Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724 Кб
Скачать
☆
  1. 1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз

XIX ғасырдағы Еуропа даму кезеңіндегі елеулі жағдай – 1848-1849 жылғы революциялар болатын.

Еуропаның көптеген мемлекеттеріне ортақ міндет – капитализмінің дамуын тежеген феодалдық абсолюттік тәртіпті жою болды. 1848-1849 жылдардағы революциялық қозғалыстарда әр мемлекетте өзіндік алға қойған міндеттері болды Революция әр мемлекеттің тарихи жағдайға байланысты болады. Феодолизм мен абсолютизмді 1789-1794 жылдар аралығында жойған Францияда 1848-1849 жылы қаржылық аристократияны жою және буржуазиялық сынып билігін құру. Германияда саси бытыраңқылықты жою және орталықтандырылған мемлекет құру болды. Италияда жоғарыда айтылған міндеттерге қосалқы солтүстік бөлігін Австрия билігінен босату болды. Австриялық 1848-1849жылғы революцияның міндеті Габсбургтер әулетінің реакциялық режимін жою және қорланған халықты ұлттық езгіден босату. 1848-1849 жылғы революцияда ең маңызды орынды қаналған халықты ұлттық езгіден босату қозғалы алды. 1848-1849 жылғы революция бірде-бір Батыс Еуропа мемлекетінің міндеттерін толықтай орындамады. Дегенмен 1848-1849 жылғы революцияның да пайдасы болды. Олар феодалдық қатынастарды жоюды және капитализмнің дамуына жол ашты. Айта кетсек, Италияның бірігуі және Германияның ұлттық бірігуіне қол жеткізді.

38. Франциядағы революцияның ерекшелігі

Франциядағы революцияның себептері мен басталуы

1847  жылы дүниежүзінің  көптеген капиталистік елдерін,  оның ішінде Францияны да қамтыған  экономикалық дағдарыстың салдарынан  жалпы жағдай бұрынғыдан да  бетер шиеленісе түсті. Жалақы 50—60 процент қысқартылды. Жаппай  жұмыссыздық басталды.

Революцияның басталуы. Революция  оқиғалары мына бағытта өрістеген  еді. 1847 жылғы өнеркәсіп дағдарысы  жағдайындағы және отаршыл әскерлердің  Алжирдағы жеңісі жайындағы айқай-шуды пайдаланып, өнеркәсіп буржуазиясы  үкіметке сайлау правосына реформа  жасаттыруға, сайлаушылар үшін мөлшері  жоғары сайлау цензін (жылына 200 франк  тікелей салық) азайттыруға бел  байлады. Жиналыстар өткізілді, мұнда  буржуазия қайраткерлері реформалар талап етіп сөз сөйледі.

1848    жылы 22  февраль  күні   үлкен   жиналыс   өткізілмекші болды. Жиналыс болатын  жерге жұрттың қалай жүріп  баратыны жөнінде жоспар жарияланды, бірақ  жиналыстың  дәл болатын  қарсаңында үкімет оған  рұқсат  бермей қойды.   Революция жасаудың  қамын   ойламаған    буржуазия   бұған   көнді.

Буржуазияның қайраткерлері  үйлерінде отырып қала берді, ал жұмысшылар, қолөнершілер және студенттер жиналыс  өткізілуі тиіс болған үйге барды. Талқандаудан аман қалған астыртын әрекет жасайтын революцияшыл республикалық қоғамдар мен социалистік қоғамдар жұртты көтеріліс жасауға шақырды. Кейбір жерлерде баррикадалар құрыла бастады. «Жасасын реформа!»— деген дауыстар естілді. Халық  бұқарасы көшеге шықты.

