- •1.Майда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялықер екшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
- •2.Суда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
- •3.Өсімдіктердегі алколоидтардың ролі.
- •6.Стероиты сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
- •7.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің жолдары мен әдістері.
- •8.Өсімдік шикізатын жинау күнтізбегі. Дәрілік шикізатты сақтау.
- •9.Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу
- •18. .Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
- •19. .Құрамында майлары бар өсімдіктер. Ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері,
- •21.Витаминдер туралы түсінік. Витаминдер алынатын дәрілік өсімдіктер жәнешикізаттар.
- •22.Құрамында каротиноидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері,химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
- •23.Құрамында к тобының витаминдері бар өсімдіктер, олардың
- •24.Өсімдіктердегі алколоидтардың болуына сыртқы орта факторларының әсері
- •25.Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
- •26.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
- •27.Гликозидтер туралы жалпы түсінік. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
- •1. Гликозидтер туралы жалпы түсінік.
- •2. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
- •28.Хиназолинді алкалоидтар
- •29.Илеуші заттар туралы жалпы түсінік.
- •30.Алколоиды бар шикізатты пайдалану жолдары
- •31.Кумариндер. Кумариндер туралы жалпы түсінік және классификациясы.
- •32.Изохинолинді алкалоидтар.
- •33.Фенолдар туралы жалпы түсінік.
- •34.Тритерпенді сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
- •35.Өсімдіктердің дамуындағы алколоидтардың пайда болуының динамикасы.
- •36.Хинолинді алкалоидтар.
- •39.Илік заттардың өсімдіктерде таралуы және олардың биологиялық ролі.
- •41Тапсырма: Ranunculaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •42Тапсырма: Papaveraceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •43Тапсырма: Chenopodiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •45Тапсырма: Cruciferaceae, тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •46Тапсырма: Rosaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •48Тапсырма: Umbeliferaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •49Тапсырма: Fabaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •50Тапсырма: Scrophulariaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •51Тапсырма: Lamiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •52Тапсырма: Poligonaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
- •53Asteraceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •54 Malvaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •55 Ranunculaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •56Scrophulariaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •57 Poligonaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •58Lamiaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •59 Fabaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
- •60 Umbeliferaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
9.Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу
Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару өте жауапты мәселе. Өйткені бұл шикізат дүниежүзілік сұранысты қажет ететін өнім. Сондықтан оған мұқтаждық тұрақты болатын нәрсе. Бұл шикізат табиғаттың бізге тегін берген сыйы. Соған байланысты біздер дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығарғанда еліміздің экономикасына зиян келтірмей, керісінше пайда келтіру туралы ойлауымыз керек. Жас жаңадан аяғынан тұрып келе жатқан біздің елімізде бұл проблема әлі заңды түрде бір жақсы жүйеге келіп үлгермей жатыр. Сондықтан бұрынғы СССР кезінде бұл мәселе қалай болып еді соған қысқаша тоқталып өтейік. Дәрілік шикізатты шетке шығару ССРО-да 1922 жылдан басталды. Жекеменшік фирмалардың орнына Советтік әртүрлі ұжымдар келді: Госмедторгпром, Госторг, Юготрава, Центросоюз және т.б. Көптеген дәрілік өсімдік шикізаттарын шетке шығару бұрынғыдан қалпына келтірілді. Олардың ішінде Түймедағы (Ромашка-Matrіcarіa), Жөке ағашы (Tіlіa-Липа) гүлдері, Мия (Glycyrrhіza-Солодка) және т.б. Бұл бағыттағы жұмыстар 1929 жылы түбегейлі жақсарды. Өйткені көптеген ұжымдардың орнына бір ғана ұжым-"Лектехсырье" пайда болды. Осы ұжым ғана шикізаттарды жинап, дайындау және шетке шығарумен айналысатын болды. "Лектехсырье" ССРО-да бірнеше (Ленинградта, Одессада, Новосибирскіде және Владивостокта) үлкен экспорттық базалар ұйымдастырды. Осы базаларға ССРО-ның әртүрлі региондарынан тауарлық массалар келіп, осы базаларда ол шикізаттарға лабораториялық анализдер жасалып, шикізаттар қосымша жөнделіп экспорттық кемелге жеткізілді. Бұл базаларда тиісті сорттаушы, буып-түюші, таңбалаушы машиналар болды.ХХ ғасырдың екінші жартысында дәрілік шикізатты шетке шығарудың сипаты өзгерді. Шетке ССРО-да онша қажеттігі жоқ шикізаттарды шығара бастады. Мемлекет ішінде қажеттігі бар шикізаттарды сыртқа шығаруға бірте-бірте тиым салынды. Мысалы, Мияны (Солодка) ішкі мұқтаждыққа пайдалана бастады. Оны ішкі өндірісте фармацевтикалық тамақ және басқа өндірістік салаларда кеңінен пайдалана бастады. Сонымен қатар дәрілік эфир-майлы шикізаттар (Бәден-Anіsum-Анис; Жалбыз-Mentha-Мята; Дәуаскөк- Foenіculum-Фенхель), құрамында жүрек гликозидтері бар (ЖалынгүлCoronarіa-Горицвет; Наперстянка-Dіgіtalіs) және т.б. пайдаланыла бастады. Өндірістің мүмкіншіліктері қазіргі кезде тек шикізат қана емес, сонымен қатар шығу тегі өсімдіктерге байланысты препараттарды шетке шығаруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде Советтік немесе ТМД мемлекеттерінде өндірілген фитопрепараттарды көптеген мемлекеттердің аптекаларында көруге болады. Патшалық Россияда фармакопеяны басып шығарудың кешеңдеуіне себеп болған ол көптеген аптекалардың қожайындарының шет елдің азаматтары әсіресе немістер болуына байланысты. Бұл аптекалар XІX ғасырдың ортасына дейін шет елдік дәрілік шикізаттарға тәуелді болды. Аптекалар Россияда көптеген дәрілік өсімдіктердің бар екендігіне қарамастан шикізаттарды шет елдерден әсіресе Германиядан алдырып отырды. Ол шикізаттардың көбісі Россияда өсетін өсімдіктерден алынғанына қарамастан олардан алынған препараттар Россияда қымбат бағаға сатылып отырды. Мысалы Сантонин, ол алынатын шикізат тек Россияда өсетін өсімдіктен алынады. ГФ VІІ (1925) бірінші қадам, ал ГФ VІІІ (1946) - ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерді регламенттеуде дұрыс өзгеріс жасады. ГФ VІІІ- ден бастап фармакопеяға ендірілген өсімдік шикізатының бәрінің шығу тегі отандық болды. Тек кейбір экзотикалық дәрілік шикізаттар ғана шеттен келетін болды. Мысалы Чиебухи, Строфанты тұқымдары, хынаның қабығы, Инеккуана тамыры.
