- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Кәділ Айнур 92 – 93
Ересектермен сөйлесуге қажеттілік қалыптасуы
Ересектермен байланыс орнатуға баланың қажеттіліктері туындауы жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Бір авторлар бала дүниеге келгеннен, келесілері бала өмір сүру барысында адамдармен қарым-қатынас негізінде қалыптасады деп есептейді. Жиі қажеттіліктер басқа түрге алмасады- әсер алу мен жақындасудан физикалық жағымды сезім.Нәрестеде үлкен адамдармен байланыс жасауға қажеттілік бар ма және расында ол байланысада ма? Нәрестенің алғашқы 2-3 аптасында бақыласақ біз ешқандай адаммен байланысы жоқ екенін анықтаймыз. Нәресте ешқандай айналасына қызығушылық танытпайды, оның көзі және айқайы ешкімге бағытталмаған болады. Ол анасының келгеніне немесе оның кеткеніне уайымдамайды. Анасына назар аудармайды, керісінше өзіне назар аударғысы келеді. Алғашқы апталарда нәресте назарының бағыттылығы болмауынан олардың улкен адамдармен байланысу қажеттілігі туа пайда болмайды , яғни өмір сүру барысында қалыптасады деуге болады. Байланысу қажеттілігі басқа қажеттіліктер негізінде қалыптасады, бірақ ауыспайды.Баланың қатынас жасау қажеттілігін туындататын көзі органикалық қажеттіліктер (тамақ ішу, жылу т.б.) болып табылады. Бала өзінің қажеттіліктерін өзі орындай алмайтындықтан, яғни қанағаттандыра алмайтындықтан, өзінің дискомфортын айқай, қимыл, мимикамен білдіреді. Бірақ бала алғашқы күндері оны білдірмейді. Нәресте мен ересек адамның ара-қатынасы тек физикалық күтім түрінде көрінеді (тамақтандыру, төсеніш ауыстыру, шомылдырут.б.). Сөйлесу әлі жүзеге аспайды. Бала өзін тек күтім жасауға ғана ұсынады. Біртіндеп балада ересек адам оның қажеттілігін қанағаттандыратын бейне ретінде қалыптасады. Сөйлесуге қажеттіліктің басқа негізі- туа пайда болған әсер етуге қажеттілік болып табылады. Байқағандай, нәресте үшін басқа адам тартымды және ақпаратты объект болып көрінеді. Ол адамда физикалық тартымды сапалары басым болғандықтан нәрестенің назарын аударады. Десе де, ересек адамның балаға қатынасы оның тілдесуге қажеттілігі туындауында шешуші маңызға ие. Өмірінің алғашқы минутынан бастап анасы нәрестеге жеке тұлға ретінде, аса ерекше, жақсы көріп қарайды. Анасы нәресте оны түсінетіндей оның қимылдарын құптап, мақтап дәл бір, нәресте өзінің қимылын түсініп жасайтындай сөйлеседі. Оның қимылдары мағыналы маңызға ие болмаса да анасы оған толыққанды әріптес ретінде қарайды.
Анасы нәрестесімен арасындағы қатынас түрін өзі қалыптастырады:
-баланың шығарған әр дыбысына мән беріп, оған іс-әрекетпен жауап береді
-анасы баланың бей-берекет, албырт қимылдарына қарап оны өзіне деген үндеу деп қабылдайды.
Кусайынова Айнура 93 - 96
Көп жағдайда жаңа туылған бала анасына ешқандай жауапты сигнал бермейді. Бірақ сабидің жаңа қозғалысы мен анасының жауапты реакциясы, олардың арасын тұрақты байланысқа алып келеді. Анасының өз баласына мұқият қадағалауы, оның дұрыс және уақытылы көңіл бөлуі, екеуінің арасындағы «сигналды байланысты» тұрақты етеді. Бірақ бастапқы кезде бұл байланыс біржақты, құбылмалы мінез: анасы байланыстың жақсаруы үшін, оған көп күш-жігерін жұмсайды, ал бала оған ешқандай көңіл бөлмейді, тіпті, оның бар екенін сезбейді. Оның айғайы мен шуылдауы ешкімге арналмайды. Оның сигнал болып қалыптасуының себебі, оны тек анасының тыңдауы мен «оқуы».
