- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
Нидерландыдағы революция (1566-1609 жж.), Ағылшын революциясы (1642-1689 жж.), Француз революциясы (1789-1794 жж.) сияқты Еуропа халықтарын бірінен кейін бірін қүйзеліске ұшыраткдн революциялық қарсаңында, олардың кезінде және олардан кейінгі іргелі өрлеуде саяси ілім өз дамуына аса үлкен карқын алды. Саяси ғылымның одан кейінгі дамуының, саяси мәдениеттің қалыптасу концепциясының негізіне айналған бірқатар принципті ережелер жасақталды.
Монархиялық режимнің тірегі болған шіркеуге елеулі сокқы берілді. Біртіндеп дін мен шіркеудің демократиялық қоғамдағы саяси ортасы — клерикализм көрініс ала бастады. Қоғамның құқықтық мәдениеті мейлінше дәйекті және мақсатты түрде қалыптасып, құқықтық мемлекеттің концертуалдық негіздері қалана бастады
Билікті шектеудің қажеттілігіне: конституциялық құрылыстың орнауына (барлық билік құрушы субъектілер, барлық азаматтар қолданатын қоғамдық және мемлекеттік құрылыстардың жаңа принциптері мен заңдарының салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін жинақтарының қабылдануы; биліктің шектелуі; билік құрушы субъектілердің өкілеттігінің анықталуы; биліктің вертикалдық тұрғынан және белдеулік тұрғыдан бөліну принциптерінің жүзеге асуы; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөліну) көңіл аударыла бастады.
Билікті легитимдендіру проблемалары жасақталды. Сайлау жүйесінің біртіндеп қалыптасуы, оларды демократияландыру жүрді.
Жоғарыда айтылған революциялық оқиғалар, соғыстар және басқа да әлеуметтік өзгерістер Еуропаның, сондай-ақ бүкіл әлемнің шырайын түпкілікті түрде өзгертті. Жалпығаламдық шынайылыққа айшала, Жер шарының барлық түкпірлеріне тарай отырып капитализм біртіндеп дами бастады.Осы жетістіктер, сондай-ақ революция мен соғыстың ауыр сабақтары либерализмді Жаңа заманның белгісі ретінде көрсетті. Еуропа елдерінде азаматтық теңдік принципі ендіріліп, дауыс беруге құқығы бар адамдар саны көбейе бастады. Адамдардың жеке өміріне мемлекеттің араласуын шектейтін, кәсіпкерлік іс-әрекеттің еркіндігін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам қарқынды түрде калыптаса бастады.
Алайда сонымен қатар қоғамда экономикалық және әлеуметтік теңсіздік сақталып күшейе түсті, сондықтан құқық теңдігін жариялау тиімсіз әрі жеткіліксіз еді. Әлеуметтік қатынастарда шиеленіс қордалана бастағандықтан ХІХ ғ. әлеуметтік наразылықтар кезеңі болды. Осы кезенде бұқаралық қозғалыстар пайда болып, саяси өмір сахнасына жұмысшы табы шыға бастады. Франциядағы Лион көтерілісі (1831, 1834 жж.), Англиядағы чартизм (1830-1850), 1848-1852 жж, Орталық Еуропаның көптеген елдеріндегі революциялық толқулар, Париж коммунасы (1871 ж) осы процестің жарқын мысалдары. Халық бұқарасының осы және басқа да толкулары наразылық әлеуетінің жиналып қалғандығын көрсетті. Әр түрлі формадағы әлеуметтік наразылықтың өсуі негізінде қарқынды идеялық ізденістер жүрді. Либерализм саяси ағым ретінде айтарлықтай берік позицияларды жаулап ала отырып, еуропалық саяси элитаның қолындағы туына айналды. Сонымен қатар, әлеуметтік наразылықтың өршуі революциялық радикализмнің себепшісі болды. Марксизмнің пайда болуы жұмысшылардың бұқаралық қозғалысына сүйенетін революциялық радикализмнің ұшар шыңы болып табылды. Марксизмнің ұраны К.