Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
defektologia_2_top_perevod (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері

Нәресте мен оның анасының арасындағы қарым-қатынас байланысы психоаналитикалық бағыттағы психологтардың зерттеу нысаны болып табылады. Нәрестені зерттеу ғылымында маңызды болжамдар жасаған ғалымдар Р. Спид, Дж. Дани, Дж. Боулби, М. Эйсворт, т. б. Бұл байланыстың маңыздылығы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде балаларды анасынан айырып приюттар мен балаларға арналған үйлерге орналастырған кезінде айқын көрсеткіш берген. Ол мекемелердегі жақсы күтім мен толыққанда тамақтандыруға, медициналық қызмет көрсетуге қарамастан балалар түсініксіз дертке шалдыға бастаған. Балалардың тәбеті жоғалып, қызығушылықтары бәсеңдеген, қозғалудан бас тартып, саусақтарын сорумен ғана айналысқан. Балалар денесін шайқап бір нүктеге ғана қарап отыратын күйге жеткен. Мұндай балалардың өмірге деген қызығушылығы төмендеп 1 жасқа жетпей қайтыс бола бастаған.

Психологтар зерттеу нәтижесінде бұл симптомдар ересек адаммен қарым-қатынастың жетіспеушілігінің нәтижесі екенін түсінген. Балаға өзінің органикалық қажеттілігінен (тамақтану, ішу, ұйықтау) басқа өзіне жақын ересек адаммен араласу, оның даусын есту мен қарым-қатынасқа түсу маңызды. Осындай қарым-қатынастар көптеген балаларды емдеудегі негізгі «ем көзі» болып табылған.

Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер

Бала дамуындағы үлкендермен қарым-қатынастың әсері.

Бала мен ананың қарым –қатынасы психологтардың психоаналитикалық көрсетулерімен ананың бала өміпінде алар орны ерекше.Бұл жақдайдың қаншалықты маңызды екені екінші дүниежізіл соғыста айқын көрінген болатын,жас балалар аналарынан айырылып көптеген балалар үйіне жіберілген болатын.Бұндай жерлерде барлық жағынан жағдай жасасада,медициналық жағынан,жақсы тамақтандырсада балалар әр түрлі аурулармен ауырған болатын.Балаларда тамаққа тәбеті болмай,өмірге қызығушылығы жоқ,өосғалыстарын тоқтатып тек бір орында саусақтарын тістелеп отырғаннан басқа ештеңе істемеген.Бұл кезде баланың көзі бір нүктеге телмірумен және денесін шайқалақтап отырған. Бұл кезде балардың өмірлері бір жылға созылмай қайтыс болып жатты.

Психологиялық тұрғыдан зерттегенде бұл балалрға үлкендермен қарым-қатынастың керек екендігі анықталған.Баларды ішіп –жеумен қанағаттандырмай оларға көңіл бөліп,ересек адмдардың қолдауы,әрдайым күлімсіреп жақсы әсер қалдыруы, балардың ауруын емдеуге жақсы дәрідей болған.

Біз кішкентай балалармен көп сөйлеспеген жағдайда «Госпитализм» ауруы туындайтынын байқаймыз.Көптеген қиындықтар формасы «Психологиялық депрессия» кезінде жоғары деңгейде байқалады.Психологиялық мәселелермен айналысатын дәрігерлер балалардың үлкендермен қарым-қатынастың болмауы себебінен психологиялық тұрғыдан дамуын бірден төмендейтінін байқаған.Баланың анасымен қарым-қатынасы тек жағымды жағынан ғана емес, психикалық,физикалық тұрғыдан дамитыныда дәлелденген.Бала табиғатынан таза болып жаралған және өсе келе дамиды делінген.Анасымен қарым-қатынас балаға : қорғаныс,қамқорлық,эмоциялық жайлылық және баланың барлық талаптарын қанағаттандырады.

Осы көзқарасқа қарағанда,мәдени-тарихи жағдайларда жасөспірім барынша әлеуметтік тіршлік иесі ретінде қарастырылған.Сонымен,баланың жастайынан үлкендермен қарым-қатынасы үзілмеген. Бірақ,бұл бал үлкендерден көптеп өнеге алмайды.Баланың ең басынан осы өмірге,қоршаған ортаға көзқарасы қарқынды болып келеді.Көптеген зерттеулерде бала мен ананың арасында қарым-қатынасы,өзара әрекеттері спецификалдық белсенді болып табылады. Бала анасының белсенділігін ғана емес,сонымен қатар селқостығында байқайды,қабылдайды.