10.Пуринді алкалоидтар Пурин алкалоидтары. Пурин негіздері өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Құрылысы жағынан оған зәр қышқылы өте жақын. Пурин дегеніміз пиримидин және амидазоль сақиналарының конденсацияланған системасы. Пуриннің өзі табиғатта әлі табылмаған. Пуринге өте жақын нәрсе ол оның оттекті туындысы – ксантин. Ксантин дегеніміз 2,6-диоксипурин. Кофеин, теобромин және теофиллин сияқты алкалоидтар пуриннің метилді туындылары. Пуринді алкалоидтар Thea sіnensіs L – (чай китайский, қытай шәйі), Coffea arabіca L(Кофейные деревья – Кофе ағашы), Fіrmіana Platanіfolіn Schott. et Endі (Фирмиана платанолистная) сияқты өсімдіктерде болады. Бұл аталған өсімдіктердің ешқайсысы Қазақстанда өсірілмейді. Дегенмен біздің ең көп қолданатынымыз шәй болғандықтан сол шәй өсімдігіне толығырақ тоқталып өтейік.Thea sіnensіs L – Theaceae тұқымдасынан. Өндірістік плантацияларда шәй бұтасына 1 м-ден биік өсуге мүмкіншілік бермейді, оларды жүйелі түрде кесіп отырады, олар формасы жарты шар сияқты болып қалады. Тұрақты кесіп отырудың нәтижесінде олардың бұталары өте мол болып жапырақтарында өте көп болады. Шәйдің жапырақтары көн-тері сияқты, эллипс тәрізді, шеттері тісшелі. Гүлдері дұрыс, ақ, хош иісті, 1-3-тен жапырақ қолтықтарында орналасқан. Жемісі – 3 ұялы қорапша, 3 ірі шар тәрізді тұқымдарымен.Шәйді өндіру.Шәй жапырақтарын жинау көкек (апрель) айында басталып, қазан (октябрь) айында аяқталады. Қолмен немесе арнайы шәй жинайтын машина көмегімен жас өркендерін алғашқы 2-3 жапырақтарымен жинап алады. 4-ші жапырақ қойнау бүршігімен бұтақта қалады, сол бүршіктерден жаңа өркен өсіп шығады.Жұмыстың келесі стадиясы – жапырақтарды бұрау (скручивание). Ол арнайы машиналар көмегімен жүргізіледі. Бұрау кезінде жапырақтардың клеткалары езіліп, ауа жапырақтар шырынына еркін жете алады. Сонымен қатар тотықтырғыш ферменттер (пероксидаза және полифенолоксидаза) клетканың құрамындағы заттармен тығыз байланыста бола алады. Шәйдің жапырақтарын бұрау 3-4 рет жүргізіледі. Әр жолы 45 минуттан. Әрбір бұраудан кейін іріктеу жұмыстары жүргізіледі.Жұмыстың келесі этапы ол - бұралған жапырақтарды ферментациялау. Ферментация жұмысы 3-5 сағат бойы арнайы жайда комната температурасында ылғалды ауа (98%) жағдайында жүргізіледі. Тотықтырғыш ферменттердің әсерінен Галла қышқылдарынан суда еритін қоңыр-қызыл пигменттер, ал катехиндер тотыққанда-мыс-қызыл пигменттер түзіледі. Шәйдің дәмі негізінен сол тотыққан және тотықпаған илік заттардың арақатынасына байланысты болады. Тотықпаған заттар көп болса, онда шәй ауыз қуыратын және ащылау болады.Полифенолоксидазаның әсерімен катехиндер және илік заттардан басқа да фракциялары хинонға дейін тотығады, ал хинондардың өзі белсенді тотықтырғыш сияқты әсер етеді, соның нәтижесінде шәйде хош иісті заттар пайда болады. Мысалы, амин қышқылдарын (лейцин, фенилаланин және т.б.) тотықтыру нәтижесінде раушанның иісіндей иісі бар альдегидтер пайда болады.Шәйдің көк жапырақтарында болатын спирт гексенол және альдегид гексаналь басқа заттарға ауысады, ал ол заттар иісі апельсин немесе лимон сияқты болады.Шәйді өндірудің келесі кезеңі – кептіру. Ферментация жүріп жатқанда биохимиялық процестерді уақтысында тоқтатып шәйдің қажетті қол жеткізген сапасын сақтаудың маңызы өте зор. Кептіру арнайы кептіргіштерде ыстық ауаның жолында жүргізіледі. Кептірілген шәй массасы біркелкі болмайды. Сондықтан шәй өндірудің соңғы кезеңі ол - оларды әртүрлі фракцияларға іріктеу. Жоғарғы сорттарға ең нәзік фракциялар (өркеннің жоғарғы бөліктері) алынады. Бұл жұмыстар айналып тұратын барабандарда жүргізіледі. Түсіп қалғандарынан және ұнтақтарынан нығыздау арқылы қара тақта шәйлер алынады. Көк шәйді дайындағанда ферменттерді қыздыру арқылы белсенділігін төмендетеді. Сондықтан, келешекте шәйді өндіруде барлық фенолды қосылыстар бұзылмаған табиғи күйінде қалады.Химиялық құрамы.Шәй бұтасының жапырақтарында 1,5-3,5% кофеин теофилин іздері, 20-24% илік заттар ("шәй танині"), флавоноидтар, эфир майларының іздері және витаминдер С,В,В2, никотин және пантоген қышқылдары болады.Пайдаланылуы Қайнаған, бөктірілген қою шәйдің – жүрек қызметін және тыныс алуды жақсартатын қасиеті бар. Шәйдің адам уланғанда ең алғашқы және жан-жақты пайдалы әсер ететін шипалық қасиеті мол. Шәй бұталарын кескенде қалған өркендері, ірі жапырақтары кофеин алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Бірақ та кофеин негізінен синтетикалық жолмен алынады. Кофеин орталық жүйке жүйесіне және жүрек бұлшық еттеріне қоздырушы әсер етеді.Шәй бұтасының отаны – Оңтүстік-Батыс Қытай және Бирманың, Вьетнамның шекаралас райондары. Шәй-сусынының отаны - Қытайдағы Юньнань провинциясы, ол жерде шәй өте ерте заманнан белгілі. ІV ғасырдың ортасында Қытайлықтар шәй бұтасын дахилдар қатарына енгізді. Шәйдің сорттары өте көп, олардың жергілікті аттары да көп. Бірақ та оның барлығы "Ча" деген буыннан басталады. "Ча" деген "Жас жапырақ" деген мағына береді."Чай" деген орыс сөзі монғолдың "Уай" деген сөзінен шыққан. Шәйді өз еліне португалдықтар 1517 жылы, ал голландықтар 1610 жылы, Англиялықтар 1664 жылы алып келді. Қазіргі кезде шәйді ең көп өндіретін елдер Индия, Шри-Ланка, Пакистан, Вьетнам, Иран және Турция. Россияда шәй 1638 жылдан бері белгілі. XІX ғасырдың соңында Россияда арнайы экспедициялар ұйымдастырылды (Проф. Тихомиров В.А. және проф. Краснов А.Н.). Экспедиция мүшелері Қытайда, Жапонияда, Индияда, Цейлонда болып көптеген тұқымдар, көшеттер алып келді. Ол тұқымдар және көшеттер 1898 жылы Чаквада отырғызылды. К.С. Попов деген орыс азаматы Батумиде алғашқы шәй фабрикасын салды. Қазіргі кезде Грузиядан басқа шәй плантациялары Краснодар аймағында, Азербайжанда бар. Махарадзе деген қалада шәй және субтропикалық дақылдар ғылыми-зерттеу институты бар.