Анасы баласының әрбір көз-қарасын қадағалап, оның назарын өзіне аудартқысы келеді. Бұл жағдай іске асқан жағдайда ол балаға кулімсіреп қарап, сөйлеседі. Бастапқы үш аптада анасы әлдеқайда тез баласының назарын өзіне аудартса, ал баланың оған көңіл бөлуі де байқала бастайды. Ең маңыздысы бұл кезде, сигналдардың көп және әртүрлі болуы, анасының қимыл-қозғалысы, даусы, мимикасы. Бұл жайттардың бәрі оптималды түрде арақашықтығы – 25 бастап 50см дейін.Бірақ ең бастысы, әрине, анасының баласына унамды болуы және әрдайым балаға қызықты болатындай әрекет жасауы.
Анасының ең үлкен қуанышы өмірінің алғашқы бірінші айында баланың жымиюы. Жаңа туылған баланың бет әлпеті үнемі қозғалыста болады. Кейбір баланың мұндай әрекетінен, оны жымиып тұр деп ойлап қалуға болады. Бірақта мұндай жымиюлар әлі де болса адамдікі деп айтуға келмейді: баланың көзі жартылай жабық немесе шетке қараған, ерін езуі тек тартылады, әлдеде жасанды түрде бола тұра, бірнеше секунд ішінде бұл жымию қабақ түю мен есінеу процесіне көшуі мүмкін. Психологтар бұл жимиюды «физиологиялық» немесе «гастриттік» деп атайды. Мұндай жимиюдын өзін бала анасы үлкен қуанышпен қабылдайды.
Өмірінің үшінші аптасында нәрестеде ересектерге тоқтала қарау,ал бірнеше күннен кейін алғашқы күлу ересек адамға бағытталған көз-қарасына сәйкес келеді. Әдетте мұндай жымию ұйқысынан оянғаннан кейін шаршау лебі байқалмағанда және қарны тоқ болғанда байқалады. Бастысы анасының мейірімді шырайын байқағанда болады. Басында бұл күлкі жымию ретінде көрініс табады , ана тарапынан қайта байқаушылықты туындату көрініс табады. Бірақ кейінірек нәресте жаңғырту процесін иемдене анасын көргенде бұл процесті жиі қайталайды.
Нәресте күлкісінде әліде шешілмеген жұмбақ бар. Бастапқы көз-қараста нәресте қуанғанынан күліп жатқан секілді, бірақ барлық кезде мұнымен айқындалмайды. Адам баласы кейде жақсы өлең тыңдап болған соң да, қарны тоқ болса да күлмейді. Нәресте де өмірінің алғашқы күндерінде өзінің қуанышын күлкімен білдірмейді. Осыдан сұрақ туындайды неге нәресте өмірінің үшінші аптасында күле бастайды? Неге нәресте ересек адамды көргенде қуанышқа бөленеді? Ғалымдар осы сұраққа жауап іздеуге тырысты. Кейбір ғалымдардың есептеуінше бала күлкісін, өмірінде жаңа құбылыстар пайда болумен байланыстырады. Алайда тәжірибеде бұл мәселе дәлелденбеді. Қанық түсті ойыншықтар мен түрлі дыбыстар бала күлкісін туыдатпай, тек сол бағытқа көз назарын түсіреді. Бұдан қорытынды нәрестенің ересек адамды көргендегі қуанышын баланың әлеуметтенуіне көмек көрсететіндігін жауап ретінде алса болады. Нәрестенің ересек адамға бағытталған жылы шырай күлкісі оның атқаратын қызметтеріне жауабы. Алайда нәресте шөлмекке, жылы төсекке, бала киімін ауыстыру оны қуантпайды, керісінше ол ыңғайсыздық тудырса, ол жылайды. Бақылау нәтижесінде нәрестеде күлкісін анасының көз-қарасы мен даусы тудырады. Мұндай күлкі анасымен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Баланың бұл күлкісі физиологиялық күлкіден айырмашылық ретінде қолданылады. Коммуникативті күлкі мен шынайы күлкі нәрестенің соңғы кезеңінде пайда болады және бұл жаңа кезеңге өтуін қамтамассыз етеді.
