- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Қалиева ә. 99, 100 беттер.
Бірақ соңғы зерттеулер бала мен ересек адамның арасында белсенді қарым-қатынастыңк болуына мүмкіндік береді. Бұлар М.И Лисина және С.Ю Мещерякованың зерттеулерінен алынған.
М.И. Лисинаның зерттеуінде баланың жандану кешені тек жауап қату реакциясы емес, сонымен қатар қуаныш білдіруі және үлкендермен қарым қатынас жасау құралы болып табылады. Бұл дегеніміз баланың өзінің белсенділігін көрсетуі. Егер олай болса жандану кешені жағдайлар мен тапсырмаларға байланысты әр түрлі сипатта болады. М.И.Лисинаның тәжірибесінде әр-түрлі жағдайдығы ересектермен қарым-қатынас, жандану кешенінің барлық құрамдас бөлігінің қарқындылығы қарастырылған.
1) Баланың көз аясында ересек адамның енжарлығы;
2) Куліп тұрған ересек адам;
3) Жылы еркелету;
4) Әңгімелесу;
5) Кешенді әрекет ету яғни, кулімсіреу, жылы еркелету мен бірге әңгімелесу.
Алынған нәтиже көрсеткендей жандану кешенінің құрамдас бөліктерінің қарқындылығы мен салыстырмалы айтылуы ересек адамның әрекетіне тәуелді. Осылайша, бала ересек адамның күлімдеуіне, күлімсіреумен жауап қатады. Баланы сипағанда ол тыныш, ұзақ күледі, әрі әндетеді. Әңгімелесу барысында жиі әрі ұзақ гуілдейді. Сонымен қатар әрекеттесу жағдайы баланың жалпы белсенділігінің дәрежесі мен коммуникативті заттарды таңдауда артықшылығын пайдаланады. Жандану кешенінің белсенді рөліне келесі дәлелдемелерді жаткызуымызға болады.
Біріншіден, ересек адам енжар болған сайын бала әлдеқайда белсенділік танытатыны анықталған. Керісінше, ересек адам белсенділігін танытса, бала салмақты және реактивті бола береді. Баланың белсенділігіның көп бөлігі ересек адам енжарлық танытқанда, ал аз бөлігі – оның кешенді қарым-қатынас кезінде байқалады. Яғни қарқындылығына қарағанда әрекеттің туындауы басымырақ болатынына байланысты жандану кешені «куш заңына» бағынбайды. Бұл басқа заңға бағынады, яғни қарым-қатынас заңына; серіктес енжар болған сайын, оны әрекетке жұмылдыру үшін көп күш кетеді.
Екіншіден, жандану кешені ересек адаммен қарым- катынастан жиі басып озады. Егер ересек адам балаға мән бермесе немесе өзге біреумен сөйлесіп тұрса, бала дауыс шығарады және қозғалады. Осындай жағдайда баланың іс-әрекеті –бұл жауап қату емес, керісінше қарым-қатынасқа түсуге белсенді іс-әрекетіболып табылады.
Бірақта жандану кешені ересек адаммен әрекет кезінде ғана емес, сонымен қатар қызықты әрі қуантарлық заттарды көргенде әсерге бөленгені байқалады. Жандану кешенінің осы екі міндетін салыстыру үшін, қарым-қатынас затына жағымды көзқарасы сапалық айырмашылығы барын жоғын анықтайды. Бұл сұрақтың жауабын анықтау үшін С.Ю.Мещерякованың жұмысын қарастырамыз.
Оның тәжірибесінің әдіс-тәсілі ықпал ететін екі топты қарастырды: ересек адам мен ойыншық ықпалы, сонымен қатар адам бет бейнесі. Айтылған екі топ уақытына және балаға жағымды дәреже әдістеріне қарай теңесті. Ерте дайындалған үш баллды шкала бойынша баланың жүріс-тұрысы бағаланып, жандану кешенінің бөлімдері бекітілді. Мерещякованың жұмысы келесі нәтижелерді көрсетті:
1) Жандану кешенінің қарқынды жиынтығы және бөлімдері заттарды қабылдауға қарағанда әлдеқайда жоғары.
2) Жандану кешенінің құрамында анықталды. Затты қабылдауда маңызды бөлімдері ретінде әлсіз күлімдеуге қатысты дайындалған қозғалмалы жандану, уілдеуі жатады. Жандану кешенінде ересек адаммен әрекеттесудегі барлық бөлімдері айқын көрінген.
3) Жандану кешенінде заттарды қабылдауға қарағанда, ересек адамның әрекеті әлдеқайда тұрақсыз болып шықты. Бала ересек адамның жүріс-тұрысына қарай өзінің жұрыс-тұрысын өзгертіп отырып, заттарға бірдей көзқараста болды. Қызығы, барлық көрсетілген заттардың ішінде балаларға қарқынды әсер еткені адам бейнесіндегі ойыншық болды.
4) Баланың ересек адаммен және затпен құбылысының айырмашылықтары бақыланды. Барлық эксперимент барысында бір ғана ересек адамға қызығушылық бәсеңдеген жоқ, керісінше жандана түсті. Қайталама ұсынылған заттар ересек адамның қатысуынсыз аз қызықтырды.
Сонымен М.И.Лисина мен С.Ю.Мещерякованың зерттеу нәтижесіне орай, ЖК ересек адаммен жауапты әрекеттесу мен реактивті қатынаста белсенді рөл атқарады. Белсенді міндетіне қарай ЖК баланың тек енжар ғана емес сонымен қатар, белсенділік таныта алатыны туралы улкен біліктілікті дәлелдеді. Оның белсенді әрекеті ересек адамға байланысты. Бұны баланың 2 айынан 6 айға дейінгі ересек адамммен қарым-қатынасындағы әрекетін дәлел ретінде қарастыруымызға болады