11. Дитерпенді алкалоидтар Дитерпен алкалоидтары.Дитерпен немесе өте жиі оларды аконит алкалоидтары деп атайды, Aconіtum, Delphіnіum және Garrya туыстарына жататын өсімдіктерде жинақталады. Аконит алкалоидтарын екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) аконитиндер; 2) атизиндер. Аконитиндер – көміртегі каркасы 19 көміртегі атомынан тұрады және линонтонин каркасы бар. Атизиндер – 20 көміртегі атомынан тұратын көміртегі каркасы болады және пергидрофенантрен каркасы болады. Аконитин алкалоидтары жоғары физиологиялық белсенділігімен сипатталады. Дитерпен алкалоидтары Delphіnіum dіctyocarpum DC (Ranunculaceae), D.Confusum M.Pop; Aconіtum soongorіcum Stapf (Ranunculaceae) сияқты өсімдіктерде жинақталады. Бұлардың ішінде Aconіtum soongorіcum Stapf өсімдігіне тоқталып өтейік. Aconіtum soongorіcum Stapf. – Борец джунгарский Ranunculaceae Juss тұқымдасынан, қазақша аты – Ыстықкөл утамыры. Ыстықкөл утамыры – көпжылдық шөптесін өсімдік көлденең тамырсабағының 12-ге дейін түйнектері болады. Ол түйнектердің ұзындығы 2-2,5 см, жуандығы 0,7-1 см. Сабағы қарапайым, биіктігі 70-130 см. Жапырақтары ұзын сағақты, дөңгелек-жүрек тәрізді, ұзындығы 5-9 см және ені 8-12 см, түбіне дейін 5 сына (клин) тәрізді сегментке тілгіленген. Гүлшоғы – 5 ірі зигоморфты гүлден тұратын шашақ. Гүлдерінің 5-күлте жапырақшалары бар, олардың күлгін тостағаншалары бар. Гүлдің томағасы (шлем) доға сияқты иілген ұзын мұрыншасы бар, томаға астында екі көк шырындығы (нектарник) болады. Шырындықтың ұзын тегеуріні (шпорец) бар. Жемісі – көпжапырақ (многолистовка). ТМД елдерінде биік тауларда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Талас Алатауында, Оңтүстік Алтайда кездеседі. Шөптесін ылғалды беткейлерде және тау өзендері жағалауларында, орманда, субальпі және альпі белдеулерінде теңіз деңгейінен 1000-3000 м биіктікке дейін кездеседі. Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық мүшелері алкалоидтарға өте бай. Жер үсті мүшелерінде алкалоидтар мөлшері 0,6%-ға дейін болуы мүмкін (бутондану фазасында). Күзде тамыр түйнектерінде алкалоидтар мөлшері 2%-ға жетеді. Аконитин тобының алкалоидтарына аконитин жатады. Ал атизин тобына – зонгорин және ацетилзонгорин жатады. Дәрілік шикізаты. Көк майса шөбін, ұзындығы 30 см дейін гүлдері бар жапырақтары мол сабақтарының жоғарғы ұштарын жинайды. Дәмі және иісі анықталмайды. Өйткені өсімдік өте улы. Ылғалдылығы 70%-дан кем емес. Алкалоидтар мөлшері 0,2%-дан кем емес. Пайдаланылуы. Қайнатпаларын радикулит, радикулоишиалгия, радикулоневритпен ауырғанда қолданады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамындағы алкалоидтар күрделі препараттар құрамында болады. 1976 жылға дейін ресми түрде қайнатпалар түйнектерден дайындалған. Бірақ та оның өте улы екендігіне байланысты және ол өсімдіктің "Қызыл кітапқа" енгеніне байланысты ол өсімдіктің тек өркеннің ғана жинауға болатындығы туралы мемлекеттік реестрде көрсетілді. Ыстықкөл утамырына (Aconіtum soongorіcum) уқорғасын (Aconіtum karakolіcum) өте жақын. Қырғыз халық медицинасында оны яғни уқорғасынды "Ыстықкөл тамыршасы" ("Иссыккульский корешок") деп атайды. Ол екеуінің ареалдары бірдей, сондықтан ол екеуін әдетте бірге жинайды. Уқорғасында алкалоидтар мөлшері 0,3%-дан артпайды.
12.Стероидты алкалоидтардың Стероид алкалоидтары табиғатта гликозидтер формасында кездеседі. Стероид алкалоидтарының екі типін ажыратады:Соласодин типі Иервин типі Стероид алкалоидтары Solanum (Solanaceae) және Veratrum (Melanthіaceae) туыстарына жататын түрлерге тән. Стероид алкалоидтарының биосинтезделу механизмі толық әлі анықталмаған. Solanum туысына жататын өсімдіктердің алкалоидтарының агликон компоненттерінің көміртегі каркасы холестериндікіндей (С сақинасы - 5 мүшелі, ал D сақинасы – 5 мүшелі), және кейбір ғалымдардың ойынша, олардың алдындағы жалпы жол салушылары бірдей. Жоғарыда айтылған екі туысқа Solanum және Veratrum туыстарына жататын түрлердің ішінде Қазақстанда кездесетіні Veratrum Lobelіanum Bernh. Сондықтан осы Veratrum Lobelіanum түріне толығырақ тоқталып өтейік. Veratrum Lobelіanum Bernh. – Melanthіaceae Batsch тұқымдасынан, қазақша аты – маралқурай.
Маралқурай (Veratrum Lobelіanum-Чемерица лобеля). Көпжылдық шөптесін өсімдік жуан тік немесе қиғаш өскен қоңыр-сұр тамырсабағы болады. Тамырсабағынан көптеген ұзын ақшыл тамырлар өседі. Сабағы жуан, биіктігі 140 см. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дөңгелек, жалпақ эллипс тәрізді, шеттері бүтін, жүйкелері доға тәрізді. Гүлшоғы - ұзын төбелік сыпырғы. Гүлдері жасыл-көктеу, қарапайым түбіне дейін 6-ға бөлінген гүл серіктерімен. Жемісі – 3 ұялы қорапша көп тұқымдарымен. Өсімдік түгел улы. Ареалы өте кең. ТМД елдерінің барлық региондарында кездеседі (далалық райондарынан және Орта Азиядан басқа). Қазақстанда өзен жағалауларында, ылғалды шалғындықтарда, орманды тау беткейлерінде субальпі белдеулеріне дейін Алтайдан Солтүстік Тянь-Шанға дейін таралған.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар бар: тамырында-2,4%-ға дейін, тамырсабағында-1,3%-ға дейін, өркенінде -0,55% шамасында. Алкалоидтар құрамы өте күрделі олар әлі толық анықталмаған. Алкалоидтар Иервеоатр тобына жатады (Иервин, изоиервин, рубииервин, изорубииервин және т.б.). Негізгі алкалоиды болып иервин саналады. Иервин бос агликон түрінде немесе глюкозаның бір молекуласымен байланыста болады.
Дәрілік шикізаты.
Тамырсабағын тамырымен күзде қазып алады. Оларды сілкіп тазалап, жуан ірі тамырсабақтарын ұзына бойы кесіп жылы кептіргіштерде кептіреді. Тамырсабағы қоңыр-сұр ұзындығы 8 см, диаметрі 3 см, тамырлары сарғыш-қоңыр ұзындығы 20 см дейін, жуан (4 мм) өте көп тамырсабақтарын толық жауып дамиды. Шикізатты алкалоидтар жиынтығы мөлшеріне қарай бағалайды (1%-дан кем емес).
Пайдаланылуы.
Маралқурайдың Гален препараттары (қайнатпа, маралқурай суы) терідегі әртүрлі паразиттермен күресуге пайдаланылады. Ветеринарияда маралқурай тұнбалары ірі қара малдың гиподерматозына қарсы кеңінен қолданылады. Шет елдерде Veratrum түрлерінен әсіресе олардың тамырсабақтарынан эфир түрінде алкалоидтар препараттары алынады. Медицинада Veratrum алкалоидтарын кеңінен қолдануына шек қойылған, өйткені олар өте улы.
13. "Дәрілік өсімдік" пәнінің мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол Биологиялық білім саласындағы ілімнің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Сіздерді теориялық курста cеминар сабақтарда негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдалануымен таныстыру. Бұл пәнді оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар болуларыңыз керек.
Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы;
Арнайы танылған-мойындалған дәрілік өсімдіктер туралы;
Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы;
Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың принциптері туралы;
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы.
Бұл пәнді оқығаннан кейін сіздер алған білімдеріңізді ғылыми, өндірістік және практикалық мәселелерді шешуге пайдалануды, лаборатория және далалық жағдайда жұмыс істеуді, дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасауды, өсімдіктер шикізатынан дәрілік формаларын дайындауды, дәрілік өсімдіктерді жинау әдістерін білулеріңіз керек.
Ғылыми жұмыстар жүргізгенде басқа пәндерді өткенде игерген әдістерді пайдалануға және ғылыми проблемаларды көтеруге практикалық әдеттенулеріңіз керек.
