- •Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметті реформалаудың мақсаттары және міндеттері.
- •Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметті басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері.
- •Тақырып 3. Сыртқы сауданы реттеу.
- •Тақырып 4. Шетел инвестициялары бар кәсіпорындар қызметін реттеу.
- •Тақырып 5. Әлем және тмд елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
- •1996 Жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі шартына сәйкес
- •Тақырып 6. Негізгі коммерциялық операциялар.
- •Тақырып 8. Мәміле- сыртқы саудадағы негізгі құжат.
- •Тақырып 9. Сыртқы сауда субъектілері.
- •Тақырып 10. Тасымалдау және сақтандырудың негізгі мәселелері.
- •Тақырып 11. Шикізат,өндірістік және өндірістік емес тауарлардың, машина,құрал-жабдықтардың экспорты, импорты бойынша сыртқы сауда операциялары.
- •Тақырып 12. Халықаралық лизинг.Факторинг. Сауда- айырбас операцияларын ұйымдастыру.
- •Тақырып 13. Сауда-делдалдық операциялар.
- •Тақырып 14 Сыртқы сауда жарнамасын ұйымдастыру және оның техникасы.
- •Реферат тақырыптары
- •Мазмұны:
Тақырып 6. Негізгі коммерциялық операциялар.
Материалды-заттай формада тауарларды сату-сатып алу мәмілелері.
"Сыртқы сауда операциясы" түсінігін сипаттау. Сыртқы сауда операцияларының түрлері.Сыртқы сауда мәмілесі, оның белгілері. Халықаралық сауда тәжірибесінде коммерциялық операцияларды жүзеге асыру әдістері. Сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қызмет. Реэкспорттық жағдайлардың пайда болуының коммерциялық тәжірибесі. Халықаралық сауда айналымын қамтамасыз ететін операциялар.(транспорттық, транспорттық-экспедиторлық, сақтандыру, халықаралық есептесулер). "Қарама қарсы" мәміле түсінігі. Халықаралық тәжірибедегі қарама қарсы мәмілелерді топтастыру. Халықаралық компенсациялық мәміле түрлері. Валютасыз негіздегі тауар айырбастау операциялары және компенсациялық мәмілелер: бір жеткізілімі бар мәмілелер (бартерлік мәмілелер, тікелей компенсация) және ұзақ мерзімді орындалуы бар мәмілелер (базалық келісімдер, хат міндеттеме негізінде тауар айырбастау келісімдері, тауар айырбастау хаттамалары). Коммерциялық негіздегі компенсациялық мәмілелер: қысқа мерзімді компенсациялық келісімдер
(жартылай компенсация, толық компенсация,үш жақты компенсация); қарама қарсы сатып алулар (параллельді келісімдер, джентельмендік келісім, қаржы міндеттемелерін беру келісімі), аванстық сатып алулар. Өндірістік әріптестік туралы келісімдер негізінде компенсациялық келісімдер: тауарларды кері са тып алу бойынша ірі масштабты ұзақ мерзімді компенсациялық келісімдер, өнімді бөлу туралы мәмілелер, "даму-импорт" мәмілелері.
Қызметтерді сату сатып алу мәмілелері.Өндірістік техникалық қызмет көрсету
бойынша мәмілелер.Арендалық мәмілелер: қаржылық жедел лизинг. Туристік қызметтер: инклюзив тур, пэкидж тур.Эспорттық операциялар.Мазмұны және экономикалық мәні.Реимпорттық операция шарттары, жүзеге асыру техникасы. Коммерциялық операциялардың негізгі түрлері:материалды-заттай формада тауарлар айырбасы (коммерциялық экспорт және импорт), ғылыми-техникалық білімдер айырбасы (патент, лицензия, ноу-хау), ғылыми-техникалық қызметтер айырбасы (консультациялық, құрылыс, инжиниринг).
