- •Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметті реформалаудың мақсаттары және міндеттері.
- •Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметті басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері.
- •Тақырып 3. Сыртқы сауданы реттеу.
- •Тақырып 4. Шетел инвестициялары бар кәсіпорындар қызметін реттеу.
- •Тақырып 5. Әлем және тмд елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
- •1996 Жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі шартына сәйкес
- •Тақырып 6. Негізгі коммерциялық операциялар.
- •Тақырып 8. Мәміле- сыртқы саудадағы негізгі құжат.
- •Тақырып 9. Сыртқы сауда субъектілері.
- •Тақырып 10. Тасымалдау және сақтандырудың негізгі мәселелері.
- •Тақырып 11. Шикізат,өндірістік және өндірістік емес тауарлардың, машина,құрал-жабдықтардың экспорты, импорты бойынша сыртқы сауда операциялары.
- •Тақырып 12. Халықаралық лизинг.Факторинг. Сауда- айырбас операцияларын ұйымдастыру.
- •Тақырып 13. Сауда-делдалдық операциялар.
- •Тақырып 14 Сыртқы сауда жарнамасын ұйымдастыру және оның техникасы.
- •Реферат тақырыптары
- •Мазмұны:
Тақырып 5. Әлем және тмд елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
Сыртқы сауда қатынастарын реттеу. Қазақстанның ТМД елдерімен өндірістік,
ғылыми-техникалық,қаржылық байланыстарын реттеу принциптері. Орталық- Азиялық әріптестікке интеграциялану болашағы. Тауарларды халықаралық сату- сатып алу келісімдерін реттейтін стандартизация нормаларының қажеттілігі. Кедендік Одақ және интеграцияның терендеуі. "Ресей, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан" Кедендік келісімі. Тауарларды сату-сатып алу келісімдері туралы БҰҰ Конвенциясы.Қолдану сферасы және жалпы нұсқаулар. Халықаралық арбитраж заңды енгізу проблемасы. Факультативті қолдану туралы регламент. Келісім міндеттемелері бойынша ережелер, қолдану сферасы.
Халықаралық кепілдік келісімдерінің түрлері.
Негізгі түсініктер және анықтамалар
Сыртқы экономикалық саясат – бұл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу
тәртібін анықтау мен елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру
бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс -
әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына мыналар кіреді:
- сыртқы сауда саясаты (экспорт және импорт саясаты);
- шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұшлттық капитал салымдарын ретеу саласындағы саясат;
- валюталық саясат.
Сондай-ақ, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттеремен, аймақтармен, сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.
Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қызметті реттейді, оның
белгілері келесідей:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;
- матреиалдық, ақшалай, еңбек және интелелектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.
Сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі қағидаларын нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық – құқықтық ретеуге берілген, оның себебі бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс. СЭС келесідей қағидаларын атаймыз:
1. мемлекеттік қайта өзгерту қағидасы. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму
саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты қалыптасады;
2. ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы
экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы
шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
3. үкімет тармақтары, ведомстволары мен субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде блу;
4. сыртқы экономикалық саясат – кез-келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Сондықтан, сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл
жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына мыналар
жатады:
- кедендік тарифтер;
- шеттен әкелу мен шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары;
- саудалық эмбарго;
- кедендік одақтар;
- еркін сауда аймағы.
Ал валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің жеңгейлері реттеледі.
Сондықтан, қазіргі кезде сыртқы экономикалық саясат құралдары мемлекетке
өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Кез-келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. ҚР-ның халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. ҚР-ның мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарқтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын арттыру.
Республиканың алдына шетелдермен және таяу шетелдермеен қарым-
қатынастардың ұтымды жағын табу және күштердің қазіргі кездегі балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның ғаламдық рөлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы қызметінен іздеу керек. Қазақстанның мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: оның егемендігі және таңдаған даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара тиімді ынтымақтастық. Сондай-ақ, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен байланысты және ол ішкі саясаттың макро және микро деңгейдегі бағыттарына әсер етеді.
Қазақстанның келешекпен байланысты мәселелеріне кең ауқымды қарағанда,
олар мына факторларға байланысты болады:
- коммуникация құралдарымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгеніне қарамастан, ашық теңізге шығу жолдарының болмағандығы белгілі мөлшерде Қазақстанның дамуын шектейді. Қазақстан көп мемлекеттермен шекаралас болып келеді, соған сәйкес шекаралас мемлекеттердің тұрақтылығы қайта ұйымдастыру үлгісі жобасының дамуын қамтамасыз етпеді;
- Республиканың мүмкіндігі бейбітшілікті күшейтумен сипатталады. Қазақстан ТМД көлемінде және шетелге қатысты саясатында да көптеген ынтымақтастық шараларының қолдаушысы болып табылады.