14.Ерте замаңғы елдердің (Китай, Грек және т.б) дәрілік өсімдіктерді пайдалануы. Гиппократ, Феофраст, Абу Али, Ибн Сина, Гален және т.б жұмыстарыЕрте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген оның ішінде әрине шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы: Халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары – какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары – Мате жапырақтарын пайдаланған, Амазонка индеицтері – Гуарапуды пайдаланған. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат – кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған. Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары Куссо гүлін, Азия тұрғындары – Камалу деген өсімдікті, ал Солтүстік халықтары – папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған. Көпжылдық байқау, практика жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosіs – зерттеу, білу) – дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым. Біздің дәуірімізге (эра) дейін Таяу Шығыс халықтары (Шумерлер, Ассириялықтар, Вавилондықтар) дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаған. Дегенмен, өсімдіктер туралы молырақ мәліметті Грек әдебиеттерінен табуға болады. Гректер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар Египет, Таяу Шығыс халықтарының дәрілік заттарын кеңінен пайдаланған. Ертедегі атақты врач Гиппократ (460-377ж б.д.д.) медициналық шығарма құрастырды. Емдеу үшін ол негізінен физикалық және диеталық әдістерді пайдаланды. Дегенмен оның еңбектерінде 230 дәрілік өсімдіктердің сипаттамасы берілген. Өсімдіктерге әсіресе көбірек көңіл бөлген ерте Грек дәуірінде өмір сүрген философ, ботаник Теофраст (372-267ж б.д.д.) болды. Теофраст "Өсімдіктерді зерттеу" трактатының авторы. Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі К.Гален (131-201 жылдар) болды. Ол өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өндіруді ұсынып іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48- дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі "Книга о травах" деген кітапта жазылған. Ең белгілі "Травникті" Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол XVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл "Травникте" 1892 объект соның ішінде 900 дәрілік өсімдік жазылған.
Индия медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Индияда ең белгілі еңбек ол "Аюрведа" ("Наука о жизни"-өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Индия врачы Сушруттың (ІV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Индия медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке Буддизм арқылы енген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол "Джуд-Ши" ("Сущность целебного"-"Шипалықтың мәні") ол Индиядағы "Аюр-веда" негізінде жазылған. Медицина және фармацияның даму тарихына Араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб врачтарының еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ, Абу Манзур Мувафикті келтіруге болады. Ол 977 жылы Фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер бар. Бірақ та бұл кезеңде ең белгілі болып Дүние жүзіне атағы жайылған тәжік халқының ұлы Абу Али Ибн-Сина болды (Авиценна Бухардан). Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн-Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол "Канон врачебной науки". Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Орыс тіліне 1954 жылы аударылған. Ол еңбек Европада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацияны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктен алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланды. Ибн-Синаның замандасы өзбек ғалымы-энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі "Фармакогнозия в медицине" (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо) Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы Каримов У.И. бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек "Сайдана" деген атпен белгілі. "Сайданада" 1116 тарау бар,соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған. Европада Орта ғасырда медициналық білім төмен болды. XІІ ғасырдан бастап Европаға Испания, Сицилия арқылы Араб медицинасы ене бастады. Арабтардың жобасы-5 нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұйымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудара бастады. Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына ятрохимия (Қазіргі заманғы фармацевтикалық химияның бастамасы) көп ықпал етті. Ятрохимияның негізін салушының бірі Теофраст фан Гогенгеим (1493-1541) болды. Ол Парацельс деген атпен белгілі. Бұл дәуірден Сигнатура деген ілім қалды. Сигнатураның мәні дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта олардың сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне қарай ұсыныс жасау (лат. Sіgna naturae- знаки природы). Осы түсініктерге байланысты Шайқурай (Зверобой-Hyperіcum) мысалы ұрылған жараларға (көптеген қызыл-қоңыр нүктелері күлтелерінде бар), сары ауруға қарсы – айқын сары гүлдері бар Салаубас (Бессмертник- Helіchrysum) ұсынылды. Тікенекті өсімдік Түйетікен (Чертополох- Cardurus) асқазандағы шаншу ауруына қарсы пайдаланылды. Женьшень, Мандрагора деген өсімдіктер формасы адам фигурасына ұқсастығына байланысты барлық ауруға ем ретінде қолданылды. Бұл бағыт мистикалық түсінік және өтірік көзқарастар екендігіне қарамастан өсімдіктер туралы морфологиялық, систематикалық мәліметтер жиналуына себепші болды.
15.Фармакогнозияны дамытудағы ССРО Ғалымдарының қосқан үлесі, бұрынғы ССРО дағы негізгі фармаконгнозиялық орталықтарПатшалық Россияда фармакогнозияның және фармацияның дамуына І Петр үлкен үлес қосты. Петр патшаның жарлығымен Россияда дәріханалар және дәріханалық бақшалар ұйымдастырылып салына бастады. Бұл саланың әрі дамуына 1724 жылы ұйымдастырылған Ғылым Академиясының да әсері мол болды. ССРО-да отандық дәрілік өсімдіктер каталогын жасау және дәрілік өсімдіктерді жинау оларды шикізат ретінде пайдалану фармакогнозияның алдына бір қатар маңызды проблемалар қойды: химиялық, ресурстық, тауартанушылық салаларында. Бұл өз кезегінде фармакогнозия бағдарламасында үлкен теориялық бөлімнің пайда болуына, ал практикалық тұрғыдан морфология-анатомиялық практикумнан басқа, дәрілік өсімдіктерге химиялық анализ жасау туралы лабораториялық сабақтары және тауартанушылық практикумдары ендірілді. Методикалық тұрғыдан әртүрлі жүйелер, классификациялар сыналды. Соның нәтижесінде бүкіл ССРО-дағы фармакогнозия саласындағы мамандар бір тұжырымға келді. Ол бір классификацияны яғни химиялық классификацияны мойындап қабылдау туралы шешім қабылданды. Яғни шикізаттағы әсер ететін биологиялық белсенді заттың құрамына қатысты. Советтік фармакогнозияның қалыптасып, дамуы ол бүкіл ССРО-дағы фармакологтар қауымы еңбектерінің нәтижесі. Әсіресе бұл салаға еңбек сіңіргендер профессорлар Гаммерман А.Ф., Щербачев Д.М., Томингас А.Я. және т.б. Әсіресе Гаммерман Адел Федоровнаның (1888-1978) еңбегі ерекше. Ол 30 жылдан астам уақыт Ленинград химия-фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол кісі Дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық курсын жасап тудырды. Сонымен қатар ол кісі оқу бағдарламасына тауартанушылық және фитохимиялық анализ жасауды ендірді. Сол Гаммерманның мектебінен профессорлар К.Ф.Блинова, Г.П.Яковлева, Л.И.Эристива, Д.А.Муравьева және т.б.шықты. Фармакогнозияның дамуына проф. Щербачев Д.М. үлкен үлес қосты. Д.М.Щербачев (1864-1957) Р.А.Тихомировтың оқушысы. Щербачев ССРО-дағы ең бірінші фармакогнозия оқулығының авторы (1930). Ол оқулық химиялық классификация негізінде жасалған. Ол көп жылдар Москва фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық әдістерін жасауға көп үлес қосты. ТарГУ университетінде А.Я.Томингас дәрілік өсімдіктер химиясын және олардың филогенетикалық байланыстарын зерттеумен айналысты. Кейінірек бұл бағытты И.К.Томмеорг (1929-1986) жалғастырды. Украинада фармакогнозияны дамытуға Харьков фармацевтикалық институтының профессоры Ю.Г.Борисюк еңбек сіңірді. Кавказда фармакогнозияның дамуы Тбилиси медицина институтының профессорлары Э.Я.Аболяға және В.Е.Шотадзеге байланысты. Фармакогнозияның дамуы Әзербайжанда профессор И.А.Дамиров, Өзбекстанда профессор Хазанович Р.Л. және профессор Х.Х.Халматов, Томскіде профессор Л.Н.Березнеговский еңбектеріне тікелей байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанда фитохимиялық зерттеу жұмыстары Қарағандыдағы фитохимия (проф. Адекенов С.М.), Шымкент химфарм заводында, ҚазМУ-нің химия факультетінде "табиғи қосылыстар химиясы" кафедрасында кеңінен жүргізілуде. Мамандардың мәліметі бойынша біздің планетамызда гүлді өсімдіктердің 250-300 мың түрлері кездеседі. Қазақстанның өзінде 6000 түрі бар. Оның ішінде әлі толық зерттелмеген шипалы өсімдіктер жеткілікті. Бірақ осы уақытқа дейін бұл мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Сол 6000 өсімдіктің ішінен жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің бірнеше әдістері бар: Халықтық медицина тәжірибесін зерттеу. Өйткені осы кездегі қолданылып жүрген барлық дәрілік өсімдіктер сол халықтық медицинадан алынған.
