- •Дәрістер тезистері
- •Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы
- •Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
- •Демографиялық саясат және халықтың өсуiн реттеу
- •Халықтың жастық және жыныстық құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
- •Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану
- •Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
- •Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері
- •Зертханалық сабақтардың сипаттамасы
- •Соөж, сөж (жоспарлар, сабақтарды жүргізуге арналған тапсырмалар).
- •Ауылдық елді мекендер
- •ТақырыпбыТұрғын халықтың көші-қоны (миграциясы)
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •«Тұрғындар географиясы» пәніне арналған тест сұрақтары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
Мақсаты: Халықтың таралып орналасуына әсер етуші факторлар жайлы айту. Халықтың тығыздығы және олардың аймақтағы айырмашылықтарын түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
1. Халықтың таралу географиясы мен әсер етуші факторлар.
2. Халықтың сирек және тығыз орналасқан аймақтарын шолу.
Халықтар тығыздығы картасынан дүниежүзi тұрғындарының әркелкi қоныстанғанын, жердiң шығыс және батыс жартышарларында немесе оның жеке аумақтарында халықтың таралып орналасуының бiрдей еместiгiн байқаймыз. Осы орайда халықтың басым бөлiгi, қоңыржай, субтропиктiк және субэкваторлық белдеулер шегiнде, оның теңiз деңгейiнен биiктiгi 500 м-ден аспайтын өңiрлерiн мекендейдi.
Дүниежүзi халқының орташатығыздығы 1 км2-ге 40 адамнан келедi, бiрақ құрлық бетiнiң жартысына жуығында халық тығыздығы 1 км2 жерде 5 адамнан аспайды. Жекелеген материктер мен елдер бойынша бұл көрсеткiштерде үлкен айырмашылықтар бар. Мысалы, Еуразия материгiнде Америка құрлығымен салыстырғанда халықтың тығыздығы 4 есе жоғары, бұл Аустралия материгiнен 20 есе көп деген сөз. Азия құрылығында дүниежүзi халқының 50%-дан астамы тұрады.
Еуразия елдерi халқының аса жиi қоныстануымен ерекшеленедi, оның iшiнде Бангладеш (1000 адамнан астам) пен Бахрейн (900 адамнан аса), Нидерланд пен Корея Республикасы (500 адамға жуық), сол сияқты Жапония, Ливан, Бельгия, Үндiстан (300 адамнан жоғары), т.б. мемлекеттер халқының аса тығыз орналасуымен көзге түседi. Халық әсiресе “Ергежейлi елдер” деп аталатын (Мальтада — 1300 адам, Мальдив Республикасында — 1100 адам) және қала-мемлекеттерде (Монакода 1 км2 жерге 16,4 мың адам), Сингапурда — 6,7 мың адам) өте-мөте тығыз орналасқан.
Бұл материкте халық өте сирек қоныстанған мемлекеттер де бар. Мысалы, Моңғолияда халық тығыздығы 1 км2-ге 2 адамға жетпесе, Қазақстанда — 5,5 адам, Ресейде — 8,5 адам, ал Түрiкменстан мен Сауд Арабиясында 10 адам шамасында. Аса сирек қоныстанған әлемдегi елдер қатарына — Аустралия Одағы мен Намибия (2,5 адамға жуық), Суринам, Канада мен Ливия (3 адамнан) да жатады.
Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндiргiш күштер факторлары өте үлкен ықпал етедi. Осы себептi адамдардың, ең алдымен, табиғаты тiршiлiкке аса қолайлы және әртүрлi ресурстарға бай жерлердi қоныстануы заңды. Мұндай өңiрлерде олар табиғи жер бедерiн үлкен өзгерiстерге түсiру нәтижесiнде антропогендiк ландшафтылардың түрлi типтерiн туғызуда.
Қазiр дүниежүзiнде халықтың өте жиi шоғырланған 5 аймағы бар. Олар: Шығыс Азия, бұл жерде 1,5 млрд-қа жуық адам қоныстанған; Оңтүстiк Азия аймағында 1 млрд-тан астам адам тұрады; Оңтүстiк-Шығыс Азия алабын 500 млн-нан аса адам мекендейдi; Батыс Еуропа жерiнде 500 млн-ға жуық адам тұрады; Солтүстiк Американың Ұлы көлдер мен Атлант мұхиты жағалауы бөлiгiнде 200 млн-нан астам адам шоғырланған. Планетамызда халық өте сирек қоныстанған аса iрi аймақтар да бар. Олар: Солтүстiк Америка мен Еуразия материктерiнiң солтүстiк бөлiктерi, Сахара шөлi, Амазония және басқа да экваторлық ормандар алабы, Еуразия мен Аустралия материктерiнiң iшкi шөлдi аймақтары, Азия мен Америка құрлықтарының Азия мен Америка құрлықтарының аса биiк таулы өлкелерi. Ал Антарктида материгiнде тұрғылықты халық жоқ. Сонымен қатар кейбiр елдердiң жер аумақтарында халықтың жиiлiгi аса ала-құла болып келедi. Мәселен, Египет халқының барлығы дерлiк Нiл өзенiнiң төменгi аңғарында тұрады. Дәл осындай халық тығыздығының шұғыл ауытқушылығын келесi: Ресей, Өзбекстан, Қытай, Индонезия, Канада және басқа да мемлекеттер аумағының жалпы қоныстануынан көремiз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақстанның халқының тау бөктерлерiнде тығыз қоныстану себептерiн анықтап, оны елiмiздiң басқа аймақтарымен салыстыра отырып, сипаттама берiңдер.
1. Халықтың орналасуындағы табиғи-климаттық факторлардың жетекшi орын алуын төменгi сыныптарда алған бiлiмдерiңе сүйенiп түсiндiрiңдер.
Халық өте тығыз және аса сирек қоныстанған аймақтар мен елдердi картадан тауып, оның себептерiн анықтаңдар
№9 ДӘРІС (1 сағат)
