- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
Пуританизм - XVI ғасырдың екінші жартысында Англия және Шотландияда ағылшын шіркеулерінің тізбекті реформациясы үшін қалыптасқан оппазициялық - діни қозғалыс. Католицизмнен қалған белгілерден оны тазарту: епискілік институттарын өзгерту, шіркеу жерлерін кәмпескелеу, шіркеулердің арзандауы. Пуритандар оразаны, қасиеттілерді, көптеген діни мерекелерді мойындамады.
Пуританизм – ағылшынның «таза» және «шынайы» дегенді білдіреді. Оның негізін қалаушы Д. Ноке болды. Пуританизм уағыздаған құндылықтар мен өмір сүру салты жоғарыда көрсетілген көптеген ағымдарға ортақ болды. Ендігі жерде кальвинизм шіркеуінің дүниетанымы мен өмір салтын қабылдап, соның жолын қуушылар пуритандар деп атала бастады. Жаңа ағым «бұқаралық аскетизмді» асыра бағалаумен, діни салт-жоаралардың қаталдығын фетилизациялаумен, үнемшілдікпен, діни ынта-жігермен және т.б. байланысты болды.
Пуританизм этикасы риторизмнен сипатталады, ол адамадар арасындағы қарапайым қарым-қатынастарды жақтап, өмірлік қажеттіліктерді барынша шектеуді уағыздады. Жоғарыда көрсетілгендей, пуританизм этикасы байлыққа, ысырапшылдыққа, думаншылдық пен сауықшылдыққа жол бермеуге барынша қүш салды. Пуританизм өкілдері ұқыпты болды және белгіленген салт-жораларды қатаң орындап, құдайға құлшылық етіп, тақуалық қарапайым өмірге бет бұрды.
7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
1629-1640 ж.ж. патша билігінің үстемдік құруымен сиаптталды, себебі, бұл кезде парламент таратылған болатын. Мұның нəтижелерінің бірі ретінде Шотландиядағы қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып
кіру қауіпі туды. Əскери сəтсіздіктер жəне қаржының жетіспеушілігі I Карлды парламентті шақыруға мəжбүр етті, бұл парламент 1640 жылдың 13-сəуірінен 5-мамырына дейін жұмыс істеді жəне ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды.
Қауымдар палатасы патшаның шотландықтармен соғысын қаржыландырудан бас тартты жəне І Карлдың саясатын талдап қарастыруға көшті. Жалғызілікті басқару жылдарында І Карл парламентті таратып жіберді, осы əрекеті арқылы ол өз жағдайын одан əрі нашарлата түсті. Ұзақ парламент. Бұл парламентті патша 1640 жылдың
қараша айында шақырды, ол 1652 жылға дейін жұмыс істеді, сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды. Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640 ж. 3-қараша — 1642 ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына
əсер етті. Ұзақ парламент парламенттің патшаның еркіне қарамастан əрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үшжылдық акт жəне парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылда-
ды. Арнайы актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссия” таратылды.
1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды, мұнда Англиядағы дін мен мемлекеттік құрылымды өзгертуге талпыныс жасаған “жаман ниетті партиямен” байланысты қауіп аталып өтті. Бұл “партияның” əрекеттері ретінде Шотландиядағы соғыс, Ирландиядағы көтеріліс жəне патша мен парламенттің арасындағы шиелініс түсіндірілді. Ремонстрацияда эпископтарды лордтар палтасынан аластату жəне шіркеуге қатысты реформалар жүргізу, сонымен қатар, қауымдық жер-
лерді жинауға жəне салық алудағы патша билігінің кемшіліктерін жоюға тыйым салу талап етілді. Ұзақ парламент қабылдаған барлық актілер патша билігін
шектеді, оларды патша бекіткенімен, шиелініс шешілмеді. Нəтижесінде патша мен парламенттің арасындағы азаматтық соғысқа алып келді. Патша Оксфордқа көшіп кетті, сөйтіп, мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі үкімет басқарды.