24 февральға қараған түні, жұмысшылардың демонстрациясын  үкімет әскерлері атқылағаннан  кейін, көтеріліс жаппай сипат  алып, өрши түсті. Сол түні парижандар  екі мыңға жуық баррикада құрды.  Баррикада құру үшін көшелерден  төрт мыңнан аса ағашты кесіп  құлатты, тас төселген көшелердің  миллионнан астам кесек тастарын қопарып алды.

Луи Филипп монархиясын құлату және Уақытша үкіметтің құрылуы. 24 февраль күні таңертең Париждегі  казармалар, барлық қару-жарақ қоймалары  көтерілісшілердің қолында болды. Луи-Филипп сарайдан сытылып шығып, жалдамалы арбакештің күймесіне  мініп, Парижден қашып кетті. Көтеріліс  жасаған халық король тағын алаңға апарып, өртеп жіберді.

Жұмысшылардың ерлігі арқасында  Франциядағы буржуазиялық Июль монархиясы құлатылды. Алайда буржуазия жұмысшыларға қарағанда жақсы ұйымдасқан еді, ол ұлт гвардиясының батальондарына  сүйенді, сондықтан үкіметті буржуазия  құрды,

Бурбон сарайына келген буржуазияның қайраткерлері (Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін) Уақытша үкімет құрылғанын мәлімдеді. Бұқараның талап етуі бойынша, Уақытша  үкімет құрамына 1834 жылғы Лион көтерілісіне қатысқан жұмысшы Альбер, сондай-ақ әрі журналист, әрі тарихшы Луи  Блан енгізілді. Луи Блан өзін өтірік социалиспін деп атады, іс жүзінде  ол жеке меншікті жақтады, буржуазияны  қолдады, жұмысшыларды сатып кетті. Өнеркәсіпшілердің мүдделерін қорғаған ақын әрі тарихшы Ламартин үкіметтегі басшы орынға ие болды. Ол сыртқы істер  министрі болып алды.

25 февральда жұмысшылардың  орасан үлкен демонстрациясының  талап етуімен, Франция біртұтас, бөлінбейтін республика деп жарияланды. Жұмысшылар республиканы өзінің  күресімен, қанымен жеңіп алды.

Уақытша үкімет еркектер үшін жалпыға бірдей сайлау правосын енгізді  және отарлардағы құлдықты жойды. Республика, монархиямен салыстырып қарағанда, бір қадам ілгері басқандық еді, өйткені парламенттік құрылыс кезінде  әсіресе республика жағдайында, бұқара арасында түсінік жұмысын жүргізуге, олардың саяси ұйымының жұмыс істеуіне біраз мүмкіндіктер туады. Бірақ капиталистік езгі буржуазиялық республика кезінде де өте ауыр болып қала береді.

Уақытша үкімет үйінің алдындағы  алаңға қаруланған халық тағы да қайтадан қаптап шықты. Қолында мылтығы бар  бір жұмысшы халықтың атынан уақытша  үкіметтен «еңбек етуге құқылы», демек кімде-кім жұмыс істегісі келсе, оның жұмыс алуға құқылы  екенін тануды талап етті.

Жұмысшылардың қысым жасауымен  Уақытша үкімет наурыздың бас кезінде  жұмыс күнін бір сағатқа қысқартты (Парижде 11 сағаттан 10 сағатқа дейін, провинцияларда 12-ден 11 сағатқа дейін).