Негізгі түсініктер және анықтамалар
Сыртқы сауда делдалдық операция дегеніміз өндіруші экспорттаушының
тапсырмасы бойынша оған тәуелсіз сауда делдалы арасында жасалатын келісімдер немесе жеке тапсырмалар негізінде орындалатын тауар сатып алу-сатуға байланысты операциялар. Сауда делдалдығы өзінің экономикалық мағынасында кең ұғымды көрсетеді. Сауда делдалдарының қызмет көрсету түрлері мынадай:
- шетелдік контрагенттер іздестіру;
- өз атынан, бірақ басқаның есебінен тауарлар сатып алу және сату, яғни
комиссиялық сауда жасау;
- екі жақтарға несие беру;
- сатып алушыға тауар құнын төлейтін кепілдеме беру;
- транспорттық және сақтандыру компанияларымен контрактілер жасау;
- төлем операцияларында делдалдық жасау;
- құжат айналымдарын ұйымдастыру;
- кедендік рәсімділіктерді орындау;
- сату алдында тауарды өңдеу, оның бәсекелік қабілетін жақсарту;
- арбитраждық сотта өкілеттік жасау.
Осы аталған қызмет көрсетулерді жүзеге асыру үшін білікті мамандармен, тауар өткізетін топтармен және сервистік тораптармен қамтамасыз етілуі керек.
Сауда делдалдарын саудаға тарту сыртқы сауда операцияларының тиімділігін
жоғарылату мақсатын көздейді. Бұл капитал айналымын тездету, коньюнктураны іскерлікпен пайдалану, саудадағы барлық қажетті қызмет көрсетулермен қанағаттандыру арқылы жүзеге асырады. Сауда делдалдарын пайдаланудың артықшылықтары келесідей:
1. экспорттаушы фирма импорттаушы елдің территориясында өткізу тораптарын ұйымдастыруға көп қаржы жұмсамайды. Өйткені сауда-делдалдық фирмалардың өздерінің материалдық-техникалық базаларының (қоймалар, көрмелік залдар, жөндеу шеберханалары), бөлшек сауда дүкендері бар.
2. экспорттаушы тауар өткізуге байланысты тауарды импорттаушы елге жеткізу, сорттарға бөлу, маркілеу, ассортимент бойынша іріктеу, жергілікті нарық талабына сәйкестендіру сияқты көптеген жұмыстардан босайды;
3. қысқа және орта мерзімдік несиелеу негізінде мәмілелерді қаржылау үшін сауда-делдалдық фирмалардың капиталын пайдаланады,.Мұнда сауда делдалдық фирмалардың банктерімен, транспорттық және сақтандыру компаниялармен тұрақты болады және іскерлік байланыстарының маңыздылығы зор.
Жалпы сауда компанияларын мамандандырылған және әмбебаптық деп бөлеміз. Әмбебаптық түрдегі сауда компаниясы сауда үйлері нысанында жүреді. Сауда үйлері – бұл әр жақты қызмет атқаратын ірі, көп профильді сауда фирмалары. Олар өндіріспен, банктермен, сауда делдалдарымен тығыз байланыста болады. Негізі сауда үйлерінің қызмет бағыттарына мыналар жатады:
- өз атынан, көп жағдайда өз есебінен кең көлемде тауар номенклатурасы бойынша
экспорттық-импорттық тауар алмастырады, басқа да сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырады;
- өз елінде, шетелде жұмыс жасайтын, жаңадан іске қосылатын өндірістік және
өткізу инфрақұрылымдарға өз қаржысынан инвестициялайды;
- несиелейді, жалға береді;
- кеңес беру, қаржыландыру, делдалдық салаларда өз елінде, шетелде қызмет
көрсетеді.
Сауда үйлері дегеніміз – тауарлар, қызмет көрсетулердің экспорттық- импорттық операцияларын жүзеге асыратын, өндірістің халықаралық кооперациясын, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыратын, несие- қаржы операцияларын, сыртқы экономикалық байланыстардың басқа да нысандарына қатысатын сыртқы сауда ұйымның үлгісі болып табылады.
