- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
1649 жылы патшаны өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік кеңес құрылды. Индепенденттер мен левеллерлердің арасында бұл оқиғаларға дейін бекітілген “Халықтық келісімде” келесі əрекеттер
мақсаттар ретінде көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық ер адамдардың қатысуымен жаңа сайлауларды ұйымдастыру, барлығының заң алдындағы теңідігі жəне т.б. Алайда,
Кромвель үшін “Халықтық келісім” əрекеттердің шынайы бағдарламасы емес, айлалық мойын ұсыну болып табылды. Мұны білген левеллерлер бірнеше əскери бөлімдердің қолдауымен көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып тастады.
1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель оны таратып жіберді.
1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығайта түскен “Басқару қаруы” атты конституция қабылданды. Бұл актіге сəйкес жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор мен бірпалаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғарғы
билік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мүшесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды тоқтатты жəне Мемлекеттік кеңестің мүшелерін өз қалауы бойынша тағайындайтын болды. 1657
жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпына келтірілді. Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көтерілістерді басып тастады — мемлекетте республиканың орнына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады.
9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
|
Левеллерлер |
Диггерлер |
|
Дж. Лимберн, Халық келісімі |
Дж. Уинители, Әлеуметтіктің жаңа заңға бостандықтың заңы |
3. Саяси құрылысы |
Республикалық, екі жылда бір 31 желтоқсанда сайланады , бір палаталы. |
Эксплуатация және жалдамалы негізде заңмен әділеттік қағмдаларға негізделеді. |
4.Әлеуметтік-экономикалық өзгерісі |
Ондықты жою, монополияны жою. |
Лордтардың жерлерге иелігін жою. |
5.Діни мәселесі |
Шіркеу мемлекеттен бөлек болды. Діни төзімділік |
|
6.Әлеуметтік тірегі |
Кедей шаруалар |
Ауқатты қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, бай шаруалар. |
10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
Индепендентердің жетекшісі Хантингдон дворяны,1640 жылы Ұзақ парламентке сайланған Оливер Кромвель (1559-1658) болды.1650 жылы Кромвель армиясы Шотландияға еніп,жергілікті әскерлерді талқандады.Осындай жеңістердің арқасында Англия республикасын ресми түрде Испания,Германия,Швеция мойындады.Республиканың ішкі саяси жағдайы ауыр күйінде қала берді.Елде Англияның жаңа конституциясын орнықтыру,заң шығару,реформалар жүргізу өте қажет болды.Халық арасында “құйыршық ” атанған парламент ештеңе де ұсына алмады.Міне,осындай жағдайда 1653 жылы сәуір айында Кромвель парламентті таратып,жаңа билік органы – Кіші немесе Бэбондық парламентті тағайындады.Жаңа парламент ұсынған әлеуметтік- экономикалық өзгерістер басқарушы топтардың наразылығын тудырды.Офицерлердің қысымымен Кіші парламент өздігінен тарап кетуге мәжбүр болды.1653 жылы желтоқсанда Англияда жаңа конституция – “Басқару құралы” қабылданды. Кромвель Англияның,Ирландияның,Шотландияның өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалды.Шын мәнінде,протекторат жүйесі Кромвельдің әскери диктатурасы еді.Осы кезден бастап парламент екінші сипаттағы орынға ауысты.Парламент сайлауына тек ауқаттылар жіберілді.Салық көлемі бірден көбейтілді.Барлық тауарлар түріне баға көтеріліп кетті.Кромвель өзін корольдей сезінді.Ол шетелдік елшілерге король мантиясын киіп шығатын болды және ізбасарын тағайындау құқығын иеленді.1658 жылы 3 қыркүйекте Кромвель қайтыс болады.Билікті оның ұлы Ричард иеленеді,бірақ жаңа билік иесі де елдегі жағдайды түзете алмайды\.1659 жылдың көктемінде билікке Ұзақ парламенттің республикандық “қулары” оралады.Англияда Екінші Республика орнайды.Алайда бұрынғы революцияны шыңға шарықтатпақ болған олигархтық бұл шоғыр өздерінің ауқымы тар мүдделерінен аса алмай,ешқандай салада да реформалар жүргізуге дәрменсіз болғандықтан, генерал Ламберт басқарған әскери топ оларды қудалап,елде жаңа әскери диктатура орнатады.Саяси жағдайдың тұрақсыздығы, халық толқуының бой алдыруы,әділетті билік түрінің жүзеге асырылуын талап ету,буржуазиялық-дворяндық одақты монархиялық билікті заңдастыра оны қалпына келтіруге мәжбүр етті.Халықтық секталар-анабаптистердің,миллиналилердің,квакерлердің қарулы көтерілістерге әзірленіп жатқандары туралы сыбыстың таралуы, солтүстікке орнығып алған білікті генерал Монк әскерінің Лондонға жылжуына себеп болады.Монк әскерінің келуімен,оларға 1648 жылдың желтоқсанында парламенттен қудаланған пресвитерандарды қайтадан жинау тапсырмасы жүктеледі. 1660ж. 21-ақпанында парламентке қайта оралған пресвитериандар Вестминистердегі бас қосулардың барысында,шіркеудің пресвитериандық құрылымын қайта қалпына келтіреді.Олардың жарлығымен республикашыл көзқарастағылардың кейбірі тұтқындалып,біразы Лондоннан қудаланады.Осыдан кейін Ұзақ парламент өздігінен тарау туралы акт жариялайды да, Конвент сайлауын белгілейді.Осы уақытта Голландияда бой тасалап жүрген II Карл,өзінің әйгілі Бред декларациясында корольдің азамат соғысындағы барлық әрекетсіздіктерге қатысқандығы үшін ағылшын халқына кешірім беруі,дін сеніміне еріктілік және өзге де мүдделіктермен сипатталған талаптарды орындайтындығы көрсетілген.1660 жылдың 26-мамырында жиналған Конвент II Карл заңды монарх ретінде жариялайды.Осылайша Англияда тағы да абсолютті монархия орнайды.Алайда,Бред декларациясында уәде етілгендердің барлығы сыртта қалып,жаңа абсолютизмнің реставлациялануы репрессиядан басталады.