Уақытша үкімет «еңбек ету  құқығын» қабылдамақшы болып келісті, бірақ мұны өзінің үстіне төніп тұрған қауіптен құтылу үшін ғана істеді. Уақытша  үкімет «еңбек ету құқығын» жүзеге асыруды сылтау етіп, жұмысшыларға қарсы шабуылға шықпақшы болды. «Еңбек ету құқығы» идеясын ақсату үшін үкімет кемтарларға қарасу ісін баскаратын қоғамдық жұмыстар министрлігіне ұлттық шеберханалар ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шеберханаларға жазылғандардың әрқайсысына күрек пен қол  арба берді. Тіпті үздік маман  жұмысшылар мен шеберлер де жер қазуға тиісті болды. Шеберханаларды ұстап  тұруға да аса көп ақша керек болды. Дағдарыс пен жұмыссыздыққа байланысты шеберханаларға көп    ұзамай-ақ 100 мыңнан аса адам жазылды. Осыған байланысты үкімет буржуазияға жеңілдіктер  жасады, шаруаларға салынатын тікелей  салықтарды бірден көбейтіп жіберді. Париж жұмысшыларының жұмыс  істегісі келмейді және   ұлттық шеберханаларға керек ақшаларды шаруалардан алуға тура келеді деп буржуазия шаруаларды сендірумен болды. Буржуазия бұл үгітті, әсіресе Құрылтай жиналысына сайлау кезінде үдете түсті.

Сөйтіп, буржуазия жұмысшыларға қарсы шаруаларды айдап салды. Франциядағы  халықтың басым көпшілігі болған шаруалар Құрылтай жиналысының сайлауы  кезінде өздерінің дауыстарын буржуазияға  берді.

Париждегі Июль көтерілісі

           Июнь күндері Үкімет жұмысшыларды  зор қырғынға ұшыратуды ұйғарды.  Ол ұлттық мастерскойларды тарату  туралы декрет шығарды. 113 мың жұмысшы жұмыссыз көшеде қалды. Бұған жауап ретінде 23 июньде жаппай көтеріліс басталды. Бұл Лион және Силезия тоқымашыларының көтерілісіне қарағанда, чартистердің бытыраңқы бас көтерулеріне қарағанда, анағұрлым қаһарлы және табанды көтеріліс болды.

Орыс революционері Александр  Герцен мыналарды көрді: «23-і күні сағат 4 кезінде мен Сенаның жағасымен Hotel lie Ville-ге қарай келе жаттым: дүкендер жабылып жатыр, түстері суық Ұлт  гвардияшыларының колонналары әр жаққа  қарай ағылып кетіп жатыр... қара бұлттар аспанды торлап алған, сіркіреп жаңбыр жауды... Қара бұлттың ар жағынан  найзағай жарқ етті. Күн жиілете  қатты күркірей бастады, осының бәрімен  қабаттаса шіркеудің мұнарасынан  бірқалыпты үнмен дабылдатқан қоңырау  үні естілді... алданған пролетарлар  осы үн арқылы өздерінің бауырластарын  тағы да қару алып күреске шығуға шақырып  тұр...

Өзеннің арғы жағындағы үлкенді-кішілі көшелердің бәрінде баррикадалар құрылып  жатыр. Мен түсі суық тас тасыған  адамдарды, оларға көмектесіп жүрген балалар  мен әйелдерді көріп тұрмын... Дабыл үні әлі де тынған жоқ»3.

Лезде 600-ге жуық баррикада  құрылып қалды — баррикадалар әуелі астананың шет жақтарында құрылса, кейіннен астананың тең  жартысындай жерін алды.

Құрылтай жиналысы өкімет билігін әскери диктатор генерал  Кавеньяктің қолына тапсырды. Париждегі қызыл тулар  желбіреген баррикадаларға тек ұлттық мастерскойлардың жұмысшылары ғана шығып қойған жоқ. Бұлармен қол ұстаса Париж пролетариатының басқа  отрядтары да — механикалық шеберханалардың жұмысшылары, темір жол жұмысшылары  да — ұрысқа шықты. Сент-Антуанның  маңындағы ұрыста әсіресе ағаш шеберлері  ерекше ерлік көрсетті. Әйелдер мен  балалар оқ құюға көмектесті, жараланғандардың жарасын таңды, жауынгерлерге ас пен су әкеліп беріп тұрды. Көтерілістің барысында жұмысшылар асқан ерлік, тамаша бір ауыздылық көрсетті, жаудың езін таң қалдырып, әскери тәжірибелерінің  молдығын байқатты. Ұлттық шеберханалардың жұмысшылары өздерінің осы шеберханаларда  әскери ұйымшылдыққа дағдыланғандықтарын  пайдаланды.

