- •Дәрістер тезистері
- •Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы
- •Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
- •Демографиялық саясат және халықтың өсуiн реттеу
- •Халықтың жастық және жыныстық құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
- •Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану
- •Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
- •Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері
- •Зертханалық сабақтардың сипаттамасы
- •Соөж, сөж (жоспарлар, сабақтарды жүргізуге арналған тапсырмалар).
- •Ауылдық елді мекендер
- •ТақырыпбыТұрғын халықтың көші-қоны (миграциясы)
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •«Тұрғындар географиясы» пәніне арналған тест сұрақтары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
Халықтың жастық және жыныстық құрамы
Халықтың жастық құрамы оның әр кезеңдегi ұдайы өсуiнiң ерекшелiктерi мен себептерiне байланысты болып келедi. Жастық құрамының халықтың ұдайы өсуiне тәуелдi болуына байланысты, оның көрсеткiштерi елдердi типологияға бөлуге де әсерiн тигiзедi. Елдердi халықтың жастық құрамының арақатынас мөлшерiне қарай екi типке: жоғары дамыған және дамушы елдер деп бөлемiз. Жоғары дамығанелдерде 14 жасқа дейiнгiлер 22—26% шамасында болса, дамушы елдерде 41—45%, 15—60 жас аралығындағылар бiрiншi топта 58—62% болса, екiншi топта — 50—54%, 60-тан асқандар шамамен бiрiншi топта — 14—18%, ал екiншi топта 3—7% мөлшерiнде.
Бұдан шығатын қорытынды — дамыған елдердiң халқының жастық құрамында балалардың үлес салмағы аз болып келуiнде. Еңбекке жарамды жастағы халықтың көптiлiгiмен, әсiресе өмiр сүрудегi орта жас ұзақтығының жоғары болуымен егде адамдар саны бiршама көзге түседi. Ал дамушы елдерде халықтың табиғи өсiмiнiң жоғары қарқындылығы оның құрамындағы балалардың үлес салмағының көп болуымен, ал орта жастағы және егде адамдардың үлес салмағының аздығымен сипатталады. Әсiресе адамдардың орта жасының көрсеткiшi төмен және ұрпақтар ауысуы тез жүретiн кейбiр дамушы елдерде бұл құбылыс өте айқын байқалады. Жеке елдер мен аудандар халқының жастық құрамына көшi-қон (миграция) да үлкен әсер етедi. Егер игерiлетiн белгiлi бiр жерге жұмыс iздеп адамдар көп қоныс аударып келсе, ол жерде жұмысқа қабiлеттi жастағы адамдардың үлес салмағы көбейедi. Ал, керiсiнше, олар көшiп кеткен аудандарда бұл жастағылар кемидi.
Рыноктық экономикаға өтпелi елдер халқының жастық құрамы, жалпы алғанда, дамыған елдердiң халқының құрылымына жақын келедi. Сонымен қатар кейбiр айырмашылықтар да бар. Мәселен, халықтың жастық пирамидасынан олардағы туу мөлшерi жағынан айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Ал ондағы үзiлiстерге келсек, оның бiрi ТМД-да Ұлы Отан соғысы жылдарына және оның салдарына дәл келсе, дамыған елдерде олардың экономикалық дағдарысына сәйкес келедi.
ТМД-да қала және село халқының жастық құрамында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қалаға қарағанда ауылдық жерде қарт адамдардың үлесi 1,5 есе көп. Бұл ауылдық жерде туудың бiршама төмендеуiнен ғана емес, сонымен қатар еңбекке жарамды халықтың бiр бөлiгiнiң қалаға қоныс аударуымен де түсiндiрiледi. ТМД-ның жекеленген республикаларының жастық құрамының ерекшелiгi — оларда тұратын халықтардың табиғи өсiмiнiң әртүрлi типiне байланысты. Мысалы, Өзбекстанда жастар көп те, егделер саны аз, ал Украинада, керiсiнше. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда мұндай жастық құрылым 27,2% және 10,9% қатынасында екендiгi анықталды. Бұл көрсеткiш бiздегi табиғи өсiмнiң өтпелi типiне жататындығын дәлелдейдi.
