- •Дәрістер тезистері
- •Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы
- •Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
- •Демографиялық саясат және халықтың өсуiн реттеу
- •Халықтың жастық және жыныстық құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
- •Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану
- •Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
- •Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері
- •Зертханалық сабақтардың сипаттамасы
- •Соөж, сөж (жоспарлар, сабақтарды жүргізуге арналған тапсырмалар).
- •Ауылдық елді мекендер
- •ТақырыпбыТұрғын халықтың көші-қоны (миграциясы)
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •«Тұрғындар географиясы» пәніне арналған тест сұрақтары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізі әдебиеттер
Иванова Ю.Н. Экономическая статистика. 3 –е изд. М., Инфра. 2008.
Медков В.М. Введение в демографию. М., Академический проект. 2009.
Максаковский В.П. Географическая картина мира. Общ. Характеристика. М., Дрофа. 2003.
Қосымша әдебиеттер
Алисов Н.В., Хореев Б.С. Экономическая и социальная география мира (общий обзор), М., 2003.
Голубчик М.М. Экономическая и социальная география. М., Владос, 2003.
Вавилова Е.Б. Экономическая география и регионалистика М., 2005.
Ахметов Е. и др. Экономическая и социальная география мира. Уч.10 кл. – Алматы: Издательство «Мектеп», 2006.
Максаковский В.П. Экономическая и социальная география мира. Уч. 10 кл. –М.: Просвещение, 2000.
Анықтамалық әдебиеттер
Крючков А.В., Шанина С.А., Гаврилова А.С. 111 самых знаменитых чудес света - Ростов н/Д: Владос, 2010. -448 с.
Скляренко В.М. Все величайшие города мира. Энциклопедический справочник. – М., АСТ. 2008.
Величайшие чудеса света. Энциклопедический справочник / А.Ю. Низовский. – М., Вече, 2008 – 512 с.
Расы, народы,нации и народности: Энциклопедический справочник. М., Харвест : АСТ, 2002.
Суюмбаева С.Т. Справочник по экономической географии Казахстана. Алматы, 2006.
Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Стат.сб. Алматы,1999.
Нормативтік әдебиеттер
Иллюстрированный атлас мира. М., «Махаон», 2010.
Атлас мира, - М.: ПКО «Картография» Издательство Оникс, 2010. 320с.
Атлас мира. М., Издательство Астрель, 2006.
Современный атлас мира. М.: Эксмо, 2009. – 128 с
Интернет -ресурстардың тізімі:
www. Cpa.go. jp
www. Statistics. Gov.uk
www. Abs.gov. au.
Глоссарий
Агломерация — жалпы әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жүйенi құрайтын кеңiстiгi мен функциясы бiртұтас қала типтi бiр топ елдi мекендер.
Аймақ (регион)— жалпылама мағынада өлке, облыс, аудан, мекенжай, төңiрек, айнала ұғымдарын бiлдiредi. Геологияда және саяси географияда "регион", физикалық географияда ел, аудан сөзiнiң баламасы ретiнде қолданылады.
Аналардың орташа жасы — бала туған кездегi әйелдердiң орташа жасы. Туған ана ұрпақтары мен баласының арасындағы салмақталған арифметикалық орташа шама ретiнде есептеледi.
Апартеид (нәсiлдiк езгi), апартхеид (бөлек өмiр сүру) — нәсiлдiк белгiлерiне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамауда оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтiк-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң шектен шыққан түрi.
Атеист — құдай барын жоққа шығарушы адам.
Әлеуметтану — қоғам, адамдардың әлеуметтiк тобы мен олардың арасындағы өзара байланыс туралы ғылым.
Әлеуметтiк қорғау — мемлекеттiң халықаралық және ұлттық нормалар негiзiнде адамның әлеуметтiк құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi аса маңызды мiндетi.
Биржа — тауарлардың iрi партиялары (тауар биржасы), құнды қағаздар (қор биржасы), валюта (валюта биржасы), сатылатын және сатып алынатын тұрақты жұмыс iстейтiн рынок.
Бюджет (қоржын) — белгiлi бiр уақытқа арналған (әдетте бiр жылға) күтiлетiн кiрiстер мен болжамдалған шығын туралы жоспар. Бюджеттiң пайда болуы мемлекеттiң дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тiкелей байланысты.
