Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАРИЛИК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

21.Витаминдер туралы түсінік. Витаминдер алынатын дәрілік өсімдіктер жәнешикізаттар.

Витаминдер – химиялық құрылысы әртүрлі, бірақ та биологиялық маңыздылығымен және адам мен жануарлар организмдері үшін қажеттілігімен біріктірілген табиғи заттар. Негізгі заттармен (белок, көмірсулар, майлар) салыстырғанда витаминдер организмге өте аз мөлшерде қажет. Бірақ та организмде олардың жетіспеуі зат алмасу процесінің бұзылуына, ал олардың организмде тіпті болмауы әртүрлі ауруға шалдықтырады – авитаминоз немесе гиповитаминоз (цинга, рахит, тауық соқыр, полиневрит және т.б.).

Авитаминоз – тағамда витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру.

Гиповитаминоз – организмде витамин жетіспеуінен пайда болатын ауру.

Витаминді алғаш ашқан орыс биохимигі, врач Н.И.Лунин (1880). "Витамин" деген атты ендірген польша ғалымы Казимир Функ (1912 ж).

Витаминдер өсімдіктерде синтезделеді. Адамдар тамақ жегенде (өсімдіктерден және жануарлардан жасалған тағамдардан) тіршілікке қажетті барлық заттарды алады. Көптеген витаминдер адам организміне дайын күйінде сіңіріледі. Бірақ та кейбір витаминдер өсімдіктерден провитаминдер формасында түседі. Провитаминдер дегеніміз - витаминдердің алдындағы заттар. Ең маңызды провитаминдер қатарына каротиноидтар – А витаминдер тобының алдындағы заттар жатады. Витаминдер химиялық реакциялардың катализаторы ролін атқарады. Ферменттермен тығыз байланысты көптеген витаминдер ферменттер құрамына кіреді. Витамин дегеніміз жалпы алғанда – организм тіршілігіне керекті тамақ құрамындағы заттар.

Витаминдер классификациясы.

Алғашқы витаминдер ашылғаннан осы уақытқа дейін әріптер классификациясы қолданылады. Яғни латын алфавиті бойынша А,В,С және т.б. әріптермен витаминдер аталады. Практикаға витаминдердің химиялық классификациясы ендірілуде. Сонымен бірге пайдалануына және әсер ету сипатына байланысты фармакологиялық классификацияда пайдаланылады.

22.Құрамында каротиноидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері,химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.

Құрамында каротиноидтары бар өсімдіктер: Calendula offіcіnalіs (Календула лекарственная – Дәрілік қырмызыгүл), Bіdens trіpurtіta (Череда трехраздельная - үштармақ итошаған), Sorbus sіbіrіca (Рябина тянь-шанская – Тәншән шетені), Hyppophae rhamnoіdes (Облепиха крушиновидная – Итшомырт шырмауық). Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.

Каротиндер.

А тобының витаминдерінің болмауы организмнің өсуін бұзады, ауруларға шыдамдылығын төмендетеді және тауық соқырлыққа алып келеді. Бұл витаминдер негізінен жануарлардан алынған тамақтарда болады. Жануарлар организмінде ол витаминдер каротиннен пайда болады.

Каротиндер – каротиноидтардың негізгі топтарының бірі болып табылады, шығу-тегіне келетін болсақ, олар- тетратерпендер С40H64.

Каротин өсімдіктерде үш изомер формасында болуы мүмкін: Өсімдіктерде каротиндер белсенді оттегіні тасымалдаушы ролін атқарады. Оны өсімдіктерде каротиндердің көптеген оттегілік туындыларының болуымен түсіндіруге болады.

Өсімдіктерде каротиндер гүлдердің, жемістердің және басқа өсімдік мүшелерінде пластидтерінде – хромопластарында болады. Сонымен қатар хлоропластардың хлорофиллдерімен бірге өсімдіктердің көк-жасыл мүшелерінде, суда еритін белок комплекстерінде немесе май тамшыларында болады.

( изомер формасы негізгі ең көп таралған каротин болып табылады.

Организмде ( - каротин молекуласы гидролиздік бөлінудің нәтижесінде А витаминінің 2 молекуласы пайда болады.

Ал ( және (-изомерлері каротиндерінен тек А витаминінің 1 молекуласы ғана пайда болады.

А витамині адам организміне тек қана жануарлар майымен ғана келіп түседі.

Каротиндер көптеген өсімдіктер түрлерінде болады.

Bіdens trіpurtіta L. - Череда трехраздельная - үштармақ итошаған Asteraceae тұқымдасынан.

Үштармақ итошаған – біржылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 25-75 см, жуан супротивті – бұтақтанған сабағымен. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, бірігіп қосылған терең үш бөліктен тұрады. Гүлдері түтікше тәрізді, сары, үлкен жазық себетке (корзинка) жиналған, жеке сабақ және бұтақтар ұшында орналасқан.

