- •Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметті реформалаудың мақсаттары және міндеттері.
- •Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметті басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері.
- •Тақырып 3. Сыртқы сауданы реттеу.
- •Тақырып 4. Шетел инвестициялары бар кәсіпорындар қызметін реттеу.
- •Тақырып 5. Әлем және тмд елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
- •1996 Жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі шартына сәйкес
- •Тақырып 6. Негізгі коммерциялық операциялар.
- •Тақырып 8. Мәміле- сыртқы саудадағы негізгі құжат.
- •Тақырып 9. Сыртқы сауда субъектілері.
- •Тақырып 10. Тасымалдау және сақтандырудың негізгі мәселелері.
- •Тақырып 11. Шикізат,өндірістік және өндірістік емес тауарлардың, машина,құрал-жабдықтардың экспорты, импорты бойынша сыртқы сауда операциялары.
- •Тақырып 12. Халықаралық лизинг.Факторинг. Сауда- айырбас операцияларын ұйымдастыру.
- •Тақырып 13. Сауда-делдалдық операциялар.
- •Тақырып 14 Сыртқы сауда жарнамасын ұйымдастыру және оның техникасы.
- •Реферат тақырыптары
- •Мазмұны:
Тақырып 13. Сауда-делдалдық операциялар.
Сауда-делдалдық операциялардың түсінігі және "сауда делдалы" терминінің
түсінігі. Азаматтық келісімдер түрлері: комиссия келісімі, табыстау келісімі, агенттік келісім,тауарларды орналастыру туралы келісім. Делдалдарды тарту мақсаты, делдалдар түрлері: агенттер- өкілетті адамдар, брокерлер, комиссионерлер, дистрибьюторлар, қарапайым делдал. Делдалмен жұмыс жасау әдістері, оларға сыйақы төлеу. Нарықтағы орны бойынша делдалдар.Қарапайым агенттер.Эксклюзивті агенттер. Сауда-делдалдық фирмалар түрлері және қазіргі жағдайда олардың қызметінің ерекшеліктері. Сыртқы нарықта экспорттық- импорттық операцияларды өз бетімен жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы келісім түрлері, шетел делдалдарымен келісімдер түрлері, қарапайым делдалдармен келісімдер түрлері, консигнациялар, өткізу делдалдарымен келісімдер, агенттік келісімдер. Сауда-делдалдық операция түрлері: қайта сату операциялары, комиссиялық операциялар, агенттік операциялар, брокерлік операциялар. Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері және қазіргі жағдайларда олардың қызмет ерекшеліктері.
Негізгі түсініктер және анықтамалар
Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен жүзеге
асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-сату
келісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар. Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да, қандай да бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы арасындағы қатынас
сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы құқық беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады. Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы, бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа кепілдемесі, жарнама беру тәртібі белгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр елде әр түрлі атайды: дистрибьютер, өз есебінен сауад жасаушы, концессионер тағы басқалар.
Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.
Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:
- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте сақталады. Бірақ, комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның кінәсынан болып тауар жоғалған, бүлінген жағдайда оған жауап береді;
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан жасайды,
жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі.
Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаны анықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатысты анықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға белгіленуі
мүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық беріледі. Келісімде баға жоғарлауы тауардың бәсекелік қабілеті төмендеудің сылтауы болмайтындығы туралы келіседі.
- Комиссионер өзінің делдалдығы үшін комитенттен төлемақы алады, ол келісімде көрсетіледі. Ондай төлемақы келісім сомасынан процентпен есептелуі (10 пайыз) мүмкін немесе комитент көрсеткен баға және комиссионердің өткізген бағасы арасындағы айырмамен анықталады.
Шетел сатып алушыларының комиссиялық тапсырмасы индент деп аталатын түрде болады. Индент дегеніміз – бір елдің импорттаушысы басқа елдің комиссионеріне тауардың белгілі бөлігін сатып алуға берілетін бір реткі комиссиялық тапсырма. Бұл тапсырысты комиссионер өз елінің өндірушісіне береді. Ол екі түрде болады.
Жабық индент дегеніміз – тауардың берілген бөлігін қандай өндірушіден
сатып алуға болатынын индент нақ белгілесе, тапсырылған тауар туралы мәліметтер нақты болғанды атаймыз. Өндірушіні таңдау құқы комиссионерге берілетін немесе тапсырыс берілген тауар туралы мәліметтер нақты болса оны ашық индент деп атаймыз.
Комиссиялық операцияның бір түрі консигнация операциясы. Оларды консигнатор деп аталатын бір жақ өз атынан, консигнант есебінен қоймадағы тауарды сатуға берілген тапсырмалар арқылы жүргізеді. Консигнация келісімі дегеніміз – бір жағы (консигнатор) басқа жағының (консигнант) тапсырысы бойынша белгілі уақыт ішінде келісім төлемақысы үшін консигнатор еліндегі қоймаға жеткізілген тауарларды өз атынан консигнант есебінен сататын келісім. Өткізетін елде орналасқан қоймадан тауар сату жаңа нарықтар игеруді біршама жеңілдетеді. Өйткені шетел сатып алушылары өздеріне қажетті тауар, заттарды тек катологтар, прейскуранттар, ерекшелік көрсеткіштермен ғана емес, тауарды көру, құрал-жабдықтарды жұмыста іске қосып байқау арқылы тікелей көріп танысуды талап етеді.