Геноцид (зұлмат) — белгiлi бiр әлеуметтiк топты нәсiлдiк, ұлттық, этникалық немесе дiни өшпендiлiкпен жою.
Ғылымды көп қажет ететiн салалар — ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) деген жалпы -дан кем-дан көп, ал ғалымдар саны қызметкерлердiң жалпы санынан 2,5шығын 3,5 болмауы тиiс.
Дағдарыс — экономикада адамзат қарекетiнiң белгiлi бiр саласының дамуы барысындағы қожыраушылық, күрт құлдырау, қарама-қайшылықтардың шиеленiсуi кезеңi.
Дайын бұйым — одан әрi өңдеу, қайта өңдеу, қайта сату үшiн емес, түпкiлiктi тұтыну мақсатымен сатып алынған бұйымдар (тауарлар).
Дайын өнiм — кәсiпорында жасалып шыққан (өндеудiң барлық сатыларынан өткен) және өндiрiстiк немесе жеке бастың тұтынуы үшiн жарамды өнiмдер.
Демографиялық дағдарыс — әлеуметтiк, экономикалық-табиғи ықпалдардың әсерiнен белгiлi бiр аймақтағы (елдегi, облыстағы, аудандағы, т.б.) халықтың ұдайы өсуiнiң тежелуi. Дағдарысқа соғыс, әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық жағдайлар, мемлекеттiң демографиялық саясаты, т.б. тiкелей әсер етедi.
Демографиялық жарылыс (дүмпу) — халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуi. Мұндай демографиялық құбылыс кезеңiнде өлiмнiң азаюы туудың азаюынан асып түсiп жатады да, ол халық санының қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға тәуелсiз түрде-ақ жедел өсуiне алып келедi.
Демографиялық саясат — халықтың ұдайы өсуiн қолдау немесе шектеу (тежеу) үшiн мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкiмшiлiк, әлеуметтiк, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесi.
Демократия — халықты билiк көзi деп тануға негiзделген қоғамның мемлекеттiк саяси құрылымының формасы. Демократияның негiзгi ұстанымдары: көпшiлiктiң билiгi, азаматтардың тең құқылығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының заң түрiнде қорғалуы, заңның жоғары тұруы, билiктi бөлiсу, мемлекет басшысы мен өкiлеттi органдар басшыларының сайланбалы болуы.
Дефицит, (тапшылық) (лат. deficit — “жетiмсiздiк, жетiспеушiлiк”) — микроэкономикада әлдебiр ресурстың (оның iшiнде, тұтыну ресурсының) жетiспеушiлiгi, тапшылығы; макроэкономикада шығыстың кiрiстен асып түсуi, оның iшiнде валютаның, қаржының, тауар мен ақшаның теңдестiрiлмегендiгi.
Дефляция (желбiрету, үрлеу) — экономикада тұтынумен салыстырғанда артық ақшаның бiр бөлiгiн алу жолымен айналыстағы ақша массасын азайту; геологияда топырақ пен тау жыныстарының жел әсерiнен үгiлуi, үрленуi және олардың көшуi.
Дискриминация (айыру, оқшаулау) — белгiлi бiр нәсiлге (ұлтқа этникалық және әлеуметтiк топтарға, саяси бiрлестiктерге, дiнге, т.б.) қарсы қолданылған әлеуметтiк және құқықтық кемсiтушiлiктер.
Дотация (сияпат, жәрдемқаржы) — 1) қайсыбiр қызметтiң нәтижесiнде алынатын ақшалай немесе өзге құндылықтар; 2) өткiзiлген өнiм мен қызмет көрсетулердiң құны және жұмсалған шығын арасындағы айырма ретiнде алынатын өндiрiстiк-шаруашылық қызмет нәтижесi; 3) иеленушiлер төлейтiн, бағалы қағаздардың ағымдағы бағасының пайызы түрiнде көрсетiлген дивидендтер немесе пайыздар, салымдар мен депозиттер бойынша төленетiн дивидендтер немесе пайыздар да осыған ұқсас.