Жемісі – тұқымша екі кетілген қылқанымен маусым айының соңында гүлдей бастайды. Бүкіл Қазақстанда өзен, көл, арық жағалауларында, ылғалды жерлерде, огородтарда кездеседі.

Химиялық құрамы.

Өсімдікте 60 мг/100г дейін каротин, 70 мг/100г дейін аскорбин қышқылы, аз да болса эфир майлары, ащы заттар, қоймалжың заттар және флавоноидтар, кумариндер, илік заттар болады. Микроэлементтерден – марганец болады.

Дәрілік шикізаты.

Гүлдегенге дейін жапырақтарын сыпырып және сабақтарының, бұтақтарының жоғарғы шоқтарын жинайды. Гүлдері түтікше тәрізді, сары. Өзіне тән иісі бар, ащылау.

Пайдаланылуы.

Қайнатпа және тұнба түрінде ванна қабылдауға, диатезге қарсы пайдаланылады. Ішке зәр шығарушы ретінде ішеді. Бұл жағдайда оны қайың бүршігімен және толокнянка жапырақтарымен бірге пайдалану керек.

Hіppophae rhamnoіdes L. – Облепиха крушиновая – Итшомырт Elaegnaceae Juss. тұқымдасынан.

Итшомырт – күшті бұтақтанған, тікенекті екі үйлі бұта немесе ағаш, биіктігі 4-6 м дейін, қоңыр-құба (бурый), өркендері жарқырай тотыққан қоңыр; қысқарған өркендері тікенектермен бітеді. Жапырақтары ланцет тәрізді ұзындығы 8 см дейін және ені 3 мм, қысқа сағаққа жіңішкерген. Жапырақтарының жоғарғы жағы қоңыр-көкшіл, төменгі беті жалтыраған-ақшыл.

Гүлдері ұсақ, ұсқынсыз. Жемістері сопақ немесе шар тәрізді, қызыл, қызыл-сары, сары, сүйек–жеміс. Жемістері тамыз-қыркүйек айларында піседі. Итшомырт қос үйлі, гүлдері дара жынысты, әр түрлі бұталарда орналасады.

Аталық және аналық гүлдері биылғы жылғы өркен өскіндерінде, жаз айларында жапырақ қойнауларында пайда болады.

Аталық гүлдері масақ гүл шоғына жиналған. Әр масақта 10-14 гүлдер болады. Гүл серіктері екі тостағаншадан тұрады. Әр гүлде 4 бос аталық орналасқан. Аналық гүлдер бүршігі аталық гүлдер бүршіктеріне қарағанда ұсақтау болады және екі жабатын қабыршықтары болады.

Көктемде вегетация басталғанша бүршіктердің мөлшеріне қарап бұталардың жынысын анықтауға болады. Аналық бүршіктердегі екі жабындық қабыршықтары гүлдеу алдында түсіп қалады. Аналық гүлдері 3-тен 12-ге дейін шашақ гүл шоғына жиналған.

Итшомырттың биологиялық ерекшелігі оның полиморфтылығы (полиморфизм - әр қилы, әр түрлі). Оның кроналарының формасы әртүрлі, қабықтарының болуы әртүрлі, жемістерінің формасы да әртүрлі. Итшомырт тоғайлары Байкалда, Саянда, Тәжікстанда, Тувада, Алтайда, Кавказда, Қазақстанда өзен қойнауларына құмды-малтатастарда (песчано-галечниках) кездеседі.

Дәрілік шикізаты.

Итшомырттың жемістерін тамыз-қыркүйек айларының соңында немесе күздің соңында алғашқы суықтан кейін жинап дайындайды. Жаңа жидектері өте нәзік болады. Сондықтан оларды жинағанда олар деформацияланады. Алғашқы суықтан кейін тоңған жемістер бұталарды ұрып-сілкілегенде үзіліп жерге түседі; кейде бұтақтарды жемістерімен кесіп алып келіп, ұрып-сілкіп жемістерін жинап алуға болады.

Полиморфтық қасиетіне байланысты жемістерінің мөлшері және бояуы әртүрлі болуы мүмкін. 100 жидектің салмағы 25-75 г арасында болады. Жидектің түрі сары, қызыл-сары және қызыл болуы мүмкін. Каротиннің ең көп мөлшері жемістердің қызыл және қызыл-сарысында жинақталады.

Химиялық құрамы.

