Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОӘК Тұрғындар географиясы 050609-географи...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

Зертханалық сабақтардың сипаттамасы

№ 1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халық саны және оның құрылымы

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті Статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалана және талдай білуге дағдылану, сандық көрсеткіштерді графиктік жолмен сызу арқылы бейнелей білу.

Көрнекті құралдар:

1.В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. Москва, «Дрофа» 2003 г.

2. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы, «Мектеп».

2006 ж.;

3. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор)». М., «Гардарики» 2003 г.

4. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

5. Географический Атлас мира. Москва, «РОСМЭН» 1997 г.

6. Дүниежүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік география» 10 сынып оқулығындағы 198 беттегі 7-кестені талдай отырып, диаграмма құру және 8-кесте мәліметтеріне қарап қысқаша болжам жасау.

2. «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» 10 сынып оқулығындағы 199 беттегі 9-кесте мәліметтерін пайдаланып отырып, дүние жүзі халық санының өсуіне жазбаша түрде сипаттама беріңдер

Бақылаудың формасы мен әдісі: диаграммаларын тексеру және ауызша сұрақ.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша хабарлама даярлау

№ 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халықтың тууы. Ұдайы өсуі

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті Графиктік бейне сызба (графиктер, диаграммалар) құрылу әдісімен таныстыру, туудың сандық көрсеткіштерін оқи және талдай білуге үйрету. Халықтың ұдайы өсу типтерімен жеке елдер мысалында танысу, ерекшеліктерін сипаттау.

Көрнекті құралдар:

1. В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. Москва, «Дрофа» 2003 г.

2. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы, «Мектеп»

2006 ж.;

3. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор)». М., «Гардарики» 2003 г.

4. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

5. Географический Атлас мира. Москва, «РОСМЭН» 1997 г.

6. Дүниежүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

1. Әлемдегі негізгі региондардың туу көрсеткіштерінің айырмашылықтарын анықтау. Әртүрлі региондардың туу деңгейінің географиялық айырмашылықтарына сипаттама беру. Бұл айырмашылықтардың себептерін атау. 10 сынып (жаратылыстану-математика бағытындағы) оқулығының 110 беттегі «Дүние жүзі аймақтарының демографиялық көрсеткіштері» 16-17 сызбанұсқаларды және 111 беттегі «Халық санының ұдайы өсуі» 12 кестені талдау, қорытындылау, дәптерге түсіру. В.П. Максаковский оқулығының 100-101 беттерінен алынған 37, 38 39-шы кестедегі мәліметтеріне анализ жасау. Диаграмма түрінде жалпы тұжырым жасау.

2. Дамыған және дамушы елдердің халқының табиғи өсімі мен орташа жасының ұзақтығындағы айырмашылықтардың себептерін ашып, талдау. (В.П. Максаковскидің оқулығынан алынған «Халқының орташа жасының ұзақтығы жоғары 25 мемлекет» (2000 ж.) 51 кестесі және «Халқының орташа жасының ұзақтығы төмен 25 мемлекет» 52 кесте, «Европадағы халқының табиғи өсімі төмен мемлекеттер» 40 кесте мәліметтері, Т.О.Увалиев оқу құралынан алынған «Халықтардың табиғи өсімінің қарқыны» кестесі және Атластың 93 бетіндегі «Әлем халықтарының өмір сүру деңгейі» картасы негізінде жасау.

3. И.А.Родионова «Экономическая география» оқулығындағы 484-беттегі ТМД елдерінің негізгі демографиялық көрсеткіштері (2001ж) атты кестені талдап, жазу.

Бақылаудың формасы мен әдісі:

Бақылау үшін сызылған диаграмма-графиктерді көрсету, ауызша сұрақ бру. Талдау қорытындысын жасау

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша хабарлама даярлау

№ 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халықтың өлімі. Табиғи өсімі

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті Графиктік бейне сызбалардың (графиктер, диаграммалар) құрылу әдісімен таныстыру, өлімнің сандық көрсеткіштерін оқи және талдай білуге үйрету.

Көрнекті құралдар:

1. В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. Москва, «Дрофа» 2003 г.

2. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы, «Мектеп»

2006 ж.;

3. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор)». М., «Гардарики» 2003 г.

4. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

5. Географический Атлас мира. Москва, «РОСМЭН» 1997 г.

6. Дүниежүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

1. В.П. Максаковскийдің оқулығынан алынған «Сәби өлімі ең жоғары және ең төмен 20 мемлекет» 49 кестесі жазбаша талдау.

2.Географиялық атластың 96 бетіндегі «Балалар өлімі» картасын кескін картаға түсіріп оған жазбаша түрде талдау жасау.

Бақылаудың формасы мен әдісі:

Бақылау үшін сызылған диаграмма-графиктерді көрсету, ауызша сұрақ бру. Талдау қорытындысын жасау.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша хабарлама даярлау

№ 4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жастық және жыныстық құрамы

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті Даму деңгейі әртүрлі типтегі 3 елдің халқының жастық-жыныстық пирамидасын салып, оған талдау жасау білуге дағдыландыру.

