көп мөлшердегі көмекші

операциялар жүргізіледі. Олар:

- сатушыдан сатып алушыға дейінгі тауардың қозғалысын қамтамасыз ету;

- сыртқы саудалық әр түрлі қызмет көрсетулерді транспорттық, сақтандыру, банктік секілді қызметтерді орындайды;

- төлем есеп айырысу операцияларын орындайды;

- кедендік бақылаудан өту рәсімділіктерін орындайды;

- сыртқы сауда, валюта-қаржылық нарықтардың коньюктурасы туралы

коммерциялық ақппарттарды зерттейді.

Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың СЭҚ-тегі барлық негізгі элементтерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

4. өндірістік-шаруашылық.

5. ұйымдастыру-экономикалық

6. ағымдағы коммерциялық.

Бірінші сыртқы экономикалық міндеттердің өндіріс-шаруашылық элементтері құрамына мыналар кіреді:

- экспорттық өнім бойынша ізденіс, зерттеу жүргізу;

- экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау;

- экспорттық өндіріске қажетті техникалық-экономикалық параметрлерді және

қойылатын талаптарды қамтамасыз ету;

- ішкі өндірістік ресурстарды жобалау;

- материалдық ресурстар көздерін анықтау;

- экспорттық өнімді өндіру

Жалпы сыртқы экономикалық байланыста кәсіпорындар белгілі мақсатқа жету үшін осы кешенді зерттеулерді жүргізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Айталық, ішкі өндірістік ресурстардың өзгермелі динамикасын жобалайды; экспорттаушы кәсіпорындардың қызметінің сыртқы ахуалын зерттейді; жалпы транспорттық, сақтау, қаржылық және басқалай қызметтердің нарықтағы өзгерісін; тауардың бәсекелік қабілетін бағалайды. Мұндай талдаулар тауардың бәсекелік қабілетін көтеру, шығындарға баға беру мақсатында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Шетелдік тауар нарықтары, потенциалды сатып алушылар, бәсекелестер туралы ақпараттар жинақтау, талдау жасаудың негізі болады.

Екіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ұйымдастыру-экономикалық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

- сыртқы нарықтарды маркетингалық тұрғыдан зерттеу;

- экспорттық нарықтың конъюктурасына талдау жасау;

- шетелдік әріптестер іздеу;

- шетелдік әріптестердің нарықтарындағы жұмыс жағдайын зерттеу;

- сыртқы нарықтағы жұмыстың нысандары мен әдіс-амалын таңдау;

- сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету;

- сыртқы сауда жарнамаларын ұйымдастыру;

- сыртқы сауда операцияларын жоспарлау;

- делдалдарды қызметке кірістіру.

Бұл іс-қимылдың мақсаты – мемлекеттен белгіленген тәртіп шеңберінде экспорттық өнімді шетелдік әріптестерге сатып өткізуді көздейді. Бұл процесс ел ішінде арнайы белгіленген тәртіптерден өтуден бастап, сыртық саудалық мәміле бойынша тауарды тікелей сатып өткізгенге дейін жалғасатын белгілі сатыларды қамтиды. Оған мыналар жатады:

- сыртқы сауда қызметті мемлекетпен реттеуде механизмдермен танысады:

нормативтік-техникалық құжаттарды, заңдылық актілерді пайдаланады;

- өкілеттілік берілген банкіге валюталық есеп айырысатын құжат есеп шот ашады;

- жалпы саудаға қатысты құжаттарды тексеретін және тіркейтін мемлекеттік

органдардың жүйесімен танысады;

- сыртық нарықтың коньюктурасына маркетингілік баға береді, бәсекелік көрсеткіштерді дайындайды;

- контрактының жобасын жасайды, оның коммерциялық, валюта-қаржылық шарттары жөнінде келісімге келеді.

Үшіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ағымдағы коммерциялық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

- мәмілелердің түрін таңдау (тауар, жұмыстар, қызмет көрсету);

- мәмілелердің типін таңдау (сату-сатып алу, арендалық, өтемдік);

- сыртқы сауда операцияларын дайындау (әріптестермен байланыс жасау, экспорттық бағаның есебін жасау, келіссөздер жүргізу, контрактының жобасын жасау, мәмілелердің шартты жағдайы туралы келісімге келу);

- контрактының шарты жағдайларын анықтау (жеткізудің базалық шартты жағдайлары, жеткізу жолдары, тасымалдау түрлері, есеп айырысу шарттары, төлем амалдары, баға өзгерісін реттеу малдары, баға валюталары, валюталық қорғану туралы ескертулер, банктік кепілдемелер).

Бұл көрсетілген барлық операциялардың нәтижесінде контрактыға қол

қойылады, оны жүзеге асыру жұмысы басталады. Сосын, СЭҚ-тің үшінші топтағы міндеттер бойынша кәсіпорындардың сыртық саудалық мәмілелер мен оған қосымша барлық көмекші құжаттарды дайындау, сонан соң оларды орындау қызметіне кіріседі.

СЭҚ дегеніміз елдер арасында материалдық, қаржылық және интеллектуалдық ресурстарды қолданудағы әртүрлі бағыттарын айтамыз. Сондықтан СЭҚ мемлекеттің араласуы дәстүрге айналған және мемлекеттің реттеу қажеттілігі қажет. СЭҚ реттеуді мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатпен анықтайды. СЭҚ-тің объектісіне мыналар жатады:

- халықаралық саудадағы тауарлар мен қызмет көрсетулер;

- әр түрлі фирмалардағы капиталдардың халықаралық қозғалысы;

- өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-техникалық тағы басқа байланыстар;

- интеллектуалдық меншікті айырбастау;

- қаржы-несиелік ресурстарды халықаралық деңгейде пайдалану. СЭҚ басқарудың келесідей мақсаттарын атауға болады:

СЭҚ басқару, ұйымдастырудың теориялық негіздерін, принциптерін,

ерекшеліктерін көрсету;

СЭҚ басқару, ұйымдастырудың маңызды механизмдерін және әдіс амалдарын меңгеру;

СЭҚ нақты түрлерін ұғыну, мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибесімен, халықаралық саудадағы реттеу принциптері және құралдарымен танысу;

дамыған елдердің экспорттық қызметінің тәжірибесімен танысу;

халықаралық коммерциялық мәмілелерді дайындау принциптерін ұғыну, әдістерін меңгеру;

сыртқы саудалық сатып алу сату контрактыларын дайындау принциптерін ұғыну.

Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:

1 Өндірістік тауарларды сатып алу схемасы.

2 Тұтыну тауарлары, бағаларды тағайындау әдістері.

3 Қазіргі жағдайларда ҒТП әсерінен машина, құрал жабдықтар нарығында болған ірі өзгерістер.

Тақырып бойынша тест сұрақтары:

1.Фирманың қаржылық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштерге қандай

көрсеткіштер жатады?

A) Фирманың қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

B) Фирманың төлем қабілеттілік коэффициенті

C) Фирманың өтімділік коэффициенті

D) Фирманың жабу коэффициенті

E) барлық жауап дұрыс

2. Сыртқы сауда қызметі қандай кезендерді қамтиды? A) мәмілені дайындау

B) мәмілеге қол қою

C) міндеттемелерді орындау

D) барлық жауап дұрыс

E) барлық жауап дұрыс емес

3.Тауар ішкі немесе сыртқы сауда нарығында сатылуына байланысты бағалар қандай түрге бөлінеді?

A) ішкі және экспорттық бағалар

B) мәмілелік, анықтамалық бағалар

C) биржалық котировкалар

D) анықтамалық бағалар

E) ұсыныс бағалары

4. Тауар биржаларында саудасы жүзеге асырылатын тауар бағалары бұл: A) ішкі және экспорттық бағалар

B) мәмілелік, анықтамалық бағалар

C) биржалық котировкалар

D) анықтамалық бағалар

E) ұсыныс бағалары

5 Тауар сапасын анықтайтын және оны растайтын құжат-бұл: A) сапа сертификаты

B) сапа лицензиясы

C) сапа көрсеткіші

D) сапа анықтамасы

E) барлық жауап дұрыс емес