Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
defektologia_2_top_perevod (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет

Ересектердің сәбидің ерте дамуындағы қарым-қатынасы және рөлі.

Бала дүниеге келгеннен кейінгі бірінші жарты жылдық балаға да,әке-шешесіне де ең маңызды кезең саналады.

Бұд кезеңде ара-қатынаста ешқандай заттық та, мазмұндықта байланыс болмайды. Маңызды байланыс тек ата-анасының түр келбеті.Баланы күтуде әртүрлі өзіндік қиындықтар тудырады және ана бұл ретте ешнәрсені міндеттемейді.Айталық,анасы баласының қабілетін не болмаса не нәрсеге қызығушылығын тексермейді. Ана баласының өмірге келгеніне қуанып, түн ұйқысын төрт бөліп күту, себеп, себепсіз сәбидің жылауы,жуатын жаялықтар-мұның бәрі ана үшін бақыт.Ал сәби үшін үлкендердің көңілі таза, кіршіксіз қарым-қатынаста ең маңызды. Осы кезеңде сәби ата-анасының көңілін аудару мақсатында мимикалық қимылдар жасау арқылы жүзеге асырылады.

1жарты жылдықта сәби дамуының маңыздылығы сол,ол ересектердің өзіне деген қарым-қатынасын қарсылық көрсету не құптау жағдаяттарын айыра алмайды;сәби ересектерге үнемі жарқын эмоциямен қарайды.Құндылығы сол , ересектер өз тарапынан баланың қандай бір көңіл-күйін өзінің жағдайына қарап бағаламайды. Сәби әрбір қимыл қозғалысына , ол ұнатпайтын немесе ұнамаған кезеңдерді ересектер тек баланың эмоциясына қарап ажыратуы тиіс.

Сәби үшін ата-ананың тұрмыстағы, не әлеуметтік күші маңызды емес.Сәби үшін ата –анасының өзіне деген жеке көзқарасы,яғни жеке мотиві қарастырылады. Сондықтан бұл қатынас жеке-жағдаяттар қатынасы деп аталады.

Бұндай қарым-қатынас,яғни ересектер мен сәбидің қарым-қатынасы көбінесе эмоциянальды-экспресивті мотивтерден тұрады. Үлкендер мен сәбидің ең бірінші қарым-қатынасы терең де,мағынасы болу үшін бірінші кезекте ата-анасының жеке сұлбасы, келбеті маңыздырақ болады.

Қоршаған ортамен байланыс сәби үшін үлкендердің беретін эмоциясына байланысты болады,себебі сәби көп нәрсені терең түсіну қабілетіне жетпегендіктен,ата-ана қандай көңіл-күйді беріп жатқанын,оның тек түріне,эмоциясына қапрап түсінеді.Жақсы,қуанышты эмоцияны сәбидің қабылдауы ол белгілі бір психологиялық дамуында деген сөз.Сәби еріктен тыс өзінің көңіл-күйін және өзінеп көңіл аударта білуі ата-аналар үшін қуаныш болуы тиіс,себлебі мұның өзі сәбидің дамуындағы алға жүрушілігі деп қабылдау керек,яғни сәбидің белсенділігі айқындалады.Сәбидің белсенділігі ересектермен қарым-қатынаста анасының қимыл-қозғалысына,эмоциясына тәуелді болғандықтан сәби өзіне деген көңіл-күйді күлкімен,сөздерден,жылы көзқарастан ажыратады.Сәбидің қабылдау түйсігі ересектердің қарым-қатынасына байланысты болғандықтан,ересектер көңілі ол үшін айна тәрізді,сол арқылы ол өзін тани алады.Ал бұл қарым-қатынаста маңызды рөлді ата-ана атқарғандықтан сәбидің дамуы яғни бала неғұрлым қоршаған ортаны тани алса,бұл соғұрлым баланың даму сатысындағы алғашқы жеңісі болып саналады.Сәби дамудағы әр қадам күлкісі,қимыл-қозғалысы,мимикасы,эмоциянальды жағдайы- бәрі ата-анасының бақылауында болады.

Даму кезіңдегі қарым-қатынас сәбидің үлкендерге бауыр басуы,бұл байланыс аффектілі жеке байланыс болып саналады.Бұл байланыстың ерекшілігі,сәбидің өзінде сенімділік қасиеті пайда болып,ерікті түрде айналаны тану көзқарасы қалыптасады.

Жеке жағдаяттағы байланыс сәбидің дамуына бірден-бір себеп болуымен бірге ата-анасының көңіл-күйі балаға қалай әсер етеді,дамудағы жеке іс-әрекеттер қалай жүзеге асады деген сұрақтарға жауап беретін арнайы М.И Лисинаның жасаған тәжірибесі дәлел бола алады.Тәжірибе ата-ана қамқорынсыз қалған балалар үйінде жасалған.Дамудың ерте кезнңінде сәби үшін ата-ана қамқоры ерекше бағаланады.Ал балалар үйіндегі сәбилерге бұл қамқор берілмейді,сондықтан ата-ана қамқорындағы сәби мен балалар үйіндегі сәбилер арасындағы даму кезеңінде өзгешіліктер болары сөзсіз.

Дегенмен ата-ана қамқорындағы сәбидің даму кезеңіндегі ересектердің ыстық ықыласы,мейірімі көп көмек болады.