Көрнекті құралдар:

1.В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. Москва, «Дрофа» 2003 г.

2. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы, «Мектеп»

2006 ж.;

3. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор)». М., «Гардарики» 2003 г.

4. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

5. Географический Атлас мира. Москва, «РОСМЭН» 1997 г.

6. Дүниежүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

  1. Халықтың жастық және жыныстық құрамына анықтама бере отырып, әртүрлі елдердің жастық-жыныстық құрамы пирамидаларын сызып, талдау жасау

  2. Дүние жүзі халқының жыныстық құрамына 2-кесте мәліметтерін пайдаланып, диаграмма құру

  3. ҚР 2001 жылғы санақ мәліметтеріне сүйене отырып, жастық құрамына пирамидалар құрастыру

Бақылаудың формасы мен әдісі:

Бақылау үшін сызылған диаграмма-графиктерді көрсету, ауызша сұрақ бру. Талдау қорытындысын жасау.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша хабарлама даярлау

№ 5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Әлеуметтік құрамы.

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті Әлеуметтік және этникалық құрамына сипаттама беруге үйрету.

Көрнекті құралдар:

1.В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. Москва, «Дрофа» 2003 г.

2. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы, «Мектеп»

2006 ж.;

3. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор)». М., «Гардарики» 2003 г.

4. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

5. Географический Атлас мира Москва, . «РОСМЭН» 1997 г.

6. Дүниежүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

  1. Экономикалық белсенді халық.

  2. Жұмыссыздық деңгейі.

  3. Елдің сауаттылық деңгейі.

  4. Зейнеткерлер мен мүгедек адамдардың деңгейі.

Бақылаудың формасы мен әдісі: Ауызша, сұрақ-жауап. Талдау қорытындысын жасау.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша хабарлама даярлау

№ 6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дүниежүзінің тұрғын халықтарының нәсілдік құрамы

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті: Қазіргі әлемдегі негізгі және аралас, өтпелі адамзат нәсілі географиясымен таныстыру.

Көрнекті құралдар:

1. В.П.Алексеев. «Адамзат нәсілі құрылымының географиялық ошақтары».

М.,1985 ж.

2. Н.Н.Чебоксаров. «Халықтар, нәсілдер, мәдениеттер». М.,1985;

3. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы, «Мектеп» 2006 ж.;

4. Т.О.Увалиев «Халықтар географиясы». Алматы, АлМУ,1997 ж.

5. Н.В.Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира

(общий обзор). М., «Гардарики» 2003 г.

6. Дүниежүзі саяси картасы.

Тапсырмалар:

  1. Дүние жүзі атласының 91 бетіндегі және 10 сынып оқулығының 117 бетіндегі адамзат нәсілі классификациясын оның картасының легендеасы бойынша оқып білу және картада халықтың нәсілдік құрамының бейнелену жолдарын анықтау. Сонымен қатар 10 сынып оқулығының 118 бетіндегі «Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамы» кестесін талдау. Осы мәліметтер негізінде жалпы қорытынды жасау.

  1. Халықтың түрлі нәсілдік құрамы шатысып орналасқан аралас, өтпелі нәсілдердің негізгі аудандарын ажырату, қазіргі кездегі нәсілдердің интенсивті сапырылыса, араласып жатқан аудандарын көрсету. Дүние жүзінің саяси картасынан олар қандай мемлекеттердің шекараларына сәйкес келетіндігін анықтау. Осы құбылыстың себебін ашу және кескін картаға түсіру.

  1. Т.О.Увалиевтің «Халықтар географиясы» оқу құралының 57-бетіндегі «Адамзат нәсілдерінің саны мен олардың таралу географиясы» кестесінің мәліметтерін қолданып әлемдегі адамзат нәсілдерінің ірі региондар бойынша таралып орналасуының диаграммасын құру.

Бақылаудың формасы мен әдісі: Кескін картаны тексеру, ауызша.

№ 7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Тұрғын халықтардың этникалық (ұлттық) құрамы

(2 сағат)

Мақсаты мен міндеті: Дүние жүзіндегі халықтардың ұлттық құрамының картада бейнелену жолдарымен таныстыру. Ассимляция, консолидация ұғымдарын ашу. Әлем және ТМД халқының лингвистикалық классификациялық жіктелуімен, олардың елдер бойынша таралу ерекшеліктерімен таныстыру. Тілдік семьялар, топтар мен топшаларының жіктелу әдістерімен танысу.

Көрнекті құралдар:

  1. В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. «Дрофа». Москва, 12003 г.

2. Т.О.Увалиев. Халықтар географиясы. Оқу құралы. Алматы, 1997 ж.

3. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. «Мектеп». Алматы,

2006 ж.;

4. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор). «Гардарики», М., 2003 г.

5. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

6. Географический Атлас мира. «РОСМЭН».Москва, 1997 г.

7. Дүниежүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

  1. Жер Шары, ТМД халықтарының этникалық құрамының картасын

талдау және оқу. Аймақтар бойынша әлем халқының тілдік семья және топтарының таралуының карта-схемасын орындау және легендасын келтіру. Т.О.Увалиевтің оқу құралынан алынған «Дүниежүзінің 1980 ж. соңындағы негізгі тілдік семьялар мен оның басты топтары бойынша сан мөлшері» кестесіне анықтама беру, оны дәптерге түсіру.

2. «ТМД халықтары» картасын және «Дүние жүзінің географиялық атласының» 16 бетіндегі «Ресей халқының ұлттық құрамы» картасымен және Т.О.Увалиевтің оқулығынан алынған «Ресей Федерациясы халқының тілдік құрамы» кестесін пайдалана отырып жеке ұлттардың ТМД территориясы бойынша таралып, орналасу ерекшеліктерін төмендегі жоспар бойынша орындау:

1) Этникалық топтың тілдік семья, топтарын анықтау;

2) Этникалық топтың негізгі тұратын территориясының табиғаты мен шаруашылығының мамандануының ерекшеліктері;

3) Қарастырып отырған этникалық топтың көршілес орналасқан халықтармен этникалық туыстық жақындығын анықтау.

4) Жекелеген халықтардың өздерінің негізгі этникалық территориясының сыртында жеке ареал құрып өмір сүруі. Мұндай ареалдардың болу себебі.

3. Бір немесе көп ұлттық құрамды мемлекеттерден тұратын жекелеген

регионды ажырату. Осы бір немесе бірнеше ұлтты мемлекеттердің құрылу жолдарындағы тарихи, саяси және әлеуметтік-экономикалық қалыптасу алғышарттары жағдайларын көрсету. В.П. Максаковский оқулығынан алынған «1990 жылдың аяғындағы әлемдегі аса ірі халықтардың саны» 57-кесте; 10 сынып оқулығындағы «Дүниежүзіндегі аса ірі этностар» 21 сызбанұсқа; «Тіл семьялары» 22-ші сызбанұсқа; «Ірі тілдердің таралуы» 23-сызбанұсқаларын талдау және олардың негізінде қорытынды жасау. Оларды дәптерге түсіру.

4. Атластар мен қосымша берілген мәліметтер бойынша «Австралияның, Ұлыбританияның және Францияның ұлттық құрамының» шеңберлік диаграммасын жасау.

Бақылаудың формасы мен әдісі:

Кескін картаны түсіну біліктілігін анықтау және ауызша сұрақ.

Үй тапсырмасы:

  1. Тақырып бойынша картамен

№ 8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дүние жүзіндегі тұрғын халықтардың діни құрамы

(1 сағат)

Мақсаты мен міндеті: Атлас және қосымша анықтамалық, Интернет мәліметтерін пайдалана отырып әлем бойынша діндердің классификациясын, дінге сенушілердің жалпы әлем халқындағы үлесін анықтау. Тарихи деректермен байланыстыра отырып діндердің аймақтар бойынша таралып, насихатталуын талдау. Қазіргі уақыттағы әлемдегі діни шиеліністер аймақтарына анализ жасау.

Көрнекті құралдар:

  1. В.П. Максаковский «Географическая картина мира». Книга-І. «Дрофа». Москва, 2003 г.

2. Ә.С.Бейсенова, К.Д.Каймулдинова т.б. «География». 10 сынып

оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. «Мектеп». Алматы,

2006 ж.;

3. Н.В. Алисов, Хорев Б.С. Экономическая и социальная география

мира (общий обзор)». «Гардарики», М., 2003 г.

4. Атлас мира. Москва. ПКО «Картография». Изд.дом «ОНИКС 21

ВЕК», 2003 г;

5. Географический Атлас мира. «РОСМЭН».Москва, 1997 г.

6. Дүние жүзінің саяси картасы.

Тапсырмалар:

1. Атластың 91 бетіндегі «Діндер» картасы негізінде дүние

жүзі халықтарының діни құрамына анализ жасау. Діндер классификациясын талдау (әлемдік, жергілікті, рулық-тайпалық, діни наным-сенімдер). Кескін картаға олардың шекараларын белгілеу.

2. В.П. Максаковский оқулығынан алынған «Дінге сенуші

адамдардың жеке аймақтар бойынша саны» 58-кестесіне және 10 сынып оқулығының 124 бетіндегі «Дүние жүзіндегі діндердің таралуы» 24 сызбанұсқасына сүйеніп график түрінде жұмысты орындау. Жалпы қорытынды жасау.

3. Қазіргі уақытта әлем бойынша діни сипаттағы шиеліністерге

байланысты қалыптасқан аймақтар туралы хабарлама жасау.

Бақылаудың формасы мен әдісі: Кескін картаны түсіну біліктілігін анықтау және ауызша сұрақ.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша хабарлама даярлау