Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724 Кб
Скачать
☆

34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы

1830 жылдардағы Бельгиядағы буржуазиялық революциясы

1930 жылғы Франциядағы шілде революциясы туралы жаңалықты Брюссельде және Бельгияның басқа қалалары екпінділікпен қарсы алды. Астыртын патриоттық ұйымдар және топтар көтеріліске шығу дайындығын күшейтті. Брюссельдің көптеген үйлерінің қабырғасында тамыз ортасында антиголландық аттануларға қарсы ұрандар жазылды. 25 тамызда Брюссель театрында Д. Обераның «Портичи мылқауы» атты операсы көтерілістің басталуына түрткі болды. Онда XVIIғасырдағы неополитан балықшыларының испан билігіне қарсы ерен ерлігімен атақты болғаны туралы айтылған. Спектакль көрермендері, астыртын патриоттық топтар және оларға қосылған басқа да көрермедер спектакльден шығып «Националь» үкімет баспаханасын қиратып, жағып жіберді. Қалалық соттың ғимараты, әділет министрі Ван Маненнің жеке жайы қиратылды және қару дүкендері басып алынды. Таңертен 28 тамыз күні қала толығымен көтерілісшілер қолында болды. Бірнеше күннен кейін Антверенде, Лувенде, Вервьте және Бельгияның бірнеше қалаларында көтерілісшілер жеңіс тауып жатты. Вильгелм I Брюссельге Фридрих ханзадасының басшылығымен жіберген әскери топты көтерілісшілер қырып тастады. 1830 жылдың қазанының басында Бельгияның провинцияларының көп бөлігі голландтың жасақтарынан босатылды. 1830 жылы Бельгиядағы революцияның жеңісінде үлкен рөлді кәсіпшілер мен кедей шаруалар қолдаған жұмысшылар атқарды. Дегенмен демократиялық күштің әлсіз ұйымдастырылғанынан билік либералдық буржуазиялық өкілдері басып алды. 1830 жылдың 27 қыркүйегінде билікке уақытша коалициялық үуімет келді. Және нидерланд корольдігімен арақатынасты үзуді жариялады. 10 қарашада Брюсселде халықаралық конгресс өтті. Және онда Бельгия егеменді мемлекетті құруын және оның конституциясы күшіне енді. Мемлекет өзін екі палаталы парламентті конституциялық монархиялық республика деп жариялады. Конституция жеке меншіктің мызғымастығын, феодалдық сословиелердің жайылуын жариялады. 1830 жылы 20 желтоқсанда Австрия, Ұлыбритания, Пруссия, Ресей және Франция Лондондағы конференцияда Бельгияның тәуелсіздігі мойындалды. 1831 жылы 20-27 қаңтар аралығында конференцияға қатысушылармен қол қойылғаннан кейін Нидерланд 1790 жылғы шекарасын қайтарып Бельгияны мәңгі бейтарап мемлекет деп жарияланды. 1831 жылы 4 маусымда Бельгия ұлттық конгрессі ағылшын королевасының туысы Леопольд Саксен-Кабургскийді Бельгия мемлекетінің королі етіп жариялады және ол өзін Леопольд I деп атап 1831жылдың 21 маусымынан 1865 жылдың аяғына дейін билік құрды. Белбгия буржуазилық революциясы тез экономикалық дамуға жол ашты. Машина жасау, теміржол құрылысы, әйнек жасау, мата өңдеу және т.б. салаларда жұмыс қарқынды жүрді. Көмір өңдеу саласыы да жақсы дамыды. Бельгия капитализмінің қарқынды даму себебі жұмысшыларды тежеусіз қанау еді. Тіпті ресми деректерге сүйенсек, жұмысшылардың жұмыс уақыты ересектер мен балаларға бірдей болған. Машинаның дамуына байланысты жұмысшылар жұмыстан шығарлыды және жұмыссыздық көбейді. Биліктегі басшылар мен үлкен жер иелері жұмысшылардың көтерілңске шықпауы үшін бірнеше заңдар дайындады. Жұмысшылар ұйымдарға бірігуге және шеруге шығуға тиым салынды.

Швейцария

1830 жылғы Франциядағы революция Швейцарияға да әсер етті. Сөйтіп феодалдық қалдықтарды жою, демократияландыру және мемлекеті орталықтандыру үшін күрес басталды. Таулы аймақтардан басқа, барлық кантондарда ұлттық жиналыстар болды, сайлау құқығы, баспасөз бостандығы және міндеттіліктерін жою мақсатында қарулы демонстрацияларға шықты. Кей жерлерде мысалы, Нившателде және Базелде, Швецте қарулы қақтығыстар өтті. Базель кантоны 1832 жылғы екі жылдық күрестен кейін екіге бөлінді: Базель қаласы және ауылдық кантон. Ауылдық кантонда шаруашылықтардан құрылған уақытша үкімет құрылды. Он екі ең коп тұрғыны бар кантондар диплоатиялық конституция қабылдады. Бұл жерде билікке мемлекет аумағын кеңейтуді көздеген буржуазия келді. Бірақ көтерілісшілер буржуазияны биліктен аластатқысы келді. Олардың таулы аймақтағы кантондар қолдады және «Зондербунд» құпия әскери саяси ұйым құрады. Және азамат соғысына қатысты. 1847 жылы Сейм бұл құпия ұйым туралы естіп қояды және 1815 жылғы одақтық келісімге сәйкес емес деп жариялап, ұйымды таратуға бұйрық берді. Бірақ бүлікші кантондар қарсылықпен жауап берді. «Зондербунд» сеймнің әлсіздігіне және тауда қарсылық көрсету оңайлығына үміттенген (сенген) болатын. Бірақ бұл тұжырымдар іске аспады. Мемлекетті орталықтандыруды халық қолдады, соған байланысты сейм әскер саны жағынан «Зондербундқа» қарағанда көп жиналды. (100мың адам). Меттерних пен Гизо өздерінің мемлекеттерінің ішіндегі революцияны болдырмауға тырысты және сол мезетте кіші Швейцарияны ойлай алмады. Қалған халқы аз, экономикалық жағдайы әлсіз кантондар сеймге қосылған қуатты кантондарға қарсы шыға алмады. Үш күннен кейін бүлікші кантондар жеңілгенін мойындады. 1848 жылғы бүлікілерді жеңу конституциямен бекітілді. Швейцарияны берік емес одақтардан құрылған мемлекеттен біртұтас одақ мемлекетіне айналды.