Саудадағы агенттік операцияларды біржақ бұған тәуелсіз агент деп
аталатын басқа жаққа тапсырма беру, оның атынан ескертілген жерде тауар сату немесе сатып алуға байланысты заңды іс жүргізу арқылы жасайды. Агент, агенттік келісім бойынша анықталған өкілеттілігі шегінде қызмет жүргізуге міндетті. Агент тек сатып алу-сату мәмілесін жасауға демеу болады, өзі оған контрактының жағы ретінде қатыспайды, өз есебінен тауар сатып алмайды. Ол агенттік келісім бойынша жүктелген жауапкершілік шеңберінде өкілі ретінде ғана қатысады. Басқаша айтқанда агенттік келісім тауар сатуға құқық бермейді. Агенттік операцияларды құқық жағынан реттеу әр елде әр түрлі болады. Агенттік операциялар ды агенттік келісім деп аталтын көп жылдық келісім негізінде жүргізеді. Агенттің тәуелсіздігі оның еңбек қатынасында еместігі, өз қызметін белгілі төлемақы үшін өз бетімен жүргізуіне байланысты.
Әр түрлі елдерде агенттерді анықтауда принциптік айырмашылығы жоқ,
бірақ атаулары әртүрлі: мысалы Англияда агент немесе принципиал деп атайды, ал
Франция және Австрияда сауда өкілі немесе кәсіпкер деп атайды.
Брокерлік операцияларды делдал-брокер арқылы сатушы мен сатып алушы арасында байланыс жасау арқылы жүзеге асырады. Брокер әр уақытта заңды түрде нақты қызмет жасайтын делдал ретінде міндет атқарады. Олардың мынадай ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- брокердің қандай нақты қызметпен айналысатыны кімнің атынан іс
жүргізетініне байланыссыз болады;
- брокер еш уақытта келісімнің жағы болмайды, ол өз делдалдылығымен жасалған келісім бойынша өзіне міндет алатын жақтардың назарында болуды мақсат етеді. Оның агенттен айырмашылығы ол өкіл болмайды, жақтардың ешқайсысымен келісімдік шартқа отырмайды, жеке тапсырмалар негізінде қызмет жасайды;
- брокерде әрбір жеке келісім жасауға төтенше ерік беріледі, ол осы еріктің қатал шеңберінде қызмет атқаруға міндетті. Мысалы, тауардың саны, сапасы, бағасы туралы өз клиенттерінің көрсетулерін брокер орындауға тиісті;
- клиенттің талабы бойынша брокер оның атынан жүргізген барлық операциялар туралы оған есеп беруге міндетті;
- брокерге оның делдалдылығымен жасалған контрактының орындалуын бақылау, жарнама жасау, басқа да қызмет жайында тапсырма берілуге болады.
Әдетте, брокерлер белгілі тауар түрлерін сатып алу-сату бойынша
делдалдық операциялар жасауға мамандандырылады. Бұл дәстүр бойынша биржалық және аукциондық тауарлар болады.
Тақырып бойынша талқылауға берілетін сұрақтар:
1 Сыртқы нарықта экспорттық-импорттық операцияларды өз бетімен жүзеге
асыратын ұйымдар арасындағы келісім түрлері, шетел делдалдарымен келісімдер түрлері, қарапайым делдалдармен келісімдер түрлері, консигнациялар, өткізу делдалдарымен келісімдер, агенттік келісімдер.
2 Сауда-делдалдық операция түрлері: қайта сату операциялары, комиссиялық операциялар, агенттік операциялар, брокерлік операциялар.
3 Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері және қазіргі жағдайларда олардың қызмет ерекшеліктері.
Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Сату-сатып алу мәмілесінде тауар сапасын анықтау тауардың сапалық
сипаттамасын орнату арқылы жүзеге асады.Оған қандай сипаттамалар жатады?
A) стандарт бойынша
B) техникалық шарттар бойынша
C) сапа талаптары
D) тауардың сапалық сипаттамасы берілетін құжат
E) барлық жауап дұрыс
2 Халықаралық коммерциялық қызмет – бұл
A) пайда табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет
B) өзіндік құнды төмендетуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет
C) материалды құндылықтар мен қызметтердің халықаралық айырбасын қамтамасыз ететін өзара байланысты операциялар жиынтығы
D) экономикалық интеграция
E) барлық жауап дұрыс емес
3. Еркін экономикалық аймақтар- бұл:
A) сауда, қаржылық,өндірістік, технологиялық байланыстардың жоғары
шоғырлануының облыстары
B) технологияны және басқару механизмін жетілдіру жолымен, нарықтық қатынастардың даму ошақтары
C) коммерциялық орталықтар
D) барлық жауап дұрыс
E) барлық жауап дұрыс емес
4. Келіссөздердің қандай кезендері сізге белгілі?
A) ұсыныстарды алдын-ала жазбаша түрде көрсету
B) мәміленің жеке позицияларын нақтылау және келістіру
C) мәміленің барлық шарттарын реттеу
D) барлық жауап дұрыс
E) барлық жауап дұрыс емес
5. Инкассо – бұл:
A) тауар экспортқа дайын кезден бастап сатып алушыға жеткен кезге дейін кезенде толық төленетін есептесу формасы
B) сатып алушылардың немесе тапсырушылардың өз банктеріне ордерлік чек арқылы төлемді төлеуге жазбаша міндеттемесі
C) экспортерлар импортерларға жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін шот қоюы
D) Экспортердың міндеттемесі бойынша импортердан мәміле бойынша төлем суммасын алуға және оны экспортерға аударуға банк міндеттемесі
E) барлық жауап дұрыс емес