Мысалы: Х.Р.Шеффердің бақылауының нәтижесінде баланың ойыншышықтарының,бөлмесінің ашық-қанық түске өзгертсе баланың мінезі соған ұқсас болатыны дәлелденген.

К.Гарвидің бақылау нәтижесінде бала мен ананың 1-ші айында стреативті ойында бал анасы сияқты белсенді бола алатынын дәлелдеген.

В.Кондон мен А.Солдердің тәжірибелерінде жаңа туған сәбидің қабілетін бірінші күндерден байқаған.Мағынасыз сөздер,музыкалық фразалар баладан ұқсас қозғалысты байқатпайды.Бұндай еріксіз қозғалыстар ,синхронды дыбыстардың тақырыбын автор: « Ұстатпайтын балет» деп атаған болатын.

Тағыда бір бала мен мен ананың арасындағы қатынас ол вальс болып табылады.В.Штери тура осы би арқылы анасымен-баласының жақын және алыс қатыстарын анғарып көрген.Бұндай биде бала мен ананың бір-біріне деген кезектестікпен қарауы,мимика ,көзқарас,вокализациясы және белсенді қозғалыстарын анықтауға болған.

Ана мен баланың бір-біріне деген синхрондық және жақсы қарым –қатынастары баланың психологиясына үлкен әсер етеді.Бала тек үйреніп қана қоймай анасынан өнеге алады,үйренеді.Бала мен ана бір-бірін жетілдіріп отырады.Жақсы көңіл- күй мен жақсы қарым қатынас ол баланың болашақты белсенді тұлға болуына үлкен септігін тигізеді.

Баланың туылғаннан бастап дамуы.

Бала қаншалықты кішкентай болса соншалықты психикалық өзгерістері соншалықты тез қарқында дамиды.Сондықтан бала өміріндегі 1 жыл ен өзгерістері көп,тез дамитын кезеңі болып табылады.Бала өмірінің алғашқы 12 айында ең үлкен өзгерістер болады.Баланың жақсы әрі тез дамуы ол қоршаған ортамен,сонымен қатар өмірінің алғашқы жылындағы арнайы этаптардан өтуі болып табылады.

Бала өсуінің алғашқы жылында 3 микропериод болады ,оның әрқайсысың бала өміріндегі өз орны бар.Біреуі баланың әлеуметтәк жағын зерттесе келесілері баланың өмірінде болар жағдайларға баланың көзқарастарын құру этаптары сияқты кездеседі.

Бірінші кезең – нәрестелік кезең.Яғни ,ол баланың туылғаннан 1 айға дейінгі өмірі.Бұл кезде бала организмі адаптациядан өтіп ,қоршаған әлемді қабылдай бастайды.Жеке тұлға субьектілердің қарым-қатынасы арқасында баланың бірінші айында үлкендердің балаға деген көп көзқарастары пайда бола бастайды.

Екінші кезең- 1және 6 ай аралығында жалғасады,яғни 1 жасына дейінгі жарты жылдығы болып табылады.Бұл кезеңде баланың эмоционалды және кез-келген жайдайға үлкендермен қарым-қатынасы жәнеде барлық жағынан психикалық және интенсивті дамуы байқалады.Бұл дамудың соңына қарай балада затқа деген құлшынысы байқалады.

Бөлеген Айкүміс 83 – 85 - 86

Резюме

Сәби дүниеге келгеннен бастап барлық адамдармен қарым – қатынаста болатынын ескерсек, оны ең жоғарғы әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастыруымызға болады. Оның әлеммен қатынастарының бәрі де жақын жандармен байланысты жүреді.Ересек адамнан бөлектенуі психологиялық жағынан кешірек дамиды. Сәбидің бірінші жылындағы барлық психикалық өмірі ересек адамдармен өзара әрекеттің арқасында қалыптасады. Психоаналитикалық сараптамалары бойынша, баланың ересектермен әңгімелесуінің аздығынан оның психикасының дамуында өзгерістер мен артта қалушылық байқалады

Сәби тек сыртқы сигналдарға жауап қайтаратын пассивті тіршілік иесі ғана емес, ол сонымен қатар анасының ықпалын сезініп қана қоймай, анасының онымен қарым – қатынас жасауына сәбидің өзі ықпал жасайды және толықтай диалогті түрде сөйлеуге мүмкіндігі бар. Бұл жақын жандармен ынта – жігерімен араласа білу қабілетін және де сәбидің белсенділігінің негізін қалайды.