Маркс пен Ф. Энгельстің бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті" (1848) атты шығармада баяндалған. Марксизмнің идеология ретінде танылуына 1848-1852 жж. Еуропадағы революциялық оқиғалар, Париж коммунасы (1871), жұмысшы табының әлеуметтік наразылықтарының өсуі кең мүмкіндік туғызды. Таптық ынтымақтастықтың негізінде жұмысшы табының халықаралық ұйымы — I Интернационал (1864-1876 жж) дүниеге келді. Сонымен қатар пісіп-жетілген жұмысшы қозғалысына радикалдық өре- кеттерден бас тартуға, дамудың эволюциялық жолын таңдауға үндейтін либерализм идеологиялары да енді. Көрнекті идеологтары Э. Бернштейн мен К.Каутский болған социал-демократиялық жұмысшы қозғалысының осы жолды жақтайтын қанаты қалыптасты. Олардың бастамасымен (1889 ж. құрылған II Интернационал капитализмнің оіртіндеп даму мүмкіндігін және социалистік идеалға экономикалық (табыстың әділетті бөлінуі, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы, әлеуметтік функциялардың мемлекетке берілуі, меншіктің дисперсиясы және т.б.) және саяси (қоғамды демократияландыру, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуіне халықтың ықпалын күшейту және т.б.) реформалар арқылы жетудің мүмкіншіліктері туралы социал-демократиялық концепцияларды жетекшілікке алды. Социал-демократиялық саяси ағымның дамуы капитализмнің монополистік саяси сатыға өтуіне мүмкіндік берді. Лениннің пікірі бойынша, аталмыш саты мен социализмнің арасында ешқандай өтпелі саты жоқ, өйткені монополистік капитализм социализмнің толықтай материалдық дайындығы болып табылады. Бұл кезең болу үшін не саяси революция, саяси партияның билікті өз қолына алуы және оның диктатурасының орнауы керек, не құрылымдық экономикалық және саяси реформалардың қабылдануы және қол жеткен материалдық жағдайларды пайдалану, сонымен қатар оларды тиісті әлеуметтік (табыстың әділетті бөлінуі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы) және саяси (биліктің халықтан алшақтауына жол бермеу мемлекеттік биліктің демократиялық құрылымдарының дамуы және қоғамның өзін-өзі басқаруы) мазмұнмен толықтыру жеткілікті. Жұмысшы қозғалысы басқа қозғалыс формаларының (аграрлық, ұлттық, анархиялық, либералдық және т.б.) әлеуметтік аясында пайда болып дамыды. Әр бағыттағы әлеуметтік қозғалыстардың осы жиынтығы XX ғ.саяси проблематикасын айқындады. Екі дүниежүзілік соғыс, үздіксіз революциялық соғыстар мен күйзелістер, геноцид, зорлық-зомбылық, әлеуметтік мәселелердің ғаламдануы осы кезеңнің озіне тән ерекшеліктері болды. XX ғ. КОКП-ның саяси тәжірибесі ерекше әлеуметтік мән мен ықпалға ие болды. Марксизм-ленинизмнің мейлінше радикалды қанаты революциялық саяси партия құрып, саяси төңкеріс жасау арқылы Ресейде билікті басып алып, бірпартиялық саяси жүйе орнатқаны қатаң идеологиялық қысым мен күш қолдану арқыны әлеуметтік секіріс жасағысы, яғни коммунизмнің қоғамдық идеалдарын жүзеге асыруға талпынғаны баршамызға мәлім. Бірақ объективті салыстырмалы сараптау көрсеткендей, бұл авантюристік тәжірибе қоғамның негізгі өлшемдерінің тоқырауына әкеліп соқтырды (еңбекке қызығушыл ықтың төмендеуі, халықтың билік пен әлеуметтік жүйеден шеттетілуі, өндірісті технологиялық жетілдіруге ынтаның болмауы, милитаризация және т.б.). Демек, өркениет тарихы барысында тәжірибеден өткен кұндылықтарға, яғни нарықтық экономикаға, демократияға, либерализмге, консенсустық саяси мәдениетке, негізгі гуманитарлық құндылықтардың сақталынуы мен дамуына қайта оралу, "социалистік лагерь" деп аталып кеткен елдердің бүгінгі өмірінде өзекті мәселеге айналып отыр.
