- •1 Тарау. Ақпараттық жүйелердiң теориясының негiзгi ұғымдары
- •1.1 Аж негіздерінің мақсаттары мен есептері.
- •1.2 Қазіргі ақпараттық жүйелердің өзіне тән ерекшеліктері.
- •1.3 Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде: негізгі түсініктер.
- •1.1 Аж негіздерінің мақсаттары мен есептері
- •1. Объектіні басқарудың тиімділігін арттыру (с1-с3 мақсаттары):
- •2. Аж ресурстарын тиімді қолдану (с4-с6 мақсаттары):
- •Қазіргі ақпараттық жүйелердің өзіне тән ерекшеліктері
- •1.3 Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде: негізгі түсініктер
- •Индекстеу
- •2 Тарау. Ақпараттық теория негіздері және сигналдардың теориясының негiздерi
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы.
- •2.2 Ақпараттық жүйе ұғымы.
- •2.3 Жүйелік талдау.
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы
- •2.2 Ақпараттық жүйе ұғымы
- •2.3 Жүйелік талдау
- •3 Тарау. Ақпараттық белгiлердің параметрлерін басқару және модуляция
- •3.1 Ақпараттық жүйені құрудағы кибернетикалық амал
- •3.2 Ақпарат және басқару
- •3.3 Модуляция және демодуляция процедураларының мәні және мазмұны
- •3.4 Модуляцияның әртүрінің кедергі тұрақтылығы бойынша салыстырмалы сипаттамасы
- •3.5 Модуляцияның сандық әдісі
- •4 Тарау. Мәлiметтiң берiлуiнiң каналдары
- •4.1 Аж динамикалық сипаттау.
- •4.2 Агрегаттардық ақпараттық байланыс минималдығының принципі.
- •4.1 Аж динамикалық сипаттау
- •4.2 Агрегаттардық ақпараттық байланыс минималдығының принципі
- •5 Тарау. Кодтау теориясының жалпы түсінігі
- •5.1 Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремасы.
- •5.2 Аналогтық-кодтау түрлендіргіші.
- •5.1 Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремасы
- •5.2 Аналогтық-кодтау түрлендіргіші
- •6 Тарау. Бөгеуiлге шыдамды кодтаудың негiздерi
- •6.1 Сигнал мен каналдың физикалық сипаттамасына сәйкестік
- •6.2 Хабарлама және байланыс каналдар қайнар көзінің статистикалық қасиетіне сәйкестік
- •6.3 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының моделі
- •6.4 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының өткізу мүмкіндіктері
- •6.5 Уақыт бойынша дискреттеу
- •6.6 Котельников теоремасы бойынша есептеулердің дәлдігін таңдау
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау.
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар.
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.3 Жүйелік талдау
Арифметикалық есептеудің моделі
АЖ-де арифметикалық есептеудің моделі көрсеткіштердің (немесе файлдардың) өзара байланыс графасына негізделеді. G(S,U) графасында деректер базасында сақталатын барлық көрсеткіштерді (файлдарды) S={s(i)} жиыны көрсетеді. s(i)–дан s(j)-ға дейінгі u(i,j) доға s(j)-көрсеткіші үшін есептеу арасалмағы болса және осы арасалмақтың оң жағында s(i) көрсеткіші болған жағдайда ғана болады.
Деректер мен сұраныстар ағынының параметрлерімен толықтырылған көрсеткіштің өзара байланыс графы келесі мәселелерді шешу үшін арналған:
аралық көрсеткіштерді сақталатын және үнемі есептелетін деп бөлу;
файлдарды есептеу желісінің тораптары арқылы тарату.
Сәйкес келетін модельдер есептеу желісінің құрылымы өзгерген жағдайда, шығарылатын экономикалық есептердің құрамы қысқартылып немесе кеңейтілген кезде қайтадан есептелінуі қажет.
Мысал
Дайын өнімді әкелу программасын құру есебі үшін есептеу моделін қарастырайық.
Ену ақпаратының ағыны келесі көрсеткіштерден тұрады:
Пг(i,j) – жылына і–бұйымды j–тұтынушыға ішкі нарықта жеткізу программасы,
П(i,j,к) – тоқсанға бөлінген программа (к=1,2,3,4),
Эг(i,j,к) - жылына і –бұйымды j – тұтынушыға экспортқа жеткізу программасы,
Э(i,j,к) – тоқсанға бөлінген программа. Пг және П көрсеткіштері П өнімін жеткізудің бекіту файлында, ал Эг және Э көрсеткіштері – Э наряд-тапсырыс файлында орналасқан. Цена файлында бүйым бағасы Ц(і) орналасқан.
