Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724 Кб
Скачать
☆

30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.

Революция кезінде:

Революция шараларының бірқатар қорытындыларына да, корольдің өлтірілуіне де және халықтың күшімен қабылданған декреттердің өмірге енуіне қарамастан, француз парламентіндегі билікке талас тоқтамайды. Монтаньярлар мен жирондистер арасындағы бірін-бірі қудалау әрекеті ушығып тұрады. Жирондалық басымдылықтағы Конвент Коммуна мен секциялар жұмысын тергейтін «12 Комитет» құрады. Жирондистерге қарсы Коммуна жетекшілігімен, бүкіл қала халқын және өзге де клубтағыларды біріктірген, сондай-ақ оларды Ұлттық гвардия жауынгерлері де қолдаған күш, Ереуіл комитетінің шешімімен 1793 жылдың 31 мамырында Конвентті қоршап алады. Халықтық көтеріліс жеңіске жетіп, елде билікке якобиншілер келеді.

Революциядан кейінгі кезде:

Республикадағы әскери жағдайдың жақсарған тұсында, саясатшылар террор өзінің шырқау шегіне жеткенін және тәртіп пен заңға қайта оралар сәттің туғанын терең көтере бастайды. Якобиншілердің бір бөлігі өздерінің көсемі болған Робеспьерге қарсы шыға бастады. Олар Республиканың ІІ жылындағы 9-термидорда «1794 жылдың 27 шілдесінде» Конвент депутаттарының Робеспьерді «тиран» және «жаңа Кромвель» деп айыптауына, оны тұтқындауға дауыс беруіне қол жеткізеді. Келесі күні Робеспьер, Сен-Жюст және Кутондар Революциялық трибуналға тартылып, өлім жазасына кесіледі. Саяси реакция якобиндік диктатура кезеңінде құрылған билік мекемелерін біртіндеп жою барысымен сипаттала бастады. Коммуна таратылып, Конвентке қудаланған монархистер мен жирондистер оралады.

Якобин диктатурасы құлаған соң термидорианшылар жаңа меншік иелерінің құқығын қорғау саясатын жүргізеді.

31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау

1830-40 жж сонымен бірге француз тарихнамасында демократиялық бағыт басталады, оның ең басты мақсаты тағы да сол француз революциясы еді, бірақ тарихшыларды осы бағытта революция болған кездегі буржуазиялық тәртіп қызықтырған емес, керісінше халық күресі еді. 

Жұмыссыздық пайда болып инфляция өрістей түсті және азық-түлікпен қамтамассыз ету нашарлады. Социализмнің үстемдігі шайқалып жұмыссыздық жоқ деген жасыруы мүмкін емес еді. Халық деспоттық жүйенің жойылуы, тирандықтың тоқтатылуы және бай ақсүйектердің үстемдігінің болмауы революцияға түрткі болды.

Нәтижесінде феодалдық патриархалдық жүйенің құлауына, адамзаттың азаматтық құқықтары мен бостандықтарының қалыптасуына үлкен жетістік болды.

Испандық мұра үшін соғыс уақытында Арагон, Каталония, Валенсия және Мальорка бурбондық үміткер Фелипе V қарсы соғыста эрцгерцогты Карлды (archiduque Carlos) ( Габсбург әулетінен) қолдады. 1707 жылы болған Альманстың маңындағы соғыстан кейін Фелипе V Арагондық фуэросты (құқық), Арагонның ескі заңдарын жойып, бірнеше орталықтандыру шараларын қабылдады. Арагон провинцияға айналып кетті

1822 жылғы Испанияның бірінші провинциалды жүйесін құру барысында, Арагон 4 ауданнан тұран болатын. Калатаюд төртінші аудан болып Фернандо VII кетуіне дейін және либералдардың соңына дейін қала берген. 1833 жылы болған екінші территориалды реформадан кейін үш аудан (Уэска, Теруэль и Сарагоса) ғана қалды. XIX ғасырдың барысында жаңа жақтастарды іздеген карлистер бұрынғы фуэросты қайтадан орнатуды ұсынған болатын.

1830 ж. Шілде революциясы. Бұл революцияның басты себебі Карл Х королінің 1789 жылғы Ұлы Француз революциясына дейінгі консервативтік үкіметтік саясатты қайта құру еді. Корольге қарсы шыққан буржуаздар революцияны бастайды. Бурбондар әулеті құлайды. Корольдікке соңғы француз королі Луи Филипп 1830-1848ж Шілде монархиясын құрайды.

32. 30-40-шы жж. революциялық қозғалыстардың саяси мақсаттары мен әлеуметтік тіректерінің ерекшеліктері.

1830 жылғы Шілде революциясы Бурбон монархтарына қарсы,нәтижесінде муниципалдық комиссия, либералдық-буржуаз(банкир Ж. Лаффит және К. П. Перье, генерал М. Ж. П. Лафайет) жеңіске жетті. Әлеуметтік тірегі либерал-буржуаздар, қарапайым халық бұқарасы.

1830жылғы тамыз революциясы Бельгиядағы революция мақсаты голландық король басқарған үкіметті мойындаған Вена конгресінің актілерін жою. Бельгиядағы революция Қасиетті Одаққа жаңа сес көрсету еді. Көтеріліс Антвергенде, Лувенде, Верьведе және Бельгияның басқа да бірқатар қалаларында жеңіске жетті. 1830 ж. 10 қарашада ТӘУЕЛСІЗ Бельгия мемлекеті құрылғаны туралы жарияланды.

Әлеуметтік тірегі халықтың корольге қарсылығы. Фрайкорлардың (бостандық армиясы) пайда болуы, Нәтижесінде фрайкорлардың жеңісі.

33. 30-40-шы жж.революциялық қозғалыстардағы ұлт мәселесі.

Революция қарсаңындағы ұлттардың, этникалық топтардың, халықтардың арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастардың жиынтығы әртүрлі болды. Мысалға, Бельгия мемлекет ұлттарының түрлі көзқарастарынан либералдық революциясының бастауына жол ашты. Ұлт Мәселесі негізінен ұлттардың дербестікке ұмтылуымен, ұлттық санасының өсуімен және олардың әлемдік экономикалық, ғылыми-техикалық, мәдени даму үрдісіне араласуға ұмтылысымен байланысты туындады. Ұлт өмірі мен ұлт қозғалысының жандануы, ұлттық езгінің қандай түріне болсын қарсылық ұлттық мемлекет құру, т.б. мәселелерді қамтып, әлемдік нарыққа, саяси, экономикалық өмірге белсене араласумен сипатталады.

Шілде революциясы Саксониядағы, Броуншвейктегі, Гессенкасседегі және бірқатар Герман мемлекетіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың көтерілуіне түрткі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]