.
16.Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары және олардың қысқаша сипаттамасы (терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алколоидтар, липидтер, полисахаритт)Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно- және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар ішінде химиялық топтарға және топ тармақтарға бөлінеді. Төменде келтірілген классификация аралас химиялық және фармакологиялық принциптері бойынша құрастырылған. Мұндай классификация әрине әсер етуші заттардың структурасын олардың белсенділігімен байланыстыра қарастыруға мүмкіншілік береді.
Енді сол ББЗ-ға қысқаша тоқталып өтейік:
Терпеноидтар (изопреноидтар).
Терпеноидтар – алифатикалық және циклді күрделілігі әртүрлі көмірсулардан тұратын класс. Олар 10-нан 40-қа дейін және одан да көп көмірсулар атомынан тұрады. Олардың негізі изопрен түзеді:
СН2= ССН3-СН=СН2
Изопрен жоғары реакциялық қабілеттілігімен ерекшеленеді, гидроксил, кетон, альдегид, көмірсулы топтарды қосып алады.
Өсімдіктерде әртүрлі қатынастағы терпеноидтар кездеседі, бірақ олардың мөлшері әрқалай болуы мүмкін. Олар, яғни терпеноидтар суда ерімейді, күрделілігіне байланысты олардың консистенциясы әрқалай болады: сұйық май, скипидар, шайыр (смола), балауыз (воск) күйінде болуы мүмкін.
Әдетте алифатикалық және циклді 1) Монотерпендерді (екі изотерпен қалдықтарынан), 2) Сесквитерпендерді (үш изотерпендер қалдықтарынан), 3) Дитерпендерді (төрт изотерпендер қалдықтарынан), 4) Тритерпендерді және стеролды (алты және одан да көп изотерпен қалдықтарынан) ажыратады.
Терпеноидтарға дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері бағынышты немесе тығыз байланысты. Сондықтан терпеноидтардың негізгі-негізгі топтарына және олардың қарапайым классификациясына қысқаша сипаттама беріп өтейік.
2.1. Терпеноидтарға жататындар:
Эфир майлары
Стероидтар
Гликозидтер
Сапониндер және т.б.
А) Эфир майлары.
Эфир майлары - қарапайым алифатикалық және циклді терпеноидтар қосылысы (моно- және сесквитерпендер басым олардың спирттері, кетондары). Мысалы, алифатикалық терпеноидтарға:
1. Мирцен (Құлмақ-Хмель-Humulus; Түймедағы-Ромашка- Matrіcarіa; Сіркеағаш-Сумах-Rhus).
2. Линалоол (Күнзе-Кориандр-Corіandrum; Апельсин; Қынжыгүл-Ландыш- Convullarіa).
3. Герапиол (Раушан-Роза-Rosa; Эвкалипт; Сермене-Мелисса-Melіssa; Лавр, Апельсин).
Цитраль (Шегіргүл-Фиалка-Vіola, Лимон; Сермене-Мелисса-Melіssa) және (Лаванда) өсімдіктерінде болады. Қандай өсімдіктер құрамында кездесетіні көрсетілген.
Ал циклді терпеноидтарға жататындар:
1. Лимонен (Зире-Тмин-Carum; Аскөк-Укроп-Anezum; Қарағай-Сосна-Pіnus; Иісті ақжелкен-Сельдерей-Apіum; Самырсын-Пихта-Abіes).
2. Ментол (Жалбыз-Мята-Mentha).
3. Камфора (Шалфей-Salvіa; Мыңжапырақ-Тысячилистник-Achіllea; Арша-Можжевельник-Junіperus).
4. Цинеол (Эвкалипт, Шалфей-Salvіa; Түймешетен-Пижма-Tanasetum; Мыңжапырақ-Тысячилистник- Achіllea).
5. Борнеол (Айыр-Аир-Acorus; Шүйіншөп-Валериана-Valerіana; Жусан-Полынь-Artemіsіa; Самырсын-Пихта-Abіes; Жөке ағашы-Липа-Tіlіa; Күнзе-Кориандр-Corіandrum).
Эфир майлары деп аталғанмен олар май емес тек майларға өзінің консистенциясымен ұқсас. Эфир майларынан 1000-нан астам әртүрлі заттар бөлініп алынған. Олардың жеке фармакологиялық сипаттамалары әлі жоқ. Күнделікті қолданылатын эфир майларынан жасалған фитотерапевтикалық препараттар - олардың құрамындағы әртүрлі заттардың жиынтығының әсері.
Эфир майлары тез ұшып кететін қасиеті бар. Олар өсімдік шикізатынан оңай бөліп алынады. Өсімдікте ароматты иісті шығарып тұрады. Эфир майларын әдетте парфюмерияда және кулинарияда кеңінен қолданады.
Өсімдіктің құрамында эфир майлары өте аз, яғни 1%-ға жетпейтін мөлшерден 10-15%-ға дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің түріне байланысты эфир майлары олардың әртүрлі мүшелерінде жинақталуы мүмкін: гүлінде, жапырағында, жемісінде, тамырында, қылқанында.
Эфир майлары әсіресе қылқан жапырақтылар (Pіnaceae), ерінгүлділер (Lamіaceae), шатыргүлділер (Apіaceae) тұқымдастары өкілдерінің құрамында көбірек болады.
Эфир майлары көп мөлшерде Жалбыз-Мята-Mentha; Жебір-Тимьян-Thymus; Жұпаргүл-Душица-Orіganum; Зире-Тмин-Carum; Аскөк-Укроп-Anezum; Ақжелкен-15
Петрушка-Petroselіnum; Иісті ақжелкен-Сельдерей-Apіum; Шүйіншөп-Валериана-Valerіana; Жусан-Полынь-Artemіsіa; Сермене-Мелисса-Melіssa; Шалфей-Salvіa; Түймедағы-Ромашка-Matrіcarіa; Қарағай-Сосна-Pіnus; Самырсын-Пихта-Abіes; Эвкалипт; Қазтамақ-Герань-Geranіum және басқа да көптеген дәрілік өсімдіктерде болады.
Эфир майларының өсімдіктер құрамында болуына және олардың мөлшеріне байланысты олардың шипалық қасиеті туралы болжам жасауға болады. Эфир майларының шипалық әсерін төмендегідей топтастыруға болады:
Микробтарға қарсы әсері.
Әртүрлі өсімдіктердің эфир майлары бірдей белсенді емес. Химиялық табиғатына, концентрациясына және микробтар клеткалармен түйіскен байланысы мерзімінің уақытына байланысты олар бактериоцидтік әсер етеді. Яғни бактерияларды жоятын қасиеті бар деген мағынада. Оның механизмі өте күрделі. Негізінен эфир майлары бактериялардың цитоплазмалық мембранасының құрылымын бұзады, зат алмасу процесі бұзылады.
Ұшып жүретін эфир майлары (чеснок, лук және т.б.) ауада микробтарға фитонцидтер сияқты әсер етеді. Фитонцидтердің (лат. phyton-өсімдік, және caedo-өлтіремін) ауадағы микробтарды өлтіретін қабілеті бар.
Топырақта, ауада басқа да ортада кең таралған шар тәрізді кокки бактерияларына (стафилококк, стриптококк, пневмококк және т.б.) эфир майлары таяқша тәрізді бактерияларға (бацилла) қарағанда қаттырақ әсер етеді.