- Шетел эксперттерінің бағалауы бойынша республика ғаламдық маңыздылығы жағынан ұзақ және қысқа мерзімдік болашақта халықаралық бәсекеге қауіп төндіру мүмкіндігіне ие емес, мұның себебі қолда бар өндірістердің өзін қалпына келтіруге қаражатты тарту болып табылады.
Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрімізге
белгілі. Шикізатты қазып шығаруға мамндану ең тәуелді қызметердің бірі. Мұндай экспортқа арқа сүйенген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс болуы мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Мұндай айырбас ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі келтіреді. Бұл қызмет сферасы экспорттық түсімдерді көбейту мақсатында протекционистік кедергілерді төмендету саясатынан тұрады: республиканың экономикалық - әлеуметтік дамуына зиянды валюталық түсімдер қарызын өтеуді реттеу келісіміне қол жеткізу, қарыз төлемдерді жою, мерзімін ұзарту барысында проценттер деңгейінің көтерілуіне шек қою.
Нарық қатынастарына көшу және республикадағы экономикалық жағдайдың
өзгеруі экономикалық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық негіздерін жақсартуды талап етеді. Оларды іске асыруды мемлекеттік басқару органдары орындайтын болғандықтан, өзгермелі экономикалық жағдай ұйымдастырушылық құрылымның реформалануын қажет етеді, сонда экономикалық өркендеуге, экономикалық қауіпсіздікке және ҚР-ның қауіпсіздігіне тиімді түрде әсер етуге мүмкіндік туындайды.
ҚР-ның болашағын айтсақ, онда мынадай жағдайларға назар аудару қажет. Экономитканы реформалау нәтижесіндегі халықаралық аренада орын алуы мүмкін өзгерістер тек қана экономикалық потенциалдың артуы жағдайында ғана болды. Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы тиіс. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуыв мүмкін.
КСРО күйрегеннен кейін Қазақстан Республикасында өндірістің құлдырауы, инфлция мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі типтес көптеген экономикалық мәселелер туындады. Елміздің экономикасын тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды.
Ең алғаш 1993 жылы 14 көкек айында «Валюталық реттеу жөніндегі» Заңы қабылданды. Бірақ бұл осы жүйенің талаптарына жауап бере алмады, сосын жаңа заң жобасын қайта жасау қажеттілігі туындады.
Қазақстан валютасының нарығын ары қарай ырықтандыру бойынша
жұмыстар жүргізілді. Осыған орай, 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу жөніндегі жаңа Заңы қайта қабылданды. Валюталық реттеуді заңды тұрғыда қамтамасыз ету – Қазақстанның валюталық ақша-жүйесін реформалау жағдайында үнемі өзгерістерге ұшырап отырды. Валюталық реттеу бірқатар әкімшілік шаралар валюталық түсімдерді арттыруға және де валютаның елден шығып кетуін қысқартуға бағытталған. Валюталық реттеудің негізгі басымдықтары мыналар:
- елдің төлем балансының теңгерілуіне қол жеткізу;
- теңгенің тұрақты бағамын сақтау;
- мемлекет қарамағындағы валюталық ресурстардың шоғырлануы.
Шетел валютасы, бағалы қағаздар және төлем құжаттары - құйма түріндегі алтын- валюталық реттеу объектілері болып табылады. Валюта дегеніміз – банкнот, монета түрінде, соның ішінде бағалы металдардан жасалған, заңды түрдегі төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері.
Шетел валютасы - шет мемлекеттер валютасы. Бұл заңда валюталық операциялардың 2 түрі көрсетілген:
1. ағымдағы операциялар
2. капитал қозғалысымен байланысқан операциялар.
Валюталық саясаттың дәстүрлі формаларының ішінде мынадай құралдар
қолданылады:
- валюта бағамы тәртібін реттеу,
- валюталық интервенциялар,
- алтын-валюталық резервтерді басқару
- теңгенің еркін айырбасталуы дәрежесін реттеу.
Валютаның айырбас бағамы саясаты – бұл валюталарды сатып алу қабілетін
қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып-сатушылық операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шараларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау. АҚШ долларына қатысты теңгенің ресми айырбас бағамы биржалық және биржадан тыс валюта нарығының жағдайына, инфляция деңгейі мен басқа макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне байланысты белгіленеді.