Шығу көрсеткіштері:
Рг(i), Р(і,к) – жылына және тоқсанда і-бұйымын натурал өрнекте (файл Р) жеткізу программасы,
Сг(i), С(і,к) - жылына және тоқсанда і-бұйымын құн өрнекте (файл С) жеткізу программасы.
Негізгі есептеу арасалмағы былай жазылады:
Рг(i)=∑Пг(i,j)+ ∑Эг(i,j),
Р(i,к)=∑Пг(i,j,к)+ ∑Э(i,j,к),
С(i)=Ц(i)Рг(i); С(i,к)=Ц(i)Р(i,к).
Берілген есеп үшін файлдардың өзара байланыс графы 2.3а-суретінде көрсетілген. Граф құрамын кеңейтетін жаңа есеп ретінде R (жылына және тоқсанға бұйым өндіру программасы) және Q (тапсырыс портфеліне программаның сәйкестігі) деген жаңа файлдарды енгіземіз. Файлдардың өзара байланысының кеңейтілген графы 2.3б-суретінде көрсетілген.
а) б)
2.3-сурет - Дайын бұйымды жеткізу жоспарын құру есебі үшін файлдардың өзара байланыс графы: а – бастапқы граф, б – кеңейтілген граф
Экономикалық есептің берілісі бастапқы, нормативті-анықтамалық, шығу және туынды көрсеткіштер құрылымының сипаттамасынан, сонымен қатар, шығу және аралық көрсеткіштерді есептеу үшін көрсеткіштің өзара байланыс графымен толықтырылған арасалмақ есептеулерден тұрады.
Экономикалық ақпараттық жүйенің өмірлік циклі
АЖ-нің өмірлік циклін жүйені жасау, оны пайдаға асыру кезеңіне қатысты бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. АЖ жасау (жобалау) деп нәтижесінде қолайлы жобалық шешімдер жүзеге асатын, әртүрлі дәрежеде бөлшектелген және әртүрлі тілде әлі жасалмаған жүйе сипаттамасын жасау процесін атайды. Сипаттауды бөлшектеу процесінде жасалған сипаттамалар жұмыс атқаратын жүйені (сызбалар арқылы бұйымдар жасау) құруға және АЖ-сін пайдаға асыру кезеңі туады.
Жобалау жобалық операцияларға бөлінеді. Жобалау операциясы жобалық шешімдерді таңдаудан тұрады және ДБ, есептеу жүйесін және программалық жабдықтауды сипаттайтын параметрлер мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Жобалау кезеңдері болып мыналар табылады: АЖ-сін жасауды дәлелдеу, техникалық тапсырманы жасау, техникалық және жұмыстық жобалау, АЖ-сін қызмет атқаруға енгізу. Пайдаға асыру процесі әдетте белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйені түрлендіру кезеңдерімен үзіліске ұшырайды.
Пайдаға асыру (пайдалану) кезеңдерін өзгерісті талап етпейтін ертеде қабылданған жобалық шешімдердің АЖ-де тұрақты жұмыс істеу кезеңі ретінде сипаттауға болады.
Түрлендіру кезеңдері деп АЖ-нің жеке компоненттері бойынша жобалық шешімдерді түзету процесін атаймыз.
Жобалау кезеңінде атқарылатын жұмыстарды бөлшектеп сипаттау келесі қызметтерден тұрады.
1. Заттық облысты зерттеу:
заттық облыстың шекарасы және оны кеңейту мүмкіндіктері,
заттық облыс объектілерінің тізімі,
қолданушының ақпаратқа мұқтаждығы,
деректерді өңдеу жиілігі көрсетілген қажет процестер,
АЖ-сі іске асырылатын ЭЕМ,
АЖ қызмет етуіне қойылатын талаптар, ақпараттың келіп түсу жиілігі мен түзету, оның дұрыстығын қамтамасыз ету тәсілдері.
Заттық облысты зерттеудің нәтижесі ретінде жүйені жасауға арналған техникалық тапсырма болу керек.
2. Объектілерді және олардың атрибуттарын анықтау.
Әрбір объект пен процесс үшін қажеттіліктер:
теңестіру қасиетін анықтап, тұрақты ережеге бағындыруды орындау;
әрбір объект дана санын және осы шаманың уақыт бойынша өсуін анықтау;
Бастапқы көрсеткіштер негізінде қосымша көрсеткіштерді есептеу тәсілін анықтау.
3. Барлық сұраныстар негізі бойынша объектілер мен процестер және есептеулер арасында барлық құрылымдық байланыстарды орнату. Деректер базасының құрылымын жасау, оның дұрыстығы мен толықтығын тексеру.
