Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАРИЛИК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

53Asteraceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.

 қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады.Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегігүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасады. Түймедақтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз. Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен, түйетікен) бар.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл.

Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина) - сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.

54 Malvaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.

 құлқайыр тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық өсімдіктер. Қазба қалдықтары миоценнен белгілі. Құлқайырдың Жер шарының қоңыржай белдеулерінде тараған 130, ал Қазақстанда 7 түрі бар. Барлық жерде, әсіресе селдір орманда, бақта, бұта арасында, жол жиегінде өседі. Бүтін, тілімді және саусақ салалы жапырақтары сағақты келеді. Қос жынысты гүл жапырақ қолтығында бірнеше шоғыр құрап, кейде жеке-дара шашақ тәрізді гүл шоғырын түзеді. Тостағаншасы төменгі жағы біріккен 5 жапырақшадан тұрады. Гүл тәжі бес күлтелі, тостағаншасымен бірдей немесе одан ұзындау болады. Қошқыл, алқызыл, қызғылт немесе ақ, күлте жапырақтары жоғары жағында ойық немесе қиық, төменгі жағында сүйірленген тырнақша сияқты. Түбінде шашақ тәрізді түкті немесе жалаңаш, аталықтардан тұратын түтікшесі бар. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қарашада жеміс салады. Жемісі құрама, піскеннен кейін жемісшелерге (8 – 16) бөлініп кетеді, тұқымы бүйрек тәрізді. Құлқайырдың кейбір гүлдері медицинада және халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Дәрілік өсімдіктерге орман құлқайыры (М. sіlvestrіs), кіші құлқайыр, немесе түймегүл (М. pusіlla); өте құнарлы мал азықтық, жем-шөптік түрлеріне Могилев құлқайыры – (M. mohіlevіensіs), құрамында белок көп, салат ретінде қолданылатын азық-түліктік түрлеріне жеке құлқайыр (M. neglecta) жатады.  қос жарнақтылар класының дилениидтер класы тармағына жататын ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары мен бөбешік жапырақтары кезектесіп орналасады. Құлқайыр тұқымдасының 85-тей туысы 1600-дей түрі белгілі. Жер бетінің тропиктік өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда құлқайыр тұқымдасының 7 туысына жататын 20 түрі бар. Түрлерінің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және таулы аймақтарында шоғырланған. Гүлдері қос жынысты, тостағаншасы бес жапырақты (кейде 3 – 4 жапырақты), әдетте төменгі жақтары бірігіп кеткен. Гүл тәжі бес күлтелі, кейде тіпті жоқ, ал бүршік құрылымында оралмалы келеді. Аталықтары әдетте екі доғада, кейде сыртқы доғадағы аталықтары стаминодияларға (тозаңынан айрылып, түрі өзгерген ұрықсыз аталық) айналған, ішкі доғадағы аталық жіптері бірігіп биік түтік түзеді, жоғары жағында көптеген жіпшелерге тілімделген, жіпшелердің әрқайсысына қос ұялы тозаңқап орналасқан. Жеміс жапырақтары, негізінен, үшеу, кейде одан да көп, жоғары жатынды бір аналыққа біріккен. Аналық аузы жұмыр басты, тұқым бүршігі әр ұяда жалғыз немесе көп, ортасы плацентаға (бүр бүртік) орналасқан. Әдетте гүлінің астында бос немесе өзара біріккен бір немесе бірнеше жапырақшадан тұратын тостағанша дамиды. Жемісі – құрғақ, көптеген бір тұқымды жемісшелерге бөлініп кететін кейде 3, әдетте 5 ұялы қауашақ, кейде жидек түрінде. құлқайыр тұқымдасының кейбір түрлері тех. дақылдар, олардан мақта алынады. Құлқайыр тұқымдасының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқиды. Медицинада қолданылады. Құрамында белок көп болғандықтан азық-түліктік, жем-шөптік өсімдік ретінде пайдаланылады. Әсемдік үшін де өсіріледі.