- •Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметті реформалаудың мақсаттары және міндеттері.
- •Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметті басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері.
- •Тақырып 3. Сыртқы сауданы реттеу.
- •Тақырып 4. Шетел инвестициялары бар кәсіпорындар қызметін реттеу.
- •Тақырып 5. Әлем және тмд елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
- •1996 Жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі шартына сәйкес
- •Тақырып 6. Негізгі коммерциялық операциялар.
- •Тақырып 8. Мәміле- сыртқы саудадағы негізгі құжат.
- •Тақырып 9. Сыртқы сауда субъектілері.
- •Тақырып 10. Тасымалдау және сақтандырудың негізгі мәселелері.
- •Тақырып 11. Шикізат,өндірістік және өндірістік емес тауарлардың, машина,құрал-жабдықтардың экспорты, импорты бойынша сыртқы сауда операциялары.
- •Тақырып 12. Халықаралық лизинг.Факторинг. Сауда- айырбас операцияларын ұйымдастыру.
- •Тақырып 13. Сауда-делдалдық операциялар.
- •Тақырып 14 Сыртқы сауда жарнамасын ұйымдастыру және оның техникасы.
- •Реферат тақырыптары
- •Мазмұны:
Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметті басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері.
Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырудың институционалды жүйесі.
Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік басқару органдарының
жүйесі. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу және басқаруда жергілікті басқару органдарының функциялары.Министрлер кеңесі, ҚР-ның Үкіметінің сыртқы экономикалық қызметті реттеу және басқаруда атқаратын ролі Мемлекеттік Кеден комитеті, Орталық Банк, Монополияға қарсы саясат бойынша Мемлекеттік Комитет, сауда-өндірістік палата. Шетелде сауда аппаратын ұйымдастыру. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
Негізгі түсініктер және анықтамалар
Сыртқы сауда қызметін жүргізу барысында көп мөлшердегі көмекші
операциялар жүргізіледі. Олар:
- сатушыдан сатып алушыға дейінгі тауардың қозғалысын қамтамасыз ету;
- сыртқы саудалық әр түрлі қызмет көрсетулерді транспорттық, сақтандыру, банктік секілді қызметтерді орындайды;
- төлем есеп айырысу операцияларын орындайды;
- кедендік бақылаудан өту рәсімділіктерін орындайды;
- сыртқы сауда, валюта-қаржылық нарықтардың коньюктурасы туралы коммерциялық ақппарттарды зерттейді.
Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың СЭҚ-тегі барлық негізгі
элементтерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады:
1. өндірістік-шаруашылық.
2. ұйымдастыру-экономикалық
3. ағымдағы коммерциялық.
Бірінші сыртқы экономикалық міндеттердің өндіріс-шаруашылық элементтері құрамына мыналар кіреді:
- экспорттық өнім бойынша ізденіс, зерттеу жүргізу;
- экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау;
- экспорттық өндіріске қажетті техникалық-экономикалық параметрлерді және
қойылатын талаптарды қамтамасыз ету;
- ішкі өндірістік ресурстарды жобалау;
- материалдық ресурстар көздерін анықтау;
- экспорттық өнімді өндіру
Жалпы сыртқы экономикалық байланыста кәсіпорындар белгілі мақсатқа жету үшін осы кешенді зерттеулерді жүргізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Айталық, ішкі өндірістік ресурстардың өзгермелі динамикасын жобалайды; экспорттаушы кәсіпорындардың қызметінің сыртқы ахуалын зерттейді; жалпы транспорттық, сақтау, қаржылық және басқалай қызметтердің нарықтағы өзгерісін; тауардың бәсекелік қабілетін бағалайды. Мұндай талдаулар тауардың бәсекелік қабілетін көтеру, шығындарға баға беру мақсатында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Шетелдік тауар нарықтары, потенциалды сатып алушылар, бәсекелестер туралы ақпараттар жинақтау, талдау жасаудың негізі болады.
Екіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ұйымдастыру-экономикалық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:
- сыртқы нарықтарды маркетингалық тұрғыдан зерттеу;
- экспорттық нарықтың конъюктурасына талдау жасау;
- шетелдік әріптестер іздеу;
- шетелдік әріптестердің нарықтарындағы жұмыс жағдайын зерттеу;
- сыртқы нарықтағы жұмыстың нысандары мен әдіс-амалын таңдау;
- сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету;
- сыртқы сауда жарнамаларын ұйымдастыру;
- сыртқы сауда операцияларын жоспарлау;
- делдалдарды қызметке кірістіру.
Бұл іс-қимылдың мақсаты – мемлекеттен белгіленген тәртіп шеңберінде экспорттық өнімді шетелдік әріптестерге сатып өткізуді көздейді. Бұл процесс ел ішінде арнайы белгіленген тәртіптерден өтуден бастап, сыртық саудалық мәміле бойынша тауарды тікелей сатып өткізгенге дейін жалғасатын белгілі сатыларды қамтиды. Оған мыналар жатады:
- сыртқы сауда қызметті мемлекетпен реттеуде механизмдермен танысады:
нормативтік-техникалық құжаттарды, заңдылық актілерді пайдаланады;
- өкілеттілік берілген банкіге валюталық есеп айырысатын құжат есеп шот ашады;
- жалпы саудаға қатысты құжаттарды тексеретін және тіркейтін мемлекеттік органдардың жүйесімен танысады;
- сыртық нарықтың коньюктурасына маркетингілік баға береді, бәсекелік
көрсеткіштерді дайындайды;
- контрактының жобасын жасайды, оның коммерциялық, валюта-қаржылық шарттары жөнінде келісімге келеді.
Үшіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ағымдағы коммерциялық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:
- мәмілелердің түрін таңдау (тауар, жұмыстар, қызмет көрсету);
- мәмілелердің типін таңдау (сату-сатып алу, арендалық, өтемдік);
- сыртқы сауда операцияларын дайындау (әріптестермен байланыс жасау, экспорттық бағаның есебін жасау, келіссөздер жүргізу, контрактының жобасын жасау, мәмілелердің шартты жағдайы туралы келісімге келу);
- контрактының шарты жағдайларын анықтау (жеткізудің базалық шартты жағдайлары, жеткізу жолдары, тасымалдау түрлері, есеп айырысу шарттары, төлем амалдары, баға өзгерісін реттеу малдары, баға валюталары, валюталық қорғану туралы ескертулер, банктік кепілдемелер).
Бұл көрсетілген барлық операциялардың нәтижесінде контрактыға қол
қойылады, оны жүзеге асыру жұмысы басталады. Сосын, СЭҚ-тің үшінші топтағы міндеттер бойынша кәсіпорындардың сыртық саудалық мәмілелер мен оған қосымша барлық көмекші құжаттарды дайындау, сонан соң оларды орындау қызметіне кіріседі.
Жалпы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы субъектілерді мына түрде жіктеуге болады:
1. СЭҚ-тің бейіні (профилі) бойынша.
2. Сыртқы сауда операцияларының сипаттары бойынша.
3. ұйымдастыру-құқықтық нысандары бойынша.
СЭҚ-тің бейіні бойынша қатысушыларды мына топтарға бөліп қарастыруға болады:
1. Өндірушілер-экспорттаушылар (делдалсыз). Олар: өндірістік
бірлестіктер, консорциумдар, транспорттық компаниялар, бірлескен кәсіпорындар және өндірістік кооперативтер (шекаралық сауда аймақтарында).
2. Делдалдық ұйымдар. Оларға: ҚР- сы СЭҚ-ті басқару, реттеуге
байланысты қызмет атқаратын министрліктердің сыртқы экономикалық ұйымдары; салалық сыртқы экономикалық ұйымдар; аралас қоғамдастықтар және сауда үйлері.