Чеснок, зверобой, ромашка, тысячилистник, базилика, чабрец, шалфей, тимьян, можжевельник, сосна, пихта, петрушка, полынь обыкновенная және т.б. кейбір өсімдіктердің эфир майларының микробтарға қарсы әсері басқалармен салыстырғанда күштірек екендігін еске сақтау керек.
Кейбір әдебиеттерде эфир майларының вирустарға да әсері бар екендігі туралы мәліметтер бар, бірақ бұл мәселе әлі ғылыми тұрғыдан толық дәлелденген жоқ.
Қабынуға (воспаление) қарсы әсері.
Көптеген дәрілік өсімдіктердің эфир майларының қабынуға қарсы әсерлері бар. Эфир майларының қабынуға қарсы әсері олардың клетканы одан әрі зақымдануынан сақтайды. Эфир майлары қышқылдандыратын заттарды байланыстыру арқылы бос радикалдардың реакциясын тежейді. Белсенді өсімдіктерде бұл нәрсені топоферолдың әсерімен салыстыруға болады. Соның нәтижесінде капиллярлардың өткізгіштігі төмендеп лизосомдық, митохондриялық және цитоплазмалық мембраналар тұрақтанады. Онымен бірге макрофагтармен микоциттердің фитоцитарлық белсендігі артады (фитоцитоз - организмге түскен басқа организмдерді жұту қасиеті).
3. Жойылған теріні қалпына келтіруге (бальзамдық, жараны жазушылық орнына келтіруші) әсері.
Бұл мәселе эфир майларының сығындысын (экстракт) пайдалану арқылы іске асады.
Эфир майлары сығындысы жаралардың қалпына келуіне теріні кеуіп қалудан сақтап, жұмсарту арқылы әсер етеді. Сонымен қатар экспериментальдік мәліметтер эфир майлары ДНҚ-ның синтезделуіне әсер ететінін көрсетті.
Жадың бетіндегі жойылған теріні қалпына келтіруде:
Календула, зверобой, девясил, тимьян, тысячилистник және ромашканың эфир майлары белсенді қолданылады.
4. Коронарлық және ми қан тамырларының түйілуіне (спазма) әсері.
Мята, хмель, валериана, мелисса өсімдіктерінің эфир майлары коронарлық және ми артерияларының өт шығаратын және зәр шығаратын жолдарының, өкпедегі тыныс жолдарының (бронха), ішектердің түйілуін азайтады немесе тіпті жойып жібереді.
Өсімдіктердегі басқа да заттармен бірге эфир майлары артерия қысымын төмендетеді.
Жалпы түйілуге (спазма) қарсы:
Мята, хмель, фенхель, укроп, герань луговая, мелисса, сушеница болотная, чабрец, петрушка, дягель, лаванда, шалфей, белокопытник өсімдіктерінің эфир майлары әсер ете алады.
Асқорыту қызметін жақсарту.
Эфир майлары асқазан және ішекке тікелей әсер етеді. Эфир майларының жағымды иісі, татымды немесе ащы дәмі адам аппетитін қоздырады және асқорыту бездерінің секрет шығару қызметін жақсартады. Осыған байланысты ерте заманнан бері өсімдіктердің эфир майлары тұздық ретінде қолданылады. Эфир майлары сонымен қатар өттің бөлінуін және ішектің моторикасын жақсартады, әсіресе:
Ромашка, укроп, кориандр, базилика, фенхель өсімдіктерінің эфир майлары.
Б) Стероидтар.
Дұрысын айтқанда адамдарда және жануарларда стероидтар жыныстық және бүйрек бездері гормондарында кездеседі. Стероидтарға жақын заттар кейбір өсімдіктерде де кездеседі. Стероидтар клеткалардың ішкі мембраналары құрылысына қатысады. Стероидтар азды-көпті мөлшерде (1%-дан аз мөлшерден 2-3%-ға дейін) көптеген өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, ашытқыларда кездеседі.
Көптеген стероидтар молекулаларының әртүрлі позицияларында гидроксилдерді қосып алып спирттер – стеролалар (фитостеролалар) түзеді. Ондай фитостеролаларға жататындар: ситостеролалар, стигмастерола, стипастерол, эргостеролалар оның ішінде провитамин Д.
Эргостеролдар көп мөлшерде бидайдың, жүгерінің дәндерінде және астық тұқымдастарында паразит түрінде болатын саңырауқұлақ clavіceps (спорынья-қастауыш) склероцияларында кездеседі.
Қастауышпен эргостеролға байланысты емес, күшті алкалоидтарға байланысты.
Жалпы алғанда өсімдіктер стеролдары фармакологиялық тұрғыдан нашар зерттелген. Сондықтан көп мамандар стеролдарды индиферентті (бейтарап) заттар деп қарайды.
Көптеген стеролалар өсімдіктерде гликозидтер (көмірсулы эфирлер) түзеді. Олар фармакологиялық тұрғыдан белсенді және жеткілікті зерттелген. Гликозидтер молекулаларының қантсыз бөлшектері (стероидты, тритерпенді) гепинамдар деп, ал қантты бөлшектерін – гликонамдар деп атайды.
Қанттар әртүрлі типті болуы мүмкін - өте кең тараған глюкоза және галактозадан экзотикалық типтеріне дейін.
Көптеген стеролдар суда жақсы ериді, беттік жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, шайқап араластырғанда көбік- сапониндер (сапо-сабын) пайда болады. Фитохимиктер олардың барлығын біріктіріп сапониндер тобы деп атайды.
Өсімдіктерден бөлінген 100-ден астам сапониндер белгілі. Олар негізінен 40 тұқымдастарға жататын өсімдіктерден алынған. Сапониндерге ең бай өсімдіктер түрлері:
Fabaceae, (бобовые) Polygagaceae, (истодные) Polemoniaceae, синюховые (Capyophyllceae) гвоздичные, розоцветные (Rosaceae), дискорейные норичниковые тұқымдастарының өкілдері. Сапониндердің негізгі физико-химиялық қасиеті - олардың 17
беттік белсенділігі (поверхностная активность). Осы қасиетіне байланысты оларды бір фитохимиялық топқа біріктірген деп айтуға болады. Сондықтан стеролдарды олардың беттік белсенділігіне емес фармакологиялық қасиетіне байланысты топтастырған дұрыс. Осы тұрғыдан оларды мына төмендегідей топтастыруға болады:
Кардиотоникалық әсері бар гликозидтер (жүрек гликозидтері).
Олардың кардиотопикалық қасиеті 200 жылдан астам уақыт жүрек кемшілігін емдеуге пайдалануда. Осы уақыт ішінде жүрек гликозидтерінің шипалық қасиеттері олардың әсерінің механизмі, емдеу тактикасы, режимі зерттелді. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктерден алынған жеке гликозидтермен емдеу өсімдіктер шикізатынан алынған қайнатпа (отвар), тұндырма (настой), ұнтақтармен (порошок) салыстырғанда анағұрлым артық екендігін көрсетті.
Жүрек гликозидтері:
Наперстянка, олеандр, кендыр, морозник, желтушник, горицвет, морской лук, майский ландыш жапырақтарының құрамында болады. Қазіргі кезде қарапайым дәрілік формасы ретінде (тұндырма және жинап алған күйінде) тек екі өсімдік – майский ландыш және горицвет пайдаланылады.
Қуаттандырғыш және бейімдегіш әсері бар гликозидтер.
Бұл гликозидтерге аралия тұқымдасының өкілдері бірқатар реликті өсімдіктер тамырларында негізделетін маңызды тритерпендер тобындағы сапониндер жатады. (женьшень, заманиха, аралия, элеутерококк).