4. АЖ жұмысының технологиясын анықтау, яғни деректерді жинау, бақылау және сақтауды анықтау, ақпаратты енгізу-шығару форматтарын анықтау, ақпараттарды берудің уақыттық және көлемдік сипаттамаларын орнату, барлық қолданушылар тобының жұмыс істеу ережелерін орнату.
5. АЖ-ін іске асыру үшін программалық жабдықтар мен ЭЕМ таңдау. Программалық жабдықтардың ішінен алдымен операциялық жүйе мен ДББЖ таңдап алу қажет. Қажет жад көлемін және программаны жасау қиыншылығын бағалау.
6. Жобаның дұрыстығын тексеру және оны іске асыру мерзімін анықтау.
Жоғары аталған әрекеттердің қорытындысы АЖ техникалық жобасы болып табылады.
7. Жұмыстық жобалау кезеңінде мыналар қажет:
деректер базасының барлық компоненттерінің сипаттамасын жасау;
экрандық формалар және барлық қолданушылар тобы үшін мәзір жүйесін жасау;
барлық қосымшалар үшін программалар құру;
АЖ-сінің жөндеу деректерін толтырып, оны сынақтан өткізу;
АЖ-мен жұмыс істеу нұсқауларын жасап, қолданушыларды үйрету.
Пайдаға асыру кезеңі АЖ-сін нақты деректермен толтыру арқылы басталады.
АЖ-нің пайдаға асыру және өзгерту кезеңдері АЖ-нің саналы түрде ескіру кезі болмайынша және оны жойып, жаңа жүйені жасау туралы шешім қабылданбағанынша, олар бір-бірін кезектесіп алмастырып отырады (2.4-сурет).
Жобалау |
Пайдаға асыру. Өзгерту. |
Пайдалану |
||
ТТ және ТЖ |
ЖЖ |
Енгізу |
Ескі жобаны жаңа жобада пайдалану. ДБ құрамын қолдану. АЖ компоненттері |
|
ТЖ зерттеу Бірыңғайлау ДБ құрылы-мы Технология ЭЕМ және ДББЖ таңдау Дұрыстығын тексеру |
ДБ сипаттамасы Интерфейстер
Программа құру Сынақтан өткізу Үйрету |
ДБ өзектілігі
Тәжірибелік пайдаға асыру
Авторлық қадағалау |
||
2.4-сурет - АЖ-нің өмірлік циклі: ТТ – техникалық тапсырма; ТЖ – техникалық жоба; ЖЖ – жұмыстық жоба; ПА – пайдаға асыру; Ө - өзгерту
АЖ-сін пайдаға асыру кезеңінде ДБ қайта ұйымдастыру, рестарт және қалпына келтіру, ДБ көшіру, ДБ қайшы болмауын қадағалау талап етіледі.
АЖ-ін пайдаға асыру кезінде программалық жабдықтаудың орындалуын қолданбалы программист атқарады. Деректер базасының орындалуын деректер базасының администраторы атқарады. Есептеу жүйесінің орындалуын операторлар мен сменалы инженерлер атқарады.
АЖ-сін жаңғырту процесін зерттеудің маңыздылығын мына деректермен түсіндіруге болады: АЖ жаңғыртуға кететін шығындар пайдаға асыру шығындардың үштен бір бөлігін қамтиды, жылына АЖ-де алғашқы құжаттар 10-40%, ал шығу құжаттары 20-50% өзгереді.
Экономикалық объектілерге динамикалық (қозғалмалы) және даму қасиеттері тән, бұл АЖ өзгеруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан АЖ пайдаға асыру кезеңінде жаңғыртулар қажет екендігін дәлелдейтін факторлар күшейе түседі. Олардың ішінде:
басқару объектісіндегі өзгерістер мен сыртқы орта өзгерістері,
есептеу жүйесіндегі жұмыс жүктемесі құрамының өзгеруі, қондырғыларды ауыстыру, файл көлемінің артуы,
АЖ-мен жұмыс істеу тәжірибесінің жинақталуы,
жобалық қателердің табылуы.
АЖ-сін өзгерту мәселелері негізінде келешегі жоқ, қажетсіз нәрсе ретінде қарастырылады. Бұл жұмыс АЖ-сін жобалауға қарағанда өте қарапайым деп, басқалар жасаған жобалық қателерді жөндеу деп саналады. Сонымен қатар өзгеріске ұшырайтын жүйе дұрыс құжатталмайды, кейде осының салдарынан қолданбалы программаларды жақсарту жұмыстары аяқсыз қалады. Сол кезде жүйеге деген қызығушылық жойылып, жаңа жоба жасауға ұмтылыс туындайды.