Көкенәлиева Айжан 96 - 98
Түйіндеме
Нәрестелік- бала өмірінің туылғанынан 1 айына дейін жалғасатын кезең. Оны кризисті деп санайды, себебі нәресте жылдам өзі үшін таныс емес жағдайларға тап болады.
Бала өмірге арнайы рефлекстер жиынтығымен өмірге келеді, олардың бірі сыртқы ортаға физиологиялық бейімделуін қамтамасыз етіп және оны болашақта сақтауын, басқалары атавистік рефлекчтері өмірінің алғашқы жылында жоғалады. Нәрестенің рефлекстері оның психикалық дамуының негізі болмайжы. Бала туа біткен мінезімен аз қамтылған, жануарлардың балаларына қарағанда. Барлық адами қасиеттер өмір уақытында қалыптасады. Нәресте сенсорлық мүмкіндіктерімен көп қамтылған, әр түрлі көру және есту кезінде байқалады. Нәрестенің сенсорлы қабылдаулары адамның бейнелеріне бағытталған.
Қарым- қатынас қажеттіліктерінің қалыптасуының жүзеге асуы ересек адамдардың ықпал етуі арқылы іске асады. Анасы баласына бастапқыдан – ақ толық тұлға ретінде қарайды. Оған адами қасиеттерді бөліп беру арқылы. Ол сигналды байланыс орнатып және онымен қарым-қатынас құрады. Нәтижесінде бала өмірінің 3-ші аптасының аяғында ол анасының бетіне мұқият қарап және оған жымияда. Ол нәрестелік кезеңнің аяқталуын және жаңа психикалық даму кезеңіне өтуін көрсетеді.
Нәрестенің жандану кешені
Бала 4 аптадан 6-шы аптаға дейінгі кезеңде, анасының көмегімен ересектерді іріктеуді, әр түрлі қарым – қатынастарды тез орнатуды үйренеді. Нәресте сенімді түрде ересек адамды көзімен іздей бастайды, оның шығарған дыбыстарына басын бұрады, оны алшақ жерден байқайды. Ол анасының бетіне мұқият қарайды, оның дауысына зер салады. Анасына жымию арқылы жауап қайтарады, оған мұқият қарайды, қол – аяқтарын қимылдатады және әр түрлі дыбыстар шығарады. Нәретенің қаунышты іс-әрекетін ғалымдар «жандану кешені» деп атады. Жандану кешенінің 4 негізгі компоненті бар:
1- Қатып қалу және мұқият қарау- ересекке ұзақ мұқият көз қарас.
2- Баланыңжақсы эмоциясын күлу арқалы көрсетуі
3- Жандану қозғалысы- бастың қозғалысы, қол- аяғын лақтыру, арқасын бүгуі және т.б.
4- Вокализации – айқай, гуілдеу, былдырлау
Бұл компанентер нәрестенің бір уақытта іс-әрекетінде бақыланады. Жаңдану кешені баланың шамамен 2 айында байқалады және оның интенсивті көбеюі 4 айына дейін жалғасады. Одан кейін жандану кешені тоқтайды, яғни оның жеке компонеттері тәуелсіз болады және баланың іс-әрекетінде жаңа формалар пайда болады.
Жандану кешені өзіндік ерекше ересектерге қайтарылған жауабы болып табылады. Ұзақ уақыт жандану кешені ересек адамның іс-әрекетіне жауап реакциясы ретінде қаралған.