Жаңа жиналған жемістердің негізгі массасын шырынды жеміс қабығы құрады, ал сүйектің еншісі 10%-тен аспайды. Жаңа жинаған жемістердің жұмсағының құрамында майлар 3-14%, майда еритін витаминдер (каротиноидтар 6-20 мг, токоферолдар 8-18 мг, витаминдер К тобынан 1-1,5 мг); суда еритін витаминдер (В1-0,02-0,08 мг; В2-0,003-0,05 мг; В9-0,8 мг дейін, аскорбин қышқылы 50-500 мг, кейде 1000 мг дейін); P-белсенді қосылыстар (75-100 мг); холин және бетаин-700 мг/100г; органикалық қышқылдар (алма, винотас) – 3%; моно және дисахаридтер – 7%; илік заттар – іздері; фенолдық қосылыстар (лейкоцианидиндер, катехиндер); флавоноидтар (рутин, кверцетин және т.б. – 0,2-1,5%; фенолокислоттар (кофе, хороген); тритерпендер қышқылы (уреолон және т.б.). Жемістердің жұмсағының майлары негізінен пальмитин, олеин және пальмитолеин қышқылдарының триглицеридтерінен тұрады. Олардың жалпы жиынтығы 85-90% болады.

Итшомырт майына тән триглицерид ол пальмитолеин қышқылының триглицериді, оның мөлшері 20%-дан 45%-ға дейін болуы мүмкін.

Пальмитолеин қышқылының формуласы:

CH3-(CH2)5-CH=CH-(CH2)-COOH; (C16H30O2)

Итшомырт майында каротиноидтар мөлшері 200-ден 400 мг/100г дейін болады. Құрамында (-каротиннен (70 мг/100г) басқа ликопин, зеаксантин және басқа да құрамында оттегі бар каротиноидтар болады.

Итшомырт майында токоферолдар мөлшері 300 мг/100г дейін болуы мүмкін. Негізгі компоненті (-токоферол.

Тұқымдардан алынған майлардың (10% шамасында) итшомырт жемістерінің жұмсағынан алынған майлардан айырмашылығы болады. Тұқымдардан алынған майлар құрғайтын майлар, кодтық саны 160 шамасында оның құрамында линолев глицеридтері 45% және линолен қышқылы (28% шамасында) болады.

Ұсақ жемісті формалары өнімді көбінен береді және олардың құрамында май молырақ болады. Бірақ та каротиноидтар мөлшері майлары аз жемістерде көбірек болады.

Calendula offіcіnalіs L. – Календула лекарственная – Кәдімгі қырмызыгүл – Asteraceae тұқымдасынан.

Кәдімгі қырмызыгүл – біржылдық шөптесін өсімдік. Бүкіл өсімдік безді түктенген бұтақтанған сабағының биіктігі 50 см шамасында. Жапырақтары кезек-кезек орналасқан, ұзарған жұмыртқа тәрізді.

Гүлдері алтынды-сары немесе қызғылт-сары ірі жеке себеттерде. 33

Жемісі – тұқымша – шеткі тілшік тәрізді гүлдерден дамиды, ортаңғы түтік тәрізді гүлдері тұқымсыз. Жаз бойы, кеш күзге дейін гүлдейді.

Химиялық құрамы.

Себет гүлдерінде каротиноидтар: каротин (30 мг/100г), ликопин және каротиннің оттегілік туындылары – виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин және т.б. Шеткі боялған гүлдерде, каротиноидтардың жиынтығы құрғақ массасы 3%-ға жетеді. Гүлдердің иістері эфир майларының іздері болуына байланысты.

Кәдімгі қырмызыгүлдің гүлшоқтарында аскорбин қышқылы, қарамай (смола 3%), алма қышқылы (6%), қоймалжың заттар (4%), ситостериндер, силицил қышқылы іздері болады.

Кәдімгі қырмызыгүл өсімдігінің фитонцидтік қасиеті бар. Өсімдіктің жер үсті мүшелерінде ащы зат календен және илік заттар, солармен қатар сапониндер бар екендігі анықталған. Сосын ол сапониндерден гидролиз нәтижесінде олеанол және глюкурон қышқылдары пайда болады.

Дәрілік шикізаты.

Медицинада гүл себеттері пайдаланылады. Оларды гүл сағақтарынсыз жинайды. Жаз бойында 10-20 рет жинауға болады. Жиналған шикізатты көлеңкеде немесе арнайы кептіргіштерде кептіреді.

Бүтін кептірілген себеттер (корзинка) диаметрі шамамен 0,5-4 см, гүл табаны жазық, жалаңаш, өсімдік гүлінің жамылғы қабаты (обвертка) бір қатар көк-жасыл жіңішке ланцетті-ұшталған жапырақшалардан тұрады. Шеткі тілге ұқсас гүлдерінің жоғарғы жағында 2-3 тісшелері болады. Бұйра гүлдерде (махровые) 12 қатарға дейін тілге ұқсас гүлдері болады.

Қолданылуы.

Тұнба және мазь (май) түрінде кесіп алған жараларды, іріңдеген жараларды, күйікті емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге тамақ ауруды (ангина) емдеуге де тамақты шаю үшін пайдаланады.

Асқазан жарасын емдеуге және өт бөлуді жақсарту үшін ішіледі.

Халық медицинасында антисептикалық дәрі ретінде, қабынуға қарсы және жараларды жазу үшін де пайдаланылады.