17.Құрамында шырыштар бар өсімдіктер мен шикізаттар, ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануыСфагнум мүгі – морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы. Шырыштарға (слизи) қою қоймалжың ерітінділері бар полисахаридтер жатады. Қоймалжың заттар құрамында пентозандар және гексозандар болады. Крахмалдан айырмашылығы қоймалжың заттар құрамында тиісті дәндердің болмауымен және йод ерітінділерімен реакциясының жоқтығымен ерекшеленеді. Өсімдіктерде қоймалжың заттар көмірсулардың, судың қоры ролін атқарады. Сонымен бірге олар қорғаныс биополимерлер қызметін де атқарады. Химиялық тұрғыдан қоймалжың заттарды камедилерден айыру өте қиын. Дегенмен қоймалжың заттарды камедилермен салыстырғанда пентозандар (90%) гексозандардан артық болады. Физикалық тұрғыдан қарағанда қоймалжың заттар суда жақсы ериді, ал камедилер тек ісінеді. Пайда болу сипатына қарай қоймалжың заттардың бірнеше типтерін ажыратады: Интерцеллюларлы қоймалжың шикізаты: Кәдімгі зығыр (Лен обыкновенный-Lіnum usіtatіssіmum) тұқымы; Бақажапырақ (Plantago psyllіum-Подорожник блошный-Қазақстанда кездеспейді) тұқымы және т.б. Клетканың қоймалжың шикізаты: Дәрілік жалбызтікен (Althea offіcіnalіs –Алтей лекарственный) өсімдіктерінің тамырлары және жапырақтары. Кәдімгі өгейшөп (Tussіlago farfara -Мать-и-мачеха обыкновенная) жапырақтары. Өзекті жөкеағаш (Tіlіa cordata-Липа сердцевидная) гүлдері. Құрамында қоймалжың заттары бар дәрілік шикізаттардан сулы қоймалжың заттар шығарып алынады (Mucіlagosemines). Бұл сулы қоймалжың заттар асқазан-ішек жолдары катарактыларын және жоғары тыныс алу жолдары тітіркенгендерін емдеуге кеңінен пайдаланылады. Қоймалжың заттар денені тітіркендіретін әртүрлі заттарды пайдаланғанда сол тітіркенуді азайту үшін қолданылады.Lіnum usіtatіssіmum L –Кәдімгі зығыр Lіnaceae тұқымдасынан. Біржылдық шөптесін өсімдік жіңішке сабағымен жапырақтары өте көп, кезектесіп орналасады. Гүлдері шашыраңқы гүлшоғына (извилика) жиналған. Күлтелері бірікпеген 5, жемістері –шар тәрізді қорапша тәрізді 10 тұқымшалы. Зығыр субтропикадан солтүстік ендікке дейін көптеген елдерде екпе түрінде өсіріледі. Россияда зығыр бұрыннан бері Новгород, Ярославск, Кострома, Волгоград және басқа облыстарда өсіріледі. Химиялық құрамы – зығырдың тұқымдарында қоймалжың заттар мөлшері 5-12%, майлар-30-48%, белокты заттар-18-33% болады. Қоймалжың заттар гидролизденгенде галактоза, галактурон қышқылы, ксилоза, арабиноза және рампоз пайда болады. Дәрілік шикізаты. Ұзындығы 3-5 мм тұқымдары, жұмыртқа тәрізді, бір жағы үшкірленген, екінші жағы доғал. Тұқым жарнақтары көп қабатты, ең сыртқы қабаты қоймалжың ірі түссіз эпидермис клеткаларынан тұрады. Суға салғанда бұл клеткалардың құрамындағы заттар ериді. Эпидермистің сыртқы қабырғасы ісініп қысымнан жарылады да, қоймалжың зат сыртқа ағып шығады. Қолданылуы. Mucіlago semіnіs Lіnі түрінде ішектер тітіркенгенде іркілдек қаптай-бүркетін дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Зығыр күнжарасының ұнтағын денені қыздырып булағанда жұмсарту мақсатында пайдаланады.Бақажапырақ (Plantago psіylіum –Подорожник блошный). Plantago psyllіum L - Plantagіnaceae Juss тұқымдасынан.
Біржылдық өсімдік, биіктігі 10-40 см. Сабағы күшті тармақталған, жоғарғы бөлігі және гүлшоғырлары безді түктенген. Жапырақтарының ұзындығы 7 см дейін, қарама-қарсы орналасқан, шеттері тегіс, түктенген. Гүлдері майда, тығыз шоқпарбас гүлшоғына жиналған. Жемісі -қорапша тәрізді, ұзындығы 3-4 мм, конус тәрізді қалқаншамен ашылады. Қорапшада өте көп тұқымдар пісіп жетіледі. Шілде (июль) айында гүлдейді, тұқымдары тамыз (август) айында пісіп жетіледі. Кавказда таудың құрғақ беткейлерінде өседі. Украинада өндірістік дақылдыққа ендірілген. Химиялық құрамы. Тұқымдары қоймалжың затқа өте бай 40%-ға дейін, белокты заттар 20-25%, майлар 18-20%. Құрамында гликозид аукубин бар. Дәрілік шикізаты. Тұқымдары жылтыр, тегіс, қоңыр-сұр түсті, қара деуге де болады. Тұқымдарының мөлшері ұзындығы 1,7-2,8 мм, ені 0,6-1,5 мм, иіссіз, дәмсіз. Қолданылуы. Іш қатқанда жеңіл сүргі (ішті айдайтын) ретінде және созылмалы колит болғанда қаптап-бүркеу (обволокивающие) үшін пайдаланылады. Оның әсері ішке қабылдаған тұқымдардың 3-5 есе ісініп кететіндігіне байданысты. Сонымен қатар қоймалжың зат қабынуға қарсы әсер ете алады және қан тоқтатады. Althaea offcіnalіs L - Дәрілік жалбызтікен.
Malvaceae Juss. –Мальвовые-Құлқайыр тұқымдасынан. Дәрілік жалбызтікен көпжылдық шөптесін өсімдік қысқа көпбасты тік тамырсабағымен. Тамыры тармақталған. Негізгі тамыр жоғарғы бөлігінде әдетте ағаштанған., бүйір тамырлары –ірі, етті, ақшыл-сары, жуандығы 1,5-2 см және ұзындығы 50 см-ге дейін. Сабақтары бірнешеу, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтары тұтас (цельное), кезектесіп орналасқан ұзын сағақтары бар, мақпал түктерімен, төменгі жапырақтары жүрекше-жұмыртқа тәрізді, 3 тармақты.Гүлдері өркеннің жоғарғы бөлігінде жоғарғы жапырақтар қойнауларында орналасқан, гүлшоғы масақ тәрізді. Тостағаншалары күрделі (двойной) – ішкісі 5 жапырақты, сыртқысы тостағанша асты (подчащие) 9-12 бөліктен, күлтесі ақшыл-күлгін, 5 бөліктен, аталығы күлгін, өте көп, жіпшелермен бірігіп түтікшеге айналады, аналығы жоғарғы жатынды.Жемісі –схизокарпты (бөлшекті қорапша); Дәрілік жалбызтікен Россия, Грузия, Қазақстан және Орта Азияда таралған.Украинада және Россияның Краснодар өлкесінде екпе өсімдіктер қатарына енген. Химиялық құрамы.Тамырларында суда еритін 10% шамасында қоймалжың зат болады. Ол пентозанмен гексозанның қоспасы, сондай мөлшерде пектинді заттар болады, крахмалдар 30-37% шамасында, сахароза 10%, майлар 1,5-2%. Дәрілік шикізаты. Көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Қазып алынған тамырларды сілкіп, тазалап жуып, ұзындығы 10-20 см етіп кесіп қасаңнан (пробка) тазартады. Жуан тамырларды ұзына бойы бөліп кеседі тезірек кебу үшін. Тамырлардың табиғи түрін сақтау үшін оларды тез кептіру керек, кептіргенде кептіргіштің температурасы 45-600 шамасында болуы керек. Тамырлардың дұрыс кепкенін білу үшін, оларды майыстыру керек, егер де майыстырғанда сынатын болса тек сонда ғана кепті деп санауға болады. Тамырдың түрі сыртынан қарағанда және сындырғанда ақшыл, сарғыштау-ақ. Микроскоп арқылы диагностика жасағанда тамырдың бүкіл кесіндісі бойында қоймалжың заты бар үлкен –идиобластар болады. Қолданылуы. Ұнтақ, тұнба, шәрбет (сироп) түрінде қабынуға қарсы, қақырық түсіру үшін, қаптап-бүркеу үшін тыныс алу жолдарын, іш өтуді, гастритті, энтероколитті емдеуге пайдаланады. Терапевтік тиімділігі дәрілік жалбызтікеннің қоймалжың заттарының қабынуға қарсы әсеріне, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының жүйкелерінің ұштарын сақтауына байланысты. Дәрілік жалбызтікен халық медицинасында әртүрлі ауруларға қарсы кеңінен қолданылады. Tussіlago farfara L. – Кәдімгі өгейшөп – Asteraceae – Жұлдызгүлділер тұқымдасынан. Кәдімгі өгейшөп – көпжылдық шөптесін өсімдік, ұзын жерге төселе тармақталып өсетін тамырсабағы бар. Ерте көктемде жапырақтар пайда болғанша гүлдейді. Гүл өсетін сабақтары қысқа, тік, тармақталмаған, басында бір себет гүлшоғы болады. Тамырға жақын орналасқан төменгі жапырақтары гүлдегеннен кейін дамиды, олардың сағақтары ұзын. Гүлшоғы – себет, диаметрі 1-2 см. Гүлдері алтын-сары түсті, шеткілері тілше тәрізді (аналықтар), ортасындағылары – түтік тәрізді (қосжынысты). Таралуы. Европа, Азия және Америкада, Қазақстанда Алматы, Жамбыл, Қостанай және т.б. облыстарда таралған. Химиялық құрамы.