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның – К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек. Ол үшін жұмысшылар таптық революция ұйымдастырып, буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті жойып, социализм орнатуы қажет деген ойды білдірді.
Кейін, К.Маркстің осы идеясын идеологияға айналдыру үшін коммунистік партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын ұйымдастырып, өкімет билігін өз қолына алды. Мемлекеттік биліктің ұйғаруымен осы ойшылдың идеясы марксистік идеологияға айналып, КСРО сол идеология бойынша 70 жылдай өмір сүрді.
Идеяның идеологияға айналуы туралы тағы бір мысал — реформизммен байланысты. Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің идеясы ретінде пайда болды. Бұл идеяның мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жеткізу үшін реформалар жүргізу қажет. Оларды буржуазиялық қанаудан қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті жоқ, жұмысшы табын қорғайтын партиялар парламентке келіп, еңбекшілерді қорғайтын әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы керек деген идеяны ұсынды. Бұл саясаткердің идеясын идеологияға айналдыру жолында Еуропаның көптеген елдерінде социал-демократиялық партиялар ұйымдастырылды. Осы партиялар сайлау арқылы өз парламенттерінен орын алып, ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп, нәтижесінде реформалар арқылы еңбекшілердің мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің идеясы идеологияға айналды. Бұл идеология саяси ғылымда “демократиялық социализм” деп аталады. Сонымен, идеология дегеніміз — биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал.
Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология 105 деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды.
Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.
Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша — идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.
Либерализм – азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымныңұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттыңортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихындаорта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық ословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады.
Осылайша адамдарды мәжбүрлеу тәртібі қоғамдағы тоқыраушылық көріністерін күшейтті. Дж.Локк өзінің либералдық идеясында әрбір адам өз қабілетін іске асырмайынша, елдің дамуына өзінің үлесін қоспайынша қоғам қарқынды дами алмайды, адамдарды мемлекеттік дәстүрлі жіктеуліктен, дін құрсауының ықпалынан босату керек деп түсіндірді. Либералдық идеяны көпшілік жақтап шықты, әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық таптың тез қабылдауының арқасында кейін идеологияға айналды. Экономика саласында нарықтық қарым-қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене шеберхана ашса, біреулері жеке меншік жерге ие болды, сөйтіп өндіріс дамыды. 50-100 жылдан кейін осы кішкене шеберханалар ірі зауыттарға, фабрикаларға, ал кішкене бау-бақша жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды.
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм – неолиберализм бөлініп шықты. Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтыққатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды. Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясыбойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі – нарықтық жағдайдаазаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау.
Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі “түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет “жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс.
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі– либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол – консервативтік (консерватизм) идеология.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы. ХVІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтік теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты — қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология – қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды. Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп, идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды. Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.
Неоконсерватизм –қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. Не себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау, дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи зердесіз халық — қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа, адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты, ерікті шектеп тұрады. Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады.
Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы Джон Стюарт Милльдің: “Бір рет болса да дәстүрден шығу – ол бостандыққа тағы да бір қадам жасау” – деген қағидасының маңызы өте жоғары.
Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия принциптері одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындауға тура келді. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шектеліп, меншік жекешелене түсті. Бұның бәрі неоконсерватизмге күш беріп өркениетті елдердегі орта таптың идеологиясына айналды.
Неоконсервативтіктер консервативтіктермен салыстырғанда дәстүр ұстанымынан бостандыққа ұмтылуға шақырып, қоғам өміріндегі әртүрлілік нәтижелі бағыт деп есептейді.
Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер қатысты.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында неоконсервативтік идеяларды ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк, Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж болатын. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшыЗбигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль және т.б. Консерватизм мен неоконсерватизмнің идеология ретіндегі маңызды нәтижесі — Англиядағы, АҚШ-тағы және Германиядағы консервативтік партия өкілдерінің мемлекеттік билік басына келуі болатын. Келесі саяси идеология – марксизм идеологиясы. Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.
Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы К.Маркстың(1818-1883)идеясы. Оның идеясы бойынша, «таптық қоғамда әділеттік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер — қарапайым жұмысшыларға, шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік экономика саласында орын алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басында отырғандардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да – бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға алмайды». «Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып, меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін коммунизм орнату керек. Осындай қоғамда ғана жан-жақты дамыған, еркін адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» -деп есептеді К.Маркс.
Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ –Ресейдегі 1898 жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеологияжыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке меншік жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады. Бұл саяси оқиға идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл әлемдік тарихи сабақ болып саналады.
К.Маркстің ең үлкен қателігі – «капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілігі жоқ» — деген қағидасы болатын.
Бұған қарсы Еуропаның батыс елдерінде, соның ішінде әсіресе Германияда ХХ ғасырдың басында марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізу мақсатымен реформистік идеялар ұсынылды. Бұл идеялар саяси ғылымдареформизм болып аталады. Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы.
Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі – революция идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды.
Реформистік идеологияның негізін қалаушы — неміс саяси қайраткері Эдуард Бернштейн(1850-1932). Бұл саясатшы реформизм туралы идеяларын “Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты” деген еңбегінде ұсынады. Э.Бернштейннің реформизм идеологиясына келу жолы қиын да күрделі болатын. Ол өзі саясат жолын марксизмнен бастаған еді.
Марксшыл Ф.Энгельстің серігі болып, екеуі Германияда 1869 жылы құрылған социал-демократиялық жұмысшылар партиясының жетекшілер құрамындаболды. Марксистік идеяларды таратқаны үшін Э.Бернштейн өз елінен жер аударылып біраз жылдар Швейцария, Англияда тұрады. Әсіресе Англияда болған уақытында Э.Бернштейн либерализм идеологиясымен терең танысады. Соның әсерінен саясатшының марксистік көзқарасы күрт өзгеріп, жоқшылық мәселелерді шешудің басқа да жолдары бар екенін байқады. Э.Бернштейн өзінің кейінгі жаңа көзқарасында кедейлердің, жұмысшылар мен шаруалардың әлеуметтік жағдайын тек революция, социализм жолы арқылы ғана емес, оны реформалар арқылы да шешуге болатынын дәлелдейді. «Таптық, саяси теңдік орнату жолы міндетті түрде капитализмді құлату емес, себебі капитализмнің реформалар арқылы кедейшілікпен күресуге мүмкіншіліктері толығымен бар, кедейлердің жағдайын жақсартам деп байларды құртып жіберу – ол да әділетсіздіктің бір түрі» деп қорытындылайды. Ол «дұрысы буржуазиялық тапқа қарсы күресу емес, қоғамдағы кедейшілікті азайту үшін күресуі керек» деген қағиданы таратты. Яғни, Э.Бернштейн марксистік идеологиядан бас тартып реформизм идеологиясын берік ұстаным етті. Э.Бернштейн өз еліне, Германияға қайтып келгеннен кейін, Германия социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (ГСДЖ) ыдырап, үш топқа бөлініп кетті. Э.Бернштейн енді тек ғана реформизм көзқарасын қолдайтын топтың жетекшісі болды. Кейін осы реформистік идеяға сүйенген социал-демократиялық партиялар Еуропа елдеріндегі реформизм идеологиясының дамытушысы, халыққа таратушысы болды. Сонымен, біз әлемде кең тараған идеологиялардың негізгі түрлерін қарастырдық. Идеология қоғам өміріндегі зор қозғаушы күш екені ақиқат. Сондықтан идеологияны тудыратын себептерге аса мұқияттылықпен қарап, идеологияны таңдай білу жоғары білімді, аса жауапкершілікті қажет етеді. Негізінен жалпықоғамдық идеологияның көзі халық болуға тиіс екенін есте ұстау керек.