35. 20-50 жж. испанндық революциялар және карлистік соғыстар

Карлистер – XIX ғасырда 3 азамат соғысына белсенді қатысқан Испанияның саяси партиясы. Карлизм бір жарым жылдай (1830-1970) белсенділік танытты. Карлисттер қазіргі кезде де Испанияда бар, дегенмен олар саясатта елеулі рөл атқармайды.

Бірінші карлистік соғыс

Карлисттер көтерілісі басктік провинцияларда алғаш 1833 жылы қазанда басталды: дон Карлос Карл V деген атпен Испания королі болды. Көтеріліс барлық баск провинцияларын, Наварруды және бас насихаттаушы священник Мерино болған Ескі Кастилияны шарпыды. Инсуренттер басшысы халық қаһарманы Сумалакарреги болғаннан бастап билік жағдайы нашарлады. Сумалакарреги ұйымдастыру қабілетіне ие және шашыраңқы отрядтан үлгілі (тәртіпті) отряд жасай білді және оның саны көбейе түсті. Кристиностық генералдар – Кардоба, Мина, Сарсфельд, Кесада және т.б. көп жеңілістер тапты. Прпгмптикалық санкцияға қарсылығы үшін айдауда болған дон Карлос Португалиядатуысы дон Мигельден тұрақ тапқан әскери қозғалыс театрына келіп өз партиясының басшысы болған. Ол бөлек провинцияларға әртүрлі жеңілдіктер мен автономия болғызуға сөз беріп жақтастарын жинады. Осы қозғалысқа байланысты Арагон және Каталонияда карлистер кең етек жайды, және оның басшысы талантты Кабрера болды. Испанияның Эбро өзеніне дейін барлығы дерлік карлисттердің қолына болды. Сумалакаррги қайтыс болғаннан кейін де карлистер жұмысы табысты болды. 1836 жылы карлисттік генерал Гомес Кардоваға дейін жетті. Карлисттердің табысы кристиностың жаңа конституцияға байланысты келіспеушілігі болды. 1837 жылы жағдай өзгерді. Кристиностардың басшылары – қайратты Эспартеро мен Нарваэс болды. Дон Карлостың Мадридке шегіндірген Эспартеро карлистерге бірнеше соққы берді. Карлистерді Пиринейге шегіндірді және солтүстік провинциялардың көбін басып алды. Карлистердің өз ішінде қанды ұрыстар басталды. Нәтижесінде, карлистердің әскербасы Эспартеро мен Морото келісіміне (31 тамыз 1839 жылы Верара) келді және королева Изабелланы мойындады. Мұның үлгісіне басқа карлисттердің генералдары да мақұлдады. Сондықтан Бірінші карлистік соғыс жеңіспен аяқталды деп саналады. 27 қыркүйекте дон Карлос Испаниядан кетіп француз аумағына өтуге мәжбүр болды. Луи Филипп оған Бургс қаласына орналастырды. Ал Кабрера әлі де кристиностармен соғыс жалғастырды. Дегенмен келесі жылы ол да Испания жерінен кетуге мәжбүр болды. Карлистер партиясы жойылған жоқ. Карлисттер үкімет билігіне байланысты бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды және дон Карлостың ұрпақтарн өздерінің басшысы және шынайы монарх деп санады. 1830 жылдардың аяғында испан тағының үміткері VI Карл атымен шыққан Үлкен дон Карлостың ұлы Монтемолин болды. Бірақ VI Карлдың Испания басшысы болып отыруына О’Доннелла тойтарыс берді, ал VI Карл тұтқынға түсті. Сосын карлисттік үміткер граф Монтемаллинаның інісі Хуан (Хуан III деген атпен) болды. Өмірінің соңында ол француз коронасының үміткері болды.

  1. ХІХ ғғ. 30-40-шы жж. еуропалық революциялық қозғалыстардың қорытындылары

1830-40 жж сонымен бірге француз тарихнамасында демократиялық бағыт басталады, оның ең басты мақсаты тағы да сол француз революциясы еді, бірақ тарихшыларды осы бағытта революция болған кездегі буржуазиялық тәртіп қызықтырған емес, керісінше халық күресі еді. 

Жұмыссыздық пайда болып инфляция өрістей түсті және азық-түлікпен қамтамассыз ету нашарлады. Социализмнің үстемдігі шайқалып жұмыссыздық жоқ деген жасыруы мүмкін емес еді. Халық деспоттық жүйенің жойылуы, тирандықтың тоқтатылуы және бай ақсүйектердің үстемдігінің болмауы революцияға түрткі болды.

Нәтижесінде феодалдық патриархалдық жүйенің құлауына, адамзаттың азаматтық құқықтары мен бостандықтарының қалыптасуына үлкен жетістік болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]