Нәрестелік шақ бір кезеңде ғана жүрмейді. Ол сәбидің 3 түрлі психикалық дамуы кезеңдерінен тұрады: жаңа туған шақ, өмірінің алғашқы жылының бірінші және екінші жартысы.

2 Бөлім

Шараналық кезеңнің сипаттамасы

Нәрестелік дағдарыс

Осы уақытта анасының жатыры ішінде баланың психикалық дамуы туралы талқылау жүреді.Кейбір дәрігерлер мен психологтар әлі дүниеге келмеген шаранаға қалыпты баланың күйін жазып береді. Тіпті құрсақ ішінде баланың дамуына сыртқы жағдайлардың әсерін зерттейтін арнайы бағыт – пренатальді педагогика пайда болды. Осы әсер етуші факторлардың біріне көбіне музыканы жатқызуға болады. Анасының жағымды классикалық музыка тыңдауы құрсақтағы сәбидің жіті және жақсы дамуына әсер етеді деп болжанған. Қазіргі таңда бұл болжамдардың дұрыстығын айту қиындау, себебі ешқандай нақты ғылыми дәлелдемелер берілмеді. Дегенмен, әлі дүние есігін ашпаған нәрестеде сезінудің қарапайым белгілері бар екенін де айтады. Ол анасының қозғалысы кезінде вестибулярлы тітіркенуді сезінеді, тербетіп ұйықтатқанында қозғалуын доғарады, ал тыныштық күйде қол және аяқ қимылдарын жаңартып отырады. Сәбиде көрудің қарапайым сезімдік қабілеті бар. Есту аппараты да нәресте дүниеге келген уақытқа дейін қалыптасу үрдісінде болады. Сонымен қоса ол құрсақ ішінде анасының дауысын естіп жатады, анасының жүрек соғысын сезінеді және сырттан келген дыбыстарға жауап қайтара алады. Бірақ, осы керемет сезімталдықтың бәрі анасының денесі арқылы беріледі. Анасының жатыры ішінде бала сыртқы ортаның кері және күшті әсерлерінен сенімді қорғаныста болады, тек бұл кері әсерлер балаға анасының жұмсақ қарыны арқылы ауыртпай – ақ жұмсартылған түрде беріледі.

Бірақ белгілі бір уақытта ешқандай өткелсіз үйреншікті және қауіпсіз дүние бұзылады. Бала жарыққа шығуға ұмтылады және кенеттен күшті, қатты, таныс емес әсерлердің қарқынды тасқынын сезінеді. Е. В. Субботский бұл туылу сәтін былайша драмалы түрде суреттейді:

Владимир Санжар 86 – 87 бет

Туылу дағдарысы

Қазіргі кезде ана құрсағындағы баланың психикалық күйі жайында қызу пікірталастар болып жатыр. Кейбір дәрігерлер мен психологтар әлі дүниеге келмеген бала саналы адамдай күйзелісті бастан кешіретінін айтады. Осыған қатысты арнайы сала – пренатальды педагогика, оның міндеті құрсақтағы баланың психикалық дамуына пайдасын тигізетін сыртқы әсерлерді қалыптастыру. Бұл әсерлерге музыканы жатқызуға болады. Болжам бойынша, ана жақсы классикалық музыканы тыңдау барысында құрсақтағы баланың психикасы қарқынды әрі жақсы дамиды. Қазір осы болжамдардың шынайылығы жайында айта алмаймыз, себебі ешқандай ғылыми дәлел (теріске шығару да) жоқ. Эмбрионның саналы эстетикалық күйзелістері туралы айту қиын болғанымен, әлі туылмаған баланың қарапайым сезімталдығы әрине бар. Ол анасының қозғалысы кезіндегі вестибулярлық тітіркенуді сезінеді, яғни оны тербеткендей күйді кешеді (ол тынышталып, қозғалыстарын тоқтатады), ал анасының тыныштық күйінде ол аяқ-қолдарын қозғалта бастайды. Оның қарапайым көру сезімталдығы да болады. Есту аппараты да бала дүниеге келмес бұрын қызмет жасайды. Құрсақта жатқан бала анасының дауысын, оның жүрегінің қағысын естиді, сыртқы дыбыстарды сезінеді. Алайда бұл аса бай сезімталдық анасының денесі арқылы өтеді. Анасының құрсағында бала сыртқы дүниедегі кері әсерлерден жақсы қорғалады, балаға сыртқы әсерлер анасының денесі арқылы өтіп «жайлы», «жуас» болып келеді.