3. Демеуші ұйымдар – сыртқы экономикалық ынтымақтастық
ассоциациясы, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, министрліктердің маманданған сыртқы экономикалық ұйымдары, ҚР-сы сауда өнеркәсіп палатасы, өкілеттілік берліген банктер.
Сыртқы сауда операцияларының сипаттары бойынша СЭҚ-ке қатысушыларды мына топтарға бөлуге болады:
1. экспорттаушылар
2. импорттаушылар
3. мамандандырылған делдалдар (кедендік брокерлер, комиссионерлер, агенттер). Ұйымдастыру – құқықтық нысандары бойынша СЭҚ-ке қатысушыларды мына топтарға бөлуге болады:
1.Коммерциялық ұйымдар. Оларға шаруашылық серіктестіктері (жауапкершіліг шектеулі қоғамдастықтар, акционерлік қоғамдар); өндірістік кооперативтер; мемлекеттік біртұтас кәсіпорындар (толық шаруашылық жүргізуге құқылы кәсіпорындар, қазыналық кәсіпорындар).
2. Коммерциялық емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар, тұтыну
кооперативтері, бірлестіктер (ассоциациялар, одақтар).
СЭҚ –тің субъектілері ішінде сыртқы нарықта делдалсыз қызмет атқаратын өнеркәсіп кешендерін ерекше атауға болады. Оларға экспорттық өнімдер шығаратын, әртүрлі қызмет көрсететін өндірістік кәсіпорындар, бірлестіктер, кооперативтер, консорциумдар жатады
Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:
1 Шетелде сауда аппаратын ұйымдастыру.
2 Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік басқару органдарының
жүйесі.
Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Әр елдерде орналасқан екі немесе бірнеше жақтар арасында (коммерциялық
кәсіпорындар, фирмалар), тауарды жеткізу немесе белгілі бір қызмет көрсету бойынша шарттары белгіленген келісім- бұл:
A) халықаралық сауда мәмілесі
B) халықаралық лизинг
C) арендалық келісім
D) сыртқы экономикалық кешен
E) реимпорттық операциялар
2. Консультациялық инжиниринг-бұл:
A) объектілерді жобалау, құрылыс жобасын жасау кезінде атқарылған жұмыстарды бақылау кезінде интеллектуалды қызметтермен байланысты
B) объект құрылысына және эксплуатациясына қажетті технологияны жеткізу
C) құрал-жабдықтар, техниканы жеткізу, монтаждау,инженерлік қызметтер көрсету
D) техникалық құжаттермен қамтамасыз ету, есептемелер жасау, сызбалар
дайындау
E) барлық жауап дұрыс емес
3. Фирма-әріптесті таңдаған кезде олардың қызметінің әр түрлі аспектілерін зерттеу қажет.Оларға келесі аспектілер жатады:
A) технологиялық- фирма өнімінің техникалық денгейін, фирманың
технологиялық базасын және өндірістік мүмкіндіктерін зерттеу
B) ғылыми-техникалық- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру
C) ұйымдық- фирманы басқару құрылымын зерттеу
D) экономикалық- фирманың қаржылық жағдайын және мүмкіндіктерін бағалау
E) барлық жауап дұрыс
4. Фирма туралы ақпарат қамтитын көздерге не жатады?
A) фирма анықтамалары
B) фирма басылымдары (жылдық есептемелер, каталогтар,жарнамалық басылымдар)
C) арнайы ақпараттық компаниялардың басылымдары
D) банк анықтамалары
E) барлық жауап дұрыс
5. Сыртқы экономикалық ұйымдарда фирмаларды зерттеу бойынша оперативті-
коммерциялық жұмыс мыналарды қамтиды:
A) фирма туралы мәліметтер жинақтау
B) фирманың қызметіне ағымдық бақылау жасау
C) жаңа контрагент-фирмалар іздеу
D) тауар нарықтарының құрылымын зерттеу
E) барлық жауап дұрыс