Жер шарындағы халықтың жыныстық құрамына келсек, әйелдер мен ерлер саны бiр-бiрiмен бiршама сәйкес келедi. ХХ ғасыр басында әлемде ерлердiң үлес салмағы шамамен 50,1% болса, әйелдер — 49,9%. Яғни, ерлердiң саны әйелдерге қарағанда 62 млн-ға артық. Күнделiктi халықтың есебi жақсы жолға қойылған елдердiң статистикалық материалдары әрбiр 100 қыз балаға шаққанда, орташа 104—106 ұл бала дүниеге келетiнiн көрсетiп отыр. Физиологтардың есебiнше, ер балалар, әсiресе жас кезiнде әлжуаз болады, сондықтан қыздарға қарағанда ұлдар сәби шағында көбiрек шетiнейдi. Әрi қарай ерлер мен әйелдер арасындағы өлiм әрбiр елде әрқалай болады. Мысалы, дамыған елдерде әйелдерге қарағанда ерлер арасында өлiм жиi ұшырасады. Мұның себебi — өндiрiстiк жарақат алу, кәсiптiк аурулар, т.б. денсаулыққа зиянды еңбектiң нәтижесiнде, сол сияқты iшiмдiк, нашақорлық және басқадай адам организмiн улайтын әдеттер салдарынан өлiмнiң көбеюi есебiнен. Ал дамушы елдерде керiсiнше, ер адамдарға қарағанда әйелдер арасында өлiм көп. Оған әйелдердiң ерте тұрмысқа шығуы, жиi бала көтеруi, денсаулық сақтау шаралары мен тамақтың жетiспеушiлiгi, сондай-ақ олардың ауыр жұмыстар iстеуi және қоғамдағы теңсiздiк жағдайы әсер етедi.
Соғыстың салдарынан да халықтың жыныстық құрамында үлкен ауытқушылықтар болады. Мысалы, Еуропа елдерiнде 70-тен асқандар арасында әйелдер ерлерге қарағанда шамамен 2 еседей көп. Халықтың жыныстық құрамына көшi-қон да әсерiн тигiзедi. Мысалы, Кувейт халқының санында әйелдерге қарағанда ер адамдар аса басым. Сонымен бiрге жаңадан игерiлiп жатқан аудандар да халықтың жыныстық құрамына ықпал етедi. Өйткенi мұндай жерде құрылыс нысандарын жүргiзуге байланысты көшi-қон есебiнен ер адамдар бiршама көп жиналады. Жер шарының әрбiр аймағында әйелдер мен ерлердiң үлес салмағы әртүрлi. Мәселен: Шетелдiк Еуропада — 49% және 51%; ТМД елдерiнде осы мөлшерде; ал Шетелдiк Азияда — 51% және 49%; ал Африка мен Мұхиттық аралдарда Шетелдiк Азиямен шамалас
Сұрақтар мен тапсырмалар:
“Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк географиясы” оқу курсы бойынша алған бiлiмдерiңдi, 2009 жылғы ақпан айында елiмiзде жүргiзiлген халық санағының негiзгi көрсеткiштерiн және осы пән дәрісіндегі мәлiметтердi пайдаланып, оларды тұрғын халықтың ұдайы өсу заңдылықтарына сәйкестiлiгi бойынша салыстырыңдар. Мемлекетiмiздiң ұстанып отырған демографиялық саясатына, оның iшiнде оралмандар мәселесiне көңiл аударыңдар.
1. Алғашқы адамдар шыққан аймақты анықтап, олардың саны мен таралу бағыттарын көрсетiңдер.
2. Халық санағы не себептi жүргiзiледi, «Демографиялық жылнама» дегенiмiз не?
3. Халықтың ұдайы өсуiне анықтама берiп, оның екi типiнiң бiр-бiрiнен айырмашылығын түсiндiрiңдер.
4. Халықтың табиғи өсiмiне әсер етушi негiзгi факторларды атап, оларға түсiнiктеме берiңдер?
5. Дамыған және дамушы елдердегi халықтың жастық құрылымындағы негiзгi айырмашылықтарды атап көрсетiңдер.
6. Халықтың жыныстық құрылымына қандай факторлардың ықпалы бар? Себептерiн түсiндiрiңдер.
№3 ДӘРІС (2 сағат)