25 июньге қарай, генерал  Кавеньяк жағы басым екендігі  көріне бастады. Күшті артиллерия  Париждің жұмысшы кварталдарын  мейірімсіздікпен атқылап қирата  бастады. Үкімет әскерлері көтерілісшілер  оқ атқылаған үйлерді бұзып  талқандады.

Июнь күндері... «қазіргі қоғам бөлініп отырған екі  таптың арасындағы бірінші ұлы ұрыс болды. Мұның өзі буржуазиялық құрылысты  сақтап  қалу немесе оны жою жолындағы  күрес болды».

1848 жылғы бұл күресте  буржуазия жеңіп шықты. Табан  тіресе ерлікпен қарсылық көрсете  отырып, жұмысшылар қала маңына  шегінуге мәжбүр болды.  26 июньде   көтерілісшілердің ең соңғы тірегі  Сент-Антуан маңы қарсыласуын  тоқтатты. Жұмысшы киімін киген,  оқ дәрінің түтінінен беттері  тотығып кеткен адамдарды ату  басталды. Ұрыста 500 жұмысшы өлді, ұрыстан  кейін бірнеше мың адам атылды. Тұтқынға алынғандар 25 мың болды, үш жарым мың адам жер аударылды.

Жұмысшылар жеңілгеннен  кейін, буржуазия мен помещиктер тек Францияда ғана емес, сонымен  қатар Германия мен Италияда да және басқа елдерде де халық бұқарасына қарсы шабуылға көшті.

1848 жылғы буржуазиялық  революция жұмысшылардың белсенді  қатысуымен өтті, олардың республика  жариялатып, «еңбек ету құқығын»  танытуға қолы жетті.

Франциядағы 1848 жылғы революцияға  буржуазия контрреволюциялық күш  ретінде қатынасты. Шаруалар буржуазияны  қолдады. Пролетариат қана ақыр аяғына дейін революцияшыл тап ретінде  асқан табандылық көрсетті.

Францияда буржуазия революцияшыл жұмысшыларды қатал қуғынға ұшыратты. I Наполеонның немересі Луи-Наполеон 1848 жылы Франция республикасының президенті болып сайланды. 1851 жылы ол әскердің көмегімен жұмысшылардың, ұсақ буржуазияның, ал кейбір жерлерде шаруалардың қарсыласуын басып, сонан соң келесі 1852 жылы өзін III Наполеон деген атпен Францияның императоры етіп жариялады. Жұмысшылар мен шаруаларды басып-жаншуды күшейту үшін буржуазия империяны қолдады.

Францияда буржуазиялық қанаушы  мемлекеттік машинасы: армия, полиция, буржуазиялық сот едәуір күшейе түсті. Пролетариат пен буржуазия өз ара күрестің салдарынан әлсіреген кезде, өкімет билігін қолына алған III Наполеон жұмысшылар мен шаруалардың хал-жағдайын жақсартамын деп жалған уәделермен алдады, бірақ іс жүзінде буржуазияның айтқанын орындады, соның үстемдігін нығайтты.

Көсемсіз, қимыл   жасаудың  жалпы жоспарынсыз, қаражатсыз, көпшілігі  қару-жараққа мұқтаж жұмысшылардың  бес күн бойы тұтас армия мен  қарулы мобильдерді, Париждің ұлт гвардиясын және провинциядан келген ұлт гвардияшыларын бөгеп, тойтарыс берген теңдесі жоқ  керемет ерлігі, тапқырлығы жұрттың  бәріне белгілі болды. Буржуазия  өзінің өлерден зәресі ұшып қорыққаны  үшін күрескерлерді жан түршігерлік  қаталдықпен жазалағаны әлемге әйгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]