56. Халықаралық қатынастар дамуындағы тендециялар, әлемді бөлісудегі державалардың экономикалық және геосаяси мүдделерінің арақатынасы және оның XIX-XX ғғ. тоғысындағы халықаралық жағдайға әсерін сипаттаңыз.
ХХ ғасырдың басында әлемді бөлудің жаңа кезеңі туындады. Егер өткен ғасырларда әміршілерге Жаңа әлемнің бейтарап жерлерін өзара бөлісуге мүмкіндік болса, енді бұл ғасырдың басында ондай бос жатқан жерлер (Еуропалық отаршылдардың көзқарасы бойынша) тіптен қалған жоқ еді.
Сол уақытта Еуропада өзге елдерді отарлау жөнінен Ұлыбритания империясы алдына жан салмады. Оның иелігіндегі территория бойынша ешқашан күн батпайтын. Францияның да колониялдық империясы ауқымды еді. Құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан Ресей де сол кезде отарлаудың табиғи шегіне жеткен болатын, тек Жерорта теңізіне шығу жолын бақылауды ғана армандайтын. Жалпы «бәлішті» бөлісуден кешігіп, құр қалған Германия, Австро-Венгрия және Жапония ғана алыс мақсаттарды көздейтін жоспар құрды. Ең үлкен жанжал Ұлыбритания мен Германия арасында туды. Ағылшындарға қауіпті бәсекелес қажет емес еді, ал Германия теңізге шығу жолдарын қолға алып, ағылшындарды ол жерден ығыстырып, өзінің отарлық иеліктерін кеңейтіп, еуропалық шекараларын шеңберлеуді көздеді.
Әрине, мұдайда одақтасу жайында мәселе туады. Германия мен Австро-Венгрия Ресейге қарсы өзара одақ құрады. 1882 жылы оған Италия қосылады. 1891-1893 жылдары оларға қарсы Ресей мен Франция келісімге отырады. Осылайша Орталық державалар үстінен соғыс бұлты қалыңдай түседі.
1904 жылы ағылшындар француздармен, ал 1907 жылы Ресеймен келісімге келеді. Антанта атты (французша мағынасы «келісім») одақ құрады. Ақыр соңында Германиямен соғысатын барлық елдер Антанта аталады.
Сөйтіп, 1914 жылы Германия, Австро-Венгрия, Түркия – бір жағынан, Ресей, Британия, Франция екінші жағынан бірігіп, одақ құрады. Әр мемлекет өз мақсатын көздеп, сол орындалу үшін сылтау іздеді.
Сонымен әлем бір деммен соғыс драмасының басталуына қоңырау соғылуын күтеді. Мұндай мүмкіндік 1914 жылдың 28 маусымында туады. Австро-Венгрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинанд Сараевоға (Босния) баратын болды. Жолда беймәлім біреу оның арбасына бомба тастайды. Дегенмен эрцгерцог алғырлық танытып, оны сыртқа лақтырады да, өзі мен жұбайының өмірін сақтап қалады. Бірақ қайтар жолда оны «Жас Босния» ұйымының мүшесі Принцип деген студент тапаншамен атып өлтіреді.
Соңында бір айға жуық созылған айтыс-тартыстан кейін Австро-Венгрия Сербияға ультиматум қояды. Оның жалпы мазмұны тәуелсіз Сербияны саяси картадан сызып тастауға саяды. Серб үкіметі ультиматумның барлық пункттерін орындауға даяр еді. Бірақ кейбір талаптарды келісіп алмақ болған. Дегенмен австрия-лықтардың әскери дайындыққа кірісіп кеткенін білгеннен кейін олар да әскерін сапқа тұрғызды. 1914 жылдың 28 шілдесінде келісімге отыруды қаламаған австро-венгриялық тарап Белград қаласын артиллериядан атқылай бастады. Содан Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтанып кетті.