Дүниежүзiлiк қаржы орталықтары — әртүрлi елдер резиденттерi арасында қаржы активтерiмен саудаласатын дүниежүзiндегi орталықтар. Бұлар: Америкадағы Нью-Йорк пен Чикаго, Еуропадағы Лондон, Франкфурт, Париж, Цюрих, Женева, Люксембург, Азиядағы Токио, Сингапур, Гонконг, Бахрейн. Келешекте қаржы орталықтары болып аймақтық орталықтар: Кейптаун, Сан-Паулу, Шанхай, т.б. болуы мүмкiн.
Еңбек бөлiнiсi — еңбек қарекетi түрлерiнiң аражiгiн ажырату; еңбектi ұйымдастыру жүйесiнде қалыптасады; өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы.
Еңбекке қабiлеттiлiк — қызметкердiң денсаулығына байланысты еңбекке жарамдылық түрлерi.
Еңбек өнiмдiлiгi — алынған өнiм көлемiнiң оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектiң өндiрiс процесiндегi тиiмдiлiгi).
Жалпы iшкi өнiм (ЖIӨ) — жыл бойында бiр елде өндiрiлген тауарлар мен қызметтiң рыноктық бағамен шаққандағы толық ақшалай құны. Љш түрлi тәсiлмен есептеледi: табыс бойынша, шығыс бойынша, шартты таза өнiмнiң қосымша құны бойынша.
Жалпы ұлттық өнiм (ЖҰӨ) — макроэкономикалық жиынтық көрсеткiш. Бiр адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нiң өсiмi халықтың тұрмыс деңгейiнiң басты көрсеткiшi болып табылады. ЖҰӨ бiр елдiң рыноктық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнiмiн құрайды.
Жыл басына ағымдағы бағалау — халық санағының соңғы қорытындысы негiзiнде есептелiп, оған сол аумақта туғандары мен келгендерiнiң саны жыл сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендерi мен кеткендерiнiң саны шегерiледi. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағасы кезектi санақ қорытындысы негiзiнде нақтыланады.
Иммигрант (келiмсек, қоныстанушы) — бiр мемлекеттiң басқа мемлекетте ұзақ уақыт немесе тұрақты тұрғылықты мекенге қоныстанушы азаматтары.
Инфляция (желбуаз) — айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, валютаның сатып алуға жарамдылығының құлдырауы. Яғни, ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерiнен артық мөлшерде толуы.
Капитал (басты мүлiк) — кең мағынада алғанда — табыс әкеле алатын нәрселердiң бәрi немесе адам тiршiлiк әрекетi барысында тауарлар, өнiмдер, т.б. өндiру, қызметтер көрсету үшiн жасаған ресурстар; тар мағынада алғанда — табыстың жұмыс iстеп тұрған қайнар көзi, ол iске өндiрiс құрал-жабдығы, ақшалай қаражат, зияткерлiк меншiк түрiнде жұмсалады.
Кәсiпкер — иелiгiндегi мүлiктi, т.б. заңды негiзде пайдалану жөнiнде өз бастамасымен шешiмдер қабылдауға және кез келген iс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы заңды немесе жеке тұлға. Ол мемлекеттiк тiркеуден өтiп, тiркеу туралы куәлiк алады.
Кәсiпорын — қоғамдық еңбек бөлiнiсi жүйесiндегi оқшауландырылған дербес өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiк (шаруашылық жүргiзушi субъект); өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi ұйымдастырудың негiзгi нысаны.
Кедейшілiк — жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтiк топтың қажеттi игiлiктер құнын өзi төлей алмайтын экономикалық жағдайы. Яғни өзiнiң өмiрлiк қажеттерiн қамтамасыз етуге жағдайының жетiспеуi немесе негiзгi тұрмыстық қажеттерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерiнiң жоқтығы.
Кооператив (ынтымақтастық) — меншiктi, жалға алынған немесе тегiн пайдалануға берiлген мүлiк негiзiнде қандай да бiр қызметтi бiрлесiп жүргiзу үшiн ерiктi түрде бiрiккен азаматтардың ұйымы. Оның ауылшаруашылық, еңбек, несие және тұтыну кооперативтерi атты түрлерi болады.
