- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Байдилда Назира 77 – 78 беттер
1-бөлім. Сәбилік кезеңнің жалпы сипаттамасы
Сәбидің дүниеге келген алғашқы жылы – баланың және ата-ананың өміріндегі сөзсіз маңызды кезең. Адамның алғашқы 12 айында жүріп өтетін жолды басқа нәрселермен салыстыру қиын. Бұл уақытта барлығы бірінші рет болады: алғашқы күлкі, алғашқы ойын, алғашқы қозғалыс, алғашқы сөздер, алғашқы қадамдар.
Сәбилік кезеңнің әлеуметтік жағдайларының даму ерекшеліктері
Дүниеге келген сәби – әлеуметтік тұлға болып көрінбеуі әбден мүмкін. Ол әлі қарым-қатынас құралын меңгермеген, қарапайым өмірдегі қажеттіліктерімен тіршілік әрекетін қанағаттандыру шектелген, күтім жасаудың нысаны болып табылады. Осы жерден сәби өзін барлық дерлік адамгершілік сипаттан айырылған биологиялық зат түрінде сезінеді деген әсер оңай туындайды. Дәл осы ұсыныс көптеген бала дамуының теорияларының негізінде жатыр. Негізінде сәби сөзсіз спецификалық және әлеуметтік жағдайдың дамуының өзіндік тереңінде тұрады. Бұл жағдай сәбидің толық қайратсыздығымен және өз бетімен тіршілік ету құралының болмауымен, өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауымен анықталады. Бұларды іске асырушы жалғыз тәсіл - ересек адам болып табылады. Сәбидің барлық әрекеттері ересектермен байланысты екені сөзсіз. Оған қандай жағдай болмасын ол әрқашан өзіне күтім жасайтын ересек адаммен бірге болады. Заттар үлкендердің қатысуының арқасында баланың көз алдынан жоғалып және пайда болып отырады: бала әрқашан өзгенің төңірегінде қимылдайды; балаға кедергі келтіретін қоздырғыштарды жою және оның негізгі қажеттіліктерімен қанағаттандыру әрқашан біреу арқылы орындалады. Сәбидің ересектерге объективті тәуелділігі баланың ақиқаттыққа деген өзіндік қатынасын жасайды. Оның барлық әрекеттері, пайымдаулары мен уайымдары әрқашан өзгелермен байланысты. Сондықтан да баланың ақиқаттыққа қатынасы әлеуметтік мінезге ие. Баланың ең қарапайым заттарға немесе сыртқы әлемге қатынасы әрқашан көмекпен я болмаса өзгелер арқылы жүзеге асады.
Осы мағынада Л.С.Выготский сәбиді «максималды әлеуметтік зат» деп атады. Ересек адам – сәбилік кезеңдегі кез келген жағдайдың орталығы. Сондықтан, қарапайым жақындық немесе адамның алшақтауы сәби үшін жағдайдың кенеттен өзгеруін білдіреді. Сәби ересектің болмауынан толық қайратсыздық күйге тап болады: оның белсенділігі жоғалған немесе шектеулі. Ал ересектің болуымен сәби үшін белсенділіктің ең қарапайым және табиғи жолдары жүзеге асырылады. Сәби үшін кез келген жағдайдың алдымен ересектің болуымен, оның жақындығымен, балаға қарым-қатынасы және оған назар аударуымен анықталатындығы осыдан.
«Анасымен бірге қарым-қатынас» сәбилік кезең аяқталып, бала өз бетінше жүруді үйренгенінше жалғасады. Анасынан психологиялық эмансипация едәуір кешірек келеді. Сондықтан сәбилік кезеңнің негізгі жаңа туындысы Л.С.Выготскийдің «пра-мы» терминімен көрсетіледі және ана мен баланың алғашқы психикалық тұтастығымен түсінеді. Бұл алғашқы «өзін өзгемен біріктірудегі» уайым жеке тұлғалық түсініктің пайда болуын, яғни өзіндік «Менін» сезінуді ұсынады.
Выготский өзінің көзқарастарын сәбидің меншікті денесін елестетулерін дамытудағы атақты бақылауларымен анықтады: бастапқыда бала өз денесін қоршаған орта заттарынан бөліп қарай алмайды. Ол өз денесін білмей тұрып, сыртқы дүние заттарын ерте қабылдайды және түсінеді. Сәби алдымен өзінің қолына және аяғына бөгде зат секілді қарайды, кейіннен барып бұл өзінің меншікті денесінің бөлігі екендігіне көзі жетеді.
Осы көзқарасты растайтын басқа дерек айналадағы заттардың орналасуы бала реакциясының тәуелділігінде анықталады. Заттың физикалық алшақтауы оның психологиялық алшақтауын білдіреді. Белгілі қашықтыққа алшақтаған тартымды зат бала үшін маңызын жоғалтады. Қашықтықта тұрған зат ол үшін мүлдем есептелмейді. Бірақ бұл қызығушылық одан белгілі қашықтықтағы заттың жанында ересек адам пайда болса жаңа күшпен қайта оянады.