Бірақ, қандай да бір уақытта, кенеттен үйреншікті және қауіпсіз әлем бұзылады. Бала ол әлемнен итеріліп, күшті, өткір әрі белгісіз әсерлерді сезіне бастайды. Осы туылу уақытын Е.В.Субботский драмалық түрде былай сипаттайды:

«Осы уақытқа дейін өз құшағында аймалап ұстаған «түрме» бұлқынды. Ол сені жаншып тастайтындай қатты қыса түседі. Басыңды қабырғаға тірейді. Белгісіз күш қатты қысады, осы уақытта ажалдың келетіні даусыз... Ауру азабы мен қайғы-қасірет өз шыңына жетеді.

Кенеттен барлығы жарылады. Әлем жарыққа бөленеді. Ендігі «түрме» жоқ, ешқандай итеруші күш жоқ. Сәби дүниеге келді. Оны қорқыныш билейді: оның арқасы мен басына тіреуіш болатын ешнәрсе жоқ...

Жаңадан туылған сәбиге оның өмірінің алғашқы уақытында қарап көріңдерші. Оның түрі аянышты, көздері жабық, дауыстап жылап қояды. Басы шалқайған, қолдары мен аяқтарын тырыстырып алған. Ол барлық денесімен бізге: «Маған тиіспе, тиіспе маған!» деп, сонымен бірге «Мені тастама, қалдырма» деп айқайлағандай көрінеді. Сіздер тозақ жоқ деп айтасыздар ма? Алайда ол бар, өмірдің соңында емес, оның басталған кезінде. Егер сіздерді жалаңаш күйде тоңазытқышқа басыңызды төмен салбыратып қойып, кеңістікке көзді ашытқыш түтін жіберіп, кейін прожектордың жарығымен көзді шағылыстырса не сезінесіз? «Бұл менің ең қорқынышты түсімде болсын» - деп айтарыңыз анық. Дегенмен, алғаш рет жарықты көрген бала осындай күйді кешпей ме?» (Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. – СПб., 2005. – С. 12-13).

Әрине, бұл көркемдік сипатта берілген жаңадан туылған сәбидің қайғы-қасіреті өте драмалы және психологияландырылған. Алайда мұнда шындық та бар. Дүниеге келу – бұл жаңаға бірден көшу, сондықтан жаңа туылған нәрестелік кездің осы және келесі кезеңдері дағдарысты, өтпелі кезең болып табылады.

Сәби дүниеге келген соң оның өмір сүру шарттары мен физиологиялық жағдайы да өзгеріске ұшырайды. Нәресте дүниеге келмес бұрын анасы мен баласы біртұтас ағза. Баланың дене температурасы анасының дене температурасымен тең келеді. Ол қараңғы мен жарық, жылу мен суық айқын сезілетін әлемнен тыс өмір сүреді. Жаңа туылған нәресте қарама-қайшылыққа толы әлемге келеді. Барлығы оның алғашқы тыныс алуынан басталады.