Қазіргі таңда сатушыларды соңғы тұтынушыларға жоғары мөлшерде
жақындатуды көздейтін сауданың жаңа нысандары дамуда. Олар супермаркеттер, әмбебаптық магазиндер арқылы қызмет жасайтын әмбебаптық сауда үйлері жатады.
Жапонияның сыртқы саудадағы озат табыстары бүкіл әлемде назар аударуға түрткі болуда. Жапония сауда монополияларының қызмет ауқымын, олардың ерекшеліктерін мынадай көрсеткіштермен сипаттауға болады:
1.олардың сауда монополиялары өздерінің қуаттылық деңгейі, тауар айналымындағы үстемдік дәрежесі, қызмет ерекшеліктері жағынан сауда- делдалдық фирмалар туралы ұғымдар шеңберінен асып түседі. Опеациялар ауқымы бойынша бүкіл әлемдік сауда компаниялары ішінде олардың теңдесі жоқ.
2.Жапонияның аса ірі сауда компанияларының үлесіне елдің көтерме саудасының төрттен бірі, экспорттық-импорттық саудасының жартысынан артығы келеді. Осы сауда компанияларының сату сомасы жалпы ұлттық өнімнің 30 пайызын құрайды.
3.сауда үйлері кадралар жағынан да ерекше. Олар қызмет жасаушыларды үміткерлерден таңдайды. Мамандандыру процесінде әркімнің неге бейімділігін анықтайды. Коммерциялық және талдау жұмыстары операцияларының барысында оларды зерттейді, яғни сол арқылы олардың жұмыс орындарын таңдайды.
Жапония сауда монополиялары дамуының мынадай тенденцияларын атап кетуге болады:
- тауарлық бөлімдер саны көбейе түсуде;
- сауда қызметіне басқа елдер тәжірибесін кеңінен игеру;
- тауарды таратушы торабын құру;
- инвестициялауды белсенді жүргізу. ұру;
- инвестициялауды белсенді жүргізу.
Жапония сауда үйлері іс жүзінде сыртқы экономикалық байланыстың барлық саласына, шетел кәсіпкерлік істеріне қатысады. Олар мына бағыттарда жұмыс жасайды:
- шикізат көздерін табу, оларды игеру ісінде шетелдік кәсіпкерлерге демеу көрсетеді;
- шетелдік объектілерді салу құрылысына бас мердігер ретінде қатысады;
- лицензияланған келісімдерге капитал енгізеді;
- өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, туризм салаларында кәсіпорындар ұйымдасытарды.
Көбінесе ірі жобаларды жүзеге асыру үшін сауда монополиялары консорциум компаниясын құрады. Консорциумның көмегімен Жапония капиталды мұнай, газ,
уран, рудалар, түсті және қара металдар өндіруге және өткізуге қол жеткізеді.
Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:
1.Өндірістік әріптестік туралы келісімдер негізінде компенсациялық келісімдер:
тауарларды кері сатып алу бойынша ірі масштабты ұзақ мерзімді компенсациялық келісімдер, өнімді бөлу туралы мәмілелер, "даму-импорт" мәмілелері.
2.Қызметтерді сату сатып алу мәмілелері.Өндірістік техникалық қызмет көрсету бойынша мәмілелер.Арендалық мәмілелер: қаржылық жедел лизинг.
3.Туристік қызметтер: инклюзив тур, пэкидж тур.Эспорттық операциялар.Мазмұны және экономикалық мәні.Реимпорттық операция шарттары,
жүзеге асыру техникасы.
4 Коммерциялық операциялардың негізгі түрлері:материалды-заттай формада тауарлар айырбасы (коммерциялық экспорт және импорт), ғылыми-техникалық білімдер айырбасы (патент, лицензия, ноу-хау), ғылыми-техникалық қызметтер айырбасы (консультациялық, құрылыс, инжиниринг).
Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1Халықаралық коммерциялық қызмет – бұл
A) пайда табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет
B) өзіндік құнды төмендетуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет
C) материалды құндылықтар мен қызметтердің халықаралық айырбасын қамтамасыз ететін өзара байланысты операциялар жиынтығы
D) экономикалық интеграция
E) барлық жауап дұрыс емес
2. Ғылыми-техникалық әріптестік – бұл:
A) тауар айналымын жүзеге асырумен байланысты, материалды-заттай формада тауарлар айырбасы
B) өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында инженерлік-техникалық сипаттағы қызметтер көрсету
C) ғылым мен техника жетістіктерінің айырбасы және ғылыми-техникалық жұмыстарды біріккен түрде жүргізу
D) барлық жауап дұрыс
E) барлық жауап дұрыс емес
3. Қызметтерді сату-сатып алу мәмілелеріне мыналар жатады: A) өндірістік-техникалық қызмет көрсету мәмілелері
B) арендалық келісімдер
C) туристік қызмет экспорты, импорты бойынша мәмілелер
D) басқаруды жетілдіру және ақпарат саласында консультациялық қызмет
E) барлық жауап дұрыс
4. Технологиялық инжиниринг-бұл:
A) объектілерді жобалау, құрылыс жобасын жасау кезінде атқарылған жұмыстарды бақылау кезінде интеллектуалды қызметтермен байланысты
B) объект құрылысына және эксплуатациясына қажетті технологияны жеткізу
C) құрал-жабдықтар, техниканы жеткізу, монтаждау,инженерлік қызметтер көрсету
D) техникалық құжаттермен қамтамасыз ету, есептемелер жасау, сызбалар дайындау
E) барлық жауап дұрыс емес
5. Құрылыстық немесе жалпы инжиниринг-бұл:
A) объектілерді жобалау, құрылыс жобасын жасау кезінде атқарылған жұмыстарды бақылау кезінде интеллектуалды қызметтермен байланысты
B) объект құрылысына және эксплуатациясына қажетті технологияны жеткізу
C) құрал-жабдықтар, техниканы жеткізу, монтаждау,инженерлік қызметтер көрсету
D) техникалық құжаттермен қамтамасыз ету, есептемелер жасау, сызбалар дайындау
E) барлық жауап дұрыс емес
Тақырып 7. Сыртқы сауда операцияларын өткізудің негізгі кезендері.
Экспорт бойынша қызметтер. Шетел әріптесін іздеу және таңдау.Іскерлік
мәмілені орнату. Тауарға ұсыныс беру.Инициативті оферта, сұранысқа жауап ретінде оферта. Импорт бойынша қызметтер.Тапсырыс, оның мазмұны және қолданысы. Мәмілеге қол қою кезінде оны заңды құжат ретінде қарастырылатын оферта шарттары. Әр елдердің заңдылығы бойынша мәмілеге қол қою.БҰҰ Конвенциясы (Вена 1980 ж). Тікелей сатулар. "Тірі тауар" демонстрациясы. Тауар үлгілері. Презентация тәртібі және мақсаты. Пошталық жарнама- сыртқы нарыққа тауарды ұсыну формасы ретінде. "Паблик рилейшнз" шаралары- тауарды ұсынудың тікелей және жанама рекомендациялары.
Негізгі түсініктер және анықтамалар
Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен жүзеге
асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-сату келісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар. Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да, қандай да
бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы арасындағы қатынас сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы құқық
беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады. Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы, бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа кепілдемесі, жарнама беру тәртібі белгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр елде әр түрлі атайды: дистрибьютер, өз есебінен сауад жасаушы, концессионер тағы басқалар.
Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.
Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:
- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент
есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын
комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар
комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте сақталады. Бірақ, комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның кінәсынан болып тауар жоғалған, бүлінген жағдайда оған жауап береді;
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан жасайды, жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі.
Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаны
анықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатысты анықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға белгіленуі мүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық беріледі.
Келісімде баға жоғарлауы тауардың бәсекелік қабілеті төмендеудің сылтауы болмайтындығы туралы келіседі.
- Комиссионер өзінің делдалдығы үшін комитенттен төлемақы алады, ол келісімде көрсетіледі. Ондай төлемақы келісім сомасынан процентпен есептелуі (10 пайыз) мүмкін немесе комитент көрсеткен баға және комиссионердің өткізген бағасы арасындағы айырмамен анықталады.
Шетел сатып алушыларының комиссиялық тапсырмасы индент деп аталатын
түрде болады. Индент дегеніміз – бір елдің импорттаушысы басқа елдің комиссионеріне тауардың белгілі бөлігін сатып алуға берілетін бір реткі комиссиялық тапсырма. Бұл тапсырысты комиссионер өз елінің өндірушісіне береді. Ол екі түрде болады.
Жабық индент дегеніміз – тауардың берілген бөлігін қандай өндірушіден сатып алуға болатынын индент нақ белгілесе, тапсырылған тауар туралы мәліметтер нақты болғанды атаймыз. Өндірушіні таңдау құқы комиссионерге берілетін немесе тапсырыс берілген тауар туралы мәліметтер нақты болса оны ашық индент деп атаймыз.
Комиссиялық операцияның бір түрі консигнация операциясы. Оларды консигнатор деп аталатын бір жақ өз атынан, консигнант есебінен қоймадағы тауарды сатуға берілген тапсырмалар арқылы жүргізеді. Консигнация келісімі дегеніміз – бір жағы (консигнатор) басқа жағының (консигнант) тапсырысы бойынша белгілі уақыт ішінде келісім төлемақысы үшін консигнатор еліндегі қоймаға жеткізілген тауарларды өз атынан консигнант есебінен сататын келісім. Өткізетін елде орналасқан қоймадан тауар сату жаңа нарықтар игеруді біршама жеңілдетеді. Өйткені шетел сатып алушылары өздеріне қажетті тауар, заттарды тек катологтар, прейскуранттар, ерекшелік көрсеткіштермен ғана емес, тауарды көру, құрал-жабдықтарды жұмыста іске қосып байқау арқылы тікелей көріп танысуды талап етеді.
Саудадағы агенттік операцияларды біржақ бұған тәуелсіз агент деп аталатын басқа жаққа тапсырма беру, оның атынан ескертілген жерде тауар сату немесе сатып алуға байланысты заңды іс жүргізу арқылы жасайды. Агент, агенттік келісім бойынша анықталған өкілеттілігі шегінде қызмет жүргізуге міндетті. Агент тек сатып алу-сату мәмілесін жасауға демеу болады, өзі оған контрактының жағы ретінде қатыспайды, өз есебінен тауар сатып алмайды. Ол агенттік келісім бойынша жүктелген жауапкершілік шеңберінде өкілі ретінде ғана қатысады. Басқаша айтқанда агенттік келісім тауар сатуға құқық бермейді. Агенттік операцияларды құқық жағынан реттеу әр елде әр түрлі болады. Агенттік операциялар ды агенттік келісім деп аталтын көп жылдық келісім негізінде жүргізеді. Агенттің тәуелсіздігі оның еңбек қатынасында еместігі, өз қызметін белгілі төлемақы үшін өз бетімен жүргізуіне байланысты.
Әр түрлі елдерде агенттерді анықтауда принциптік айырмашылығы жоқ, бірақ атаулары әртүрлі: мысалы Англияда агент немесе принципиал деп атайды, ал Франция және Австрияда сауда өкілі немесе кәсіпкер деп атайды.
