- •1 Ықтималдықтар теориясынан мәліметтер
- •1.1 Ықтималдықтар теориясы пәні. Кездейсоқ оқиғалар
- •1.1.1 Ықтималдықты классикалық және статистикалық анықтау
- •1.1.2 Кездейсоқ оқиғалар түрлері
- •1.1.3 Ықтималдықтарды қосу теоремасы
- •1.1.4 Ықтималдықтарды көбейту теоремасы. Шартты ықтималдық
- •1.1.5 Оқиғалардың дегенмен біреуінің пайда болу ықтималдығы
- •1.1.6 Күмәнді оқиғалардың практикалық іске асырылмау принципі
- •1.1.7 Толық ықтималдық формуласы. Гипотезалар ықтималдығы
- •1.1.8 Бірнеше рет сынау. Бернулли формуласы
- •1.1.9 Лапластың жергілікті теоремасы
- •1.1.10 Лапластың интегралдық теоремасы
- •1.2 Кездейсоқ шамалар
- •1.2.1 Үлестіру заңы және дискрет кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары
- •1.2.2 Үздіксіз кездейсоқ шама ықтималдықтарының үлестірім функциясы және тығыздығы
- •1.2.3 Үздіксіз кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
- •1.2.4 Үлкен сандар заңы
- •1.3 Үздіксіз кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдары
- •1.3.1 Біркелкі үлестірім
- •1.3.2 Кездейсоқ шаманың қалыпты үлестірімі
- •X қалыпты үлестірілген кездейсоқ шаманың берілген интервалға түсу ықтималдығы.
- •1.3.3 Χ2 және Стьюдент үлестірімдері
- •1.4 Математикалық статистика элементтері
- •1.4.1 Бас және таңдамалы жиынтық туралы ұғым. Эмпирикалық үлестірім функциясы
- •Х нұсқалары
- •Х нұсқалары
- •1.4.2 Үлестірім параметрлерінің статистикалық бағалары
- •1.4.3 Кездейсоқ шамалар корреляциясы теориясы
- •1.4.4 Гипотезаларды статистикалық тексеру
- •1.5 Көп өлшемді үлестірімдер. Кездейсоқ вектор
- •1.5.1 Көп өлшемді үлестірімдер сипаттамалары.
- •2 Өлшемдер қателіктері теориясы
- •2.1 Өлшемдерді жіктеу
- •2.2 Өлшемдер қателіктерінің түрлері
- •2.2.1 Дөңгелектеу қателері
- •2.3 Өлшемдер нәтижелерінің дәлдік шамалары
- •2.3.1 Орташа квадраттық қателік. Тең дәлдікті өлшемдерді өңдеу
- •2.3.2 Тең дәлдікті емес өлшемдерді өңдеу. Өлшемдер салмағы және салмақ бірлігінің орташа квадраттық қателігі туралы ұғым
- •2.4 Өлшенген шамалар функцияларының қателіктері
- •2.4.1 Орташа квадраттық қателік және арифметикалық орталар салмағы
- •2.4.2 Салмақ бірлігінің орташа квадраттық қателігін арифметикалық орталардан ауытқуы бойынша анықтау
- •2.4.3 Тәуелсіз қателіктер көздерінің бірлескен әсері
- •2.5 Өлшемдер қателіктері теориясының тура және кері есептері
- •2.6 Ең кіші квадраттар әдісі
- •2.7 Бір шамалы көп реттік өлшемдерді қатаң теңестіру
- •3 Геодезиялық тораптарды теңестіру
- •3.1 Геодезиялық тораптарды параметрлік тәсілмен теңестіру
- •3.1.1 Параметрлік теңестіру теориясы
- •3.1.2 Матрицамен берілген параметрлік теңестіру теориясы
- •3.2 Пландық тораптар түзетулерінің параметрлік теңдеулерін құрастыру
- •Өлшенген бағыттарға арналған түзетулер теңдеулері
- •Өлшенген ара қашықтықтар үшін түзетулер теңдетулері
- •3.3 Пунктті өлшенген ара қашықтықтар бойынша триангуляциялық торапқа кірістіруді теңестіру кезінде түзетулердің параметрлік теңдеулерін құрастыру
- •3.4 Параметрлік теңестіру кезіндегі пландық тораптардың дәлдігін бағалау
- •3.4.1 Пландық тораптар координаталарының корреляциялық матрицасы
- •3.4.2 Пландық тораптар пункттерінің орналасу қателерінің эллипстері
- •3.4.3 Қателер эллипсінің параметрлерін есептеп шығару
- •3.5 Геодезиялық тораптарды коррелаттық тәсілмен теңестіру
- •3.5.1 Коррелаттық теңестіру теориясы
- •3.5.2 Матрицамен берілген коррелаттық теңестіру теориясы
- •3.6 Полигонометриялық тораптарды коррелаттық теңестіру
- •3.6.1 Полигонометриялық жүрістер жүйесін полигондар әдісімен теңестіру
- •3.7 Триангуляциялық тораптарды коррелаттық теңестіру
- •3.7.1 Бос триангуляциялық тораптардың шартты теңдеулерінің саны
- •3.8 Орталық фигураны теңестіру
- •3.9 Нивелирлік тораптарды коррелаттық теңестіру. Полигондар әдісі
- •3.10 Полигонометриялық және нивелирлік жүрістер тораптарын түйіндер әдісімен теңестіру
- •3.10.1 Бір түйінді нүктесі бар торапты теңестіру
- •3.10.2 Бірнеше түйінді нүктесі бар торапты теңестіру
1.1.1 Ықтималдықты классикалық және статистикалық анықтау
Ықтималдықты классикалық анықтау
Осы оқиғаға қолайлы болған нәтижелер санының толық топты құрайтын барлық тең мүмкіндікті бірлеспеген элементар нәтижелердің қатынасын оқиғаның ықтималдығы А деп атайды
.