Көшi-қон есебi — мемлекеттiк статистика органдарында статистикалық әзiрлеме үшiн арнайы арналған келу мен кетудiң статистикалық есебi талондарының негiзiнде жүзеге асырылады. Қазiргi кезде ағымдағы статистикалық есепте келгендер және кеткендер саны шартты түрде тiркеледi, ал ақиқатында мәселе келу және кету сандары туралы болып отыр.
Көшi-қон көлемiнiң көрсеткiштерi тиiстi аумақтағы халық санына байланысты болатындықтан, көшiп-қону процестерiн талдау үшiн салыстырмалы көрсеткiштер пайдаланылады.
Қала және ауыл халқының жалпы өсiмi табиғи өсiмнiң, көшi-қон өсiмiнiң және елдi мекендер санаттарының өзгеруi нәтижесiнде (заң актiлерiмен ауылдық елдi мекендердiң қалалық немесе қалалықтың ауылдық боп қайта құрылуынан) халық санының қалаға (ауылға) ауысуының алгебралық жиынтығына тең. Жалпы, табиғи және көшi-қон өсiмдерi терiс болуы мүмкiн.
Қоғамның экономикалық потенциалы (әлеуеті) — халық шаруашылық салаларының белгiлi бiр тарихи кезеңiндегi өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, күрделi құрылыстарды жүзеге асыру, жүк тасымалдау, халыққа қызмет көрсету мүмкiндiгi. Экономикалық потенциал — ұлттық байлықпен тiкелей байланысты.
Қышқыл жаңбыр — атмосфералық жауын-шашын құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндiрiс қалдықтары (мысалы, SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерiнiң көптiгiне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесiнде қоршаған ортаның экожүйесi деградацияға ұшырайды.
Либерализация (еркiн ырыққа жіберу) — экономиканы әртүрлi шектеулерден босату (мысалы, бағаға, еңбекақыға мемлекеттiк бақылауды, басқа жаққа тауар шығаруға тыйым салуды алып тастау).
Лицензия — лицензия, рұқсат қағаз. 1) басқа мемлекеттен тауар әкелуге немесе оны шығаруға мемлекет тарапынан берiлетiн арнаулы рұқсат қағаз. Экспорт пен импортты, валюта қаржыларының жұмсалуын бақылаудың бiр түрi; 2) жеке адамдарға немесе ұйымдарға патент (куәлiк) арқылы қорғалған өнертабысты, техникалық жетiстiктi, т.б. пайдалануға рұқсат беру.
Мекеме — өндiрiстiк емес саладағы экономиканың бiрiншi буыны.
Көшi-қон, миграция — адамдардың тұрғылықты мекенiнен әртүрлi себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшiп-қонуы.
Оралмандар — тарихи отанына қайта оралған этникалық қазақтар (топтар).
Өлiмнiң жалпы коэффициентi — халықтың өлiмiнiң көбеюiн анықтайтын көрсеткiш. Жыл бойына өлгендердiң жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетедi. Әдетте 1000 адамға шаққанда есептеледi.
Рекреация — адамдардың денсаулығы мен еңбекке қабiлетiн табиғат аясында, туристiк саяхат арқылы қалпына келтiру.
Репродуктивтiк кезең (жас) — әйелдiң бала тууға қабiлеттi жасы. Статистикалық мақсаттарда көпшiлiк елдерде шартты түрде 15–49 жас аралығы алынады.
Салалық құрылымның жұмыспен қамтылуы — материалдық өндiрiс пен өндiрiстiк емес сфераларда, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы, т.б. салалардағы жұмыс пен қамтылғандардың ара-салмағы. Осы ара-салмақ көрсеткiш арқылы елдердi экономикалық тұрғысынан аграрлық, индустриялдық немесе постиндустриялдық типке бөледi.
Сумен қамтамасыз етудiң айналымдық жүйесi — суды пайдалануда ысырапқа жол бермеу үшiн қолданылады. Суды өңдегеннен кейiн (суытып, тазартқан соң) өндiрiсте қайта пайдаланылады.
