Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724 Кб
Скачать
☆

58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.

XIX ғасырдың 50-60 жылдары көптеген мемлекеттердің экономикасы капиталистік жолмен дамып жатқан еді. Аталған он жылдың аралығында елдер мен құрлықтар арасындағы сауда байланыстары кеңейе түсті, халықаралық сауда айналымы және де әлемдік капиталистік рыноктың қалыптасу үрдісі қарқынды түрде ұлғайды. 1857 және 1866 жылдары әлемде алғаш рет экономикалық дағдарыс орнады. Ол Еуропаның Англия, Франция, германдық мемлекеттер секілді алдыңғы қатарлы елдердің ғана емес, сонымен бірге Австрия империясы, Ресей, Италия, Испания, Латын Америкасының бірқатар елдерінің және Скандинавиялық мемлекеттердің экономикасына қатты әсер етті. Капитализмнің орнауы тек техникалық қамсыздандырылу, өндірістің фабрикалық ұйымластырылуымен ғана емес, оған қоса жұмысшылардың эксплуатациясымен сипатталды. Барлық жерлерде (Англия мен Францияны есептемегенде) еңбек пен капиталдың арақатынасын реттейтіндей фабрикалық заңнама болған жоқ еді. Дегенмен пролетариаттың бірігуі мен күресуіне тыйым салатын антижұмысшы жарлықтардың саны шексіз болды. Англияда өнеркәсіптегі жұмысшылардың 60 % -ы жұмыссыз қалды. Жұмысшылардың ауыр да адам төзгісіз жағдайы оларды сихиялы түрде көтеріліске шығуға итермеледі. Ең ірі көтерілістер Англиядағы Йоркшир көмір қазушыларының (1858 ж.), Лондон құрылысшыларының (1859-1861 ж.), Париж типографтарының (1862, 1864 ж. тамыз), Германия жұмысшыларының (1857 ж. 60 толқу, 1864 ж.20-дан аса толқу), Жаңа Англиядағы етікшілерлің (1860 ж.) көтерілістері болды.

Әртүрлі мемлекеттердегі жұмысшы таптың көзқарастарының деңгейі сол елдердегі капитализмнің даму көрсеткіші, елдің тарихи дәстүрлері, пролетариаттың құрылымы және жұмысшы таптың күресу тәжірибесіне тікелей байланысты болды. Алдыңғы қатарлы пролетариат буржуазиялық-либералдық идеологияның ықпалында (мысалы, Францияда республикандық, ал Германияда Шульце-Делич бастаған либералдық бағыт) болды. 1848 жылғы революциялар барысында либералдық буржуазияның бағытынан айнығандардың көпшілігі не буржуазиялық демократизм (Англия, Бельгия, Швейцарияда жұмысшылар радикалдармен, Италияда мадзинистермен бірікті), не заманауи социализмнің сектанттық ілімдеріне бет бұрды. Жұмысшылар арасында өткен замандағы социалисттік утопияның жақтаушылары (оуэндіктер) және күрестің революциялық түрлерін (чартистер, бланкистер) қолдаушылар да болды.

Ұсақбуржуазиялық топтар басым боп келетін Бельгия, Франция, Швейцарияда прудонизм қанат жайды. Прудонист жұмысшылар ақшасыз алмасу, пайызсыз несие, өзара көмек көрсету (мютюэлизм) теңдік пен әділдікке құрылған ұсақ меншіктеушілердің мінсіз қоғамының орнауына себеп болады деп сенді. Оларды сонымен қатар ұлттық мәселедегі нигилизм (олардың поляктардың, итальяндықтардың күрестерінде шаруалары жоқ), техникалық прогреске қызығушылықтың жоқтығы (өнеркәсіптік төңкеріс жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайын нашарлатты деп сенді), әйелдердің тең құқықтарға ие болуына қарсы пікірлерімен (“әйел – шаңырақ қорғаушысы”) сипаттауға болады.

Германдық мемлекеттерде реформалық көзқарастың жақтаушысы Ф.Лассальдың идеясы орнады. Лассальдықтар жалпыға ортақ сайлау құқығының енгізілуіне, өндірістік серіктестіктердің құрылуын және қанат жаюына қол жеткізді. «Жалақының темір заңының » танылуы жұмысшылардың экономикалық күрестегі белсенділігінің төмендеуіне, стачкалар мен профсоюздарды мойындамауына себепші болды.

Англиядағы тред-юнионизмдік ағымға бас ұратын жұмысшылар өздерінің экономикалық талаптарының қанағаттандырылуына арбитраж көмегімен қол жеткізуге тырысты.

Идеялық ағымдардың сипатына қарамастан, жұмысшылар басқа елдердегі пролетариаттың жағдайымен танысқысы келді, таптық ынтымақтастыққа ұмтылды және интернационалдық бірігуге деген қажеттілікті сезінді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]