(1.1)
Классикалық анықтау салдарлары:
1) ең анық оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең;
іске асырылмайтын оқиғаның ықтималдығы 0-ге тең;
кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы дегеніміз 0-ден 1-ге дейінгі оң сан.
Ықтималдықты статистикалық анықтау
Оқиға пайда болған сынау (өлшеу) санының нақтылы жүргізілген сынаудың жалпы санына қатынасын салыстырмалы жиілік деп атайды
.
(1.2)
Сынау саны көп болғанда салыстырмалы жиілік қандай да бір тұрақты санға жақындап (сынау саны неғұрлым көп болса, соғұрлым дәлірек), тұрақтылық қасиетін байқайды.
Ықтималдықты классикалық анықтау элементар нәтижелердің жалпы санының шекті екендігін болжайды. Практикада іске асырылатын нәтижелер саны шексіз болатын сынаулар өте жиі кездеседі. Осы себеппен классикалық анықтаумен қатар ықтималдықты статистикалық анықтау тұжырымдалған. Оқиғаның статистикалық ықтималдығы ретінде салыстырмалы жиілікті немесе оған жақын санды қабылдайды.
Бернулли теоремасы (үлкен сандар заңы). Егер n тәуелсіз сынаудың әрқайсысында А оқиғаның пайда болу ықтималдығы p тұрақты болса, онда сынау саны айтарлықтай үлкен болғанда p ықтималдығы W салыстырмалы жиіліктің шегі болып табылады
.
(1.3)
1.1.2 Кездейсоқ оқиғалар түрлері
Егер олардың біреуінің пайда болуы сол бір сынауда басқа оқиғаларды пайда болдырмаса, оқиғалар бірлеспеген деп аталады.
Егер оқиғалардың біреуінің пайда болуы басқа оқиғалардың пайда болу ықтималдығын өзгертпесе, оқиғалар тәуелсіз деп аталады.
Оқиғалардың толық тобы. Егер сынау нәтижесінде олардың дегенмен біреуі пайда болса, бірнеше оқиға толық топты құрайды. Егер толық топты құрайтын оқиғалар бірлеспеген болса, онда сынау нәтижесінде осы оқиғалардың біреуі және тек қана біреуі пайда болады.
Сынау
нәтижесінде толық топты құрайтын n
бірлеспеген
оқиғалардың
біреуі
және тек біреуі ғана болуы мүмкін болсын.
Толық топты құрайтын оқиғалар ықтималдықтарының қосындысы бірге тең
.
(1.4)
Қарама-қарсы оқиғалар. Толық топты құрайтын екі жалғыз мүмкін оқиғаны қарама-қарсы деп атайды. Мысалы, нысанаға атқанда тию және мүлт кету – қарама-қарсы оқиғалар.
Қарама-қарсы оқиғалар ықтималдықтарының қосындысы бірге тең
.
(1.5)
Егер екі қарама-қарсы оқиғаның біреуінің ықтималдығы р арқылы белгіленсе, онда екінші оқиғаның ықтималдығын q арқылы белгілейді. Сонымен, алдыңғы теорема күшінде p + q = 1.
1.1.3 Ықтималдықтарды қосу теоремасы
А оқиғасының немесе В оқиғасының немесе осы екі оқиғаның да пайда болуынан тұратын оқиғаны А және В екі оқиғасының қосындысы (А+В) деп атайды. Егер А және В оқиғалары бірлеспеген болса, онда (А+В) – олардың біреуінің пайда болуынан тұратын оқиға.
Екі бірлеспеген оқиғаның біреуінің пайда болу ықтималдығы осы оқиғалар ықтималдықтарының қосындысына тең
.
(1.6)
Салдары. Екі-екіден бірлеспеген бірнеше оқиғаның біреуінің пайда болу ықтималдығы, қайсысы екені бәрі бір, осы оқиғалар ықтималдықтарының қосындысына тең
.
(1.7)
1.1-мысал.
Сауытта
30
шар: 10 қызыл, 5 көк және 15 ақ шар бар.
Түрлі-түсті шардың пайда болу ықтималдығын
табу керек. түсті шардың пайда болуы не
қызыл, не көк шардың пайда болуын
білдіреді. Қызыл шардың пайда болу
ықтималдығы (А оқиғасы) Р(
А)
=10/30
=1/3. Көк шардың пайда болу ықтималдығы
(В оқиғасы) Р(В) = 5/30= 1/6. А
және В
оқиғалары
бірлеспейді (бір түсті шардың пайда
болуы басқа түсті шардың пайда болуын
жоққа шығарады), сондықтан қосу теоремасы
қолданылады. Ізделіп отырған ықтималдық
.
Бірлескен оқиғалар ықтималдықтарын қосу теоремасы
Екі бірлескен оқиғаның дегенмен біреуінің пайда болу ықтималдығы олардың бірлесіп пайда болуы ықтималдығынсыз, осы оқиғалар ықтималдықтарының қосындысына тең
.
(1.8)
1.2-мысал. Алдыңғы есеп жағдайларында алынған тетіктің не стандартты, не боялған, не болмаса стандартты және боялған (С=А+В оқиғасы) болу ықтималдығын анықтаймыз.
1-тәсіл. (1.8) формула бойынша аламыз
.
2-тәсіл. Стандартты емес боялмаған тетікті алудың қарама-қарсы оқиға болып табылатынын байқаймыз
.
Сонда
.
