Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тақырып 9. Сыртқы сауда субъектілері.

Халықаралық саудадағы контрагенттер.Контрагенттер категориялары.

Фирмалар.Шаруашылық қызметі бойынша және орындайтын операция түрлері бойынша фирмалардың топтастырылуы: өнеркәсіптік, сауда, транспорттық- экспедиторлық, инжинирингтік, туристік,арендалық, жарнамалық.Халықаралық фирмалар және олардың ерекшеліктері.Монополиялық бірлестіктер, олардың қызмет мақсаты,түрлері: трест,концерн, картель, синдикат. Құқықтық жағдайы бойынша фирмаларды топтастыру: кәсіпкерлер бірлестігі, бір тұлғалы кәсіпорындар: толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар. Меншік сипаты бойынша фирмаларды топтастыру: жеке, мемлекеттік, кооперативті. Капитал иелігі бойынша фирмаларды топтастыру: ұлттық, шетелдік, аралас.Сыртқы нарыққа шығуға құқық алған мемлекеттік органдар және ұйымдар. БҰҰ жүйесінің халықаралық экономикалық ұйымдары.Әріптесті таңдау, фирмалар жөнінде ақпарат көзі. Фирма-әріптесті зерттеу.Іскерлік сипаттамасы, мазмұны.

Негізгі түсініктер және анықтамалар

Сыртқы сауда операцияларын барынша дамытып кеңейту арнайы экспорттық

бөлімдерді өткізу салаларымен толықтыруды қажет етеді. Фирма тауар өткізуді өзінің бақылауындағы өткізу салаларына тапсырады. Олар өздерінің ораналасқан жеріне қарамай кәдімгі сауда агенттерінің қызметін атқарады. Агенттік қатынастар шеңберінде тауар өткізуді ұзақ мерзімді, тұрақты болдырту үшін өндіруші мен сатушы күш біріктіреді:

біріншіден, фирма - өндіруші жедел байланыс жүйесі арқылы тауар өткізу барысы,

жарнама туралы, тұтынушылар тілегі, сұраныстың өзгеру мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тұрақты алып отырады;

екіншіден, фирма-сатушы өндірушінің қызметіндегі өндірістік-техникалық

өгерістерге тұрақты назар аударады, тауар модельдерін дамыту бағыты жөнінде

кеңес береді, қажетті техникалық қызмет көрсету бағыт-бағдарын толықтырып отырады.

Ірі экспорттаушылар белгілі тауарлық немесе географиялық ұйымдар бағытына қарай еншілес компаниялар ұйымдастырады. Мұндай процесс өткізу және өндіретін тауарларының табиғи ерекшеліктеріне байланысты болады. Өткізудің мұндай түрін таңдау мынадай себептерге байланысты:

1. өткізу компаниясы өндіруші фирмамен келіскен баға бойынша тауар өткізуді

жүзеге асырады.

2. шетелде өзінің тауарды өткізу жолдары болатын болса, фирма экспорттық маркетинг программасын мынадай тізбек бойынша жүргізеді: жобалау - өндіру - өткізу – қызмет көрсету.

Экспорттық базасы орналасқан елдегі тауар экспорттаудан өнеркәсіптік қызмет атқаруға кейде компанияның бағытын өзгертеді. Бұл көбінесе өнімді шетелдік нарыққа шығаруға болатын шекараға жақын орналасқан, компанияның өз бақылауындағы өндіріс орындарына сай келеді. Осындай жағдайда халықаралық монополия қалыптасады. Оның ерекшеліктері келесідей:

- өнім өндіру, өткізуді интернационалдық түрде ұйымдастырады;

- өнеркәсіп тауарлары, ғылыми-техникалық білім, шикізат, отын, қызмет көрсету экспортындағы озаттар болып саналады.