Баланың құрсақтағы кезеңінде өкпенің қызметін ұрықжолдас атқарады – ол ерекше ұлпа, осы ұлпа арқылы эмбрион денесі (фоэтус) кіндікпен байланысқан. Анасы баласы үшін тыныс алады. Балаға туылу кезінде үлкен қауіп төнеді – гипоксия (оттегі тапшылығы). Нәрестенің жүйке жүйесі мен миы өте сезімтал болады. Оттегінің аз ғана жетіспеушілігі өмірге үлкен қауіп төндіреді. Алайда, табиғат гипоксияға қарсы арнайы құрылғыны ойластырып қойған. Нәресте туылған кезінде бірден екі канал бойынша – кіндік және өкпе арқылы оттегі алады. Туылған сәттен бастап 4-5 минут аралығында кіндік өзінің «жұмысын» жалғастырады. Нәресте туылған сәтте кіндікті кесіп алуға болмайды, себебі бұл сәбидің өмірі үшін қауіпті болмақ. Алғашқы минуттарда нәрестенің қантамырлар жүйесі қанды жаңа жолдар арқылы жіберуге дайындалады. Кіндік арқылы оттегімен қамтамасыз етіліп, тыныс ала бастайды. Әрине, ең алғашқы дем алу кезеңі – «күйіп қалумен» бірдей. Кейін нәресте алғаш рет шырылдап жылаған соң тыныс алуы тұрақталып, дұрысталады, жиірек және тереңірек болады, ол еркін дем ала бастайды. Бірте-бірте кіндіктің соғысы тоқтайды, ол өз жұмысын аяқтады, енді оны кесіп тастауға болады.

Кіндік кесілген соң нәресте еркіндік алады, алайда физиологиялық тұрғыда анасымен байланысты «жоғалтады». Осы жағдай нәресте үшін зақым болмау мақсатында, оның алғашқы сәттерінен бастап анасы жанында болуы қажет. Ана денесінің иісі, оның дауысы, жүрегінің қағысы – барлығы нәрестенің өткен өмірімен байланыстырады және осы әлемдегі тіршілігін ешбір зардапсыз бастауға негіз болады. Баласын алғашқы туылған сәтінен бастап көру анасы үшін де өте маңызды: осы кезеңде аналық сезімдер ерекше күйде болады. Отандық перзентханаларда ұзақ уақыт бойы жаңа туылған нәрестені анасынан бөлек жатқызған. Қазіргі таңда біздің елімізде және шетелде көптеген перзентханаларда анасы мен баласын ажыратпайды, нәресте ең алғашқы туылу сәтінен бастап анасының аялы алақанында болады.

Ерлан Ақбота 87 – 90бет

Нәрестенің щартсыз рефлекстері

Нәрестелік- таза табиғи инстинкті іс-әрекет формаларын байқауға болатын адам өміріндегі жалғыз кезең. Сол себепті сұраққа «Табиғат балаға не береді?» жауабын осы кезеңді зертеу арқылы байқауға болады.

Нәресте шарсыз рефлекстермен дүниеге келеді, яғни автоматты, сыртқы тітіркендіргіштерге еріксіз жауап береді. Дегенмен оның жүйке жүйесі қалыптаспаған болса да, ол организмді сыртқы орта жағдайларына бейімдейді.

Нәрестенің шартсыз рефлекстерін 3 топқа бөлуге болады: 1- физиологиялық, 2-атависті және 3-бағдарлау рефлекстері.

Бала өмірге оның физикалық сыртқы ортада өмір сүруіне қажетті рефлекстермен келеді. Бұл – физиологиялық рефлекстер.

Бірден бала туылғннан кейін тыныс алу және қан айналу рефлекстері іске қосылады. Осы топқа тағы қорғаныш рефлекстері жатады ,ол организмді қауіпті және қатты әсер етуден қорғайды.Қатты тері тітіркендіргіштері баланың қолы немесе аяғының тартып алуына алып келеді; Жарықтың қатты түсуі көз қарашығының кішіреюіне әкеледі; Жарықтың жарқ – жұрқ етуімен немесе желдің әсерінен бала көзін сығырайтады немесе жұмады. Бұл рефлекстер өмір сүру үшін қажет және олар адамның бүкіл өмірінде сақталады.

Бала өмірі үшін ең маңызды рефлекс – ему рефлексі. Нәрестенің аузына қандай да бір затты жақындатса ол еме бастайды. Ал егер бетіне жақындатса ол сол бағытта басын бұрады және аузын ашып іздей бастайды бұл кезде іздеу рефлексі қосылады. Мұндай рефлекс жаңа тамақтануға дайындық ретінде жүреді.