Брокерлік операцияларды делдал-брокер арқылы сатушы мен сатып алушы арасында байланыс жасау арқылы жүзеге асырады. Брокер әр уақытта заңды түрде нақты қызмет жасайтын делдал ретінде міндет атқарады. Олардың мынадай ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- брокердің қандай нақты қызметпен айналысатыны кімнің атынан іс жүргізетініне байланыссыз болады;
- брокер еш уақытта келісімнің жағы болмайды, ол өз делдалдылығымен жасалған келісім бойынша өзіне міндет алатын жақтардың назарында болуды мақсат етеді. Оның агенттен айырмашылығы ол өкіл болмайды, жақтардың ешқайсысымен келісімдік шартқа отырмайды, жеке тапсырмалар негізінде қызмет жасайды;
- брокерде әрбір жеке келісім жасауға төтенше ерік беріледі, ол осы еріктің қатал
шеңберінде қызмет атқаруға міндетті. Мысалы, тауардың саны, сапасы, бағасы туралы өз клиенттерінің көрсетулерін брокер орындауға тиісті;
- клиенттің талабы бойынша брокер оның атынан жүргізген барлық операциялар
туралы оған есеп беруге міндетті;
- брокерге оның делдалдылығымен жасалған контрактының орындалуын бақылау, жарнама жасау, басқа да қызмет жайында тапсырма берілуге болады.
Әдетте, брокерлер белгілі тауар түрлерін сатып алу-сату бойынша делдалдық операциялар жасауға мамандандырылады. Бұл дәстүр бойынша биржалық және
аукциондық тауарлар болады.
Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:
1 "Тірі тауар" демонстрациясы. Тауар үлгілері.
2 Презентация тәртібі және мақсаты. Пошталық жарнама- сыртқы нарыққа
тауарды ұсыну формасы ретінде.
3 "Паблик рилейшнз" шаралары- тауарды ұсынудың тікелей және жанама рекомендациялары.
Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Инженерлік-консультациялық инжиниринг-бұл:
A) объектілерді жобалау, құрылыс жобасын жасау кезінде атқарылған жұмыстарды бақылау кезінде интеллектуалды қызметтермен байланысты
B) объект құрылысына және эксплуатациясына қажетті технологияны жеткізу
C) құрал-жабдықтар, техниканы жеткізу, монтаждау,инженерлік қызметтер көрсету
D) техникалық құжаттермен қамтамасыз ету, есептемелер жасау, сызбалар
дайындау
E) барлық жауап дұрыс емес
2. Туристік қызмет-бұл:
A) шетелге шығатын, бірақ ақылы қызметпен айналыспайтын адамдар категориясын қамтитын қызмет
B) тауарларды экспорттау,импорттаумен байланысты қызмет
C) ғылыми-техникалық білім айырбасы бойынша қызмет
D) ғылыми-техникалық, өндірістік қызмет көрсету
E) барлық жауап дұрыс емес
3. Туристік қызмет түрлерін атаңыз: A) туристтерді орналастыру
B) туристтерді өз елінен келген еліне дейін жолаушылық көлік түрлерімен қамтамасыз ету
C) туристтерді азық-түлікпен қамтамасыз ету
D) туристтерге сауда кәсіпорындарының қызметтерін көрсету
E) барлық жауап дұрыс
4. Тауар айналымын қамтамасыз ету бойынша операциялар мәмілелердің қандай түрлерін қамтиды?
A) жүктерді халықаралық тасымалдау
B) транспорттық-экспедиторлық
C) жүктерді сақтау
D) жүктерді сақтандыру, халықаралық есептесу
E) барлық жауап дұрыс
5. Халықаралық саудадағы контрагенттер- бұл:
A) тауарларды сату-сатып алу немесе қызмет көрсету бойынша келісім
қатынастарында болатын жақтар
B) шаруашылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар
C) халық
D) мемлекет
E) барлық жауап дұрыс емес