Табиғат — бар тiршiлiк, бүкiл әлемнiң сансыз көп формаларын қамтитын және әр алуандылығымен, үйлесiмдiлiгiмен, көркемдiлiгiмен ерекшеленетiн жаратылыс дүниесi.
Табиғатты қорғау — адамзат қоғамы мен бүгiнгi және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиiмдi пайдалануға және қайтадан қалпына келтiруге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi
Табиғи жағдайлар (табиғи орта) — адамдар мен олардың шаруашылық қызметiне әсер ететiн табиғат пен табиғи процестердiң сипаты мен қасиеттерi.
Табиғи қорлар — адамзаттың қазiргi және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттiлiктерiн өтеу үшiн қолданатын барлық табиғи заттар (ауа, су, кен байлықтары, топырақ және т.б.)
Туудың жалпы коэффициентi — бала туу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткiш. Жыл бойына тiрi туғандардың жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетедi. Әдетте 1 000 адамға шаққанда есептеледi.
Туудың жиынтық коэффициентi — тууға қабiлеттi кезеңi бойынша (яғни 15–49 жас аралығында) әрбiр жасында көрсеткiш есептелетiн жылғы туу деңгейi сақталғанда бiр әйелдiң орта есеппен қанша бала туатындығын көрсетедi. Оның шамасы халықтың жас құрамына байланысты емес және сол күнтiзбелiк кезеңде бала туудың орташа деңгейiн сипаттайды.
Халықтың демографиялық қартаюы — халықтың жалпы санындағы қарт және егде жастағы адамдар санының өсуi. Дүниежүзiлiк тәжiрибеде кеңiнен қолданып жүрген шкала бойынша 60 жас және одан да жоғарғы -дан көп болған жағдайда халықты қарт санатына қосады.жастағы адам санының 12
Халықтың жылдық орташа саны — тиiстi жылдың басындағы және соңындағы сандардың арифметикалық ортасы ретiнде есептеледi.
Халықтың көшi-қон өсiмi — белгiлi бiр кезеңде осы аймаққа келгендер саны мен сыртқа кеткендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Көшi-қон оң шамада (егер келгендер саны кеткендер санынан көп болса) немесе терiс болуы мүмкiн (егер келгендер саны кеткендер санынан аз болса).
Халықтың табиғи өсiмi — белгiлi бiр кезеңде туғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Табиғи өсiм егер туғандар саны өлгендер санынан асып түссе оң шамада, немесе керi жағдайда — терiс (табиғи азаю).
Шаруа (фермерлiк) қожалығы — өз жұмысына жеке иелiгiндегi немесе пайдалануындағы меншiгi мен жер телiмiн пайдаланатын ауыл шарушылығы кәсiпорыны.
Экология — тiрi организмдер мен қоршаған ортаның өзара байланысы туралы iлiм. Экономикалық географиядағы экологиялық аспект — халық, шарушылық және қоршаған орта арасындағы өзара байланыс.
Экономика — шаруашылықты жүргiзу "өнерi" туралы қоғамдық ғылым. Ол қоғамның өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi қорларды тарату әдiстерiн зерттейдi.
Экономикалық әлеует — қоғамдық өндiрiстi дамыту, шығарылатын өнiмнiң көлемiн ұлғайтып, сапасын жақсарту, күрделi құрылысты еселей түсу және жүктердi экономикалық тұрғыда тиiмдi ауқымда тасымалдау, халыққа қызмет көрсету үшiн қажеттi құралдар мен жағдайлардың жиынтығы.
Экономикалық-географиялық сипаттама — экономикалық нысандар (елдi мекендер, аймақтар) туралы ғылыми бiлiмдi белгiлi бiр жоспар бойынша, олардың орналасу және даму ерекшелiктерiн түсiндiре отырып, жүйелеу, баяндау.
Экстремизм (бүлiкшiлiк) — саясат пен идеологияға шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерге ұрынушылық. Экстремизм — радикалды партиялардың, топтардың, әртүрлi әлеуметтiк-саяси бағдардағы қозғалыстардың (анархизм, фашизм, коммунизм, шовинизм, дiни фундаментализм) болуы.
Этнография — халықтар туралы, олардың шығу тегi, таралып орналасуы, мәдениетi, тұрмысы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы ғылым.