Жүйені пайдаға асыру кезеңінде АЖ жаңғырту бойынша арнайы шаралардың болмауы оның пайдаға асырылатын көрсеткіштерін төмендетеді, мысалы, өткізу қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, заттық облыс пен ДБ параметрлері арасында сәйкестік нашарлай түседі.
АЖ-сін пайдаға асыру процесінде АЖ және заттық облыс параметрлерінің өзгерісін қадағалап отырады. Ол үшін мыналар қолданылады:
құжат айналымы жүйесінде және жеке құжаттар құрылымындағы өзгерістер туралы ақпараттар;
шығарылатын экономикалық есептер құрамындағы, экономикалық көрсеткіштер жүйесіндегі және оларды есептеу тәсілдеріндегі өзгерістер туралы деректер;
ДБ-на қойылатын сұраныстар ағындарының сипаттамасы;
алынатын ақпараттың сапасы туралы қолданушылардың бағасы;
қолданылатын операциялық жүйе мен ДББЖ-нің құрамында жүйелік мониторлы программа немесе осыған ұқсас құралдар туралы ақпарат, орындалған тапсырма туралы статистикалық мәліметтер жинау.
Бұл өзгерістер өндірісті қайта құруға, жаңа бұйымдарды шығаруға, жаңа технологияларды меңгеруге, конструкторлық құжаттарды жетілдіруге байланысты. Объекті ұйымдастыру және технологиялық шектеулердің құрамы өзгеруі мүмкін.
2.5-сурет - АЖ түрін өзгерту және пайдаға асыру кезеңіндегі
әрекеттердің өзара тәуелділігі
Өткен уақытта өлшеу нәтижелерін салыстыру және АЖ жұмыс істеу параметрлерінің ауытқуы АЖ-інің түрін өзгерту жұмыстарын жүргізудің негізі болып табылады. Қадағалап отыру нәтижелерінің сараптамасы жаңғырту жүргізілгеннен кейін ол алынған мақсатқа байланысты. Алдымен АЖ түрін өзгерту мақсаты қойылады, қойылған мақсатты алу үшін әртүрлі тәсілдер анықталады. Жинақталған және сарапталатын ақпарат нақты түр өзгерту тәсілі лайықты екендігін дәлелдеп, оның өзгешелігін таңдап алуға мүмкіндік беру керек (2.5-сурет).
АЖ-нің түрін өзгерту мақсатын үлкен алты топқа бөлуге болады:
жобалық қателерді түзету;
АЖ пайдаға асыру сипаттамаларын жақсарту;
заттық облыстағы өзгерістерге бейімделу;
жаңа қосымшалар жасау;
басқа АЖ бірігуді қамтамасыз ету;
ДБ жаңа аппараттық-программалық ортаға көшіру.
2.2 -кесте - АЖ түрін өзгерту тәсілдері мен мақсаттардың сәйкестігі
Түр өзгерту мақсаттары |
АЖ түрін өзгерту тәсілдері |
|||
Қайта құрылымдау |
Қолданбалы есептерді қайтадан программалау |
Қайта құру |
Есептеу жүйесін баптау |
|
Жобалық қателерді түзету |
+ |
+ |
|
+ |
Пайдаға асыру сипаттамаларын жақсарту |
+ |
+ |
+ |
+ |
Заттық облыстағы өзгерістерге бейімделу |
+ |
+ |
|
|
Жаңа қосымшалар жасау |
+ |
+ |
|
+ |
Басқа АЖ бірігуі |
+ |
+ |
|
+ |
АЖ-нің түрін өзгертудің нақты тәсілдері төрт бағыт бойынша топтастырылады (2.2-кесте):
ДБ қайта құру;
қолданбалы есептерді қайтадан программалау;
ДБ қайта құрылымдау;
Есептеу жүйесін баптау.
Кестедегі мәліметтер деректер базасымен атқарылатын автономды операциялар есептеу жүйесі мен программалық жабдықтауды жетілдіру түр өзгертумен бірге бір уақытта жасалу керектігін білдіреді.
АЖ түрін өзгерту процедураларының көбісі пайдаға асыру кезеңін тоқтатпай-ақ орындалуы мүмкін. Бірақ қандайда бір жетілдіру жұмыстары аяқталғаннан кейін АЖ барлық компоненттерін (деректер базасын, есептеу жүйесін, программалық құралдарды) міндетті түрде бақылауға алу керек.