Монополиялардың сыртқы сауда аппараты шетелдегі және экспорттық

базасы орналасқан өткізу бөлімдерін, экспортқа қызмет жасайтын экспорттық еншілес компаниялар мен салаларды, шетелдердегі өткізуші еншілес компаниялар мен салаларды, шетелдік операциялардың барлық кешенін басқаратын халықаралық бөлімдерін өзіне қамтиды. Компаниялар шетелде 5-6 салалы болған жағдайда ғана халықаралық бөлімдер құрылады.

Халықаралық бөлімдер мынадай міндет атқарады:

1. ССА қызметін, оны дамытудың жалпы бағыттарын және мақсаттарын анықтайды;

2. осы мақсатқа жету үшін құралдарын және әдіс-амалдарын белгілейді;

3. өз шешімдерінің орындалуын бақылайды;

4. аппарат қызметінің басым бағыттар жүйесіне өзгерулер енгізеді.

Негізі монополиялар корпорациялар қызметін басқаруда стратегиялық

жоспар негізінде кешенді қаржылық бақылау жасауды нығайту керек. Сондықтан, стратегиялық коммерциялық орталықтар (СКО) құрылады. Олардың мақсаттары мен қызмет ерекшеліктері келесідей:

- мақсаты – фирманың стратегиялық жоспарын жасайды, оны іске асырады;

- орталық компаниялардың ұйымдастыру қызметін күшейтуге жағдай туғызады;

- СКО шаруашылық тұрғысынан қарағанда дербес сипатта болады.

СКО нарықтың белгілі сегментін көздеген өндіріс - өткізу салалары негізінде қалыптасады. Жоспар бойынша компанияның сыртқы айналымындағы нарықтық өзгерістерге назар аударады. Онда өз ресурстарын тактикалық тұрғыдан қайта бөлу жолдарын көздейді. Фирманың стратегиялық жоспары шеңберінде оны жүзеге асырудың нақты құралдарын таңдауда СКО-ға кең өкілеттілік беріледі.

Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:

1 Сыртқы нарыққа шығуға құқық алған мемлекеттік органдар және ұйымдар. БҰҰ

жүйесінің халықаралық экономикалық ұйымдары.

2 Әріптесті таңдау, фирмалар жөнінде ақпарат көзі. Фирма-әріптесті

зерттеу.Іскерлік сипаттамасы, мазмұны.

Тақырып бойынша тест сұрақтары:

1. Халықаралық саудадағы контрагенттер- бұл:

A) тауарларды сату-сатып алу немесе қызмет көрсету бойынша келісім қатынастарында болатын жақтар

B) шаруашылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар

C) халық

D) мемлекет

E) барлық жауап дұрыс емес

2. Шаруашылық қызметтің және жүргізілетін операциялардың сипаты бойынша фирма-контрагенттер қандай түрлерге бөлінеді ?

A) өнеркәсіптік

B) саудалық

C) транспорттық,

D) сақтандыру, инжинирингтік

E) барлық жауап дұрыс

3. Меншік сипаты бойынша фирма-контрагенттер қандай түрлерге бөлінеді ? A) жеке

B) мемлекеттік

C) кооперативтік

D) барлық жауап дұрыс

E) барлық жауап дұрыс емес

4. Капитал иелігі бойынша фирма-контрагенттер қандай түрлерге бөлінеді ? A) ұлттық

B) шетелдік

C) аралас

D) барлық жауап дұрыс

E) барлық жауап дұрыс емес

5. Фирма-әріптесті таңдаған кезде олардың қызметінің әр түрлі аспектілерін зерттеу қажет.Оларға келесі аспектілер жатады:

A) технологиялық- фирма өнімінің техникалық денгейін, фирманың технологиялық базасын және өндірістік мүмкіндіктерін зерттеу

B) ғылыми-техникалық- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық

жұмыстарды ұйымдастыру

C) ұйымдық- фирманы басқару құрылымын зерттеу

D) экономикалық- фирманың қаржылық жағдайын және мүмкіндіктерін бағалау

E) барлық жауап дұрыс