Бірақ кейбір шартсыз рефлекстер бала үшін өмірлік маңызды емес болады. Олар жануарлардікіне ұқсас болып келеді. Бұлардың негізінде адамға ұқсас ештене қалаптаспайды. Бұлар атависттік рефлекстер. Бұған мысал ретінде Робинзон рефлексін атауымызға болады. Алақанға саусақта жақындату нәрестенің жұму реакциясын оятады. Мысалы , егер саусағынызды оның алақанына жақындатсаныз ол оны қатты қысып алады. Оған тағы «Басу» рефлексі жатады – егер нәрестенің табанын қандай да бір заттың үстіне жақындатса ол адымдау қимылдарын жасай бастайды. Тағы бір қажетсіз рефлекс ол еңбектеу рефлексі; Қолды тастау рефлексі. Салыстырмалы түрде жақында нәрестенің жүзу рефлексі анықталды : егер оны суға түсірсе , ол батпайды , қимылдап суда қалқиды.

Атависттік рефлекстер баланың 6 айында жоғалады. Мысалы , Робинзон рефлексі 4 айына қарай күшін жояды , мақсатты ұстап алу акті туғанша. Басу рефлексі 3-4 айда жоғалады, бала жүргенге дейін. Еңбектеу рефлексі кеңістікте емін-еркін қозғалуының негізі бола алмайды. Бақылауды көрсеткендей еңбектеу аяғын итеруден емес қолын қозғалтудан басталады. Сөзсіз, нәрестелік рефлекстер өзінше адами іс-әрекет формасының қалыптасуының көрсетпейді. Бұған қарағанда жануарлардың балаларының рефлекстері ересек жануардың іс-әрекетінің негізі болады: Қорғану, аңшылық, аналық және оның қалыпты тіршілік етуіне басқа реакциялар қажет.

Сол уақытта нәрестенің шартсыз рефлекстері басқаларына қосылуы мүмкін, күрделілрек және мақсатты формалы баланың іс-әрекеті.

Мысалы, ему рефлексі арқылы анасымен әр кезде қарым-қатынаста болады,2-3 айында ол баланың мақсатты бағдарлау рефлексі болады. Бала барлық заттарды емуді қояды. Ол ему ритимін және белсенділікті бағдарлайды, еміп жатып өзін тоқтата алады және анасының емшегін және бөтелкесін емуін бастайды. Дәл сондай ұстау, адымдау және жүзу рефлекстері. Егер оларды әр кезде жаттықтырып ересектермен қарым-қатынасқа қосып отырса, бұл қимылдар сақталып және күрделене алады.

Бірақ бұл рефлекстер өздігінен адамның тәртіптеріне ұласа алмайды, қандай да бір басқа рефлекті емес негізінде құрылады. Мысалы, баланың жүзу рефлесін жаттықтаратын болса, балада суда жүзу жәнесуда өз-өзін ұстауы сақталады. Бірақ бұл жаттығулардан өздігінен адамның мәдени жүзу түрлеріне көше алмайды. Ондай түрлерді иемденуі басқа табиғи емес негізінде құрылады.

Нәрестелерде тағы бір рефлекстер болады, қандай да физиологиялық мағынасы жоқ, жас өте өшпей керісінше қатаяды. Бұл- бағдарлау рефлектері, сыртқы әсерлерге бағдарланған. Өмірдің алғашқы күні жарық баланың басының бұрылуына әсер етеді: перзентхана баланың бөлмесінде шуақты күнде көп нәрестелердің бастары жарыққа қарай бұрылып жатады. Нәресте сондай-ақ қатты дыбыстарды байқайды және шығу бағытына басын бұрады.

Баланың бағдарлау рефлестері нәрестенің сенсорла мүмкіндіктерін көрсетеді, қандай да әсер алуына негіз болады. Мұндай қажеттіліктер баланың алғащқы өмірінің күндерінде көріне бастайды.

Иманалиева Салтанат 90 - 92

Нәрестенің сезімталдығы және «хабардарлығы»