Жапырақтарында –1) 7-8% қоймалжың заттар болады. Олар гүлденгенде глюкоза, галактоза, пентоза және урон қышқылы пайда болады; 2) 2,6% ащы гликозидтер және сапониндер, каротиноидтар, алма және вино қышқылдары, инулин болады. Дәрілік шикізаты. Көктемде немесе жаздың басында жапырақтарының мөлшері көлденеңі 8-15 см кезінде жинайды. Жинаған шикізатты көлеңкеде жақсы желденіп тұратын жерде немесе арнайы кептіргіштерде кептіреді. Шикізатты әртүрлі басқа қоспалардан тазарту керек. Пайдаланылуы. Кәдімгі өгейшөп жапырақтарының тұндырмасы бронхит, ларингит, бронхоэктаза, өкпе абсцесі ауруларын емдеуге қақырық түсіруші және қабынуға қарсы әсері болғандықтан қолданылады.Кәдімгі өгейшөп ерте заманнан бері халық медицинасында пайдаланылады. Plantago major және P.psyllіum – Plantagіnaceae Juss – Бақажапырақтар тұқымдасынан. Жолжелкен (P.major) – көпжылдық биіктігі 10-30 см шөптесін өсімдік, розеткалы жапырақтарымен және бір немесе бірнеше атпалары (стрелка) болады. Ол атпалар ұзын цилиндр тәрізді себетпен бітеді. Гүлдері майда, пленка тәрізді, ашық-қоңырлау. Май айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Жемісі - қорапша, әр қорапшада 8-13 тұқымдар болады. Тұқымдары сұрлау-қоңыр, ұзындығы 1,2-1,7 мм. Қазақстанның барлық региондарында кездеседі. Дәрілік шикізаты және оның қолданылуы. Медицинада жолжелкен жапырақтарының тұндырмаларын қақырық түсіруші әсеріне байланысты және қосымша көмекші ретінде бронхит, көкжөтел (коклюш), демікпе (астма), құрт ауруын (туберкулез) емдеуге қолданады. Жолжелкен өсімдігінің жапырағынан алынған сұйық экстрактынан препарат плантаглюцид (Plantaglucіdum) алынады, ол ұнтақ түрінде. Ол ұнтақты суға еріткенде қоймалжың ерітінді пайда болады. Мұндай қоймалжың ерітіндіні асқазанның және ұлтабардың (двенадцатиперистая кишка) жараларын емдеуге және гинацидин гастритімен ауырғандарды емдейді. Бұл препараттың спазмолитикалық және қабынуға қарсы да әсерлері бар. Plantago psyllіі - Қазақстанда кездеспейді. Бұл өсімдіктің де дәрілік шикізаты ретінде жапырақтары жиналады. P.major және P. psyllіі өсімдіктерінің шырындарынан (50=50) препарат Succus Plantagіnіs-"Сок подорожника"- "Бақажапырақ шырыны" жасалады. Клетчатка және медициналық таңу материалдары. Клетчатка (целлюлоза) табиғатта өте кең таралған полисахарид. Ол ¥-1,4-гликозидтің байланыстармен түзу тізбектен тұратын D-глюкозалық бірліктен құралған. Олар әртүрлі ұзындықтарымен ажыратылады, бірақ та орташа бір молекулаға 8000 глюкоза қалдығынан келеді. Клетчатканың жіп тәрізді молекулалары сутегілер арқылы байланыстың нәтижесінде мицелдерге біріккен. Әрбір мицелл шамамен 60 молекуладан тұрады. Целлюлозаның молекулярлық салмағы 1 000 000-ға (өсімдіктер түрлеріне байланысты) жетуі мүмкін. Күкірт қышқылымен қайнатқанда клетчатка түгел глюкозаға айналады. Клетчатка сүректің (древесина) 50%-ын құрайды. Сондықтан клетчатка халық шаруашылығының көп саласында негізгі шикізат болып саналады.Фармацевтикалық практикада клетчатканың үлкен ролі бар, ол байлайтын, таңатын материалдардың негізін құрайды (мысалы, мақта және т.б.). Мақтадан көптеген байлап-таңатын нәрселер алынатынын білесіңдер (бинт және т.б.). Sphagnum magellanіcum Brіd – Сфагнум магеланский. Көпжылдық мүк- торф түзуші, биіктігі 5-30 см, сабақтары тіке, тамырсыз, төбесімен өседі, төменгі жағынан қоңырланады, сөйтіп бірте-бірте өледі. Сабақтарында шоқтана орналасқан жапырақтары бар. Жапырақтары жіңішке көк көлденең кесіндісі эллипс сияқты, ассимиляциялық клеткалардан тұрады. Сабақтағы жапырақтар тіл тәрізді және күрекше тәрізді ұзындығы 0,8-2 мм, бұташаларындағы жапырақтар черепица тәрізді жауып тұратын жалпақ-жұмыртқа тәрізді ұзындығы 1,5-2,5мм. Қос үйлі өсімдік. Бір экземплярларының сабағының басында аталық жыныстық 22мүшелері (антеридий), басқаларында-аналық (архегония) орналасқан. Ұрықтанғаннан кейін аналық өсімдікте сфагнумның жыныссыз ұрпағы спорогон пайда болады. Сфагнум Россияда өте көп кездеседі, әсіресе Европалық бөлігінде негізгі торф түзуші болып саналады. Олар негізінен батпақты жерлерде, батпақтанған қылқан жапырақты ормандарда сиректеу-тундрада және батпақты жерлерде өседі.Химиялық құрамы. Магеллан сфагнумін тритерпендік қосылыстар – тарансерон, тараксерол және x-амирин; ¥-ситостерол, ¥-ситостанол, лагноцерол, ванилин, сирен альдегиді, параоксибензоальдегид, фенол тәрізді заттар, "Сфагнол", пектиндер, қанттар, қарамай (8% шамасында), пентозан қышқылы және гексозан гемицеллюлозасы болады.Пайдаланылуы. Медицинада ірі жапырақты сфагнумдар бағаланады. Сфагнум өте жақсы ылғал және газ сіңіргіш қасиетімен ерекшеленеді. Ол мақтаны ауыстырып қана қоймай, ол оған қосымша іріңдеген жаралардың микрофлорасына бактериоцидтік әсер етеді, жаралардың жазылуын тездетеді.
