Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОӘК Тұрғындар географиясы 050609-географи...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері

Мақсаты: Халықтың қоныстануының ерекшеліктері, шоғырлану және шашыранқы орналасу дағдылары жайлы түсінік беру.Ауыл- село және қала халқы, урбандалу процестері туралы баяндау.

Дәрістің жоспары:

1. Халықтың шоғырланып және шашыраңқы қоныстану мен олардың себептері.

2. Ауыл және қала халқы, урбандпалу процесі және оның проблемалары.

Қалалардың пайда болу себептерiмен тарих пәнi сабағынан таныссыңдар. Қазiргi орта және iрi қалалар бұрынғысынша бiр немесе бiрнеше қызмет атқарады. Осы заманда адамзат қоныстануының ең басты фор­масы қалалар болып табы­лады. Жаңа ғасырымыздың басында қала халқы планета тұрғын­дарының жартысынан астамын құрап отыр және тез өсу үстiнде. Әсiресе дамушы елдерде оның қарқыны аса жо­­ғары. Дамыған елдер халқының 3/4 бөлiгiнен астамы қалалы жерде тұрады. Қала­лардың тым көбеюi ғаламдық проблемаға айналуда.

Кенттену (урбандалу) дегенiмiз — қалалар мен оның халқының санының өсуi, олардың рөлi мен салмағының артуы және қалалық өмiр салтының кеңiнен таралуы. Соңғы уақытта дамыған елдерде керi жағдай қалыптасып отыр, яғни ауасы ластанған әрi шулы қаладан оның маңындағы ауасы тазалау әрi тыныш елдi мекендерге қала тұрғындарының қоныстану процесi етек алуда. Бұны бiз субурбандалу құбылысы деп атаймыз. Қазiргi әлемдiк кенттену процесiнде көпшiлiк елдерге тән ортақ үш белгi бар: қала халқының тым тез қарқынмен өсуi; материалдық және өндiрiстiк емес экономика салаларының қалаларда шоғыр­лануы; қалалардың жер аумағының кеңейiп, қала маңындағы қоныстармен бiрiгуi және аса iрiлерiнiң осы агломе­рацияның ядросына айналуы. Агломерация — iрi қаланың төңiрегiнде бiрнеше қалалық елдi мекен­дердiң пайда болып шоғырлануы. Мысалы, Алматы агломерациясында 2 млн шамасында адам бар болса, Алматы қаласы шекарасындағы оның тұрғылықты халқы 1 млн-нан сәл астам. Сол сияқты Үлкен Мәскеуде 12 млн адам болса, ал Үлкен Мехикода 20 млн адам, ал “Токио—Иокогама” агло­мерациясында 35 млн-нан аса адам тұрады.

Кенттену процесiнiң жоғары сатыдағы буыны — мегалополис. Бұл бiр-бiрiмен тiзбектелiп, қосылып кеткен агломерациялар мен қалалардың алып шоғыры. Мысалы, АҚШ-тың Бостон қаласынан оның астанасы Вашингтонға дейiн созылып жатқан 40 млн адамды қамтитын “Бостваш” немесе Атлант жағалауы мегалополисi бар болса, Жапонияда бұдан да зор, тұрғын халқы 60 млн адамнан тұратын жапон мегалополисi қалыптасқан. Әлемнiң көптеген елдерiнде кенттену процесiн басқару көкейкестi мәселеге айналуда

Елдi мекеннiң қала аталуы мазмұнында әлем елдерi арасында ортақ белгi жоқ. Ең негiзгi белгi — халық саны болып табылады. Мұ­ның тө­менгi саны әрбiр елде әртүрлi. Адам саны Данияда — 200, Франция­да — 2000, АҚШ-та — 2500, Ресейде — 12000, ал Қытайда — 100000-нан асса ғана қала деп саналады. Сонымен қатар ТМД және дүниежүзiнiң кейбiр елдерiнде оның тұрғындарының шұғылданатын кәсiбi де есепке алынады. Мәселен, Ресейде қалалық елдi мекен болу үшiн ондағы халықтың 8%-ы ауыл шаруашылығынан басқадай салаларда қызмет iстеуi тиiс. Жапонияда елдi мекендегi халықтың саны 50000 адамнан кем болмауымен қатар ондағы халық тығыздығы 1 км2 4 мың адамнан асуы шарт. Кейбiр елдерде қала болып саналу үшiн белгiлi бiр аумақтың әкiмшiлiк орталығы болуы шарт болса, ал екiншi бiреулерiнде олардың қалалық белгiлерi (көрiктендiрiлуi, жайлылығы, мәдени-тұрмыстық желiлерi, т.б.) көзге ұрып тұруы қажет.

Дүниежүзi халқының жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Дүниежүзi бойынша ауылдық елдi мекендердiң нақты санын бiлу мүмкiн емес. Болжаммен 20 млн шамасында деп есептелiнедi. Селолар бiр-бiрiнен география­лық орналасуы, тұрғындар саны, кәсiбi, т.б. жағынан әралуандығымен ерекшеленедi. Көбiнесе ауылдық елдi мекендер топтасып немесе шашыраңқы түрде орналасады. Көшпелi мал, омарта және кәсiптiк аң шаруашылығымен айналысатын аудан­дарда тұрақты қоныс болмайды. Ауылдық елдi мекендердi атқаратын қызметiне қарай үш топқа бөлемiз: елдi мекен халқының басым бөлiгi ауыл шаруашылығымен айналысатын; ауыл шаруашы­лығынан басқа салаларда жұмыс iстейтiн; аралас, яғни ауыл халқы аграрлық, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, сол сияқты қала маңы шаруашылығы салаларында қызмет iстейтiн елдi мекендер. Дүниежүзiнiң дамыған және дамушы елдерiнде iрi қалалар маңындағы ауыл халқының көбi қаладағы оқуына немесе жұмысына қатынау арқылы жетедi, осынау жиi көлiк қатынасында кейбiр проблемалар (жол апаты, көлiктiк тығындар, т.б.) туындауда. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында, таяудағы жылдар ауыл проблема­сын шешуге арнала­тын­дығы атап көрсетiлдi.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Қала халқының күрт өсуі нәтижесінде туындап отырған экологиялық мәселелерді түсіндіру.

1. Қазақстан қалаларының iшiнде бiр, бiрнеше және көп салалы қызмет атқа­ратын қалаларға сипаттама берiңдер.

2. “Кенттену”, “агломерация”, “мегалополис” ұғымдарына түсiнiктеме берiңдер.

3. Ауылдық елдi мекендердiң қандай түрлерiн бiлесiңдер. Бiздiң елiмiзде ауыл проблемасы қалай шешiлуде?