Ғалымдар психологиялық зертеулерді жетілдіруінің арқасында нәрестенің «хабардарлық» деп кейін атала бастаған сезімтал қабілеттері туралы қызықты жағдайларды кездестірді. Нәрестенің «хабардарлығын» зерттеуде оның қоршаған ортамен өзара қатынасы белсенді сипатқа ие болады. Бала белсенділігі әр түрлі ынталандырушыға таңдамалы сезімталдықпен көрінеді, біреуін жақсы, кейбірін өте әлсіз ажыратады. Ғалымдар әлі сөйлей алмайтын және өзінің сезімін көрсете алмайтын нәрестелердің қандай да бір ынталандырушыға жауабын олардың назар аудару уақытына және эмоциясына қарап болжанады. Нәрестенің таңдамалы сезімталдығы оның көру және есту арқылы қабылдауы мұқият зерттелді және алғашқы аптада-ақ нәресте көру ынталандырушыларына әр түрлі қатынаспен қарайтыны байқалды. Олар күрделі, түрлі-түсті заттарға назар аударады. Мысалы, нәрестеге қара фонда ақ дағы бар сурет көрсетсе оның назары тек қана қара жиекке ауысады. Нәрестенің түрлі-түстіні қабылдауы арқылы оның көру өткірілігін анықтауға болады. Егер, нәрестеге бірдей қашықтықта орналасқан бірі- ашық қара жолақтары бар және екінші- бірыңғай сұр түспен боялған суреттерді көрсетсек, оның назары қара жолақтары бар сурет тартымдырақ болғандықтан соған ауады. Дәл осылай нәрестенің көру өткірлігін анықтайды, мысалы көру қабілеті нашар болса назары екі суретке де бөлінеді. Ұқсас әдістермен нәрестелер күрделі, құрастырмалы суреттерді(көптеген торлардан тұратын шахмат тақтасы), иілген, домалақ, түзу сызықты, кері аударылған пішіндерді жөн көреді. Әсіресе, қозғалмалы заттарға көбірек қызығады. Сондықтан нәрестелер, ұзақ уақыт ағаштардан құлаған жапырақтарға, жапырақтар қозғалысына қарап отыра алады және ол олардың таңдамалы сезімталдығына оңтайлы әсер етеді.

Нәрестенің қабылдауын тексеретін тағы бір әдіс бағдалылық қабілетін зерттеу. Егер балаға бір сурет не затты қайталап көрсете берсеоның оған біртіндеп назар аударуы азая бастайды. Бірақ сол ынталандырушыны алмастырса бірден бала белсенді назар аударады. Олай белсенділіктің өзгеруі, бағдарлылықтың оянуы бала жаңа затты алғашқыдан ажырата алғандығын көрсетеді. Ондайда балаға қызыл текше мен қызыл шарды көрсетеді. Балалар көбінесе, текшеге назар аударады, яғни олар пішінді ажырата алады деуге болады.

Физиологтар осы әдістерді қолдана отырып нәресте туылғаннан кейін дыбыс тембрін, қаттылығын, жоғарылығын ажырата алатындығын көрсетті. Мысалы, олар қоңырау мен ысқырықтың дыбысын ажырата алады. Бір дыбыстың ұзақ қайталануы бейіміділік шақырып, әрі қарай көзін жұмып, емзік емуін жалғастыратын болған. Бірақ дыбысты өзгертсе, кенет көзін ашып не оянады. Дыбыстық қабылдау маңында да тәжірибелік деректер алынды, нәресте дыбысты оқшаулап, қай жақтан шыққанына байланысты басын бұратыны байқалды. Дыбыстық қабылдауда тәжірибелік деректерге сүйенсек, нәресте шу мен басқа дыбыстарға қарағанда адам дауысын жөн көретінін байқалады. Ерте жаста бала мағынасын түсінбесе де дауыстың шыққын бағытына қарай басын бұрып, дыбыстың шығу көзін іздейді. Нәрестелер барлық басқа күрделі және әдемі дыбыстардан (қоңырау, ішектік аспаптар, цимбал) ересек адамның сөздерін жөн көреді.

Осылайша нәресте туылғанннан бастап ынталандырушыларға таңдамалы қарап және қабылдайды. Адам кейпіне тән белгілер (домалақ , тұйық, күрделі, қозғалыс, сөз). Өзі үшін жаңа сыртқы ортада баланың сезімтал мүшелері тек адамды ажыратуға бағытталған. Табиғатынан нәрестенің көзі адам кейпін тануға, құлағы адам дауысын қабылдауға бейімделген. Барлық көру ынталандырушыларының ішінде нәрестелер жөн көретін- адам кейпі болып табылады. Балада теңдессіз қызығушылық туғызатыны - түрі, дене жылуы, дауысы, қимылын бақылай алатын тірі адам. Баланың бұл табиғи бейіміділігі оның тіршілікке қабілеттілігін, өмірдегі тірегін ажырата алуына ықпал етеді. Мұның бәрі ересек адаммен қатынас жасаудың алғышарты болып табылады.